Диспансерлік бақылау
Диетаны сақтау және физикалық жүктемені 6 айға дейін шектеу.
Дизентерия
Дизентерия —шигелла туыстастығының бактерияларымен шақырылатын, дистальді колит пен интоксикация симптомдарымен сипатталатын, фекальді-оральді механизммен таралатын антропонозды инфекциялық ауру.
Этиологиясы
Ø Қоздырғышы —Shigella туыстастығына жататын, Enterobacteriaceae туқымдастығының грамм теріс бактериясы.
Ø 4 тобы(А, В, С, D) және 4 түрі ажыратылады — S. Dysenteriae,S.flexneri, S. boydii, S. sonnei.
Ø Дезинтфектанттар қалыпты концентрацияда шигелланның тіршілігін тез жояды. .
Эпидемиологиясы
Ø Эпидпроцесстің I звеносы: инфекция көзі– науқас және бактерия тасымалдаушы адамдар.
Ø Эпидпроцесстің II звеносы: берілу механизмі — фекальді-оральды.
Таралу жолы — су, тағамдық және тұрмыстық-жанасу.
Ø Эпидпроцесстің III звеносы: кабылдаушылық жалпыға бірдей.
Ø Маусымдылығы : жаз-күз.
Клиникалық көрінісі
Ø Жіктелуі:
1. Жедел дизентерия:
- колиттік нұсқасы (типтік);
- гастроэнтероколиттік нұсқасы (атиптік);
- гастроэнтериттік (атипті).
2. Созылмалы дизентерия:
- рецидивті;
- үзіліссіз.
3. Бактериятасмалдаушылық:
- субклиникалық;
- реконвалесцентті.
Ø Ауру кезеңдері:
1. Инкубациялық кезең – 1- 7 күн (орташа - 2—3 күн).
2. Продромальді кезең.
3. Өршу кезеңі.
4. Реконвалесцентті кезең.
Колиттік нұсқасының типтік ағымы:
Басталуы: жедел дене қызуының 38-39 °С көтерілуі, қалтырау, бас ауру және апатия бірнеше күн сақталуы мүмкін.
Өршу кезеңі:
Ø сол жақ мықын аймағында толғақ тәрізді ауру сезімі;
Ø алғашында жиі сұйық нәжіс (тәулігіне 10 ретке дейін), кейін– нәжіссіз түрде «ректальді түкірік» тәрізді;
Ø тән ерекшелігі – нәжістегі патологиялық өзгерістер (шырыш, қан);
Ø ауыр ағымында– тенезм (тік ішек аймағындағы созылмалы қатты ауру сезімі ), жалған шақыртулар ;
Ø пальпацияда –сигма тәрізді ішекте спазмды ауру сезімі .
Гастроэнтероколиттік нұсканың ерекшеліктері:
Ø жүрек айну мен құсудың ерте пайда болуы,
Ø іштегі толғақ тәрізді ауру сезімі.
Ø аурудың 2-3-күні энтереколиттің белгілері көрінеді.
Гастроэнтериттік нұсқаның ерекшелігі:
Ø клиникалық белгілерінің жедел дамуы, сальмонеллез және ТТИ кезіндегі симптомдарға ұқсайды;
Ø көп реттік құсу және жиі сұық нәжіс сусыздануға әкеледі..
Ø кейін тоқ ішекте зақымдану симптомдары байқалмайды (осы нұсқаның ерекше белгісі ).
Жедел дизантериямен науқасты зерттеу жоспары:
1. Жалпы қан анализі.
2. Жалпы зәр анализі.
3. Копроцитограмма.
4. Нәжісті бактериологиялық зерттеу(копрокультура).
5. Серологиялық әдіс (ТЕГАР, АР, ИФА). Сарысуда антидене титрі 4 реттен көп жоғарлайды .
6. Экспресс-диагностика (люминесцентті микроскопия).
7. Ректороманоскопия.
Дизентерия емі:
Ø Эпидемиялық және клиникалық көріністері бойынша госпитплизациялау.
Ø Емдәм (№ 4 стол).
Ø Этиотропты терапия (сульфаниламидтер, тетрациклиндер, ампициллин, цефалоспориндер, ауыр ағымында – фторхинолондар).
Ø Дезинтоксикациялық және симптоматикалық терапия.
САЛЬМОНЕЛЛЁЗ
Сальмонеллёз — сальмонелла бактерияларымен шақырылатын, фекальды-оральды механизммен берілетін, интоксикация және гастроэнтеритің дамуымен, сирек сүзек және септикопиемиялық ағымды жайылмалы түрлерінде өтетін жедел антропозоонозды ауру.
Этиологиясы
Ø Қоздырғышы — Salmonella тұқымдастығының Enterobacteriaceae туыстастығының грамм теріс таяқша.
Ø Сальмонеллез көбінесе шақырылатын түрлері: S. typhimurium, S. enteritidis, S. рапата, S. infantis, S. newport, S. agona, S. derby, S. London.
Ø Сальмонелла ұзақ уақыт сыртқы ортада , сүт және ет өнімдерінде сақталады.
Эпидемиология
Ø Эпидпроцесстің I звеносы: инфекция көзі – адам және жануар (науқас немесе бактериятасмалдаушы).
Ø Эпидпроцесстің II звеносы: инфекцияның берілу механизмі — фекальды-оральды.
Таралу жолы —тағам, су, тұрмыстық-жанасу. Шаңды-ауалы жолмен де берілуі мүмкін.
Ø Эпидпроцесстің III звеносы: адамдарда жоғары қабылдаушылық.