Практикалық сабақтардың тақырыптық жоспары
CИЛЛАБУС
«Аллергологиядағы дифференциалды диагноз негіздері» элективті пән
модулі бойынша
Мамандығы: 5B130100 «Жалпы медицина»
Интернатураның «Ішкі аурулар» бағыты бойынша
Практикалық сабақ 240 (сағат)
ИӨЖ 120 (сағат)
Емтихан 11-12
(семестр)
Барлығы 360 (сағат)
Курс 6
Семестр 11 - 12
(семестр)
Астана 2016ж.
Оқытушылар туралы деректер:
№ | Аты-жөні | Дәрежесі және лауазымы | Басты ғылымдық қызығушылықтары |
Горлова Тамара Николаевна | интернатура бойынша ішкі аурулар кафедрасының ассистенті | гастроэнтерология , ішкі аурулар | |
2. | Абдахина Баглан Бисултановна | интернатура бойынша ішкі аурулар кафедрасының доценті, м.ғ.к. | пульмонология, ішкі аурулар |
3. | Айтуганова Алия Тлеутаевна | интернатура бойынша ішкі аурулар кафедрасының доценті, м.ғ.к. | гастроэнтерология , ішкі аурулар |
4. | Избасарова Ирина Анатольевна | интернатура бойынша ішкі аурулар кафедрасының ассистенті, б.ғ.к. | аллергология, ішкі аурулар |
- Байланыс ақпараты:Кафедра «ҚР ІІМ Орталық госпиталі мен емханасы» МБ негізінде орналасқан. Мекен-жайы Қабанбай батыр даңғылы 66; тел. 704958; е-mail: [email protected]
Оқытудың соңғы нәтижелері:
А. Білу және түсіну:
1. Негізгі терапиялық аурулардың клиникалық симптоматикасын;
2. Ішкі аурулардың синдромальды диагностикасын;
3. Ішкі аурулардың патогенезін.
В. Білімін және түсінігін қолдану:
1. Науқастың шағымдарын, ауру және өмір анамнезін жинау кезінде;
2. Зертханалық-аспаптық зерттеу әдістерінің нәтижелерін талдауда;
3. Жеке науқаста ішкі ауруларды синдромальды диагностикалауда және жетекші синдромды бөлуде;
4. Жетекші синдром бойынша дифференциалды диагностика жүргізуде.
С. Пікірін білдіру:
1. Синдромдарды негіздеуде;
2. Жетекші синдромды анықтап оны негіздеуде;
3. Жетекші синдром бойынша диффернциалды диагностика жүргізу барысында нозологияларды таңдап алуды негіздеуде;
4. Науқасты зерттеу жоспарын негіздеуде.
D. Коммуникативтік қабілеті:
1. Альтуризм, мейірімділік, жанашырлық, жауапкершілік, шынайылық,
дәрігерлік құпияны сақтау сияқты кәсіптік құндылықтарды меңгеру;
2. Науқастармен, дәрігерлермен, әріптестерімен жұмыс істеу барысында
дәрігерлік этика және деонтология ережелерін сақтай білу;
3. Командада жұмыс істей білуі керек және көсбасшылық қасиетке ие болу.
Е. Оқуға қабілеті:
1. Дифференциалды диагностика жүргізуге қажетті материалды өздігімен оқи
білу;
2. Болуы мүмкін этиологиялық себептер тізімін жасай білу;
3. Науқастағы аурудың патогенезін негіздей білу;
4. Науқасты зерттеу алгоритмін жасай білу;
5. ИӨЖ сабақ уақыты кезінде толық орындау.
Модульге кіретін пәндер тізімі және әр пәннің сағат саны
№ | Пәннің/модуль компоненттерінің атауы | Сағат саны | Аудитори-ялық сабақ | ИӨЖ | Бақылау нысандары |
Ішкі аурулар семиотикасы мен диагностикасы | 1 кезең: билет бойынша ауызша сұрау 2 кезең: клиникалық: науқастың төсегінің жанында | ||||
Иммунтапшылығы жағдайының дифференциалды диагностикасы | |||||
Аллергодерматоздардың дифференциалды диагностикасы |
Практикалық сабақтардың тақырыптық жоспары