V Антибактериальды терапия

Ж

ЖҚА:ЭТЖ – 18мм/сағ. (2-15 мм/сағ); Гемоглабин: 140 г/л. (120-140г/л);

ТК- 0,9 (0,9 – 1,1) Лимфоциттер 29,3 (18-38)

Эритроцит: 4,7х1012/л (3,9-4,7); Лейкоцит: 8,5х109/л (4,0-9,0)

Тромбоцит: 343х109/л (180,0-320,0); Моноцит 4,5 (2-9)

27.09.16ж

ЖЗА:түсі – ашық сары; реакция – қышқылдық;

Меншікті салмағы – 1021 ақуыз – жоқ;

Жалпақ эпителий – 2-2 к/а лейкоцит – 2-3 к/а

БҚА:

компоненттер Нәтижелер Қалыпты мөлшерлер СИ бірліктер
Билирубин: жалпы 27,08 22,2-ге дейін мкмоль/л
тура 1,93 5,1-ге дейін мкмоль/л
Глюкоза 6,15 3,5-6,38 мкмоль/л
Жалпы белок 2,15-2,55 ммоль/л
Тимол сынамасы 1,75 3,5-5,1 ммоль/л
ПТИ 89,5 3,1-5,2 ммоль/л
АСТ 24,5 0,68-ге дейін мккат/л
АЛТ 19,7 0,62-ге дейін мккат/л
креатинин 62,26 58-127 мккат/л

27.09.16 УЗИ: іріңді, калькулезді холецистит белгілері(қабырғаларының обтурациялық деструкциясы)

27.09.16 ЭФГДС: эзофагит рефлюксі, эрозифті асқазан рефлюксі

Ажырату диагностикасы

Ең алдымен холециститті аппендициттен ажырату қажет. Аппендикс оң жамбаста орналасса, өт оң қабырға астында орналасады. Созылып төменге ығысқан өт қабынса, іш ауруыда төменге ауысады, ал аппендикс жоғары көтерілсе, бауырға жабысса ол холециститте ауыратын орында байқалады да, осы екі науқасты бір бірінен айыруды қиындатады.

Аппендицитпен көбінесе жастар ауырса, холециститпен қарттар, әйелдер жиі ауырады.

Холецистит тағамдану режимін бұзумен басталса, аппендицимттің ауру сезімінін иррадиациясы тән. Бауыр ісінуі өт нүктесінің, көз сарғаюы аппендицитке тән емес көріністер.

Жедел панкреатитте ауырсыну сол жауырында, сол қабырғалар астында төс шеміршегі тұсында.

Асқазан ауруында диагнозды дұрыс анықтау үшін анамнез маңызы зор, ойық жара ауырында ауырсыну тамақ қабылдаумен сәйкетік білдірсе, холециститте бұл сәйкестік жоқ. Ойық жарада құсықта қан көрәнуә мүмкін, қарын қышқылы жоғары, холециститте төмен. Холециститте дене қызуы жоғары, ойық жарада бұзылмаған.

Бүйрек шаншуында ауыру төмен шапқа, ұрыққа, аяққа шабады.

Клиникалық диагнозды негіздеу

Шағымы: Науқас іштің оң жақ қабырғасының асты аймағындағы күшті ауырсынуға, жүрек айну, құсуға шағымданады.

Қазіргі ауру тарихы(Аnamnesis morbi)

Науқас 10 жыл бұрын алғашқы рет медициналық тексеру өткен кезде, іш қуысының УДЗ өткен, сол кезде өт қалтасында тастар анықталған. Осы ауырсыну ұстамасына дейін тастар мазаламаған. Айтуы бойынша оң жақ қабырға асатында ауырсыну 4 тәулік бұрын ұстаған, соңғы екә тәулікте ауырсыну күшейгенін айтады. Ауру себебін майлы тағам жеумен байланыстырады.

Өмір тарихы(Аnamnesis vitae)

1956 жылы 4 қазанда туылған. Жасы мен жынысына сай дамыған. Мектепке уақтылы барған, дене шынықтыруға қатысқан Тұрмыстық жағдайы қанағаттанарлық. Тұрмысқа шыққан, 3 баласы бар. Туа біткен ақаулары, тұқым қуалаушылық аурулары, тері, венерологиялық аурулары, Боткин, туберкулез ауруларымен ауырмаған. Гемотрансфузия болмаған, аллергиялық аурулар жоқ. Операция, жарақаттар болмаған. Зиянды әдеттері жоқ.

Status praesens communis

Науқастың жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Санасы айқын. Тері жамылғылары мен көрінетін кілегей қабаттарының түсі бозғылт. Лимфа түйіндері ұлғаймаған. Өкпесінде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. ТАЖ – 16 рет минутына. Жүрек тондары айқын емес, ырғақты, АҚҚ – 120/80 мм. с.б. PS - 90 рет. Тілі ылғалды, таза. Іші жұмсақ, пальпация кезінде іштің оң жақ қабырға астында ауырсыну бар, сол аймақта өт қалтасының түбі, жергілікті бұлшықет қатаюы анықталады.Ортнер, Керте симптомдары оң мәнді. Зәр шығару еркін, ауырсынусыз, түсі сабан түстес. Нәжісі тұрақты.

Тыныс алу жүйесі:Тынысы еркін мұрын арқылы. Кеуде сарайы цилиндр пішінді, симметриялы. Тыныс алуға екі жағы бірдей қатысады. Тыныс жиілігі 18 рет минутына. Пальпация кезінде ауырсыну белгілері жоқ. Кеуде сарайының серпінділігі сақталған. Дауыс дірілі екі жақта бірдей, қалыпты. Патологиялық шулар сетілмейді. Перкуссияда барлық аймақта өкпе дыбысы. Перкуторлы анық өкпелік дыбыс.Аускультацияда барлық аймақта везикула тынысы.

Жүрек – тамыр жүйесі:«каротид биі», оң мәнді вена пульсі анықталмайды. Пальпация: жүрек ұшы соққысы V қабырғааралықта бұғана орта сызығынан 1,5 см ішке, диаметрі 2 см. Перкуссия:

Шала тұйық дыбысының шектері

-оң жақ жүрек шегі ІV-V қабырға аралығында төстің оң жағынан 1-2 см сыртқары орналасқан.

-Сол жақ жүрек шегі V қабырға аралығында төстің сол жақ бұғана ортасы сызығынан 1-2 см ішке қарай орналасқан.

-Жүректің жоғарғы шегі сол жақ төс қасы сызығы бойында ІІІ қабырға аралығында орналасқан.

Нағыз тұйық дыбыс шектері

-оң жақ шегі төстің сол жақ шетінде ІV-V қабырға аралығында орналасқан

-сол жақ шегі жүректің сол жақ шегінен 0,5 см ішке орналасқан.

-жоғарғы шегі сол жақ төс қасы сызығы бойында ІV қабырға аралығында орналасқан.

Аускультация:жүрек тондары айқын, кеуде клеткасының сол жақ жартысында қатты естіледі. Пульс:пульсекі қолында бірдей, ырғақты. Пульсің жиілігі 70 мин. Екі жақта да a.dorsalis pedis-те пульсация әлсіреген.

Ас қорыту жүйесі:жұту актісі сақталған, тілі таза, ақ жабындымен жабылған. Өңеш кез-келген тамақты еркін өткізеді. Нәжіске отыруы әр тамақ қабылдағннан кейін.Пальпация:іш қуысының беткей пальпациясы кезінде іші жұмсақ,оң жақ қабырға асты аймағында ауырсыну, сол аймақта өт қалтасының түбі және жергілікті бұлшық ет қатаюы анықталады. Бауыр қабырға доғасының шетінде. Курлов бойынша мөлшері 9*8*7 см, консистенциясы жұмсақ, беті тегіс. Талақ анықталмайды.

Несеп бөлу жүйесін тексеру: Белдеме аймағында ісіну, қызару анықталмайды.Пальпация:бүйрек, қуық анықталмайды. Пастернацкий симптомы бойынша ауырғандық екі жағында да анықталмайды. Перкуссия:бүйрек пен қуық анықталмайды. Зәр шығару еркін,қалыпты диурез.

Эндокриндік жүйені тексеру: Қалқанша безі көзге көрінеді.Сипағанда: 3-дәрежеге дейін ұлғайған, жұмсақ, қозғалмалы, ауырсынусыз. Краус, Розенбах, Штельваг, Дельримиль, Мари симптомдары оң.

Жүйке жүйесін тексеру: Себепсіз мазасызданады, көңілсіз, жылағыштық, жиі терлейді, аяқ-қолдардарында тремор байқалады, уайымшыл, ұйқының бұзылуы.

Status praesens communis:

Науқастың жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Санасы айқын. Тері жамылғылары мен көрінетін кілегей қабаттарының түсі бозғылт. Лимфа түйіндері ұлғаймаған. Өкпесінде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. ТАЖ – 16 рет минутына. Жүрек тондары айқын емес, ырғақты, АҚҚ – 120/80 мм. с.б. PS - 90 рет. Тілі ылғалды, таза. Іші жұмсақ, пальпация кезінде іштің оң жақ қабырға астында ауырсыну бар, сол аймақта өт қалтасының түбі, жергілікті бұлшықет қатаюы анықталады.Ортнер, Керте симптомдары оң мәнді. Зәр шығару еркін, ауырсынусыз, түсі сабан түстес. Нәжісі тұрақты.

Per rectum: тік ішек сфинктері сақталған, ауырсынусыз.

Жергілікті статус (status localis):

Екі аяқтарын қараған кезде симметриялы, гипотрофияланған, ісіктер жоқ, оң жақ аяғында табан мен тізе аралығында тері жамылғысының бозаруы байқалады. Тізесі мен табаны сипап қарағанда салқын. Оң жақ терісты вена тамырлары көрінуі әлсіз. Трофикалық өзгерістер жоқ. Түкті жамылғылары азайған. Оң жақ балтыр бұлшықеттерінде пальпация кезінде ауырсыну байқалады. Аяқ саусақтарының сезімталдығы мен қозғалыс белсенділігін сақталған. Оң жақ аяғында барлық жерінен пульсациялар анықталмайды. Сол жақта жалпы сан артериясында пульсациялар анықталады, дистальды болігінде пульсация жоқ. Ауськултациялық шулы дыбыстар жоқ.

Диагноз: Жедел обтурациялық калькулезді холецистит

Аурудың этиологиясы мен патогенезі.

Тасты холецистит өт қабында, өт өзектерінде тастардың пайда болуымен және өт қабын қабындырумен жүретін ауру.

Этиологиясы. Тудырушы себептер:

● Өт құрамының өзгеруі(дисхолия);

● Өттің іркілуі(холестаз);

● Қабыну компонентінің болуы;

Патогенезі: Өт жолдарының таспен бітелуі өт әркілісіне әкеледі. Ол өз кезегінде қабыну ферменттерінің(мысалы: фосфолипаза А) босап шығуына әкеледі.Зақымданған шырышты қабық көп мөлшерде шырыш бөледі. Нәтижесінде қабыну медиаторларының өндірілуі жоғарылап, қабыну күшейеді. Өт қабында қысымның жоғарлауы қан тамырларының қысылуына әкеліп, некроз дамиды.

Тағайындалған емі: Емдеу

1. Консервативтік ем

V Диетотерапия

v Ауырсынуды басатын және спазмолитикалық дәрілер

v Антибактериальды терапия

Наши рекомендации