Тыныс алу жиілігінің адамның жасына сай өзгеруі

Жасы 1 минуттағы тыныс алу жиілігі, рет
15-20 20-25 25-30 30-35

Ересек адам 1 минөтте өкпесінсн 6-7 л ауаны өткізеді. Алмасатын ауаның мөлшері адамның салмағына және бойына байланысты. Адамның бойы неғұрлым биік және салмақты болса, соғұрлым оның өкпесі арқылы ауа көп өтеді. Мысалы, ұзын бойлы адамда бұл мөлшер 1 минутте 8 л болса, аласа бойлы кісіде 4,5 л.

Ересек кісіде тыныштық кезінде 3-4 % көмір қышқыл газы айдалатын болса, балаларда пайыздық мөлшері соғұрлым аз, мысалы, 5 жастағы балада - 1,7%. Дененің көрсеткіштері кеміген сайын сыртқа айдалатын көмір қышқыл газының мөлшері төмендейді. Бұл балалардағы гипервентиляцияға байланысты. Ал денеден айдалатын көмір қышқыл газының жалпы мөлшері, дененің 1 кг салмағына шаққанда, балаларда ересек адамға қарағанда көп болады.

3.Тыныс алудың нервтік және гуморальдық реттелуі. Тыныс алу мүшелерінің қызметінің реттелуі әр дәрежедегі реттеу жолдарымен іске асады.

Төменгі дәрежелі тыныс орталығы сопақша мида орналасқан. Ол бір-бірімен тығыз байланыстағы дем алу мендем шығаруға жауапты екі бөлімнен тұрады.

Тыныс орталығының нейрондарының қозғыштығы көмір қышқыл газының концентрациясына байланысты, яғни гуморальдық реттеу жолы. Оның қандағы концентрациясы артқанда тыныс орталығының нейрондарының қозғыштығы күшейеді де, тыныс мүшелерінің қызметіне қозғау салады. Көмір қышқыл газның тыныс орталығына әсері екі түрлі жолмен іске асады: а) нейрондарды қоректендіретін қанның құрамының тікелей әсері; б) рефлекторлы жолмен көмірқышқыл газының арнайы хеморецепторларға әсері.

Бұлардан басқа да рефлекторлы түрде болатын тыныс алу мүшелерінің қызметінің реттелуінің де маңызы үлкен. Айталық, дем алғанда өкпе керіледі де, оның қабырғасындағы және қабырға аралық еттер мен диафрагмада орналасқан арнайы барорецепторлар тітіркенеді. Оларда пайда болған импульстер орталыққа тепкіш жол арқылы сопақша миға барып, оның нейрондарының қызметін тежейді де, дем алу тоқтап, дем шығару басталады. Өкпенің керіліп созылуы тоқтасымен тыныс алу орталығына баратын импульстер тоқталады, нейрондардың қозғыштығы артады да, қайтадан дем алу басталады. Тыныс орталығы бұзылса, дем алу тоқталып, тіршлік те жойылады.

Ақпарат көздері: http://kazmedic.kz,

http://dov.kz

http://zhastar.info)

Туберкулез- Бұл ауа-тамшыларымен таралатын жұқпалы ауру және aғзағa туберкулез бактериялары түскенде дамиды.Ең алдымен өкпе, кейде басқа органдарды да зақымдайды.
Жұқтыру көзі туберкулезге шалдыққан адам болып табылады.микобактериялармен шақырылған созылмалы жұқпалы ауру. Туберкулез ауру ерте заманнан белгілі. Осы ауруға қарсы арнайы егу жұмыстары жүргізілмеген кезде, оның қоздырғышы анықталмаған кезде, аурудың балалардың арасында көп таралуымен қатар одан өлім де көп болатын. Туберкулезді әлеуметтік аурулар қатарына жатқызады, өйткені ол үй- тұрмыстық жағдайлары нашар, көп балалы отбасындағы балаларда, жалпы экономикасы төмен, нашар дамыған елдерде жиі кездеседі. Кейінгі жылдардағы еліміздегі экономикалық дағдарыстармен байланысты туберкулез ауруы «күшіне еніп отыр».

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а.2011 жылы 29 қыркүйекте №907 бұйрығымен бекітілген:

- № ТБ 01/е- нысанды медициналық құжаттама (Туберкулезбен ауыратын науқас картасы);

- № ТБ 03/е- нысанды медициналық құжаттама (Облыста қалада, ауданда) туберкулезді тіркеу журналы;

- № ТБ 04/ е- нысанды медициналық құжаттама (Зертханалық тіркеужурналы)

- № ТБ 05/е - нысанды медициналық құжаттама (Қақырықты ТМБ-ға микроскопиялық зерттеу жолдамасы)

- № ТБ 06/е - нысанды медициналық құжаттама (туберкулезге микробактерияның культурасын емдеуге жолдама)

- № ТБ 06А/е- нысанды медициналық құжаттама (ТМБ культурасының туберкулезге қарсы препараттарға сезімталдығын анықтауға жолдама)

- № ТБ 09/е - нысанды медициналық құжаттама (науқастарды ауыстыру жолдамасы);

- № ТБ 11/е- нысанды медициналық құжаттама (IV санат бойынша ем қабылдап жүрген туберкулез науқастарын тіркеу журналы);

- IV санатты №ТБ 01/е - нысанды медициналық құжаттама (карта);

- № ТБ 12/е- нысанды медициналық құжаттама (Туберкулезге қарсы препараттарды тіркеу);

- № ТБ 14/е- нысанды медициналық құжаттама (Науқастың емделуге берген келісім карта);

- № ТБ 17/е - нысанды медициналық құжаттама (Культуралық зерттеулерді зертханалық есепке алу журналы)

- № ТБ 18/ е - нысанды медициналық құжаттама (ТМБ дәріге сезімталдығын тестілеу қортындыларының зертханалық журналы)

- № ТБ 19/е- нысанды медициналық құжаттама (Туберкулезге қарсы препараттар қозғалысының сөре картасы);

- № ТБ 20/е- нысанды медициналық құжаттама (жөнелтпе құжат);

Ауру қоздырғышы –. Кох бацилласы.Оны 1882 жылы ашқан Роберт Кох деген ғалымның құрметіне аталады. Жоғарғы қауіп топтары: туберкулезбен ауыратын пациенттері- бұл ТБ / АИТВ бар пациенттер, инекциялық есірткілерді тұтынушылар, аз қамтылған адамдар, белгілі тұрағы жоқ адамдар, бас бостандығынан айыру орындарында қамауда отырғандар және босап шыққандар.

Наши рекомендации