Рсақ ағзаларының мрт

#647

*!34 ж., әйел, оқытушы, стационардың қабылдау бөліміне оң қабырға доғасы астындағы ауыру сезіміне, аузындағы ашшы дәмге, кекірікке, жүрек айнуына, қызуының 36,5 С дейін жоғарылауына, ішінің қатуына шағымданып қаралды. Анамнезінде: соңғы 3 жылда терісінің қышуы мен қабырға доғасы астындағы ауыртпалық мазалайды. Жалпы қарауда: көзі сарғыштанған. Тілі ылғалды, өңезделген. Пальпацияда оң қабырға доғасы асты ауыру сезімді, Мерфи симптомы оң. Бауыр тығыздалған, серпінді, ауыру сезімді, ұлғаймаған.

Төменде берілген белгілердің қайсысы Мерфи симптомына тән болуы ЕҢ ықтимал?

*Төс-бұғана-емізіктік бұлшық аяқшалары арасын басқандағы ауыру сезімі

*Тыныс алуда үстіндегі палпацияда оң қабырға доғасы астындағы қатты ауыру сезімі

*Өт қапшығы аймағындағы ауыру сезімі

* Эпигастрий аймағындағы ауыру сезімі

*Жоғарғы сезімталды тері аймағы

#648

*!34 ж., әйел, сатушы, аймақтық терапевке: оң қабырға доғасы астындағы ауыру сезімі, аузындағы ашшы дәмге, кекірікке жүрек айнуына, қызуының 36,5 С дейін жоғарылауына, ішінің қатуына шағымданып қаралды. Анамнезінде: соңғы 3 жылда терісінің қышуы мен қабырға доғасы астындағы ауыртпалық мазалайды. Пальпацияда: құрсағы жұмсақ, оң қабырға доғасы аймағы ауыру сезімді, тыныс үстінде қол ұшын оң қабырға доғасы астына кіргізгенде қатты ауыру сезімі пайда болады. Бауыр тығыздалған, серпінді, ауыру сезімді. Көк бауыр ұлғаймаған. .

Төменде берілген симптомдардың қайсысы науқаста болуы ЕҢ ықтимал?

* Мерфи

* Френикус

* Шоффара

* Губергриц үшбұрышы

* жоғарғы сезімталды тері аймағы

#649

*!62 ж., ер кісі лет, стационардың қабылдау бөліміне құсық пен қара нәжіске шағымданып келді. Анамнезінде: созылмалы гастрит пен асқазан эрозиялары бар. Қарауда: астеникалық дене бітімі, жүдеу. Пальпацияда- эпигастрийдағы ауыру сезімі. Тік ішектің төменгі аймағын саусақпен тексеруде қара нәжіс анықталды.

Төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысы бұл жағдайда ЕҢ тиімді болуы ықтимал?

* Құрсақ ағзаларыныңУДТ

* Ректороманоскопия

* Ирригоскопия

* Лапароскопия

* ЭФГДС

#650

*!55 ж., ер кісі, менеджер, аурухананың қабылдау бөліміне тағамнан кейін бірден болатын эпигастрийдағы ауыртпалыққа және тәбетінің төмендеуіне шағымданып қаралды. 10 жылдан астам асқазан ауруымен қаралып, ем алады. Қарауда: тілі ылғалды, тегістелген, ақ үсті өңезделген. Құрсағы өзгеріссіз, тыныс алуға қатысады. Пальпацияда: жұмсақ, құярлық аймағында сәл ауыру сезімді. Асқазан үлкен иіні кіндіктен 2 см төмен тұр. Бауыр қабырға доғасы бойында.

Төменде берілген синдромдардың қайсысы науқаста болуы ЕҢ ықтимал

* Мальабсорбция, малдигестия

* Геморрагиялық

* Холестатикалық

* Диспепсиялық

* Астеникалық

#651

*!42 жастағы ер кісі, қаражұмысшы, клиниканың қабылдау бөліміне тағамның өтуіндегі ауыру сезімі мен оның қиындауына шағымданып қаралды. Қарауда: астеникалық дене бітімі, терісі боз. Тілі ылғалды, тегістелген. Қызыл иегі борпылдаған, сәл қанталаған. Пальпацияда: құрсағы аздап кебіңкі, ауыру сезімді, бауыр өзгермеген.

Төменде берілген синдромдардың қайсысы науқаста болуы ЕҢ ықтимал?

* Дисфагия

* Малдигистия

* Астеникалық

* Мальабсорбция

* Геморрагиялық

#652

*!42 жастағы ер кісі, қаражұмысшы, клиниканың қабылдау бөліміне тағамның өтуіндегі ауыру сезімі мен оның қиындауына шағымданып қаралды. Қарауда: астеникалық дене бітімі, терісі боз. Тілі ылғалды, тегістелген. Пальпацияда: құрсағы аздап кебіңкі, ауыру сезімді, бауыр өзгермеген..

Төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысы бұл жағдайда ЕҢ тиімді болуы ықтимал?

* ЭФГДС

* лапароскопия

* ирригоскопия

* ректороманоскопия

* құрсақ ағзаларыныңУДТ

#653

*!62 ж., ер кісі, жүргізуші құсық пен қара нәжіске шағымданады. Анамнезінде: бірнеше жылдан бері созылмалы эрозивті гастритке шалдыққан. Қарауда: астеникалық дене бітімді, жүдеу. Пальпацияда- эпигастрийдағы ауыру сезімі. Тік ішектің төменгі аймағын саусақпен тексеруде қара нәжіс іздері анықталды.

Төменде берілген синдромдардың қайсысы науқаста болуы ЕҢ ықтимал?

* Диспепсиялық

* Геморрагиялық

* Мальабсорбция

* Астеникалық

* Ауру сезімі

#654

*!40 ж., әйел қабылдау бөліміне эпигастрийдағы ауыру сезімі мен қыжылға шағымданып келді. Қарауда: тілі ылғал, сұр түсті өңезделген. Пальпацияда- құрсағы жұмсақ, терең пальпацияда- құярлық аймағында қарқынды ауыру сезімі. Үлкен дәреті өзгермеген.

Төменде берілген синдромдардың қайсысы науқаста болуы ЕҢ ықтимал?

* Ауру сезмі

* Дисфагия

* Диспепсия

* Малдигистия

* Мальабсорбция

#655

*!45 ж., әйел қабылдау бөліміне қыжылға, төс артындағы «түйін» тұрғандай сезімі мен төстің төменгі бөлігіндегі ауыру сезімі шағымданып қаралды. Бұл ауыру сезімі арқасына, сол иыққа, сол қолға таралатынын айтады. Қарауда: өкпеде - ашық өкпелік дыбыс, барлық аймағында везикулярлы тыныс, сырыл жоқ. ТЖ – мин.- 18. Жүрек – шекаралары сақталған, аускультацияда – тондары анық, ырғақты, АҚ - 130/80 мм.с.бб. тілі ылғалды, сұр түсті өңезделген. Құрсақ жұмсақ, терең пальпацияда- құярлық аймағында қарқынды ауыру сезімі.

Төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысы бұл жағдайда ЕҢ тиімді болуы ықтимал?

ұрсақ ағзаларыныңУДТ

ұрсақ ағзаларыныңКТ

* Ректороманоскопия

* Ирригоскопия

* ЭФГДС

#656

*!20 ж. қыз, студент, стационарға тәулігіне 4-6 ретке дейін қан және шырыш араласқан ішінің өтуіне, жалпы әлсіздікке, жүдеуіне шағымданып түсті. Қарауда: тілі ылғалды, ақ түсті өңезделген. Аускультацияда: өкпеде везикулярлық тыныс, сырыл жоқ. Жүрек тондары анық, ырғақты, ЖСЖ – мин -94. Пальпацийяда: құрсақ сол шап аймағында ауыру сезімді – тығыз, ауру сезімді сигма ішегі анықталады. Бауыр өзгеріссіз.

Төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысы бұл жағдайда ЕҢ тиімді болуы ықтимал?

 

* 12-елі ішекті зондтау

* Колоноскопи, биопсия

* Құрсақ ағзаларыныңУДТ

* Құрсақ ағзаларыныңКТ

* РН -метрия

#657

*!23 ж. қыз, студент, стационарға тәулігіне 3-5 ретке дейін қан және шырыш араласқан ішінің өтуіне, жалпы әлсіздікке, жүдеуіне шағымданып түсті. Қарауда: тілі ылғалды, ақ түсті өңезделген. Аускультацияда: өкпеде везикулярлық тыныс, сырыл жоқ. Жүрек тондары анық, ырғақты Пальпацийяда: құрсақ сол шап аймағында ауыру сезімді – тығыз, ауру сезімді сигма ішегі анықталады.

Төменде берілген синдромдардың қайсысы науқаста болуы ЕҢ ықтимал?

* Мальабсорбция, малдигестия

* Асқазандық диспепсия

* Өңештік диспепсия

* Геморрагиялық

* Астеникалық

#657

*!20 ж., жігіт, студент, қабылдау бөліміне қыжылға,ішінің қатуына және тағамнан кейін 1,5-2 с. дамитын эпигастрий аймағындағы ауыру сезіміне шағымданып қаралды. Анамнезінде – үйреншікті улану әдеттері жоқ. Жанұясында: -әкесінде – асқазан ойық жара дерті бар. Қарауда – жалпы жағдайы қанағаттанарлық, астеникалық дене бітімді. ЖСЖ - 88ʹ. АҚ 120/70 ммсбб. Беткей пальпацияда – құрсақ жұмсақ, эпигастрий аймағында сәл ауыру сезімді. Курлов бойынша бауыр өлшемдері: 9x8x7 см.

Төменде көрсетілген ауыру сезімінің қай түрі бұл науқаста дамуы ЕҢ ықтимал?

* Ерте

* Кеш

* Түнгі

* Аштық

* Тоқтық

#658

*!18 ж., жігіт, студент, стационарға ішінің өтуіне, құрсақатғы ұстамалы ауыру сезіміне шағымданып қаралды. Нақты сұрауда үлкен дәретінің көп мөлшерде, сұйықтау, жылтыр, майлы, жабсқақ, күйген май тәріздес иісті екені анықталды.Ауырғанына 3 сағаттай болды – майлы тағамнан кейін. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Құрсағы сәл кебіңкі, пальпацияда –ауыру сезімді, дерттік белгілер анықталмайды.

Төменде берілген дерттік жағдайдың қайсысы бұл науқаста болуы ЕҢ ықтимал?

* Ашыту диспепсиясы

* Асқазандық диспепсиясы

* Мальдигестия

* Астеникалық

* Ауру сезім

#659

*!Клиникаға 44 ж., ер кісі, жүргізуші, ауыр жағдайда жеткізілді. Анамнезінде: біраз жылдардан бері асқазан ойық жарасы дерті бар. Соңғы 2 сағатта күңгірт түсті құсық мазалап отыр. 2 ай көлемінде 12 кг жүдеген. Қарап тексеруде - науқас жүдеу. Пальпацияда - эпигастрий аймағында ауыру сезімі, бауыр – қабырға доғасы бойымен.

Төменде берілген синдромдарлың қайсысы науқаста болуы ЕҢ ықтимал?

* Өнештік қан кету

* Асқазаннан қан кету

* Ішектен қан кету

* Асқазандық диспепсия

* Мальдигестия

#660

*!32 ж., ер кісі, қабылдау бөліміне қаралды. обратился в приемное отделение клиники. Анамнезінде – 12-елі ішектің ойық жарасы 6 жылдан бері мазалайды. Сооңғы 1 жеті көлемінде –түнгілік және ашқарындық қарқынды ауыру сезімі көбейді. Бүгін кенеттен күрт әлсіздік, мұздай тер пайда болды, ауыру сезімі басылды. АҚ 90/60 ммсбб. Құрсақтың эпигастрий аймағы ауыру сезімді.Тік ішекті саусақпен тексеруде - қара нәжіс анықталды.

Төменде көрсетілген синдромдардың қайсысы науқаста дамуы ЕҢ ықтимал?

* Органикалық дисфагия

* Асқазаннан қан кету

* Ішектік диспепсия

* Асқазандық диспепсия

* Мальдигестии

#661

*!32 ж., ер кісі 6 жылдан бері 12-елі ішек ойық жарасы дертіне шалдыққан. Соңғы 2 сағатта кенеттен эпигастрийда қарқынды қатты ауыру сезімі және күрт әлсіздік пайда болған. АҚ 90/60 мм сбб. Пальпацияда- эпигастрий аймағында ауыру сезімді, құрсақ бұлшықеттері кернелген.

Төменде көрсетілген ауыру сезімінің қай түрі науқаста дамуы ЕҢ ықтимал?

* Сыздаған

* Күйдірген

* Ерте

* Аш қарындық

* Жедел

#662

*!46 ж., әйел, заңгер емханаға жұтудың бұзылысына, тағамнан кейінгі құсыққа шағымданып қаралды. Құсық кенеттен, жүрек айнусыз дамиды. Құсық қосындысында қорытылмаған тағам. Бұл жағдай 3 күннен бері мазалайды. Қарауда – терісі мен кілегей қабаттары табиғи түстес, тілі –ылғалды. Пальпацияда – құрсақ жұмсақ, ауыру сезімсіз. Бауыр мен көкбауыр өзгермеген. 3 күннен бері үлкен дәрет жоқ.

Төменде көрсетілген дерттік жағдайдың қайсысы науқаста болуы Ең ықтимал?

*Ішектік диспепсия

*Өнештік диспепсия

*Асқазандық диспепсия

*Мальдигестия

*Мальабсорбция

#663

*!38 ж., әйел кісі, есепші майлы тағамнан кейін дамыған оң қабырға доғасы аймағындағы ауыру сезіміне, құсыққа шағымданып жедел жәрдем көмегімен әкелінді. Қарауда – тілі сарғыш түсті айқын өңезделген, құрсағы тері асты шел майына байланысты ұлғайған. Пальпацияда- оң қабырға доғасы аймағында ауыру сезімі бар, Курлов бойынша бауыр өлшемдері - 10-8-6 см.

Төменде көрсетілген синдромның қайсысы науқаста болуы ЕҢ ықтимал?

* Мендель

* Шоффарь

* Кер – Ортнер

* Щеткин –Блюмберг

* Толқын белгісі

#664

*!38ж., әйел, есепші, түстіктен кейін кенеттен пайда болған ұстамалы оң қабырға доғасы аймағындағы қатты, қарқынды ауыру сезіміне, құсыққа шағымданып жедел жәрдем көмегімен әкелінді. Бұрын оң иыққа, жауырынға таралатын оң қабырға доғасы аймағындағы ауыру сезімі және ауыздағы ашшы дәм, іштің қатуы мазалайтын. Дене салмағының индексі 37кг/м2 - ден жоғары. Қарауда- тілі сарғыш түсті айқын өңезделген, құрсағы тері асты шел майына байланысты ұлғайған. Перкуссияда- Курлов бойынша бауыр өлшемдері -10-8-6 см. Мюсси, Кера, Ортнер симптомдары оң. УДТ - өтте қосындылар анықталды.

Төменде көрсетілген синдромның қайсысы науқастаға ауыру сезімінің себебі болуы ЕҢ ықтимал?

* Бауыр қабынуы

* Ішектік диспепсия

* Асқазандық диспепсия

* Өт тас ауыруы

* Ұйқы безі жетіспеушілігі

#665

*!32ж., ер кісі, оқытушы оң қабырға доғасы аймағындағы тұрақты ауыртпалыққа, ал майлы тағамнан кейін оң иыққа, оң жауырын астына таралатын айқын ауыру сезіміне, ауыздағы ашшы дәм мен кекірекке шағымданады. Анамнезінде: 3 жылдан бері ауырады, 10 жасында вирусты гепатит болған. Дене салмағы жоғары тері түсі қалыпты.Тілі сары түсті өңезделген. Пальпацияда- құрсағы жұмсақ, оң қабырға доғасы аймағында сәл ауыру сезімі бар. Курлов бойынша бауыр өлшемдері - 9-7-6см.

Төменде берілген синдромдардың қайсысы науқаста болуы Ең ықтимал?

* Ішектік диспепсия

* Асқазандық диспепсия

* Өңештік диспепсия

* Порталды гипертензия

* Өт қапшығының қабынуы

#666

*!48 ж., ер кісі, құрылысшы, науқас қабылдау бөліміне эпигастрий аймағында тағамнан кейін пайда болатын және арқаға тарайтын тұрақты ауру сезіміне, жеңілдік әкелмейтін құсыққа, тағам қабылдау қорқынышына, қоймалжын, майлы, көп мөлшердегі үлкен дәретке және жүдеулікке шағынып қаралды. Анамнезінде - 7 жылдан бері ауырады, ішімдікке салынған. Қарауда – айқын жүдеулік, аяқ-қол бұлшықеттері семіген, терісінде - рубин тамшылары. Пальпацияда - Шоффар аймағында және эпигастрийда -ауыру сезімі. Курлов бойынша бауыр өлшемдері 11-9-7см. Қанда және зәрде амилаза жоғарылаған, нәжісте - стеаторея, креаторея.

Төменде берілген синдромдардың қайсысы науқаста болуы Ең ықтимал?

* Мальабсорбция

* Ішектік диспепсия

* Тітіркеген ішек

* Өт қапшығының қабынуы

* Ұйқы безі жетіспеушілігі

#667

*!44ж., ер кісі эпигастрий аймағында тағамнан кейін пайда болатын және арқаға тарайтын тұрақты ауру сезіміне, жеңілдік әкелмейтін құсыққа, қоймалжын, майлы, көп мөлшердегі үлкен дәретке және жүдеулікке шағынып қаралды. Анамнезінде - ішімдікке салынған. Қарауда – айқын жүдеулік, аяқ-қол бұлшықеттері семіген, терісінде - рубин тамшылары. Пальпацияда – эпигастрийда және сол қабырға доғасы аймағындағы - ауыру сезімі. Қанда және зәрде амилаза жоғарылаған. Дәрігер ұйқы безі сыртқы жетіспеушілігі деп қорытынды шығарды.

Төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысы бұл жағдайда ЕҢ тиімді болуы ықтимал?

*Холангиопанкреатография

*Құрсақ ағазаларының УДТ

*Гастродуоденофиброскопия

*Колонофиброскопия

*Лапароскопия

#668

*!55 жастағы ер кісі, слесарь, емханаға оң қабырға доғасы аймағындағы ауыртпалыққа, тәбетінің төмендеуіне, жүдеулікке, тұрақсыз үлкен дәретке, іштің кебуіне, әлсіздікке шағымданып қаралды. Анамнезінде – бұрын араққа салынып ішкен. Вирусты гепатит болмаған. Қарауда – жүдеулік, терісі сарғыштанған, кейбір аймақтарында бөртпелер мен көгерулер және телеангиэктазиялар. Алақандары қызарған, тілі таңқурай түстес. Пальпацияда- оң қабырға доғасы аймағындағы сәл ауыру сезімі, бауыр қыры тығыздалған, құрсағы ұлғайған, кіндік аймағында көк қан тамырлар тарбақтары. Курлов бойынша бауыр өлшемдері 14-11-7 см, көкбауыр - 11*6см.

Төменде берілген синдромдардың қайсысы науқаста болуы Ең ықтимал?

* Ұйқы безі жетіспеушілігі

* Өт тас ауыруы

* Тітіркеген ішек

* Бауыр астылық сарғаю

*Бауыр жетіспеушілігі

#669

*!55ж., қара жұмысшы емханаға оң қабырға доғасы аймағындағы ауыртпалыққа, тәбетінің төмендеуіне, жүдеулікке, тұрақсыз үлкен дәретке, іштің кебуіне, әлсіздікке шағымданып қаралды. Анамнезінде – бұрын араққа салынып ішкен. Вирусты гепатит болмаған. Қарауда – жүдеулік, дене салмағының индексі - 17кг/м2; терісі сарғыштанған, кейбір аймақтарында бөртпелер мен көгерулер және телеангиэктазиялар бар. Алақандары қызарған, тілі таңқурай түстес. Пальпацияда - оң қабырға доғасы аймағында сәл ауыру сезімі бар, бауыр қыры тығыздалған, құрсағы ұлғайған, кіндік аймағында қан тамырлар тарбақтары. Курлов бойынша бауыр өлшемдері 13-11-8 см, көкбауыр - 10*7см.

Төменде берілген жағдайдың қайсысы науқас дертінің себебі болуы Ең ықтимал?

*Дене салмағының төмендеуі

* Наша қабылдау

* Сары ауру

*Алкоголдык ішімдік

* Холецистит

#670

*!50ж., ер кісі, мал дәрігері, емханаға оң қабырға доғасы аймағындағы ауыртпалыққа, ішінің үлкеюіне, зәрінің азаюына, жүдеулікке, тұрақсыз үлкен дәретке, әлсіздікке және тісінің қанауына шағымданып қаралды Анамнезінде - араққа салынып ішкен. Қарауда - жүдеулік, қолының дірілі, терісі сарғыштанған, кейбір аймақтарында бөртпелер мен көгерулер. Мұрын, бет ұшында және иығында – телеангиэктазиялар, пальмарлық эритема. Құрсағы үлкен, кіндігі шығыңқы, таралған қан тамыр тарбақтары - медузы басы. Курлов бойынша бауыр өлшемдері 17-14-10см, көкбауыр - 13х7см.

Төменде берілген синдромдардың қайсысы науқаста болуы Ең ықтимал?

*Мальабсорбция

*Бауырлық энцефалопатия

*Порталды гипертензия

*Асқазандық диспепсия

*Холестаз

#671

*!63 ж., ер кісі, программист, оң қабырға доғасы аймағындағы ауыртпалыққа, ішінің үлкеюіне, тәбетінің төмендеуіне, зәрінің азаюына, жүдеулікке, тұрақсыз үлкен дәретке, күрт әлсіздікке және тісінің қанауына шағымданып қаралды. Анамнезінде – бұрын араққа салынып ішкен. Вирусты гепатит болмаған. Қарауда - жүдеулік, қолының дірілі, терісі сарғыштанған, кейбір аймақтарында бөртпелер мен көгерулер. Мұрын, бет ұшында және иығында – телеангиэктазиялар, пальмарлық эритема. Құрсағы үлкен, кіндігі шығыңқы, таралған қан тамыр тарбақтары.

Дәрігер порталды гипертензиясы синдромы деп болжады.

Төменде берілген симптомдардың қайсысы бұл синдромға тәндік болуы Ең ықтимал?

* Телеангиэктазиялар

* Бөртпелер мен көгерулер

* Қызарған алақан

* Терінің сарғаюы

* Қантамыр тарбақтары

#672

*!36ж., әйел,оқытушы оң қабырға доғасы аймағындағы ауыртпалыққа, ішінің кебуіне, әлсіздікке, шаршағыштыққа шағымданады. Анамнезінде –12 жасында вирусты гепатит болған. Қарауда – дене салмағы сақталған, көзі сарғыштанған, арқасында бірлі-жарым телеангиэктазиялар. Пальпацияда - оң қабырға доғасы аймағындағы ауыру сезімі. Курлов бойынша бауыр өлшемдері 13-10-7 см, көкбауыр - 8,0х4,0см.

Қан анализінде: билирубин 23,3мкмоль/л; АЛТ- 123ме/л, АСТ- 90ме/л, ГГТП -112 МЕ; альбуминдер - 40 г/л, холестерин - 4,1ммоль/л; сілтілі фосфатаза 76МЕ/л.

Төменде берілген биохимиялық синдромдардың қайсысы бұл науқаста болуы Ең ықтимал?

* Азотемия

* Цитолиздық

* Холестаздық

* Мезенхималдық қабыну

* Белок түзу жетіспеушілігі

#673

*!50ж., әйел кісі, экономист, емханаға оң қабырға доғасы аймағындағы ауыртпалыққа, ішінің кебуіне, әлсіздікке, жүдеулікке, тәбетінің төмендеуіне, тері қышуына шағымданып қаралды. Анамнезінде –17 жасында вирусты гепатит болған. Тексеруде - дене салмағы төмен, терісі сарғыштанған, қасыну іздері, қабағында – ксантелазмалар, пальмарлы эритема. Пальпацияда-құрсағы жұмсақ, оң қабырға доғасы аймағында сәл ауыру сезімі. Курлов бойынша бауыр өлшемдері 15-10-7 см, көкбауыр - 11х5,5см.

Қан анализінде: билирубин жалпы - 68,3мкмоль/л, тік - 49; АЛТ 43ме/л, ГГТП - 112МЕ; альбуминдер- 40 г/л, холестерин 8,1 ммоль/л; сілтілі фосфатаза -170ме/л.

Төменде берілген биохимиялық синдромдардың қайсысы бұл науқаста болуы Ең ықтимал?

* Цитолиздық

* Холестаздық

*Гиперазотемиялық

*Мезенхималдық қабыну

* Белок түзу жетіспеушілігі

#674

*!50ж., экономист, емханаға оң қабырға доғасы аймағындағы ауыртпалыққа, ішінің кебуіне, әлсіздікке, тәбетінің төмендеуіне шағымданып қаралды. Анамнезінде –бала кезінде вирусты гепатит болған. Тексеруде - дене салмағы төмен, терісі сарғыштанған, кейбір аймақтарында –көгерулер, телеангиэктазиялар бар, пальмарлы эритема. Құрсағы үлкен, кіндігі шығыңқы, таралған қан тамыр тарбақтары.

Курлов бойынша бауыр өлшемдері 15-10-7 см, көкбауыр - 11х5,5см. Қанның биохимиялық анализінде: билирубин -57мкмоль/л; АЛТ -23ме/л, АСТ- 31ме/л, протромбин индексі- 60%, фибриноген- 1,7г/л, жалпы белок - 54 г/л, альбуминдер - 26 г/л, холестерин - 2,1 ммоль/л.

Төменде берілген биохимиялық синдромдардың қайсысы бұл науқаста болуы Ең ықтимал?

* Цитолиздық

* Холестаздық

* Гиперазотемиялық

* Мезенхималдық қабыну

* Белок түзу жетіспеушілігі

#675

*!52ж., әйел, дәрігер, емханаға оң қабырға доғасы аймағындағы ауыртпалыққа, ішінің кебуіне, тәбетінің төмендеуіне, жүдеулікке шағымданып қаралды. Анамнезінде –15жасында вирусты гепатит болған. Қарауда - салмағы 64кг, бойы - 175см; терісі құрғақ, кейбір аймақтарында –көгерулер, мойын аймағында – телеангиэктазиялар; пальмарлық эритема, оң қабырға доғасы аймағындағы ауру сезімі бар. Курлов бойынша бауыр өлшемдері 15-10-7 см, көкбауыр - 11х5,5см. Қанның биохимиялық анализінде: билирубин- 19мкмоль/л; АЛТ-25ме/л, АСТ -30ме/л, ГГТП- 35МЕ; протромбин индексі- 78%, фибриноген- 7,3г/л; холестерин -5,1ммоль/л; тимол сынағы – 12бірлік, альбуминдер - 45 г/л, гамма-глобулиндер - 25%, ЭТЖ - 36 мм/с.

Төменде берілген биохимиялық синдромдардың қайсысы бұл науқаста болуы Ең ықтимал?

* Белок түзу жетіспеушілігі

* Мезенхималдық қабыну

* Холестаздық

*Цитолиздық

* Азотемиялық

#676

*!49ж., ер кісі, инженер, медициналық орталыққа қаралды. Дәрігер бауыр сынақтарының өзгерісі мен гепатомегалия анықтап, гепатиттеп болжады. Анамнезінде –2002 жылы сынықтан кейін сол аяғы операциясында қан құылған. Қарауда – тері мен кілегей қабаттары өзгермеген. Пальпацияда- бауыр қыры тығыздалған. Курлов бойынша бауыр өлшемдері 11х7,5 х7см, көкбауыр ұлғаймаған. Қанында ИФА арқылы HBsAg анықталған; гепатит С қарсы денелер –теріс; билирубин -15мкмоль/мл, АЛТ- 200ме/л, АСТ 134ме/л, ПТИ -87%, альбуминдер - 42г/л. УДТ: бауыр ұлпасында таралған өзгерістер.

Төменде берілген жағдайдың қайсысы науқас дертінің себебі болуы Ең ықтимал?

* Алкоголдық ішімдік

* В гепатит вирусы

* С гепатит вирусы

* Оталар

* Ұзақ уақыт дәрілер қабылдау

#677

*!47 ж., ер кісі, әртіс, медициналық орталыққа оқтын-оқтын әлсіздікке, шапшағыштыққа шағымданып қаралды. Анамнезінде –2000 жылы сынықтан кейін сол аяғы операциясында қан құылған. Қарауда – тері мен кілегей қабаттары өзгермеген, бауыр белгілері жоқ. Пальпацияда құрсақ ауыру сезімсіз, бауыр тығыздалған. Курлов бойынша бауыр өлшемдері 13-11-8см, көкбауыр ұлғаймаған. Қанында ИФА арқылы HBsAg анықталған; гепатит С қарсы денелер –теріс; билирубин- 17мкмоль/мл, АЛТ- 198ме/л, АСТ -123ме/л, ПТИ -84%, альбуминдер- 40г/л. УДТ: бауыр ұлпасында таралған өзгерістер, оң бөлігі - 12,5см, сол бөлігі – 8см.

Төменде берілген синдромдардың қайсысы науқаста болуы Ең ықтимал?

* Бауыр қабынуы

* Бауыр жетіспеушілігі

* Порталды гипертензия

* Асқазандық диспепсия

* Ісіну-асциттік

#678

*!45ж., ер кісі, программист, бірнеше айдан бері мазалайтын оқтын-оқтын әлсіздікке шағымданып қаралды. Анамнезінде –2006 жылы сынықтан кейін сол аяғы операциясында қан құылған. Қарауда – тері мен кілегей қабаттары өзгермеген, бауыр белгілері жоқ. Пальпацияда - бауыр тығыздалған. Курлов бойынша бауыр өлшемдері 13-11-8см. Қанында ИФА арқылы HBsAg анықталған; гепатит С қарсы денелер –теріс; билирубин -17мкмоль/мл, АЛТ- 197ме/л, АСТ -130ме/л, ПТИ -83%, альбуминдер- 41г/л. УДТ: бауыр ұлпасында таралған өзгерістер, оң бөлігі - 14,5см, сол бөлігі – 8см; көк бауыр аумағы - 40см.

Төменде берілген синдромдардың қайсысы науқаста болуы Ең ықтимал?

* Белок түзу жетіспеушілігі

* Мезенхималдық қабыну

* Гиперазотемиялық

* Цитолиздық

* Өт іркілісі

#679

*!47ж.,ер кісі, бояушы, медициналық орталыққа әлсіздікке, шаршағыштыққа шағымданып қаралды. Анамнезінде – 2012ж. операцияда қан құылған. Қарауда – тері мен кілегей қабаттары өзгермеген, бауыр белгілері жоқ. Пальпацияда - бауыр тығыздалған, ауру сезімсіз. Курлов бойынша бауыр өлшемдері 13-11-8см. Қанында ИФА арқылы HBsAg анықталған; гепатит С қарсы денелер –теріс; билирубин - 16мкмоль/мл, АЛТ- 177ме/л, АСТ- 124ме/л, ПТИ -81%, альбуминдер - 47г/л. УДТ: бауыр ұлпасында таралған өзгерістер, оң бөлігі - 15,5см, сол бөлігі – 9,5см.

Төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысы бұл жағдайда ЕҢ тиімді болуы ықтимал?

* Бауыр сцинтиграфиясы

* Бауыр эластометриясы

* Бауыр тінің биопсиясы

* Құрсақ ағазалары УДЗ

* Құрсақ ағазалары КТ

#680

*!58 ж., ер кісі, заңгер, стационарда әлсіздікке, шаршағыштыққа, терісінің сарғыштануына, жадының нашарлануына, оң қабырға доғасы аймағындағы ауыртпалыққа, ішінің кебуіне, тәбетінің төмендеуіне, жүдеулікке және тісінің қанауына шағымданады. Анамнезінде: 20 жылдан бері гепатит С дерті бар, соңғы 6 айда жүдеулік, терісінде көгерулер пайда болды. Қарауда-тері мен кілегей қабаттары сарғыш, аяқ-қол бұлшықеттерінің семуі, телеангиэктазиялар – иығында, арқасында, гинекомастия, алақан қазаруы бар. Құрсағы үлкейген, бетінде –қан тамыр тарбақтары. Пальпацияда – бауыр тығыздалған. Перкуссияда- Курлов бойынша бауыр өлшемдері 15-11-9см, көкбауыр - 12х8см.

Төменде берілген синдромдардың қайсысы науқаста болуы Ең ықтимал?

* Сарғаю

* Бауырлық кома

* Гепатолиеналдық

* Ісіну-асциттік

* Бауыр жетіспеушілігі

#681

*!56 ж., ер кісі лет, ішінің үлкеюіне,ентігуге, әлсіздікке, оң қабырға доғасы аймағындағы ауыртпалыққа, жүрек айнуына, тәбетінің төмендеуіне шағымданады. Анамнезінде: 14 жылдан бері гепатит В дерті бар, соңғы 6 айда жүдеулік, терісінде көгерулер пайда болды. Қарауда – тері мен кілегей қабаттары сарғыш, аяқ-қол бұлшықеттерінің семуі, иығында, арқасында –телеангиэктазиялар; гинекомастия, алақан қазаруы бар. Құрсағы ұлғайған,, кернелген, кіндігі шығыңқы, құрсақ бетінде таралған көк тамыр тарбақтары, бауыр тығыздалған, Курлов бойынша бауыр өлшемдері 15-12-10см, көкбауыр - 19х8см. Перкуссияда – төмен аймақтарында –тұйық дыбыс, жоғарысында – тимпанит.

Төменде берілген жайттардың қайсысы бұл жағдайда құрсақ ұлғаюының себебі болуы Ең ықтимал?

* Бауыр мен көкбауырдың ұлғаюы

* Құрсақта сұйықтық жиналуы

* Көкбауырдың айқын ұлғаюы

* Ішекте ауа жиналуы

* Семіздік

#682

*!22 ж., әйел, емханаға терісі мен көзінің сарғыштануына және зәрінің күңгірт түсті болуына шағымданып қаралды. Анамнезінде: вирусты гепатит пен операциялар болмаған. Қаруда терісі мен кілегей қабаттары лимон сарғышты, тілі - таза. Пальпацияда- құрсағы жұмсақ, бауыр өзгермеген, көкбауырдың төменгі ұшы анықталады. Жалпы қан анализінде: Нв 100г/л, эритроциттер- 2,8х1012/л. Биохимиялық анализінде - жалпы билирубин -67мкмоль/л (тіе емесі - 52мкмоль/л), АЛТ -37 ме/л. Зәрде- уробилиноидтер, нәжісте –стеркобилиногендер өте көп.

Төменде берілген сарғаю синдромының қайсысы бұл жағдайда дамуы Ең ықтимал?

* Механикалық

* Гемолитикалық

* Паренхиматоздық

* ВГ А байланысты

* ВГ В байланысты

#683

*!36 ж., әйел, оқытушы, емханаға терісі мен көзінің сарғыштануына зәрінің күңгірт түсті болуына, әлсіздікке және ішінің кебуіне шағымданып қаралды. Анамнезінде – бала кезінде В вирусты гепатит болған. Қарауда – дене салмағы сақталған, терісі мен кілегей қабаттары қызыл- сарғыш, арқасында –бірлі-жарым телеангиэктазиялар. Құрсақ пальпациясында оң қабырға доғасы аймағында ауыру сезімі бар, бауыр қабырға доғасынан 3см төмен, көкбауыр - 8,0х4,0см. Анализінде: билирубин -110мкмоль/л, (тік - 55, тік емес- 55) АЛТ - 38ме/л, АСТ -29ме/л, ГГТП -112МЕ; альбуминдер- 40 г/л, холестерин -4,1; сілтілі фосфатаза 200ме/л, HBsAg (+).

Төменде берілген сарғаю синдромының қайсысы бұл жағдайда дамуы Ең ықтимал?

* Бауырлық

* Бауыр астылық

* Бауыр үстіліқ

* ВГ А байланысты бауырлық

* ВГВ байланысты бауырлық

#684

*!36 ж., әйел, оқытушы, емханаға терісі мен көзінің сарғыштануына зәрінің күңгірт түсті болуына, әлсіздікке және ішінің кебуіне шағымданып қаралды. 12 жасында В вирусты гепатитпен ауырған. Қарауда – дене салмағы сақталған, терісі мен кілегей қабаттары қызыл- сарғыш, арқасында –бірлі-жарым телеангиэктазиялар. Құрсақ пальпациясында оң қабырға доғасы аймағында ауыру сезімі бар, бауыр қабырға доғасынан 2,5см төмен, көкбауыр - 9,0х5,0см. Анализінде: билирубин -111мкмоль/л, (тік-55, тік емес- 56) АЛТ-37ме/л, АСТ-27ме/л, ГГТП-110МЕ; альбуминдер- 43 г/л, холестерин- 4,3; сілтілі фосфатаза -186 ме/л, HBsAg(+).

Төменде берілген жайттардың қайсысы бұл жағдайда сарғаю синдромының себебі болуы Ең ықтимал?

* Алкоголь

* Гепатит С вирусы

* Гепатит В вирусы

* Қанда темірдің жоғарылауы

*Ұзақ уақыт дәрілер қабылдау

#685

*!37 ж., әйел, даяшы, терісінің сарғыштануына, зәрінің күңгірт түсті болуына, 2 күннен бері мазалаған оң қабырға доғасы аймағында ұстамалы ауыру сезімі мен майлы тағаммен ауыр көтергендегі құсыққа шағымданып қаралды. Бұл ауыру сезімі бұрын сыздап, оң иыққа, оң жауырынға таралып көрінетін. Қарауда - дене салмағы жоғары, индексі - 37кг/м2,тері түсі –жасыл-сарғышты, көз қабағында – ксантелазмалар бар. Пальпацияда – құрсақтың оң қабырға доғасы аймағында ауыру сезімі бар. Курлов бойынша бауыр өлшемдері 8-7-6 см. Анализінде: билирубин -186мкмоль/л, (тік -168, тік емес -18), АЛТ - 38ме/л, АСТ- 29ме/л, ГГТП- 96МЕ; альбуминдер- 40 г/л, холестерин- 8,4ммоль/л.

Төменде берілген сарғаю синдромының қайсысы бұл жағдайда дамуы Ең ықтимал?

* Паренхиматозды

* Механикалық

* Гемолитикалық

* ВГ А байланысты бауырлық

* ВГВ байланысты бауырлық

#686

*!33 ж., әйел, кулинар, терісінің сарғыштануына, зәрінің күңгірт түсті болуына, 2 күннен бері мазалаған оң қабырға доғасы аймағында ұстамалы ауыру сезімі мен майлы тағаммен ауыр көтергендегі құсыққа шағымданып қаралды. Бұл ауыру сезімі бұрын сыздап, оң иыққа, оң жауырынға таралып көрінетін. Қарауда - дене салмағы жоғары, индексі - 37кг/м2,тері түсі –жасыл-сарғышты, көз қабағында – ксантелазмалар бар. Пальпацияда – құрсақтың оң қабырға доғасы аймағында ауыру сезімі бар. Курлов бойынша бауыр өлшемдері 8-7-6см. Анализінде: билирубин-164мкмоль/л, (тік- 122, тік емес - 42), АЛТ-38ме/л, АСТ- 29ме/л, ГГТП- 96МЕ; альбуминдер- 40 г/л, холестерин -8,4ммоль/л.

Төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысы бұл жағдайда ЕҢ тиімді болуы ықтимал?

*Құрсақ ағзаларының р-графиясы

*Құрсақ ағзаларының УДЗ

* Бауыр тінің биопсиясы

* Фиброгастродуоденоскопия

* Ирригоскопия

#687

*!47 ж., әйел, тігінші, стационарда терісінің сарғыштануына, зәрінің күңгірт түсті болуына, 2 күннен бері мазалаған оң қабырға доғасы аймағында ұстамалы ауыру сезімі мен майлы тағаммен ауыр көтергендегі құсыққа шағымданып қаралды. Бұл ауыру сезімі бұрын сыздап, оң иыққа, оң жауырынға таралып көрінетін. Қарауда - дене салмағы жоғары, индексі - 38кг/м2,тері түсі –жасыл-сарғышты, көз қабағында – ксантелазмалар бар. Пальпацияда – құрсақтың оң қабырға доғасы аймағында ауыру сезімі бар. Курлов бойынша бауыр өлшемдері 8-7-6см. Анализінде: билирубин- 154мкмоль/л, (тік- 112, тік емес - 42), АЛТ- 36ме/л, АСТ- 25ме/л, холестерин 8,1ммоль/л; сілтілі фосфатаза - 196ме/л.

Төменде берілген синдромының қайсысы бұл жағдайда дамуы Ең ықтимал?

* Белок түзу жетіспеушілігі

* Мезенхималдық қабыну

* Гиперазотемиялық

* Өт іркілісі

* Цитолиздық

#688

*!63 ж., ер кісі жалпы әлсіздікке, жадының төмендеуіне, ұйқысының бұзылысына, құсыққа, ықылыққа шағымданады. Анамнезінде- 18 жылдан астам бауыр циррозы бар, 1 жеті шамасында –жағдайы нашарлаған: сарыуаым жағдайы мен еңжарлық жеңілдік немесе қызбалыққа ауысады. Қарауда: қимылдары сөйлеуі саябырланған, бауыр иісі, жүдеулік, иық бұлшықеттерінің семуі, сарғаю мен терінің қанталауы, гинекомастия, алақан эритемасы, асцит. Курлов бойынша бауыр өлшемдері 7-6-5см, көкбауыр- 14х8см.

Төменде берілген жайттардың қайсысы бұл жағдайда бауыр циррозының асқынуы болуы Ең ықтимал?

* Бауырлық кома

* Гепатолиенальдық

* Ісіну-асциттық

* Бауыр энцефалопатиясы

* Бауыр жетіспеушілігі

#689

*!63ж., ер кісі, жалпы әлсіздікке, жадының төмендеуіне, ұйқысының бұзылысына, құсыққа, ықылыққа шағымданады. Анамнезінде- 18 жылдан астам бауыр циррозы бар, 1 жеті шамасында жағдайы нашарлаған: сарыуаым жағдайы мен еңжарлық жеңілдік немесе қызбалыққа ауысады. Қарауда: қимылдары сөйлеуі саябырланған, бауыр иісі, жүдеулік, иық бұлшықеттерінің семуі, сарғаю мен терінің қанталауы, гинекомастия, алақан эритемасы, асцит. Курлов бойынша бауыр өлшемдері 7-6-5см, көкбауыр- 15х9см.

Төменде берілген қан көрсеткіштердің қайсысы бұл жағдайда өзгеріс беруі Ең ықтимал?

* аммиак

* альбумин

* холестерин

* протромбин

* жалпы белок

#690

*!Аталған симптомдардың қайсысы асқазандық диспепсия синдромына жатады?

*Іш қату

*Диарея

*Жүрек айну

*«Құмалақ» тәрізді нәжіс

*Іш кебу

#691

*! Пальмарлы эритема дамуының ең ықтимал себебі?

*Бауырда гормондардың инактивациясының бұзылуы

*Қантамырлар өткізгіштігінің жоғарлауы

* Қантамырлар өткізгіштігінің төмендеуі

*Ақуыз алмасуының бұзылыстары

* май алмасуының бұзылыстары

#692

*! Асқазан ауруларында болатын ауру сезімінің ең ықтимал даму механизмі?

*асқазан атониясы

*тегіссалалы бұлшықеттердің жиырылуы

*рецепторлардың тағаммен тітіркенуі

*рецепторлардың пепсинмен тітіркенуі

*рецепторлардың тұз қышқылымен тітіркенуі

#693

*! Гепатобилиарлық патология кезінде болатын тері қышуының ең ықтимал себебі?

*қанда холестерин деңгейінің жоғарлауы

*қанда билирубин деңгейінің жоғарлауы

*қанда өт қышқылдары деңгейінің жоғарлауы

*Бауырда гормондардың инактивациясының бұзылуы

* түктер түбірінің сезімталдығының жоғарлауы

#694

*!Бауырастылық сарғаю синдромының ЕҢ ЫҚТИМАЛ зертханалық белгісі қандай?

* Билирубин деңгейі қалыпты

*Жалпы билирубиннің тікелей есебінен артуы

* Жалпы билирубиннің тікелей емес есебінен артуы

* Қанда жалпы билирубиннің төмендеуі

* Қанда тікелей және тікелей емес билирубиннің артуы

#695

*!Паренхиматозды сарғаю дамуының ең ықтимал механизмы?

*Тікелей емес билирубин түзілуінің артуы

* билирубин конъюгациясының төмендеуі

* билирубин конъюгациясының жоғарлауы

*бауырдан өттің ағуының бұзылыстары

* эритроциттер гемолизінің артуы

#696

*!Бауыр қабынуы синдромы кезіндегі ауру сезімі дамуының ең ықтимал механизмы?

* Гепатоциттер некрозы

*+Бауыр қабының созылуы

*Бауырдың кішіреюі

*Қақпа венасынгда қысымның артуы

*Қанда өт қышқылдар деңгейінің артуы

#697

*! Бауыр жетіспеушілігі кезінде «қантамыр жұлдызшалары» пайда болуының ең ықтимал себебі?

*билирубинді байланыстырудың бұзылыстары

*бауырда эстрогендердің инактивациясының артуы

* бауырда альдостерон инактивациясының артуы

* бауырда эстрогендер инактивациясы үрдісінің бұзылысы

* бауырда альдостерон инактивациясының бұзылысы

#698

*! Бауыр қабынуы синдромында бауыр шекаралары қалай ығысады?

*Бауырдың жоғарғы шекарасы төмен

*Бауырдың төменгі шекарасы төмен

*Бауырдың жоғарғы шекарасы жоғары

*Жоғарғы және төменгі шекаралары төмен

*Жоғарғы және төменгі шекаралары жоғары

#699

*!Өт қабы қабынуы синдромы кезіндегі диспепсия немен байланысты?

*Билирубиннің глюкурон қышқылымен байланысуының бұзылысы

*Бауырдың дезинтоксикациалық қызметінің бұзылысымен

*Гормондардың бауырда инактивациялануының бұзылыстарымен

*Белок алмасуының бұзылысымен

*Өт ағуының бұзылысымен

#700

*!Көрсетілген белгілердің қайсысы қақпалық гипертензия синдромына тән?

*Асцит, гепатоспленомегалия, «медуза басы»

*Спленомегалия, мұрыннан қан кету

*Әлсіздік, арықтау, гепатомегалия

*Цианоз, ісінулер, гепатомегалия

*Сарғаю, терінің қышуы, ахолия

#701

*!Іші үлкейген, құрсақтың теріасты веналары кеңейген және толқын симптомы «+» науқасқа тән ең ықтимал синдром?

*Бауыр қабынуы

*Гепатоспленомегалия

*Портальды гипертензия

*Паренхиматозды сарғаю

*Бауыр жетіспеушілігі

#702

*!Тері асты геморрагиялар, телеангиэктазиялар, склерасының сарғаюы, гинекомастия, бұлшықеттер атрофиясы және азыған науқаста қандай синдромның болуы ықтимал?

* Бауыр қабынуы

*Гепатоспленомегалия

*Бауырастылық сарғаю

*Портальды гипертензия

*Бауыр жетіспеушілігі

#703

*! Асқазан ауруларында болатын ауру сезімінің ең ықтимал даму механизмі?

*асқазан атониясы

*+тегіссалалы бұлшықеттердің жиырылуы

*асқазан сөлінің өңешке лақтырылуы

*рецепторлардың пепсинмен тітіркенуі

*рецепторлардың тұз қышқылымен тітіркенуі

#704

*!Асқазандық құсуының ең ықтимал даму механизмы?

*онекі елі ішектің спазмы

*асқазан шырышты қабатының тітіркенуі

*асқазан қақпасының ашылуы

*асқазан қақпасының атониясы

*асқазан қақпасының спазмы

#705

*! Асқазандық диспепсия кезіндегі ауру сезімінің ең дұрыс сипаттамасы?

*тағамнан соң 4-5 сағаттан кейін пайда болады

*тағамнан соң ½-1 сағаттан кейін пайда болады

*оң қабырғаастында орналасады

*белдеме тәрізді ауырады

*дефекациямен байланысты

#706

*! Асқазандық диспепсия кезіндегі ауру сезімі қай жерде орналасады?

*Сол қабырғаасты аймағында

*Эпигастрий аймағында

*кіндік аймағында

*оң қабырғаасты аймағында

*гипогастрий аймағында

#707

*! Асқазан патологиясы кезіндегі ауру сезімінің ең дұрыс сипаттамасы?

* белдеме тәрізді ауру сезім

*эпигастрий аймағында орналасады

*мезогастрий аймағында орналасады

* тағамнан соң 3-4 сағаттан кейін пайда болады

*сол жақ бел және шап аймағына тарайды

#708

*!Пайда болу уақытына байланысты асқазандағы ауру сезімінің ең ықтималы?

*Түнгі

*ерте пайда болатын

*кеш пайда болатын

*дефекациямен байланысты

*тағам қабылдаумен байланыссыз

#709

*!Асқорыту жүйесі патологиясы бар науқасты қарағанда анықталатын ең тән белгі қандай?

*Сол жақ қабырға астының ісінуі

*Эпигасталды аймақ пульсациясы

*Терісінің көгеруі

* «Дабыл таяқшасы» симптомы

* Науқастың арықтауы

#710

*!Асқорыту жүйесі патологиясы бар науқасты қарағанда анықталатын ең тән белгі қандай?

*Тері түсі қола реңді

*Терісі сарғыш

*Терісі боз және қасыну іздері

*Терісі «сүт қосылған кофе» түстес

*Терісі боз және и геморрагиялық бөртпелер

#711

*! Асқорыту жүйесі патологиясы бар науқастың ауыз қуысын қарағанда анықталатын ең тән белгі қандай?

*Тілі ылғалды таза

*Тілі ылғалды көмкерілген

*Тілі «географиялық»

*Некротикалық баспа

*Қызылиектің қанағыштығы

#712

*!Бауыр патологиясы бар науқасты қарап тексергенде анықталатын ең ықтимал белгі қандай?

* «қыздырғыш» симптомы

* Іші симметриялы

*Эпигастралды пульсация

*Іші үлкейген, кіндігі тартыңқы

*Қасаға үстінің томпаюы

#713

*!Асқазан патологиясы бар науқасты қарап тексергенде анықталатын ең ықтимал белгі қандай?

* Іш көлемі үлкейген, кіндігі тартыңқы

* Қасаға үстінің томпаюы

*Асқазанның көзге көрінетін перистальтикасы

*Іші тыныс алуға қатысады

*Эпигастралды пульсация

#714

*!Іштің беткей бағдарламалы пальпациясында не анықталады?

*Эластикалық

*Ауру сезімі

*Резистенттілік

* Шемен

*Науқаста артық салмақ

#715

*! Іштің беткей бағдарламалы пальпациясының мақсаты не?

* Іш пердесінің тітіркену симптомын анықтау

*Семіздік дәрежесін анықтау

* Резистенттілікті анықтау

* Шеменді анықтау

* Серпімділікті анықтау

#716

*!Төменде аталғандардын қайсысы асқазаның секреторлық қызметі жоғарлауының ең тән белгісі?

*шірік иісті кекіру

*қышқылды кекіру

*ауызда ащы дәм болу

*ауамен кекіру

* «кофе тұнбасы» тәрізді құсық

#717

*!Бауыр патологиясына ең тән белгі?

*Депигментация

*ісіну

*+терінің сарғыштануы

*терінің айқын бозаруы

*терінің көгеруі

#718

*!Төменде аталғандардың қайсысы қыжылдың себебі және механизмы болып табылады?

*асқазан қақпасының атониясы

* кардиальды сфинктердің жиырылуы

*дуоденогастральды рефлюкс

*гастроэзофагеальды рефлюкс

*асқазан сөлінің гиперсекрециясы

#719

*! Ауыз қуысын қарап тексергенде асқорыту жүйесі патологиясына тән қандай белгінің анықталуы ең ықтимал?

*Қызыл иектің қанауы

*Некроздық ангина

*Тіл таза, ылғалды

*Тілі сұр түсті, өңезделген

*тіл бүртіктерінің тегістелуі

#720

*!Іштің терең әдістемелік пальпациясы неше кезеңде жүргізіледі?

*1 кезеңде

*2 кезеңде

*3 кезеңде

*4 кезеңде

*5 кезеңде

#721

*! Аталған клиникалық көріністердің қайсысы ішектің моторлық қызметінің жоғарлауы синдромының белгісі болып табылады?

*Оң қабырға астында сыздап ауру сезімі

*эпигастрий аймағында керіп ауру

*үлкен дәреті сирек

*Белдеме тәрізді ауру сезімі

*іштің барлық аймағында ұстама тәрізді ауру сезімі

#722

*! йқын мальабсорбция және мальдигестия синдромдарында қарап тексеруде қандай мәліметтер алынуы ең ықтимал?

*Салмақтың артуы

*салмақтың азаюы

*«қантамыр жұлдызшалары»

*тері ылғалды

*Ксантелазмалар

#723

*! Мальдигестияның латын тілінен аудармасы?

*жіңішке ішекте қорытылудың бұзылысы

*ішек қозғалысының төмендеуі

*жіңішке ішекте сіңіру үрдістерінің бұзылысы

*асқазан секрециясының бұзылысы

* инсулин секрециясының бұзылысы

#724

*!Ішектік ашу диспепсиясы кезіндегі науқастардың шағымдары?

*етті тағамдарды көтере алмау

*қышқыл тағамдарды көтере алмау

*сүтті тағамдарды көтере алмау

*эпигастрий аймағында ашқарынға ауру сезімі

*қыжыл

#725

*!Асқазанның секреторлық қызметі жоғарлауы синдромын зерттеуде қандай әдіс ең мәліметті?

*Колоноскопия

*Гастроскопия

*РН метрия

*Гастрография

*Ирригоскопия

#726

*!Кардиальды сфинктер қызметінің төмендеуіне тән ең ықтимал шағым?

*тағам өтуінің қиындауы

*төс аймағында ауру сезімі

*қыжыл

*іш қату

*іш өту

#727

*! Ішек диспепсиясының қандай түріне іштегі ұстамалы ауру сезімі, күніне 1-2 рет, аз мөлшерлі, қатты, шырыш араласқан нәжіс бөліну тән?

*Ашу диспепсиясы

*ішектен қан кету

*жіңішке ішектегі сорылудың бұзылыстары

*тоқ ішектің моторлық қызметінің күшеюі және спазм

* тоқ ішектің моторлық қызметінің төмендеуі және созылуы

#728

*!Тәбеттің төмендеуі, ауызда жағымсыз дәм, шірік иісті кекіру, оқтын-оқтын құсу симптомдары қандай синдромға тән?

*асқазанның секреторлық қызметінің артуымен жүретін асқазандық диспепсия

*асқазанның секреторлық қызметінің төмендеуімен жүретін асқазандық диспепсия

*асқазаннан қан кету

*ішектік диспепсия

*Мальабсорбция

#729

*!Нәжісте көп мөлшерде крахмал түйіршіктерінің болуы латынша қалай аталады?

* Мелена

* Ахолия

*Амилорея

* Креаторея

* Стеаторея

#730

*!Қышқыл кекіру, эпигастрийде ауру сезімі, іш қату және базальды секрециясы 150 мл, бос HCl – 60 ммоль/л анықталғанда қандай синдромның болуы ең ықтимал?

*асқазанның секреторлық қызметінің артуымен жүретін асқазандық диспепсия

* асқазанның секреторлық қызметінің төмендеуімен жүретін асқазандық диспепсия

* асқазанның моторлық қызметінің артуымен жүретін асқазандық диспепсия

* асқазаннан қан кету

*Мальабсорбция

#731

*!Асқазан ауруларында болатын ауру сезімінің ең ықтимал даму механизмы қандай?

*Физикалық жүктеме

*тегіссалалы бұлшықеттердің жиырылуы

*тамақтану салтының бұзылуы

*рецепторлардың тағаммен тітіркенуі

*сапасыз тағаммен улану

#732

*!Функционалды дисфагияны қандай клиникалық белгі ең нақты сипаттайды?

*сұйық тағам қиындықпен өтеді

*көкірекаралық ісіктерінде болады

*антацидтер қабылдағансоң басылады

*ота жасауды қажет етеді

*бірте-бірте дамиды

#733

*!Асқазаннан қан кетудің ең ықтимал сипаттамасы қандай?

*нәжіс түсі өзгермейді

*жүрек айнусыз болады

*құсық реакциясы сілтілі

*құсық «кофе тұнбасы» тәрізді

Наши рекомендации