Бап. Жұмыс берушiнiң негiзгi құқықтары мен мiндеттерi
бап. Қызметкерлердiң негiзгi құқықтары мен мiндеттерi
1. Қызметкердiң:
1) жұмыс берушiмен осы Заңда белгiленген тәртiппен жеке еңбек шартын жасасуға, өзгертуге және бұзуға;
2) тең еңбегi үшiн қандай да болсын кемсiтусiз тең ақы алуға;
3) қауiпсiздiк пен гигиена талаптарына сай келетiн еңбек жағдайларына;
4) егер басқа заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, кәсiптiк одақтарға немесе басқа да қоғамдық бiрлестiктерге өз еркiмен мүше болуға;
5) демалысқа;
6) өзiнiң еңбек мiндеттерiн атқаруына байланысты денсаулығына немесе мүлкiне келтiрiлген зиянды өтеттiруге;
7) кепiлдiктер мен өтемақылар алуға;
8) еңбек дауларын тараптардың келiсуiмен немесе сот тәртiбiмен шешуге;
9) жұмыс берушiден жеке еңбек шартында тараптың атынан өкiлдiк ететiн лауазымды адамның өкiлеттiгiн растауды талап етуге;
10) ұжымдық шартпен және жұмыс берушiнiң актiлерiмен танысуға;
11) өзiнiң кәсiби бiлiктiлiгiн арттыруға құқығы бар.
2. Қызметкер:
1) жеке еңбек, ұжымдық шарттарда және жұмыс берушiнiң актiлерiнде жазылған еңбек мiндеттерiн адал орындауға;
2) еңбек тәртiбiн сақтауға;
3) жұмыс процесiнде жұмыс берушiге мүлiктiк зиян келтiруге жол бермеуге;
4) еңбек қорғау, өрт қауiпсiздiгi және өндiрiстiк санитария жөнiндегi ережелердiң талаптарын орындауға; (Z040528 ( Z040528 16), 19) тармақшалар; V990866 ( 2-тарау 7) тармақшаны қараңыз)
5) жеке еңбек шартына сәйкес өзiне сенiп тапсырылған, қызметтiк , коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етпеуге; ( K990409 қараңыз)
6) адамдардың өмiрi мен денсаулығына, жұмыс берушi мен қызметкерлер мүлкiнiң сақталуына қатер төндiретiн ахуал туындағаны туралы хабарлауға;
7) мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың көшiрмесiн ұсынуға;
8) зейнетақы жинақтарын бiр жинақтаушы зейнетақы қорынан басқасына аударған кезде мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жинақтаушы зейнетақы қорымен шарт жасасқаны жөнiнде жұмыс берушiнi хабардар етуге;
9) денсаулық жағдайының нашарлауына байланысты жағдайлардан басқа, оның еңбекке жарамсыздығы анықталған жағдайда бұл туралы жұмыс берушiнi оның еңбекке жарамсыздығы анықталған сәттен бастап бiр тәулiктен кешiктiрмей хабардар етуге мiндеттi.
Ескерту. 7-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 , 2006.07.07. N 171 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
бап. Жұмыс берушiнiң негiзгi құқықтары мен мiндеттерi
1. Жұмыс берушiнiң:
1) Осы Заңда белгiленген тәртiппен қызметкерлермен жеке еңбек және ұжымдық шарттарды жасасуға, өзгертуге және бұзуға;
2) жұмысқа қабылдау кезiнде қызметкерден осы Заңда көзделген, белгiлi бiр еңбек қызметiмен айналысуға және (немесе) белгiлi бiр қызметтi атқаруға мүмкiндiгiн растайтын құжаттар берудi талап етуге;
3) өз өкiлеттiгi шегiнде жұмыс берушiнiң актiлерiн шығаруға.
Еңбек жағдайларының өзгеруiне байланысты актiлердi қабылдау қызметкерлер өкiлдерiнiң келiсiмiмен ғана жүзеге асырылады;
4) қызметкерлердi көтермелеуге, оларды осы Заңда және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген тәртiппен тәртiптiк және материалдық жауапкершiлiкке тартуға;
5) өзiне қызметкер келтiрген зиянды өтеттiруге;
6) алып тасталды
7) өз құқықтары мен мүдделерiн бiлдiру және қорғау мақсатында жұмыс берушiлер бiрлестiктерiн құруға және оларға кiруге;
8) қызметкерге сынақ мерзiмiн белгiлеуге;
9) егер жеке еңбек шартының талаптарында жазылған болса, қызметкердi оқытып-үйретуге байланысты өз шығындарының орнын толтыруға құқығы бар.
2. Жұмыс берушi:
1) қызметкерлердi Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасына, жеке еңбек, ұжымдық шарттарға сәйкес еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге;
2) қызметкерлер өкiлдерiнiң ұсынысын қарауға, келiссөздер жүргiзуге және ұжымдық шарт жасасуға;
3) қызметкерлердi өз қаражаты есебiнен өздерiнiң еңбек мiндеттерiн орындауы үшiн қажеттi құралдармен және материалдармен қамтамасыз етуге;
4) қызметкердi жұмысқа қабылдаған кезде онымен жеке еңбек шартын жасасуға, қызметкердi ұжымдық шартпен және жұмыс берушiнiң актiлерiмен таныстыруға;
5) жалақыны және Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнде, жеке еңбек, ұжымдық шарттарда, жұмыс берушiнiң актiлерiнде көзделген өзге де төлемдердi уақтылы және толық көлемiнде төлеп тұруға;
6) қызметкерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беруге;
7) Қазақстан Республикасының еңбек туралы, еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы заңнамасының, жеке еңбек, ұжымдық шарттардың талаптарын сақтауға; Z040528 V990866 2-тарау 4)-6) тармақшаларды қараңыз
8) қызметкердiң еңбек мiндеттерiн атқаруы кезiнде оның денсаулығы мен өмiрiне зиян келтiргенi үшiн жауапкершiлiктi сақтандыруға; K990409 809-бап 811-бап Z040580
9) қызметкердiң өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтеуге; K941000 K990409 параграф 2 параграф 4 K010155
10) қызметкерлердiң еңбек қызметiн растайтын құжаттардың және оларды зейнетақымен қамсыздандыруға арналған ақшаның ұсталуы мен аударылуы туралы мәлiметтердiң сақталуын және мемлекеттiк мұрағатқа өткiзiлуiн қамтамасыз етуге;
11) егер жұмысты жалғастыру қызметкердiң өмiрi мен денсаулығына қауiп төндiрсе, оны тоқтата тұруға;
12) қызметкерге зиянды (өте зиянды) және қауiптi (өте қауiптi) еңбек жағдайлары мен кәсiптiк аурудың ықтималдығы туралы ескертуге;
13) жұмыс орындары мен технологиялық процестерде қатердiң алдын алу жөнiнде шаралар қолдануға, өндiрiстiк және ғылыми-техникалық прогрестi ескере отырып, профилактикалық жұмыстарды жүргiзуге;
14) қызметкерден мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың көшiрмесiн талап етуге; (Z970136 ( 1-бап 17) тармақша; V032345
15) жұмыс уақытының, соның iшiнде жұмыс уақытынан тыс iстеген жұмыс, әрбiр қызметкердiң зиянды (өте зиянды), қауiптi (өте қауiптi) еңбек жағдайларында, ауыр дене еңбегiмен айналысқан жұмыс уақытының нақты есебiн жүргiзуге;
16) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен профилактикалық, алдын ала және мiндеттi медициналық тексерулерден өткiзiлуге тиiс адамдардың осындай тексерулерден уақтылы өткiзiлуiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
Ескерту. 8-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 , 2006.07.07. N 171 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
2-тарау. Жеке еңбек шарты
9-бап. Жеке еңбек шартының мазмұны
РҚАО-ның ескертуi!
1-тармақтың 1) тармақшасына 2010 жылғы 13 шiлдеде Қазақстан Республикасының 2007.01.12. N 224 Заңымен өзгерту енгiзiледi.
1. Жеке еңбек шартында:
1) тараптардың реквизиттерi:
жұмыс берушi - заңды тұлғаның толық атауы және орналасқан жерi, жұмыс берушi - заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының мемлекеттiк тiркеу нөмiрi мен уақыты;
жұмыс берушiнiң (оның өкiлiнiң) тегi, есiмi, әкесiнiң аты (егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетiлсе) және қызметi, ал жұмыс берушi - жеке тұлға болған жағдайда оның тұрақты тұрғылықты жерiнiң мекен-жайы, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы, нөмiрi, берiлген күнi;
қызметкердiң тегi, есiмi, әкесiнiң аты (егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетiлсе), жеке басын куәландыратын құжаттың атауы, нөмiрi, берiлген күнi; әлеуметтiк жеке кодының нөмiрi (ӘЖК) , салық төлеушiнiң тiркелу нөмiрi (СТН); (K010209 ( 520-бап 3-тармақ 523-бап қараңыз)
2) еңбек мiндетi (белгiлi бiр қызмет, мамандық, кәсiп бойынша жұмыс);
3) жеке еңбек шартының мерзiмi;
4) еңбек мiндеттерiн жүзеге асыру басталатын күн;
5) еңбек жағдайларының сипаттамалары, қызметкерлерге ауыр дене еңбегi немесе зиянды (өте зиянды) немесе қауiптi (өте қауiптi) еңбек жағдайларында жұмыс iстегенi үшiн берiлетiн кепiлдiктер мен өтемақылар; ( P991930 ; V001211 ; V043009 ; V053445 қараңыз)
6) жұмыс уақыты мен демалыс уақытының режимi;
7) еңбекке ақы төлеу және еңбектi қорғау жағдайлары;
8) жұмыс берушiнiң құқықтары мен мiндеттерi;
9) қызметкердiң құқықтары мен мiндеттерi;
10) жеке еңбек шартын өзгерту, бұзу және ұзарту тәртiбi;
11) өтемақылар төлеу мен кепiлдiктер беру тәртiбi;
12) тараптардың жауапкершiлiгi көрсетiлуге тиiс.
1-1. Жеке еңбек шартын белгiленген мерзiмге жасасқанда тараптардың осы шартты мерзiмiнен бұрын бұзғаны үшiн өзара жауапкершiлiгi белгiленуi мүмкiн.
2. Тараптардың келiсiмi бойынша жеке еңбек шартына өзге де жағдайлардың енгiзiлуi мүмкiн.
3. Жұмыс берушi қызметкерден осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiнде көзделгеннен басқа жағдайларда жеке еңбек шартында келiсiлмеген жұмысты атқаруды талап етуге құқылы емес. (Z030387 (16-бап 2-тармақ, 4) тармақша; Z050029 ( 29-бап қараңыз)
Ескерту. 9-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңдарымен.