Стерилизация бойынша тәжірибелік нұсқаулықтар.
Залалсыздандыру– адам мен жануарларда, өсімдіктерде ауру қоздыратын микроорганизмдерді жоюға бағытталған шаралар жүйесі. Залалсыздандыру – жұқпалы аурулардың кең таралып кетуін болдырмау шараларының бірі. Қазақ халқы залалсыздандыру тәсілдерін ерте заманнан бері қолданып келген. Мысалы, ауырған адамның ыдыс-аяғын бөлек ұстап қайнату, науқастан түскен шашты, тырнақты көміп тастау немесе өртеп жіберу; мал шарушылығында – қораларды, көң-қоқысты тазалап отыру, дәнді дақылдарды күнге кептіріп алу, т.б.
Қолдану мақсатына қарай залалсыздандыру екі түрге ажыратылады: сақтық (профилактикалық) залалсыздандыру және ошақтық залалсыздандыру (күнделікті немесе ағымдық және қорытынды).
Сақтық залалсыздандыру – алдын-ала тағамдық өнімдерді дайындайтын және сақтайтын жерлерді, малдан алынатын шикізат немесе тағамдық заттар сақтайтын мекемелерді, мал қораларын, астық қоймаларын, емхана және ауруханаларды, әжетханалар мен қоқыс жинайтын орындарды арнайы тәсілдер қолданып өңдеу.
Ошақтық залалсыздандыру – ауырған адам мен малдың қасында болып, олар сауығып кеткенге дейін күнделікті бақылау жүргізіп отыру, ауруды емдеуге алып кете салысымен және аурудан жазылып кеткеннен кейін немесе ауру (адам не мал) өліп қалғаннан кейін бірден (көп кешікпей) ауру орнын толық өңдеуден өткізу.
Залалсыздандырудың тәсілдері
- Механикалық залалсыздандыруда үй ішін шаңсорғышпен тазалап, сабындап жуып, желдетеді, мал қораны су шашып сыпырады, малдың тұрағының құрал-жабдығын тазартады.
- Физикалық залалсыздандыруда ультракүлгін, радиациялық, лазерлік сәулелермен, ультрадыбыспен өңдейді, қайнату, өртеу, бумен немесе ыстық ауамен өңдеу, т.б. пайдаланылады.
- Химиялық залалсыздандыруда қышқылдар мен сілтілер, формалин, хлор, хлорлы әк, натрий хлориді, хлорамин, фенол препараттары, тотықтырғыштар, т.б. қолданылады.
Мал шаруашылығында қораларды, топырақты, суды, жиналған садыраны, көңді; өсімдік шаруашылығында тұқымды, екпе көшеттерді, топырақты, қоймаларды, т.б. залалсыздандырады. Мал қораларын залалсыздандыру: 1) шаруашылық жұқпалы аурудан аман болған жағдайда – малды жайылымға шығарған соң, көктемде; 2) мал қолға қарайтын кезде – күзде жүргізіледі. Залалсыздандыру шараларының көлемі, қолдану тәсілдері және тиісті дезинфекциялық ерітінділерді таңдап алу жұқпалы аурудың берілу механизміне, қоздырғыштың төзімділігіне, өңдеуге алынған заттардың қасиетіне және санына, тұрғын үй мен мал қораның көлеміне қарай таңдап алынады. Залалсыздандыру жұмыстарын келісімшарт бойынша санитарлық-эпидемиологиялық немесе дезинфекциялық станциялардың қызметкерлері атқарады.
Дезинфекцияны ұйымдастыру және жүргізу
1. Тітіркендіргіш әсері және аллергиялық реакциялар тудыратын препараттармен үй-жайларды себелеу, тозаңдату, сүрту әдістерімен дезинфекциялау адамдар болмаған кезде жүргізіледі.
2. Жекелеген объектілерді зарарсыздандыру кезінде дезқұралдардың шығыны осы Санитариялық қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес есептеледі.
3. Инфекциялық аурудың ошағында ағымдағы дезинфекция науқасты анықтаған кезден бастап емдеуге жатқызғанға дейінгі кезеңде жүргізіледі, үйде емделген кезде – аурудан жазылғанға дейін, реконвалесценттер мен бактерия тасымалдаушыларда – толық сауыққанға дейін жүргізіледі.
4. Ағымдағы дезинфекцияны денсаулық сақтау ұйымының медицина қызметкері ұйымдастырады, оны науқасқа күтім жасайтын адам, реконвалесценттің немесе бактерия тасымалдаушының өзі жүргізеді.
5. Қорытынды дезинфекциялауды дезинфекциялық станциялар немесе санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарының (ұйымдарының) дезинфекциялық бөлімдері (бөлімшелері), ауылдық жерлерде – медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдары жүргізеді.
6. Қорытынды дезинфекция инфекциялық аурулар ошақтарында науқасты емдеуге жатқызу, оқшаулау, науқастың сауығуы немесе қайтыс болуы кезінен бастап бір тәулік ішінде жүзеге асырылады.
7. Инфекциялық аурулар ошақтарында қорытынды дезинфекциялауды жүргізуге өтінімді науқасты оқшаулағаннан, емдеуге жатқызғаннан кейін, диагноз өзгертілген соң, науқас қайтыс болғаннан кейін дәрігер-эпидемиолог санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталықтарының бөлімдеріне (бөлімшелеріне), дезинфекциялық станцияларға, обаға қарсы күрес мекемелеріне береді. Қышыма және дерматомикоз ошақтарында қорытынды дезинфекциялау жүргізуге өтінімді емдеуші дәрігер береді.
8. Денсаулық сақтау ұйымдарында ағымдағы дезинфекциялауды жүргізу үшін дезқұралдардың, дезинфекциялық-стерильдеу жабдығының қажеттілігін есептеу осы Санитариялық қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.
9. Шоғырлануы ұсынылатын шоғырланудан кемінде 5 %-ға (немесе 0,1-0,2-ге) ауытқитын дезқұралдарды қолдануға жол берілмейді.
10. Дезинфекциялау режимдерін сақтауды қанағаттанарлық түрде бағалау мынадай көрсеткіштер бойынша айқындалады:
1) ағымдағы дезинфекциялаудан кейін 50 минуттан кешіктірмей алынған бактериологиялық шайындылардың 3 пайызынан (бұдан әрі – %) аспайтын бақылау объектілерінен патогенді емес микрофлораны себу;
2) дезинфекциялау ерітінділерінің шоғырлануын азайтуға немесе арттыруға ерітінділердің берілген шоғырлануынан плюс-минус 0,1-0,2 шегінде жол беріледі;
3) әр түрінің қойылған сынамаларының кемінде 5 %-ын дезинфекциялау заттарының қалдық санына сәйкес келмейтін қанағаттанғысыз экспресс-сынамаларды анықтау;
4) тестілік бактериологиялық бақылаудың камералық дезинфекциялау режиміне сәйкес келуі;
5) қанның қалдық санына оң нәтижелі сынамалардың болмауы;
6) синтетикалық жуу заттарының сілтілік компоненттерінің және майлы дәрі-дәрмектер қалдықтарының қалдық санына оң нәтижелі сынамалардың болмауы;
7) стерильденбеген материалдың болмауы, стерильдеу режимінің сәйкес келуі.
11. Ошақтардағы ағымдағы дезинфекциялаудың сапасын бақылауды мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталықтарының мамандары зертханалық әдістерді ошақтардың кемінде 5 %-ында қолдана отырып, бір ошақтан кемінде 10 бактериологиялық шайынды алу, дезинфекциялау құралының (құрғақ препарат) 1 сынамасын, жұмыс ерітіндісінің 1 сынамасын алу арқылы жүзеге асырады.
12. Егер патогенді емес микрофлораның болуына оң нәтижелі шайындылардың саны алынған шайындылар санының 3 %-нан аспайтынды, дезинфекциялау препаратының қалдық санының болуына теріс экспресс-сынамалар саны 5 %-дан аспайтынды және дезинфекциялау ерітінділерінің қанағаттанғысыз талдауының саны 5 %-дан аспайтынды құрайтын болса, дезинфекциялау сапасы қанағаттанарлық болып есептеледі.
13. Қорытынды дезинфекциялау жүргізгеннен кейін патогенді микрофлораны сепкен кезде, соңғысы қанағаттанғысыз болып есептеледі және дезинфекция сапасын кейіннен бақылау арқылы қайта жүргізіледі.
14. Қорытынды дезинфекциялау бойынша жұмысты ұйымдастыру сапасын бағалау мынадай көрсеткіштер бойынша айқындалады:
1) қорытынды дезинфекциялауға жататын ошақтар санының ішінде инфекциялық ошақтарды өңдеумен қамту – кемінде 95 %;
2) науқасты емдеуге жатқызу немесе ұйымдастырылған ұжымнан оқшаулау сәтінен бастап бір тәулік ішінде инфекциялық ошақтарда қорытынды дезинфекциялауды орындау, қорытынды дезинфекциялауды уақтылы жүргізу – кемінде 90 %;
3) камералық дезинфекциялау жүргізуге жататын ошақтар санының ішінде камералық дезинфекциялау – кемінде 95 %;
4) ошақтарды қорытынды дезинфекциялау сапасын бақылаумен қамту: көзбен тексерген кезде – жүргізілген дезинфекцияның жалпы санының кемінде 10 %-ын (ауылдық жерде – кемінде 5 %);
зертханалық әдістерді қолдана отырып – дезинфекция аяқталғаннан кейін 1 сағаттан 3 сағатқа дейінгі кезеңде пәтер ошақтарының кемінде 10 %-ын.
15. Денсаулық сақтау ұйымдарында дезинфекциялау сапасын бағалау үшін мыналар жүргізіледі:
1) стационарларда бір төсекке 0,3 шайынды есебімен, амбулаториялық-емханалық ұйымдарда бір келуге 0,2 шайынды есебімен заттардан және жабдықтан шайынды алу арқылы дезинфекциялаудың сапасын бактериологиялық бақылау;
2) бастапқы дезинфектанттардың, дезпрепараттардың жұмыс ерітінділерінің әр түрінің сынамаларының кемінде 2 сынамасын зерттеу. Сынамаларды алу кезінде сынаманың алынған күні, дезинфекциялау ерітіндісінің дайындалған күні, оның шоғырлануы, қолданылу мақсаты белгіленеді;
3) камераның типі мен көлеміне байланысты дезинфекциялау камераларының жұмысының тиімділігін бақылау камераның үш жазықтығында 5-10 бактериялық (химиялық) тест салу арқылы жүргізіледі. Стерильдеу сапасын бағалау үшін стерильдеу жағдайларына, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен ауа ортасының стерильдігіне бақылау жүргізіледі.
16. Хирургиялық бейіндегі стационарлардың (бөлімшелердің) үй-жайларындағы ауа мынадай тәсілдермен зарарсыздандырылады:
1) адамдар болмаған кезде қолданылатын ашық және аралас бактерицидті сәулелегіштер мен жабық сәулелегіштердің, оның ішінде адамдар болған кезде ауаны зарарсыздандыруды жүргізуге мүмкіндік беретін рециркуляторлардың көмегімен ультракүлгін сәулеленумен әсер ету;
2) қорытынды тип бойынша дезинфекциялау және күрделі жинау жүргізу кезінде адамдар болмағанда арнайы шашатын аппаратураның (аэрозоль генераторлары) көмегімен дезинфекциялау құралдарының аэрозольдерімен әсер ету;
3) қорытынды дезинфекциялау және күрделі жинау жүргізу кезінде адамдар болмағанда озон генераторлары қондырғыларының көмегімен озонмен әсер ету;
4) микробтарға қарсы сүзгілерді қолдану.
17. Пациентті стационардан шығарғаннан кейін төсек-орын жабдығына камералық дезинфекциялау жүргізіледі.
18. Дезинфекциялау сапасын бактериологиялық бақылауды, стерильдеуді, биологиялық тесттерді дайындауды санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы жүзеге асырады.
19. Денсаулық сақтау ұйымдарында зертханалық әдістерді қолдана отырып, дезинфекциялаудың сапасын бақылау босандыру және балалар ұйымдарында – жылына 3 рет, хирургиялық стационарларда – қоршаған орта объектілерінен шайындылар алу, стерильдікке тексеру үшін материал алу арқылы – жылына 2 рет, өзге де денсаулық сақтау ұйымдарында (амбулаториялық-емханалық мекемелер, диспансерлер) – жылына 1 рет жүргізілуі тиіс. Балалар ұйымдарында (сәбилер үйлері, баспаналар, балабақшалар) бақылау көрсетілген объектілерді мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын бөлімдермен бірлесіп жылына 2 рет жүргізілуі тиіс.
Қорапталған материал болуы тиіс:
Сапа гарантиясы болуы.
Бұзылысқа ұшырамаған.
Мықты болуы.
Ашу барысында шашылмауы тиіс.
Маркировкалы енгізуге болатын материалдан тұруы қажет.
Органикалы затты білмеуі тиіс.
Стационарларда әртүрлі стерильдеу әдістерін қолданады бумен, ауа арқылы және газды.
әртүрлі стерильдеу әдістерінің артықшылықтары мен кемшіліктері мына кестеде көрсетілген.
Артықшылықтары мен кемшіліктері | ||
Әдіс | Артықшылықтары | Кемшіліктері |
Бу арқылы стерилизация | Стационарлардағы ең таралған стерильдеу әдісі; Қоршаған орта және мед.қызметкерлер үшін қауіпті емес; Қысқа экспозиция; Төменгі баға; Аэрация қажет емес. | Стерильді сапасы ауа түскенде бұзылуы мүмкін; Жоғарғы температураға сезімтал өнімдері бұзылуы мүмкін; |
Ауалы стерилизация | Төменгі коррозиялы құрам; Бұйымға терең енеді; Қоршаған орта үшін қауіпті емес; Аэрация қажет емес. | Ұзақ уақытты алады; Әр мемлекетте температуралық және ұстау уақыты әртүрлі; Термолабильдік бұйымдар бұзылуы мүмкін. |
100% этилен қышқылымен стерильдеу | Қораптағы және пластикалық заттардың ішіне оңай енеді; Мед.бұйымдардың көп түріне қолдануға болады; Қарау және бақылау оңай. | Аэрация үшін уақытты қажет етеді; Камера көлемі кіші; Этилен көгі уытты, канцорегенді, оңай жанғыш; Этилен көгін қорабымен бірге өрт-тұтанғыш жерлерден алшақ ұстау қажет. |
Сутек асқын тотығымен стерильдеу | Төменгі температуралық режим; Аэрация қажет емес; Қоршаған орта және мед.персонал үшін қауіпті; Қалдықтары қауіпті емес; Жұмыс жасау, қаару, бақылау оңай. | Қағаз, бұйымдар мен ерітінділерді стерильдеуге болмайды; Камера көлемі кіші; Ұзын және қысқы каналды бұйымдарды стерильдеуге болмайды; Синтетикалық қорапты қажет етеді. |
Формальдегид ерітіндісі парларымен стерильдеу | Өрт тудырғыш және жарылғыш; Мед. Бұйымдардың көбіне қолдануға болады. | Формальдегид қалдықтарын тазалау қажет; Токсикалық және аллергиялық қасиетке ие; Экспозиция уақыты ұзақ; Стерилизациядан кейін формальдегидті өңдеу ұзақ. |
Стерильдеудің бақым сапасы НБ-дың маңызды шарасы болып шектелінеді. Стерилизаторлардың физикалы бақылау әдісі температураны, қан қысымын өлшеу және стерильдеу уақытын санау болып табылады.
Стерильді заттарды сақтау зонасы идеалды түрде айтқанда былай болуы тиіс. Стерилизациялы бөлімнің жанында болуы тиіс, сонымен қатар стерильді өнімдер шаңнан, ылғалдан, паразиттерден, жәндіктерден температураның төмендеуінен қорғаныста болуы қажет.
Әдебиет:
1. Внутрибольничная инфекция: учебное пособие/ под ред. В.Л.Осиповой. – М., 2009.
2. Шкатова Е.Ю., Морозкова О.А. Инфекционная безопасность в ЛПУ. Феникс, 2008.
Бақылау:
- Дезинфекцияның кілтті жағдайы.
- Дезинфекция сөзінің мағынасы.
- Жұғудың қауіптілік дәрежесіне байланысты науқастар үшін қолданатын медициналық бұйымдарды қандай категорияларға жіктейміз.
- Жоғары деңгейлі дезинфекция болмысы (ЖДД).
- Төменгі деңгейлі дезинфекция болмысы (ТДД).
- Аралық деңгейлі дезинфекция болмысы (АДД).
- Дезинфекция сапасына әсер ететін факторлар.
- Сіздің тәжірибелі нұсқаулықтарыңыз.
- Стерилизацияның кілтті жағдайы.
- Стерилизация бойынша тәжірибелі нұсқаулықтар.
- Бу арқылы жүргізілетін стерильдеудің артықшылықтары мен кемшіліктері.
- Ауалы стерильдеудің артықшылықтары мен кемшіліктері.
- 100% этилен қышылымен стерильдеудің артықшылықтары мен кемшіліктері.
- Сутек асқын тотығымен стерильдеудің артықшылықтары мен кемшіліктері.
- Формальдегид ерітіндісі парларымен стерильдеудің артықшылықтары мен кемшіліктері.
Кредит
Дәріс