Бүйрек үсті безінің аурулары

67. Үлкен дексаметазонды сынамасын мына аурулардың ажырату диагностикасында қолданады:

* Гипоталамдық синдром мен Кушинг синдромының

* Семіздік және Кушинг ауруының

* Конн синдромы мен Кушинг синдромының

* +Кушинг синдромы мен Кушинг ауруынның

* Семіздік пен гипоталамдық синдромның

68. Конн синдромында спиринолактонмен сынама нәтижесі мынандай:

* +Калий концентрациясының тез төмендеуі, АҚҚ төмендеуі;

* Натрий концентрациясының тез төмендеуі, тұрақты АҚҚ;

* Альдостерон деңгейінің төмендеуі, АҚҚ-ның жоғарлауы;

* Калий концентрациясының жоғарлауы, АҚҚ ның төмендеуі;

* Альдостерон деңгейі жоғарлауы, АҚҚ ның жоғарлауы.

69. Науқас У, 33 жастағы әйел, алғаш рет артериалдық гипертензияның III дәрежесі анықталды, қандағы калий мөлшері - 2,7 ммоль/л және гормональды профилдің көрсеткіші: жатқан қалыпта қандағы альдостерон мөлшері - 55 нг/дл (қалыпта 1-16), ренин плазмы 0,1 нг/мл/сағ (қалыпта - 0,15-2,33), NaCl 0,9% ерітіндісін енгізген соң плазма альдостероны -54нг/дл (қалыпта 1-8).

Ең ықтимал диагнозды таңдаңыз?

* феохромоцитома;

* эссенциальды АГ;

* + Конн синдромы;

* Иценко-Кушинг ауруы;

* Пейдж синдромы.

70. Науқас 38 жаста, жалпы әлсіздікке, шаршағыштыққа, тәбеттің төмендеуіне, жиі жүрек айнуға шағымданды. 2 ай бойы етеккір бұзылысы, салмағы төмендеген. Анамнезінде - оң жақ бүйрек туберкулезіне байланысты нефроэктомия жасалынған. Объетивті: салмақ жетіспеушілік, тері жабындылары мен ауыз қуысының шырышты қабатының гиперпигментациясы. АҚҚ- 70/40 мм.с.б. Қанда: гемоглобин – 114 г/л, аш қарынға қант денгейі - 2,9 ммоль/л.

Ең ықтимал диагнозды таңдаңыз?

* Біріншілік гипотиреоз

* +Аддисон ауруы

* Иценко-Кушинг ауруы

* Симмондс ауруы

* Феохромоцитома

71. Науқас 36 жаста, артериалдық гипертонияның ағымы ұстама түрінде, АҚҚ-220/140 мм.с.б. дейін жоғарылайды, ұстама кезінде – айқын тершендік, діріл, тахикардия анықталды. 20-30 мин соң АҚҚ-ның өздігінен төмендеуі байқалды.

Ең ықтимал диагнозды таңдаңыз?

* Диффузды токсикалық жемсау

* +Феохромоцитома

* Иценко-Кушинг ауруы

* Глюкокортикостерома

* Альдостерома

72. Науқас 43 жаста, 3 жыл бойы артериальды гипертензиямен аурады. Зерттеуде бүйрекүстінде өскін байқалған.

Қандай диагностиқалық манипуляцияны осы жағдайда жургізілмейді?

* Кіші дексаметазонды сынама

* Метанефрин мен норметанефрин зәрмен тәуліктік экскрециясының анықтау

* + Өскіннің пункционды биопсиясы КТ және УДЗ бақылауда

* Қандағы альдостерон мен рениннің мөлшерін анықтау

* Зәрмен бос кортизолдың тәуліктің экскрециясын анықтау

73. Науқас З, 53 жаста, климактерикалық синдром орташа ауырлықтағы дәрежесі анықталды.

Қандай клиникалық симптом аурудың ауырлығын нақтылайды?

* күніне 5 ретке дейінгі құйылулар

* тұрақты жұмыс қабілетінің төмендеуі

* +күніне 20 ретке дейінгі құйылулар

* бас айналу

* ұйқы бұзылысы, тітіркендіргіштік

74. Науқас 28 жаста, жыл бойы кенеттен болатын және бірнеше минуттан бірнеше сағатқа дейін созылатын АҚҚ 260/180 мм с.б. жоғарылауы мазалайды, ұстама кенеттен өздігінен басылады, криз соңында гиперсаливация, айқын терлеу мен 3-5 литр ашық реңді несеп бөлінеді, әлсіздік дамиды.

Осы жағдайда ұстама басу мақсатында қандай препарат ең тиімді?

* Тропафен

* +Фентоламин

* Натрий нитропруссиді

* Солукортеф

* Доксазозин

75. Науқас М. 42 жаста. Алғаш рет артериальды гипертензияның III дәрежесі анықталды, қандағы калий мөлшері - 2,5 ммоль/л және гормональды профилдің көрсеткіштері: жатқан қалыптағы қан плазмасындағы альдостерон мөлшері - 65 нг/дл (қалыпта 1-16), ренин плазмасы 0,12 нг/мл/сағ (қалыпта 0,15-2,33), NaCl 0,9% ерітіндіні енгізген соң плазма альдостероны - 44нг/дл (қалыпта 1-8). Бүйрек үсті безінің МРТ-да: сол жақ бүйрекүсті безінің гиперплазиясы, контуры біркелкі емес.

Науқасты емдеу тактикасындағы ең оңтайлы ем қандай?

* + Оперативті ем

* Бета блокаторларды тағайындау

* ААФ ингибиторларын тағайындау

* Тиазидты диуретиктерді тағайындау

* Ангиотензин 2 блокаторын тағайындау

76. Науқас 31 жаста, мынадай шағымдармен: айқын әлсіздік, есте сақтаудың нашарлауы, бас айналуы, етеккірдің болмауы ауруханаға жатқызылды. Бір жыл бұрын медицицналық түсіктен соң, көп мөлшерлі қан кетуден кейін осы шағымдар пайда болды. Гинекологқа қаралғанда ешқандай өзгеріс жоқ болған. Объективті: арық, тері жабындылары бозғылт, құрғақ, шаш түсуі, бет әлпетінің ісінуі байқалады, қалқанша безі пальпацияланбайды.. Пульс - 52 уд. 1 мин. АД – 80/50 мм.с.б. Іш қатуға бейім.

Орынбасушы гормоналдық ем жүргізу тактикасының ең оңтайлы тұжырымы?

* Дексаметазонмен монотерапия қолдану

* Тек аддисондық кризде ғана жүргізіледі

* +Гипотиреоз компенсациясына жеткеннен соң кортизолмен орынбасуышы емді бастау

* Минералокортикоидтар жетіспеушілігінің компенсациясын бақылауда АКТГ-ның деңгейі негізгі көрсеткіш болып саналады

* Ем зәрдегі 17- ОКС денгейін бақылаумен жүргізіледі

77. Науқас 45 жаста, жалпы әлсіздікке, шаршағыштықа, тәбеттің төмендеуіне, жүрек айнуына, салмақтың төмендеуіне шағымданды. Анамнезде оң жақ бүйректің туберкулезіне байланысты нефроэктомия жасалынған. Объективті: салмақтың төмендеуі, гиперпигментация тері және ауыз қуысында. АҚҚ – 90/60мм.сбб. Лабораторлық зерртеу: гемоглобин – 116 г/л, аш қарынға қант денгейі - 3,3 ммоль/л.

Осы патологияда глюкокортикоидтарды тағайындаудың нақты кестесі?

* 1 доза 3 рет күніне

* 1/3 дозасы танертен және 2/3 түскі астан сон

* +2/3 дозасы танертен және 1/3 түскі астан сон

* барлық доза танертең

* барлық доза түнге қарай

78. Науқас 48 жаста, артериальдық гипертония, ағымы кризбен өтетін АҚҚ 220/140 мм.с.б. дейін жоғарылайды, ұстама кезінде – айқын тершендік, діріл, тахикардия анықталды. 20-30 мин соң АҚҚ-ның өздігінен төмендеуі байқалды.. Бүйрек үсті безінің МРТ-да - оң жақтық бүйрекүсті безінің гиперплазиясы. Катехоламиндердің несеппен тәуліктік экскреция жоғарылаған.

Науқасты емдеу тактикасындағы ең оңтайлы ем қандай?

* Бета-адреноблокаторларды тағайындау

* Альфа-адреноблокаторларды тағайындау

* Оперативті ем

* Альдостеронның антагонистерін тағайындау

* Ангиотензин 2-нің блокаторын тағайындау

79. 28 жастағы аменореясы бар жас әйелде зерттеу барысында гиперпролактинемиялық гипогонадизм анықталды.

Осы жағдайда ең оңтайлы емдеу әдісі қандай?

* +Дофамин агонистарымен дәрілік терапия

* Хирургиялық ем

* Сәулелік терапия

* Эстроген-гестаген препараттарымен циклдік терапия

* Гонадотропиндармен терапия

80. 44 жастағы науқас, валерианаға басылатын, физикалық күштемеге байланыссыз жүрек тұсындағы ауру сезіміне шағымданды. Соңғы жылы ыстық кұйылу сезімі, беттің гиперемиясы, тершеңдік, әсіресе, кеуде аймағында, жүрек қатты соғысы, қорқыныш сезімі мазалайды. Бір жыл ішінде етеккір бұзылысы, аменорея - 4 ай бойы. Об-ті: беті гиперемирленген, айқын диффуздық гипергидроз. АҚҚ- 150/90 мм.сын.бағ., ЖСЖ 98 минутына. ЭКГ-да - V4-V6 шықпаларында Т сермесі әлсіз теріс. Гинеколог кеңесінен – атрофиялық жағынды.

Науқасты жүргізудегі ең оңтайлы тактика?

* седативті препараттар

* гипотензивті терапия

* психотерапия

* +орынбасушы гормональді терапия

* антидепрессанттар

Наши рекомендации