Жүрек ырғақтары бұзылыстары кезіндегі диагностикалау алгоритмі

$$$031

Қандай жүрек ырғағының бұзылысы миокард инфаркті кезінде ЕҢ жиі қарыншалар фибрилляциясына әкеледі?

A) Жүрекше жыбырлауы

B) Жүрекшк тыпырлауы

C) Синустық тахикардия

D) Қарыншалық пароксизмалды тахикардия

E) Суправентикулярлы пароксизмалды тахикардия

{Дұрыс жауап}= D

{Күрделілігі}= 1

{Оқулық}=(Стандарты диагностики и лечения внутренних болезней. Б.И.Шулутко, С.В. Макаренко. 2004)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі} = ZO

$$$032

60 жасар ер адам, ентігуге, бас айналуына, қысқа мерзімді талмаға шағымданады. Қарап тексергенде: боз, акроцианоз, пульсі сирек, ырғақты минутына 52 рет, артериалды қан қысымы 100/70 мм с.б.б. Жүрек тондары тұйықталған. ЭКГ: Р тісшесі мен QRS комплексі арасында байланыс жоқ. Р-Р интервалы 0,75 секунд, R-R интервалы 1,2 секунд.

ЕҢ ықтимал жүрек ырғағының бұзылысы қайсысы?

A) Синоаурикулярлы бөгет

B) Толық атриовентрикулярлы бөгет

C) Атриовентрикулярлы бөгет I дәрежесі

D) Атриовентрикулярлы бөгет II дәрежесі I тип

E) Атриовентрикулярлы бөгет II дәрежесі IІ тип

{Дұрыс жауап}=В

{Күрделілігі}=2

{Оқулық}=(Стандарты диагностики и лечения внутренних болезней. Б.И.Шулутко, С.В. Макаренко. 2004)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі} = FM

$$$033

56 жасар ер адам, жүрек қағысына, жүрек тұсындағы ауру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: пульсі минутына 142 рет, артериалды қан қысымы 140/90 мм.с.б.б. Жүрек тондары тұйықталған. Электрокардиограммада: R-R интервалдары 0,40 секунд, Р тісшесі кейбір QRS комплекстерінің алында жоқ немесе әрбір QRS комплексінің алдында кейде артында кездеседі, QRS комплексі 0,11 секунд.

ЕҢ ықтимал жүрек ырғағының бұзылысы қайсысы?

A) Жыпылықтаушы аритмия

B) Жүрекше тыпырлауы

C) Суправентикулярлы экстрасистолия

D) Қарыншалық пароксизмалды тахикардия

E) Суправентикулярлы пароксизмалды тахикардия

{Дұрыс жауап}= E

{Күрделілігі}=2

{Оқулық}=(Стандарты диагностики и лечения внутренних болезней. Б.И.Шулутко, С.В. Макаренко. 2004)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі} = FM

$$$034

Ер адам 55 жаста, төс артындағысолжауырынға берілетін, физикалық күшпен байланысы жоқ күйдірген ауру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: Жүректің соғу жиілігі минутына 94 рет. Жүрек тондары тұйықталған. Электрокардиограммада: ырғақ синусты, дұрыс,минутына 90 рет, жүректің электрлік өсі күрт оңға ауытқыған. QRS комплексі 0,14 секунд. II, III, aVF, V1-V3 әкетпелерінде R тісшесінің амплитудасы биік, дискордантты ST сегменті және T тісшесімен. I, II, aVL, V5, V6 әкетпелерінде R тісшесі төмен амплитудалы және терең S тісшелер.

Көрсетілгендер ішінде ЕҢ ықтимал бөгет қайсысы?

A) Қарынша ішілік бөгет

B) Гис шоғырының оң аяқшасының бөгеті

C) Гис шоғырының оң аяқшасының толық емес бөгеті

D) Гис шоғырының сол аяқшасының толық бөгеті

E) Гис шоғырының сол аяқшасының толық емес бөгеті

{Дұрыс жауап} = B

{Күрделілігі}=2

{Оқулық}=(Стандарты диагностики и лечения внутренних болезней. Б.И.Шулутко, С.В. Макаренко. 2004)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі}=FM

$$$035

35 жастағы әйел, ентігу, түнгі тұншығу ұстамасына, қан түкіруге, жүрек қағысына шағымданады. Қарап тексергенде: еріндері көгерген, беттері қызыл шыраймен. Аускультативті: шапалақтаушы I тон, өкпе артериясы тұсында II тонның акценті, екі жармалы қақпашаның шертіп ашылуы, жүрек ұшында диастолалық шу. ЭКГ: ырғағы дұрыс емес, электрлік осі қалыпты жағдайда, Р тісшесі жоқ, майда f толқындары, R-R интервалыт 0,75-тен 0,45-ке дейін, R тісшесінің амплитудасы әртүрлі, P-mitrale, оң қарынша гипертрофиясы.

Көрсетілген дәрілік заттардың ішіндегі қайсысы ЕҢ тиімді болып табылады?

A) Бисопролол

B) Лидокаин

C) Дилтиазем

D) Верапамил

E) Дигоксин

{Дұрыс жауап}=Е

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}=(Стандарты диагностики и лечения внутренних болезней. Б.И.Шулутко, С.В. Макаренко. 2004)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі} = РА

$$$036

Ер адам 62 жаста, жүрек қағысындағы бөгеліске шағымданады. Қарап тексергенде: пульсі минутына 92 рет, артериалды қан қысымы 160/100 мм.с.б.б. Жүрек тондары тұйықталған, қолқада II тонның акцентіЫрғағы дұрыс емес. Электрокардиограммада: синустық тахикардия, минутына 100 соққы, кезексіз QRST комплекстері, QRS комплексі 0,13 секунд. Т тісшесі QRS комплексіне дискордантты. QRST кейін толық компенсаторлық үзіліс.

Көрсетілген дәрілік заттардың ішіндегі қайсысы ЕҢ тиімді болып табылады?

A) Лидокаин

В) Новокаинамид

C) Амиодарон

D) Верапамил

E) Нифидипин

{Дұрыс жауап}= A

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}=(Стандарты диагностики и лечения внутренних болезней. Б.И.Шулутко, С.В. Макаренко. 2004)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі}=РА

Наши рекомендации