Интерндерге Превентивтік педиатрия пәнінен. „

№ 1 аралық бақылау тест сұрақтары., 6- вариант

1.8 жасар қыз бала, аз мөлшердегі қақырықпен жөтелге , түнде пайда болатын ентігуге шағымданады. ЖРВИ дан кейін 6 бойы өзін аурумын деп есептейді. Обьективті: температурасы 36,8 С, тыныс жиілігі 30минутына, тынысы ысқырықты, құрғақ сырылдар естіледі.Жүрек тондары тұйықталған.Рентгенограммада : екі жақта өкпе суреті күшеюі анықталады. Берілгендердің ішінде тиімді препарат:

А) серетид

В)кромогликат натрии

С) флутиказон дипропион

Д)эуфиллин

Е)лазолван

2.Қыз бала 11 жаста. Эпигастриидегі және сол қабырға астындағы, арқаға берілетін, кенеттен пайда болған ауру сезіміне, жүрек айнуға, қан аралас құсуға шағымданады. Грегерсон реакциясы оң. Жүректің созылмалы ревматикалық ауруы бойынша «Д» есепте тұрады, диклофенак қабылдайды. Ең ықтимал болып табылады:

А)висмуттың коллоидты субцитраты

В)антацидтер

С)прокинетиктер

Д)антибиотиктер

Е)спазмолитиктер

3.ҚР-да иммунопрофилактика мына бұйрық бойынша жүргізіледі.

А) 2295,119,636,1691,8

В) 113,145,2295,636,119

С)760,2295,636,7145

Д)535,2295,7145,1691

Е)72,636,1691,145

4.Жанұялық дәрігерге 5 жасар баланың анасы, баласының 3 тәулік бойы нәжісінің жүрмеуіне, ішінің ауырсынуына шағымданып келді. Қарау барысында кеуде қуысы мүшелерінде патология жоқ. Іші жұмсақ, бірақ пальпация жасағанда ауырады, тітіркену симптомы жоқ.. Емдік шараларды ... бастау керек.

А) сифонды клизма

В) тазарту клизмасы

С) ішті жүргізетін дәрі тағайындау

Д) майлы клизма

Е) барлығы

5.Жанұялық дәрігерге 9 жасар ұл бала түнгі және кешкі уақыттарда перианальді қышуды, кейде кіндік аймағында ұстама тәрізді ауырсынуды, үлкен дәретінің жиілегенін айтады. Соңғы күндері ұйқысы нашар. Аппендицитке күмәнданып жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді. Анамнезінен: бала жоғарыда айтылған симптомдардың көптен бері мазалайтынын жасырған. Қарау кезінде анус аймағында жарықшақтар көрінеді. Хирург консультациясынан кейін аппендицит диагнозы дәлелденбеді. Мына тексеруді жүргізгеннен кейін, балаға ем тағайындап үйіне жіберді:

А) перианальді аймақ терісін микроскоппен қарау

В) копрограмма

С) зәр анализі

Д) жалпы қан анализі

Е) нәжісті құрт жұмыртқаларына тексеру

6.Отбасылық дәрігерге профилактикалық қабылдауға 3 айлық бала келді. Қараған уақытта ешқандай шағымдары жоқ. Омыраумен тамақтанады. Анамнезінен: 1 жүктіліктен, 38-39 аптадағы 1 босанудан туған. БЦЖ вакцинациясы өмірінің үшінші күні босану үйінде жасалған. Туберкулезбен науқас адамдармен қатынасты жоққа шығарады. Объективті: физикалық және нервті-психикалық дамуы жасына сай. Мүшелер бойынша ақаулар жоқ. Сол йығын қарағанда БЦЖ дамуының белгілері жоқ. Осы балаға қатысты отбасылық дәрігердің әрекеті:

А)6 айға дейін Манту сынағынсыз вакцинациялау

В)6 айға дейін алдын ала жасалған Манту сынағынан кейін вакцинациялау

С)6 айдан кейін Манту сынағынсыз вакцинациялау

Д)қайтадан вакцинация жасауға болмайды

Е)1 жаста алдын ала жасалған Манту сынағынан кейін вакцинациялау

7.4 жастағы бала, ауырғанына 2 күн болды, дене қызуы 37,7 С, мұрнынан су ағады, жөтеледі, тамағы қызарған, тыныс алу жиілігі минутына 25 рет, ЖСЖ – минутына 115 рет. Өкпесінің барлық жерінде бірдей таралған қатаң тыныс, сырылдар жоқ, перкуторлық дыбыс өзгермеген. Сіздің емдік әрекетіңіз:

А) эуфиллин, сульфаниламидтер

В)антибиотиктер қақырық шығарушы препараттар

С)аналгетиктер сульфаниламидтер

Д) жылы сұйықтық, қақырық шығарушы препараттар

Е)гистаминге қарсы препараттар, қақырық шығарушы препараттар

8.Дені сау бала, басын ұстайды, жанындағылармен байланыста. Салмағы 5000г. Бойы 58см. Қазіргі баланың дамуы ... сәйкес.

А) 5 айға

В)1айға

С)3айға

Д)4 айға

Е) 2айға

9.8 жасар бала, ерет қолайлы анамнезбен егулерді жасына сай алған. Аурудың 3 күні клиникалық мәліметтермен анканың таксикалық (1 дәрежелі) деп диагноз қойды. Күлге қарсы сарысуды ... енгізуді бастаймыз.

А) асқыну дамыған соң

В)аурудың 4-5 күніне дейін

С)қызба кезеңі біткен соң

Д) тез арада

Е) күлдің токсигенді бактериясын анықтағаннан соң

10.Темір талшықты анемияның еміндегі пероральді препаратының жалпы ұзақтығы:

А) 2-3 ай

В)1 жыл

С) 3-6 ай

Д)2-3 жыл

Е)1 ай

11.Бала 3 жаста, салмағы 12 кг.Диагнозы: ауруханадан тыс оң жақты пневмония, жедел ағымды, асқынусыз түрі. Ем тағайындаңыз:

А) пенициллин 300мың ЕД х 4 рет күніне

В) пенициллин 500мың ЕД х 4 рет күніне

С) пенициллин 400мың ЕД х 4 рет күніне

Д) пенициллин 200мың ЕД х 4 рет күніне

Е) пенициллин 100мың ЕД х 4 рет күніне

12.Балаға 2 жас. Оны емшек сүтімен тамақтандырмайды және ол тағамды жалпы отбасы столынан күніне 3 рет қабылдайды. Отбасында етті үнемі қолданады және балаға береді. Тағам рационында жеміс-жидек арасында картоп, сәбіз, қырыққабат және алма бар. Тағам бөлігі көп емес және ол оның бәрін жейді. Анасы дәрігерден баласының тамағына байланысты кеңес сұрады. Дәрігердің кеңесі:

А) әрбір негізгі тамақтануға 250мл тағам беру

В)баланы күніне 4 рет тамақтандыру

С)баланы күніне 6 рет тамақтандыру

Д) тамақтандыру арасында шай беру

Е)әрбір негізгі тамақтануға 350мл тағам беру

13.Пневмония емінде азитромицин курсының ұзақтығы:

А) 14-21 күн

В)1-2 күн

С) 7-10 күн

Д)11-14 күн

Е) 3 және 5 күн

14.Бронх демікпесі ұстамасына тән тыныс:

А) куссмауля

В)дем алуы ұзарған

С)дем шығару және дем алуы ұзарған

Д) дем шығару ұзарған

Е)Чейн-Стокса

15. 1,5 айлық баланың анасы дене қызуы 37,8°С көтерілуіне, жиі және ауру сезіммен зәр шығаруына шағымданады. Зәрінде лейкоцитурия 10-15 к/а , эритроцитурия 7-9 к/а. Аурудың қоздырғышы:

А) стафилококк

В) ішек таяқшасы

С)стрептококк

Д)цитомегаловирус

Е)саңырауқұлақтар

16.7 жасар балаға «ревматикалық емес кардит, идиопатиялық, жүрек өткізгіш жүйесінің зақымдануы, созылмалы ағымды ауы, НК2Б» диагнозы қойылған. Осы балада анықталатын симтомдар:

А)жөтел, ентігу, тахикардия, акроцианоз, өкпесінде әртүрлі клибрліылғалды сырылдар, бауыры қабырға доғасымен 4-5 см шығыңқы

В)бетінің ісінулері, асцит, жөтел, ентігу, гидроторакс, акроционаз, гидроперикард

С)асцит, жөтел, бауыры қабырға доғасынан 3-4 см шығыңқы, гидроперикард

Д)аяғындағы ісіктер, ентігу, гидроторакс,жөтел, тахикардия,өкпесіндегі құрғақ сырылдар.

Е)асцит,жөтел, ентігу, бауыры қабырға доғасынан 4см шығыңқы, гидроперикард

17.Ұл балалардың жыныстық жетілуі, мына жастан кеш басталмауы керек:

А) 12 жас

В)7 жас

С)11жас

Д) 9 жас

Е)13 жас

18.6 жасар бала тәбетінің төмендеуіне, локализациясы белгісіз іштін ауырсынуына шағымданды. Қарағанда жалпы жағдайы қанағаттанар-лық, терісінің және шырышты қабаттарының бозаруы. Температура жоқ. Катарльды көріністер жоқ. Ішкі органдарды патологиясыз. Гемограмма нормада; ЖЗА-оксалурия +++. Науқасқа қолайлы емдік тағам:

А)картоп –капуста диетасы

В)шпинат, петрушка, сельдерей

С)какао, шоколад, қызылша

Д)кальций мґлшері көп азықтар

Е)С витамині кґп азықтар

19.ЖДА аймағында созылмалы панкреатитпен балаларды реабилита-циялауға жатады:

А)өршуден кейін 1-2 жылға №5 стол, ферменттік ем

В)пребиотиктер

С)3-4 жылға №1 стол

Д)өт айдаушы заттар

Е)2-3 жылға №1б стол

20.Теміртапшылықтың негізгі себебі болып табылмайды:

А) қан кету

В)алиментарлы

С)ұрықтың құрсақ ішінде темірмен қамтамассыз етілуінің бұзылуы

Д) гемолиз

Е)сіңіруілуінің бұзылу синдромы

21.Аспириндік демікпе кезінде қолдануға болмайды:

А) тавегил

В) напроксен

С)эуфиллин

Д)сальбутамол

Е)интал

22. Балаларда ең жиі кездесетін анемиялар ... анемиясы болып табылады.

А) белок жетіспеушілік

В) В12 – жетіспеушілік

С) темір жетіспеушілік

Д) аралас этиологиялық

Е) фолий жетіспеушілік

23.Диареяның себебі болып табылады:

А) тұмау вирусы

В) ротавирус

С)қызылша вирусы

Д)парагрипп вирусы

Е)RS – вирусы

24.Көбінесе оралді регидратацияда қолданылатын ерітінді:

А) хлоразол

В) глюкосолан

С) гемодез

Д) оралит

Е) регидрон

25.Тірі вирусты вакцинаға жатады:

А) БЦЖ

В)қызылшаға қарсы

С)АДС-М

Д)АДС

Е) АКДС

26.Қызылшаға қарсы бірінші егуді ... айлықта жасайды.

А) 2

В) 12

С)4

Д)6

Е)8

27.Өтшығару жолдарының құрылымы мен ақаулары туралы ... толық мәлімет береді.

А) дуоденоскоп арқылы контраст жіберіп ұйқыбезді және өт жолдарын рентгенмен тексеру

В)ультрадыбыстық зерттеу

С) гепатобилисцинтиграфия

Д) қап өтін биохимиялық зерттеу

Е) холецистография

28.Өт жолдарының ауруларының патогенезінде ... орын алмайды.

А) нервно-психикалық фактор

В) хеликобактерлік инфекция

С)өттің физико-химиялық қаситеті

Д)сфинктер аппараттың координациялы қызметінің бұзылысы

Е) гепатобилиарлы жүйенің анатомиялық ақауы

29. Аймақтық балалар дәрігерінің негізгі міндетіне кірмейді:

А) әйелдің бала туғаннан кейінгі ақылы демалысын созу

В)балалардың оптималді физикалық өсуін қамтамасыз ету

С) ауыршаңдықты төмендету

Д) балалар өлімін төмендету

Е) балаларды нервтік – психикалық өсуін оңтайлылығын қамтамасыз ету

30.1- ші денсаулық тобына жатады:

А)дені сау балдар, денсаулықтың барлық белгілері бойынша өзгерістер жоқ

В)субкомпенсация жағдайындағы созылмалы ауруы бар балдар

С)компенсация жағдайындағы созылмалы ауруы бар балдар

Д)декомпенсация жағдайындағы созылмалы ауруы бар балдар

Е)ауруға бейім балалар

31.Энтеробиоздың диагностикалық критерилеріне ... жатады.

А) буынның ауырсынуы

В) анустың қатпарларында қышыну болуы

С) жұмсақ тіндердегі ісік пайда болуы

Д) склера сарғаюы

Е) бетте ісік пайда болуы

32.Аллергияға бейім балаларға ... дейін диспансерлік бақылау жүргізіледі.

А) 1 жылға

В) 6 айға

С) 3 жылға

Д) 5 жылға

Е) жасөспірімдер кабинетіне көшірілгенге

33.Алғашқы туғанға дейінгі патронаж ... жасалады.

А) жүкті әйелді тіркеуге алған туралы хабар келген бойдан

В) жүктіліктің 32 аптасында

С) жүктіліктің 24-27 аптасында

Д) жүктіліктің 10-15 аптасында

Е) жүктіліктің 1 аптасында

34. Екінші туғанға дейінгі патронаж жүктіліктің ... аптасында жасалады.

А) 1

В) 40-41

С) 22-23

Д) 24-27

Е) 32

35.Экссудативті – катаралді диатездің негізгі клиникалық белгілері:

А) буындардың ауруы

В)субфебрилді температура

С) сүтті қабыршық

Д) салмақтың төмен болуы

Е) катаралді көрініс

36.Тырысуларда қолданылатын дәрі:

А) лазикс

В) седуксен

С) преднизолон

Д) витаминдер

Е) пенициллин

37.Пиелонефритте зақымдалады:

А) түбекше, тостағанша, интерстиций

В) бүйректің қан тамыр жүйесі

С) шумақтар

Д) қуықтың кілегей қабаты

Е) бүйректің лимфа жүйесі

38.Балалар поликлиникасы өз қызмет көрсету ауданында қамтамасыз етпейді:

А) ұйымдастыру шараларын

В)алдыналу шараларының кешенін ұйымдастырып және көрсету

С)үй жағдайында емдік-ақылкеңес көмегін

Д)эпидемияға қарсы шараларды

Е) ана мен баланы заңды қорғау

39.Табиғи тамақтану кезінде ішектің басым флорасы болып табылады:

А) стафилококктар

В)ацидофилді таяқшалар

С)ішек таяқшалары

Д)энтерококктер

Е) бифидумбактерин

40. Ағзадағы билирубиннің негізгі көзі болып табылады:

А) миоглобин

В) гемоглобин

С)цитохром

Д)трансферрин

Е)гематокрит

41.Пиелонефритте негізінен ... қызметі бұзылмайды.

А) генле тұзағының

В)нефронның тубулярлы бөлігінің

С)нефронның проксималды бөлігінің

Д) шумақшалардың

Е)нефронның дисталды бөлігінің

42.Геморрагиялық васкулит кезіндегі тамыр қабырғасының негізі зақымдаушы фактор:

А) вирус

В) иммундық кешендер

С)микротромбтар

Д)бактериалды токсиндер

Е)тромбоциттердің белсендіруші факторы

43. Геморрагиялық васкулиттегі геморрагиялық синдромға тән:

А)элементердің қосылуға бейімділігі

В)қышудың болуы

С)асимметриялы бөртпелер

Д)гемартроз

Е)экхимоздардың болуы

44.Гломерулонефритте зақымданады:

А) түтікшелер аппараты

В)бүйректің интерстициалды тіні

С) шумақтық аппараты

Д)қуықтың кілегей қабығы

Е)табақша-түбек жүйесі

45. 2 денсаулық тобындағы бірінші айлықтағы нәресте ... рет қаралады.

А)5

В)2

С)3

Д)4

Е)1

46. Кеудедегі балаларды еркін тамақтандыру деп ... айтады.

А)уақыты мен көлемін өзі анықтау арқылы, баланың талабы бойынша тамақтандыру

В)түнгі үзіліспен әр 3 сағат сайын тамақтандыру

С)әр 3 сағат сайын тамақтандыру

Д)баланың өзі көлемін анықтау түрінде белгілі бір уақыттарда тамақтандыру

Е)емізуші әйел өзі анықтаған регламент бойынша тамақтандыру

47.Обструктивті жедел бронхитте орта көпіршікті сырыл ... болады.

А) үлкендерде

В) үлкен жастағы балаларда

С) кіші жастағы балаларда

Д) мектепке дейінгі жастағы балаларда

Е) пубертатты периодтағы балаларда

48.Балалардағы гломерулонефрит кезіндегі тағайындалатын емдік стол:

А) №15

В) №7

С) №8

Д) №1

Е) №5

49.Созылмалы гломерулонефрит кезінде диспансерлік бақылаудың ұзақтығы:

А)диспансерлік қараудан шықпайды

В) 2 жыл

С) 3 жыл

Д) 5 жыл

Е) 1 жыл

50.Зимницкий сынамасы үшін зәр жинайды, әр ......

А) 0,5 сағатта

В) 2 сағатта

С) 1 сағатта

Д) 5 сағатта

Е) 3 сағатта

51.Созылмалы гломерулонефриттің өршу кезінде диетада ... шектелмейді:

А) сұйықтық

В) көмір су

С) май

Д) белок

Е) тұз

52.Жіті лейкоз патогенезіндегі жалпы теория:

А) аллергиялық реакция

В) клонды теория

С) эндокринді бездің қызметінің бұзылуы

Д) қан жүйесінің қызметінің бұзылуы

Е) инфекция-бактериялық қабыну

53. Жіті лейкоз классификациясында ... қаралмайды:

А) баяу кезең

В) өршу кезеңі

С) клиникалық ремиссия

Д) лимфобласт, миелобласт

Е) ауырлық дәрежесі

54. Бала 1 жаста. Ата-аналары шайқалып жүретін “үйрек” тәріздес жүріске шағымданады. Баланы қарау кезінде: жағдайы қанағаттан-дырарлық. Бұлшық ет тонусы қанағаттандырарлық. Маңдайында және төбесінде бұдырмақ, қабырға сүйектері қатты байқалады, сирағының О-тәріздес бұзылуы анық көрінеді. Ішкі органдарында ақау жоқ. Сіздің болжам диагнозыңыз:

А) Д дәрумені -тапшылықты рахит

В) фосфат –диабет

С) Д дәрумені – тәуелді рахит, псевдотапшылықты, гипокальцие-миялық

Д) ұршық буынының дисплазиясы

Е) Де-Тони Дебре-Фанкони дерті

55. Бала 8 жаста, бас ауруы, бас айналу, бір реттік құсу, жүрек айну, жалпы әлсіздікке шағымданғаннан кейін ауруханаға жеткізілген. Анамнез бойынша: дене шынықтыру сабағында жерге басымен құлаған, аз уақытқа есін жоғалтқан, кері амнезия, неврологиялық жағдай: екі жақтан конвергенцияның бұзылуы, оң жақта мұрын-ерін бүрмесінің тегістігі, гипотония, D>S, анизорефлексия, оң жақтан Бабинский симптомы, менингеальді симптомдар жоқ нет. 4 - 6 тәулікке қарай неврологиялық белгі кері қайтқан. Сіздің диагнозыңыз:

А) вегетативті пароксизм

В) ми шайқалу

С) жеңіл ауырлық дәрежесіндегі бас миының жарақаты

Д) орташа ауырлық дәрежесіндегі бас миының жарақаты

Е) ми қан айналымының бұзылуы

56.10 сыныптағы оқушы күрт тоңғанына, басының сынып ауырғанына, қатты шөлдейтініне шағымданды. Ауырғанына бір күн болды. Дене қызуы 40,0° С. Есі шатасқан. Тері жабындары көк, бөксесін, санын ұсақ нүктелі петехиялардан 3-4 см өлшеміндегі қан құйылысына дейін геморрагиялық бөртпелер басқан. Қарында, арқада, қолдарында бірлі-жарым розеолезді және розеолезді-папулезді элементтер. Шүйде бұлшық еттері қатты, Керниг симптомы күмәнді, тамыр соғуы минутына 120, әлсіз толған, жүректің үні қатаң, АҚ 85/55 мм рт. ст., ЧД минутына 28. Қанда: сол жаққа ауысқан лейкоцитоз 22х10 9 /л, СОЭ 26 мм/ч. Бірінші кезекте келетін ой:

А) тұмау

В) септицемия

С) менингококкцемия

Д) тромбоцитопениялық пурпура

Е) Шенлейн-Генох дерті (геморрагиялық васкулит)

57. 10 жастағы балаға дәрігер үйге шақырылды. Бала екінші тәулік бойы сырқаттанып жатыр. Дене қызуы 39,0С. Іші және белі, сонымен қатар басы қатты ауырады. Терісі таза және боп-боз. 19 сағат бойы дәретке бармаған. Сіздің болжам диагнозыңыз:

А) цистит

В) жіті пиелонефрит

С) асқынған гломерулонефрит

Д) атоникалық зәр қуығы

Е) көпіршікті-зәрағар рефлюксі

58. Бала қанының формуласында екінші физиологиялық қиылысудың мерзімі:

А)4-5 жыл

В) туылғаннан кейін 5 күн

С)10-11 ай

Д)2-3 жыл

Е)5 жыл

59. 5 жастағы балаларда дем алу жиілігі /1 минутта/ ... рет.

А) 20-30

В) 16-20

С) 30-40

Д) 40-50

Е) 50-60

60. Анафилактикалық шокка тән емес белгі :

А) АҚ артуы

В) өкпенің ісінуі

С) мидың ісінуі

Д) көмейдің ісінуі

Е) бронхоспазм

Наши рекомендации