Ең мүмкін болатын диагноз қандай? 8 страница

Жоғарыда айтылған аускультациялық белгілер қандай ақауға ЕҢ ТӘН?

*Аорталді жеткіліксіздігі

*Өкпе артерияның стенозы

*+Митралді жеткіліксіздігі

*Аорталды стеноз

*Митралді стеноз

#1150

*!Әйел адам, 23 жаста, жүректі тындағанда: ұшында шапалақтаушы І тон, митралды қақпақшаның ашылу шертпегі, өкпе артерияда ІІ тонның акценті, ұшында диастолалық шуыл. Рентгенологиялық зерттеуде ІІ және ІІІ доғалардың сол жақ контуры бойынша томпаюы.

Ең ықтимал ақау қандай?

*аорта саңылауының стенозы

*+митралді стеноз

*митралді қақпақшаның жеткіліксіздігі

*аорталды қақпақшаның жеткіліксіздігі

*үшжармалы қақпақшаның жеткіліксіздігі

#1151

*!Кеуде ағзаларының рентгенографиясында аорталды стенозға тән:

*жүректің қалыпты өлшемі

*+сол жақ жүрекшенің ұлғаюы және сол жақ қарыншаның ұшылық томпаюы

*«тамшылы» жүрек

*«етіктер» сияқты жүректің конфигурациясы

*оң жақ жүрекшенің ұлғаюы

#1152

*!Науқас К, 32 жаста, аздаған физикалық жүктемеден кейін пайда болатын ентігуге, оң жақ қабырға асты ауырлық сезімі, ішінің үлкеюіне, аяқтарының ісінуіне шағымданады. Бала кезінде полиартритпен ауырған. 2 жыл бұрын жыпылықтау аритмиясы пайда болған. Кейде қанмен қақырады. Жүректің оң жақ шекарасы ішке қарай төстен 2см, жоғарғы шекарасы 2-ші қабырғааралықта, сол жақ шекарасы сол жақ бұғана ортаңғы сызығында жатыр. 1 тон жүрек ұшында күшейген, бөдене ырғағы естіледі, 2 тон өкпелік артериядан акценттеледі, жүрек ұшында диастолалық шу естіледі. Семсер тәрізді өсіндіде қатты дем алу кезінде систолалық шу естіледі. АҚ 110/90 мм. с.б. Ең ықтимал диагнозы қандай?

*Қайталанбалы ревматикалық қызба, митральды стеноз, ҚЖІІА

*Қарыншааралық перденің кемістігі, ҚЖІІІ

*+Жүректің созылмалы ревматикалық ауруы, митральды стеноз. Үшжармалы қақпақшаның салыстырмалы жетіспеушілігі. ҚЖІІБ

*Қайталанбалы ревматикалық қызба, митральды қақпақшаның жетіспеушілігі, ҚЖІІІ

*Қайталанбалы ревматикалық қызба, митральды қақпақшаның жетіспеушілігі, Үшжармалы қақпақшаның салыстырмалы жетіспеушілігі. ҚЖІІІ

#1153

*!Науқас Н, 25 жаста, медициналық тексеру кезінде жүрек аускультациясы кезінде жүректе шу анықталған. Шағымы жоқ, науқас өзін аурумын деп санамайды. Сұрағанда 10 жасында полиартритпен ауырып, үй жағдайында емделгені анықталды. Жиі баспамен ауырған. Қарап тексергенде: Жалпы жағдайы қанағаттанарлық, бетінде әлсін цианоз, өкпеде тынысы везикулярлы, сырылдар жоқ, ТЖ минутына 18 рет. Тамыр соғысының толымдылығы мен кернеулілігі қанағаттанарлық, минутына 76 рет. Жүректің оң шекарасы төстің оң жиегінде, жоғарғы шекара III қабырға деңгейінде, сол жақ шекарасы V қабырға аралықта бұғана ортанғы сызығынан 1 см сыртқа қарай орналасқан. Жүрек ырғағы дұрыс, жүрек ұшында 1 тон әлсіреген, үрлеген іспетті систоликалық шу естіледі, ол сол жақ қолтық астына беріледі. АҚ- 110/75 мм с.б. Іші жұмысақ, бауыр мен көкбауыр пальпацияланбайды. Шеткі ісіктер жоқ.

Ең ықтимал диагноз қандай?

*Қайталанбалы ревматикалық қызба, митральды стеноз, ҚЖІІА

*Қарыншааралық перденің кемістігі, ҚЖІІІ

*+Жүректің созылмалы ревматикалық ауруы, митральды жетіспеушілік. ҚЖІ

*Қайталанбалы ревматикалық қызба, митральды қақпақшаның жетіспеушілігі, ҚЖІІІ

*Қайталанбалы ревматикалық қызба, митральды қақпақшаның жетіспеушілігі, Үшжармалы қақпақшаның салыстырмалы жетіспеушілігі. ҚЖІІІ

#1154

*!Әйел, ұстаз, 32 жаста, екі қолбасының ұсақ, екі жілік-білезік буындардағы және оң жақ тізе буынның ауру сезіміне және ісінуіне шағымаданады. Ауырғанына 3 жыл болды. Таңертеңгілік құрысу, ульнарлы девиация, созылмалы қабынулық сипаттағы ауру сезімі анықталды. Теріде бөртпелер жоқ. Жүрек тондары анық, дыбысты. Ваалер-Роуз реакциясы 1:64, Райт-Хеддльсон реакциясы – теріс.

Ең ықтимал диагноз қандай?

*+Ревматоидты артрит

*Жүректің созылмалы ревматикалық ауруы

*Псориазды артрит

*Остеоартроз

*Реактивті артрит

#1155

*!36 жастағы әйел адам ревматоидты артритпен рентгенологиялық буынмаңы остеопорозы, буын тесігі тарылған, біркелкі узуралар анықталған.

Бұл өзгерістерге қай рентгенологиялық саты тән?

*0 саты

*І саты

*+ІІ саты

*ІІІ саты

*ІV саты

#1156

*!25 жастағы әйел адам, қолбасы, жілік-білезік және шынтақ буындарының ,самай-жақасты буындарының ауыру сезіміне, 2 сағатқа созылатын таңғы құрысуына шағымданады. Қол буындарының ауруы және ісінуі 2 ай бұрын бала туғаннан кейін пайда болды. Әрі қарай жілік-білезік және шынтақ буындары қосылған. Науқас қолбастарын қыса алмайды, қолбастарының күші төмендеген, аталған буындардағы және тізе буындарда пассивті және белсенді қимылдар шектелген. Өкпеде везикулярлы тыныс, жүрек тондары анық, дұрыс ритмді. АҚҚ – 110/70 мм с.б.б.. Қолбастарының рентгенографиясында – буын маңындағы остеопороз.

ЕҢ ықтимал диагноз қандай?

*ревматикалық артрит

*+ревматоидты артрит

*реактивті артрит

*полиостеартроз

*подагралық полиартрит

#1157

*!Әйел адам, 35 жаста, қолбасы, жілік-білезік және шынтақ буындарының ауру сезіміне, 2 сағатқа созылатын таңғы құрысуына шағымданады. 8 ай бұрын жасанды түсік жасағаннан кейін қол буындарының ауруы және ісінуі пайда болған. Өздігінен аздаған оң әсері бар аспирин қабылдаған. Науқас қолбастарын қыса алмайды, қолбастарының күші төмендеген, аталған буындардағы және тізе буындарда пассивті және белсенді қимылдар шектелген. Өкпеде везикулярлы тыныс ЧДД 18рет/мин., жүрек тондары анық, дұрыс ритмді. АҚҚ-110/70мм с.б.б.. .. Қолбастарының рентгенографиясында – буын маңындағы остеопороз, біркелкі эрозиялар.

ЕҢ ЫҚТИМАЛ диагноз қандай?

*ревматикалық артрит

*+ревматоидты артрит

*реактивті артрит

*полиостеартроз

*подагралық полиартрит

#1158

*!48 жасар, ер адамада таңертеңгілік құрысу, қолбасы «морж плавнигі» түрінде, ульнарлы девиация, алақан-фалангалық буындардың шығуы байқалады. ЭТЖ 40мм/сағ.

ЕҢ ЫҚТИМАЛ диагноз қандай?

*ревматикалық артрит

*+ревматоидты артрит

*реактивті артрит

*локализацияланған артрит

*подагралық полиартрит

#1159

*!25 жастағы әйел адам, қолбасы, жілік-білезік және шынтақ буындарының ауру сезіміне, 2 сағатқа созылатын таңғы құрысуына шағымданады. Қол буындарының ауруы және ісінуі 2 ай бұрын бала туғаннан кейін пайда болды. Әрі қарай жілік-білезік және шынтақ буындары қосылған. Науқас қолбастарын қыса алмайды, қолбастарының күші төмендеген, аталған буындардағы және тізе буындарда пассивті және белсенді қимылдар шектелген. Өкпеде везикулярлы тыныс, жүрек тондары анық, дұрыс ритмді. АҚҚ – 110/70 мм с.б.б.. Қолбастарының рентгенографиясында – буын маңындағы остопороз.

ЕҢ ықтимал диагноз қандай?

*ревматикалық артрит

*+ревматоидты артрит

*реактивті артрит

*полиостеартроз

*подагралық полиартрит

#1160

*!Әйел, 62 жаста, тігінші, қолбасының ұсақ буындардағы механикалық сипаттағы, жүктемеден кейін пайда болатын, жұмыс күннің соңына қарай ауру сезіміне, 30 минуттан кем созылатын таңғы құрысуға, дисталды фалангааралық аймақтағы ауру сезімсіз тығыздалған түзілістерге шағымданады. Қарап тексергенде: дисталды фалангааралық аймақтар қалындаған, олардың бүйір беттерінде қатты түйіндер сезіледі, өлшемдері бұрыштай. Қолбастарының рентгенограммасында: остеофитоз, буын саңылауы тарылған. Жалпы қан анализінде – ЭТЖ – 8 мм/сағ. Райт-Хедельсон реакциясы теріс.

Қандай диагноз?

*+остеоартроз

*ревматоидты артрит

*бруцеллез

*подагра

*анкилоздаушы спондилоартрит

#1161

*!Әйел, 59 жаста, қолбасының ұсақ буындарының, тізе буындарының ауыратынына шағымданды. Қарап тексергенде ағзалары өзгеріссіз өзгеріссіз.дисталды фалангааралық аймақтары тығыз пальпацияланады, қозғалыссыз, түйіндерінде ауыру сезімі жоқ. Тізе буындары қалыңдаған, сықыр естіледі, бүгілуі шектелген.

Ең ықтимал диагноз қандай?

*Ревматоидты артрит

*+Остеоартроз

*Подагра

*Туберкулезды артрит

*Жүйелі склеродермия

#1162

*!Ер адам 47 жас, жүргізуші,тізе буынында кешкі мезгілде күшейе түсетін ауыру сезімі мен ісіну пайда болды, таңертең ұзақ уақыт демылстан кейін қозғалғанда ауыру сезімі қайта пайда болып, біраз уақытқа басылады, кешке тағы күшейеді. Берілген буындағы ауыру сезімі сатыдан түскенде де байқалады. Қарап тексергенде: сол жақ тізе буынының ісінуі, белсенді және белсенді емес қозғалыстар ауыру сезімімен, қырыл және крепитация. Рентгенографиясында буын қуысының тарылуы және остеофиттер көрінеді.

Ең ықтимал диагнозы қандай?

*Подагра

*+остеоартроз

*Ревматоидты артрит

*ревматикалық артрит

*Анкилоздаушы спондилоартрит

#1163

*!Әйел адам 56 жаста, сауыншы, қозғалғанда және түнде ұсақ буындарындағы ауыру сезіміне шағымданды. 20 жылдан астам уақыт ауырады. Ауру біртіндеп пайда болды. Қарап тексергенде: қолбасының дистальды фалангааралық аймақтары қалыңдаған, бүйір бетінде бұршақ тәрізді тығыз түйіндер сезіледі. Қанның жалпы анализі өзгеріссіз.

Анықталған түйіндер қалай аталады?

*Ревматоидты түйіндер

*Ревматикалық түйіндер

*+Геберден түйіндері

*Тофустар

*Ұлғайған лимфатүйіндері

#1164

*!57 жастағы ер адамның тізе буыны рентгенограммасында: буын тесігінің тарылуы, анық остеофитоз, субхондральды остеосклероз және эпифизде білезіктәрізді жарықталу .

Ең ықтимал диагнозды көрсет

*Подагралық артрит

*Бруцеллезды артрит

*Ревматоидты артрит

*+Остеоартроз

*Реактивті артрит

#1165

*!62 жасар науқаста қолбасының фалангааралық буындарында ұзаққа созылатын ауыру сезімі және қозғалысының шектелуі байқалды. Қарап тексергенде: дисталды фалангааралық буындар деформацияланған, қозғалыстары шектелген, буын аймағында тығыз, ауыру сезімімен өлшемі 0,5см түйіндер анықталған. Ретгенографиясында: буын тесігі тарылған, субхондральды остеосклероз, остеофитоз. ЭТЖ 15мм/сағ.

Берілген клиникалық жағдайға қай пікір тән?

*Зақымдалған буындардың локализациясы ревматоидты артритке тән

*+Зақымдалған буындардың локализациясы остеоартрозға тән

*Преднизолонның аз дозасы көрсетілген

*Қандағы зәр қышқылы мөлшері көбейген

*Қанда ревматоидты факторға реакция оң

#1166

*!Ер адам 48 жаста. Оң аяғының бас бармағының кенеттен ауыратынына шағымданды. Берілген жағдай етті тамақ қабылдаған соң пайда болады. Қарап тексергенде І плюснефалангалық буынның ісінуі, терісінің маңында анық гиперемия. Бас бармағына тигенде ауыру сезімі күшейе түседі. Дене салмағының индексі 35кг/ ең мүмкін болатын диагноз қандай? 8 страница - student2.ru . АД 160/95мм.с.б.б.

Ең ықтимал диагнозды көрсет:

*+Подагралық артрит

*Реактивті артрит

*Рематоидты артрит

*Ревматикалық артрит

*Бруцеллезды артрит

#1167

*!Ер адам Ж., 53 жаста, ауруханаға оң аяғының бас бармағының буындарының кенеттен ауыратынына, буынының ісінуіне, гиперемияға, қызбаның болуына шағымданды. Осындай ұстама 14 жыл бұрын болды, ол өз-өзімен 3 күн өткеннен кейін қайтты. Жалпы қан анализінде – лейкоцитоз, ЭТЖ жылдамдауы, зәр қышқылы - 0,84 ммоль/л. Жалпы зәр анализінде – шамалы протеинурия, ураттар+++.

ЕҢ ЫҚТИМАЛ диагноз қандай?

*+Подагра

*Остеоартроз

*Рейтер синдромы

*Ревматоидты артрит

*Реактивті артрит

#1168

*!Ер адам, 40 жаста, оң жақ табанның І табанфалангалық буындағы қатты ауру сезіміне, дене қызуының 39 градусқа жоғарлауына, қалтырауға шағымданады. Аурудың басталуын шектен тыс ішімдікті қабылдаумен байланыстырады. Қарап тексергенде: науқас толықтау келген. Оң жақ табанның І табанфалангалық буыны ісінген, буын үстіндегі терісі қызарған, түлейді. Буындағы қимылдар кенеттен шектелген, қозғалғанда ауру сезімі ұлғаяды. Ішкі мүшелер бойынша патологиясыз.

ЕҢ ЫҚТИМАЛ диагнозды көрсетіңіз

*Ревматикалық қызба

*+Подагра

*Бехтерев ауруы

*Реактивті артрит

*Псориазды артрит

#1169

*!Ер адамда, 44 жаста, кешкі аста етті тағамды жегеннен кейін түнде сол жақ табанның І табанфалангалық буындағы қатты ауру сезімі пайда болды. 2 сағаттың ішінде буын ісінген, оның үстіндегі терісі қызыл – көкшіл түсті болды. Құлақ қалқанында қатты, ақшыл, пальпация кезінде аурусезімсіз төмпешіктер анықталады.

Осы ауруға тән клиникалық көрініс қандай?

*Ксантомалар

*+Тофустар

*Геберден түйіндері

*Бушар түйіндері

*Ревматоидты түйіндер

#1170

*!53 жастағы ер адамда мейрамханадан қайтқаннан кейін түнде сол жақ табанның бақай аймағында қатты ауру сезімі пайда болды, температура ең мүмкін болатын диагноз қандай? 8 страница - student2.ru . Қарап тексергенде І табанфалангалық буындағы ісінуі, айналысындағы терісі айқын гиперемиясы байқалады. Саусақты тигізген кезде ауру сезімі күрт күшейеді.

Қандай диагноз?

*Ревматоидты артрит

*Реактивті артрит

*+Подагралық артрит

*Ревматикалық артрит

*Бруцеллезді артрит

#1171

*!Ер адам, 43 жаста, сол жақ табанның І табанфалангалық буындағы қатты ауру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: І табанфалангалық буыны ісінген, терісі қып-қызыл, ұстағанда ыстық.

Ең ықтимал диагноз қандай?

*Ревматоидты артрит.

*+Подагра.

*Реактивті артрит

*Остеоартроз.

*Ревматикалық артрит.

#1172

*!Науқас 25 жаста, анамнезінде жынысты қатынастағы серіктестері бірнеше болғаны анықталды. Соңғы 3 айда зәр шығару өзегінен әлсіз кілегей-сірлі бөліністібайқады, субъективті- зәр шығару өзегінің қышуы немесе күюі. 2 ай бұрын тізе буынында ауыру сезімі басталды. 1 апта бұрын көзінде дискомфорт- жас ағуын сезді.

ЕҢ ЫҚТИМАЛ диагноз?

*+Реактивті артрит

*Локализацияланған остеоартроз

*Жүйелі қызыл жегі

*Жүйелі склеродермия

*Анкилозирующий спондилоартрит

#1173

*!Ер адам, 26 жаста. Оң жақ сирақ-табандағы және сол жақ тізе буындағы ауру сезіміне, қызаруына, ісінуіне, олардағы қозғалыстың шектелуіне, табанының ауыруы, көздің қызаруы, кіші дәретке ауру сезімммен баруына шағымданады. HLA-B27 оң. Уретрадан жағынды Chlamydia+. ЭТЖ 37 мм/сағ.

ЕҢ ЫҚТИМАЛ диагноз:

*+Реактивті артрит

*Жедел ревматикалық қызба

*Жүйелі қызыл жегі

*Жүйелі склеродермия

*Анкилоздаушы спондилоартрит

#1174

*!Ер адам, 36 жаста, сол жақ тізе буынындағы қатты ауру сезіміне,ісінуіне, бел аймағының ауырсыну сезіміне, табанның түлеуіне шағымданады. 1 ай бұрын іші өтіп ауырған. Науқас оны сапасыз тағаммен байланыстырды. Рентгенограммада илеосакралды буын бір жақты сакроилеит ЭТЖ 35мм/сағ.

ЕҢ ЫҚТИМАЛ диагноз?

*+Реактивті артрит

*Жедел ревматикалық қызба

*Жүйелі қызыл жегі

*Жүйелі склеродермия

*Анкилоздаушы спондилоартрит

#1175

Ер адам, 25 жаста. Сол аяқтың 2 және 3 саусақтарының, сол сирақтабанның, оң тізе буынының қатты ауыруы және ісінуіне, сол жақта ахил сіңірі бекінген аймақтың, көзінің ауыруына шағымданды. Сұрастырып анықталды: 1 ай бұрын циркулярлы баланит диагнозымен таныс урологында емделген. ЭТЖ 25мм/сағ. Хламидияға ИФА оң.

ЕҢ ЫҚТИМАЛ диагноз:

Наши рекомендации