№ | Қадамды бағалау критериялары |
| Шағым жинау. | Рет ретімен және жүйелі сұрау жүргізді, анықтайтын барлық сауалдарды қойды. |
| Аурудың анамнезін жинау. | Жүргізілген шаралар кезегімен бағаланды, дұрыс жүргізілді. |
| Өмір анамнезін жинау. | Қауіп-қатер фвкторлары кезегімен ескеріліп, дұрыс жүргізілді. |
| Эпидемиологиялық анамнезін жинау. | Науқас ауру әкесімен қатынаста болғаны, эпид.анамнез анықталды. |
| Дерттің ауырлық критериясын анықтау | Орташа интоксикация симптомдарын ескерсе жалпы хал күйі орташа ауырлықта. Тері жабындысы құрғақ, бозғылт, таза, терінің созылғыштығы сақталған. Денесінің температурасы 36,5°-36,9° шамасында. |
| Физикальды тексеруді өткізу- жалпы қарау | Анықтады: интоксикация симптомдары, астеникалы, тері жабындысы құрғақ және бозғылт. Шеткі лимфа бездерінің 6 тобында үлкейген, өлшемі 2-3 - микрополиадения. Басқа ағзалары бойынша патологиялық өзгерістер жоқ. |
| Туберкулезге қарсы жасалған иммунизацияның (БЦЖ вакци-нациясы) нәтижесін бағалау | Пациентте БЦЖ бірғана тыртығы бар, ол перзентханада жасалған вакцинациядан кейін дамиған тыртық, бірақ нәтижесі төмен - өлшемі 3 мм. |
| Шеткі лимфа бездеріне пальпация жасау | Барлық шеткі лимфа бездері бағаланды, микрополиадения симптомы анықталды, пальпация дұрыс жүргізілді. |
9. | Тыныс алу жүйесі | Кеуде торшасын қарау. Физикальды зерттеу дұрыс және ретімен тексерілді. Кеуде торшасының пішінін, бірдей және симметриялы тыныс алуға қатысатындығын, пальпация кезінде ауру сезімі жоқ екендігін, 1 минуттағы кеуде қозғалысын анықтады. Өкпеге салыстырмалы перкуссия және аускультация жүргізді және алынған мәліметтерге дұрыс талдау берді. Салыстырмалы перкуссия кезінде алдынан парастернальды зонада және артынан жауырын аралық аймағында перкуторлы дыбыс тұйықталғаны анықталған. |
10. | Болжамалы диагноз | Науқас шағымдары (екі көзінің қызаруы, жасаурауы ісінуі, әлсіз жөтелуі); аурудың анамнезі (окулист пен педиатр өткізген комплексты емнің нәтижесіздігі және интоксикация симптомдарының сақталғандығы, микрополиадения симптомы) спецификалық үрдіске күдіктендіреді. |
11. | Тексеру жоспарын белгілеу | ҚЖА, ЗЖА, қанның биохимиялық анализы, туберкулиннің Манту сынамасы және диаскинтест, қақырықты ТМБ зерттеу анализы (бактериоскопия, G-Xpert, кеуде торша ағзаларына рентгенографиялық зерттеу өткізу |
12. | Дифференциальды ажырату диагностикасының жоспары | Кеуде ішілік лимфа бездерінің дифференциальды ажырату диагностикасы аденовирусты инфекциямен және жіті бронхитпен өткізіледі |
13. | Микробиологиялық диагностикадан алынған нәтижелерге талдау беру | Қақырықты ТМБ-на зерттеу анализдері (микроскопия, G-Xpert) теріс нәтиже берді. |
14. | Зертханалық зерттеу әдісінен алынған нәтижелерге талдау беру | Жалпы қан анализы: ЭШЖ жеделдетілген, орташа лейкоцитоз, лимфоцитопения, эозинофилия, моноцитоз. Жалпы зәр анализы және қанның биохимиялық анализдері қалыпты. |
15. | Манту сынамасының және диаскинтестің нәтижелеріне талдау беру. | Манту сынамасының нәтижелері: 7 жасында жұққандық байқалды. Ауырған кезінде сынамасы күрт оң (гиперергия)-15мм болды. Диаскинтест: - папула 17мм-гиперергия, ол аллергияның нақты себебін дәлелдеді. |
16. | Кеуде торша ағзаларың рентгенограммасын талдау. | Өкпе түбірлері асимметриялы түрде кеңейген, көбінесе оң жағы, бейструктурлы, контуры полициклді, тегіс емес - осылар спецификалық этиологиядағы өзгерістерге күдік тудырады, яғни кеуде ішілік лимфа бездерінің туберкулезіне? |
17. | Кеуде ішілік лимфа бездерінің туберкулезімен ауыратын паци-енттің типін және категориясын анықтаумен жіберілген диагнозын көрсету | Жіберілетін диагноз: Кеуде ішілік лимфа бездерінің туберкулезі, ТМБ (-), 1 категория, типі «Жаңа жағдай». |
18. | Химиотерапияның жоспарын құрастыру | 1 санат схемасы бойынша: қарқынды фазасын 1 қатардағы 4 негізгі препараттармен 2-4 ай емдеу (изониазид, рифампицин, этамбутол, пиразинамид), жалғастыру фазасын – 4 ай екі химиопрепараттармен: изониазид және рифампицин. |
19. | Емнің тиімділігін бақылау | 2 айлық емнен кейін: - клиникалық, рентгендік динамикасын бақылау; - екі рет бактериоскопиялық әдіспен қақырықты ТМБ-на зерттеу. |
20. | Пациентпен оңтайлы қарым қатынасты құру және қорқыныш сезімін басу | Пациентпен сенімді қарым қатынас орнатылды. Дәрігердің барлық сауалдарына дұрыс адекватты жауап берді |