Мультимедиялық форматта презентацияны бағалау критерийлері

Критерийлері Деңгейлері
Тақырыпты ашудың толықтығы мен логикалығы Барлығы-20б (18-20б) Презентация мазмұны тақырып пен қойылған міндеттерге сай. Тақырып толығымен ашылды, слайдтар арнаулы терминология мен символдарды орынды қолданып логикалық тізбек бойынша құрастырылған. Слайд мәтіні мәнді, идеялар нақты түсіндірілген, құрылымдық формада қысқа түсіндірілген. (15-17б) Презентация мазмұны тақырып пен қойылған міндетке сай. Тақырып ашылған, слайдтар логикалық тізбек бойынша арнаулы терминология мен символдарды қолдана отырып берілген. Слайд мәтіні мәнді, идеялар нақты түсіндірілген, құрылымдық формада қысқа түсіндірілген.   (10-14б) Презентация мазмұны тақырып пен қойылған міндетке сай. Тақырып толығымен ашылмаған, слайдтарды беруде логикалық тізбек жоқ, слайдтар мәтіндік материалға толы. (0-9б) Презентация тақырыбы ашылмады.
Ақпарат көзімен жұмыс жасау қабілеті Барлығы- 20б (18-20б) Заманауи ақпарат көздері жеткілікті мөлшерде қолданылған. (15-17б) Заманауи ақпарат көздері қолданылған. (10-14б) Ақпарат көздерінің саны аз, ескірген ақпарат көздері пайдаланылған. (0-9б) Пайдаланылған ақпарат көздерінің тізімі жоқ немесе тек Интернет мәліметтері ғана қолданылған
Материалды қорыту, қорытынды жасау қабілеті Барлығы-20 б. (18-20б) Материал қорытылған, нақты әрі түсінікті қорытынды жасалған. (15-17 б) Материал қорытылған, дұрыс қорытынды жасалған. (10-14б) Материал жеткіліксіз қорытылған, қорытындыда дөрекі қателіктер бар. (0-9б) Материал қорытылмаған, қорытынды жоқ.  
Презентацияны ұсыну және сұраққа жауап беру қабілеті Барлығы-20б (18-20б) Студент презентация материалын еркін меңгерген, нақты, сауатты түрде, ғылыми терминологияны тізбекті түрде пайдалана отырып баяндама жасады. Сұрақққа жауап беру барысында өз көзқарасын қорғай алатындығын және сынға бірқалыпты қарайтынын байқатты. (15-17б) Студент презентация материалын еркін меңгерген, презентация мазмұнын еркін түсіндірді. Қойылған көптеген сұрақтарға дұрыс жауап берді. (10-14б) Студент презентация материалын еркін меңгермеген, презентация мәтінін оқып тұр. Қойылған көптеген сұрақтарға жауап бере алмады.   (0-9б) Студент материалды білмейді, қойылған сұрақтарға жауап бермейді.
Рәсімдеу талаптарына сәйкестігі Барлығы-20 б (18-20б) Слайдтарды рәсімдеу түгелімен қойылған талаптарға сай. Тақырыбы бар бастапқы слайд, презентация жоспары, пайдаланылған әдебиеттері тізімі және Internet ақпарат көздері бар. Слайдтар әдемі безендірілген, мәтін көп кездеспейді, грамматикалық қате жоқ. Слайд мәтіні аудиторияның кез-келген нүктесінен көрінеді. (15-17б) Слайдтарды рәсімдеу қойылған талаптарға сай.Тақырыбы бар бастапқы слайд, презентация жоспары, пайдаланылған әдебиеттері тізімі және Internet ақпарат көздері бар.Слайдтар әдемі безендірілген, мәтін көп кездеспейді, рәсімдеуде мардымсыз қателіктер кездеседі. Слайд мәтіні аудиторияның кез-келген нүктесінен көрінеді. (10 – 14б) Слайдтарды рәсімдеу талаптарға сай емес. Слайдтар әртүрлі стилде орындалған, маңызды қателіктер кездеседі. (0-9б) Презентацияны рәсімдеу талаптарға сай емес.

Орытынды баға максимальді 100 баллмен бағаланады.

Ситуациялық есептерді шешу

ЧЕК-ПАРАҒЫ

№ п/п Ситуациялық есептердің 5 сұрағын шешудің бағалау критерилері Деңгейлері
үздік 90-100 жақсы 75-89 қанағат 50-74 қанағатсыз 49 -0
1. Патологиялық үдерістің түрі
2. Патологиялық үдерістерге клинико-морфологиялық сипаттама
3. Патологиялық үдерістерді микроскопиялық сипаттау
4. Патологиялық үдерістердің пато және морфогенезі
5. Берілген патологияның асқынуы мен нәтижесі және болжамы

Орытынды бақылау

Екі кезеңде жүргізіледі: 1 кезең-тестілеу, 2 кезең - практикалық дағдыларды қабылдау чек-парағын қолданумен ситуациялық есептерді шешу бойынша макро және микро иллюстрациялық препараттарды сипаттау арқылы, коммуникативтік дағдылар сұрақтары бойынша жүргізіледі.

Күнделікті бақылау t –компетенциялардың жинақталған бағасы

t= (Z+N+K+P+S)/n

бұл жерде

n – барлық компетенциялар бойынша тапсырма саны

Z: z1+z2+…+zn - білімді бағалау

N: n1+n2+…+nn - дағдылар бағасы

K: k1+k2+…+kn коммуникативнті

Компетенция бағасы

P: p1+p2+…+pn - құқықтық компетенция

S: s1+ s2+…+sn - СӨЖ бағасы

Жіберу рейтингі

Жіберу рейтингістуденттің қорытынды бағаның 60 % кем болмауы тиіс келесі формула бойынша есептеледі.

Rд= (t+r1+r2)/3 × 0,6

Бұл жерде t– күнделікті бағалау

r1 – бірінші аралық бақылау

r2– екінші аралық бақылау

Емтихан рейтингі

E= Е1 × 0,25 +Е2 0,15

Бұл жерде Е1 - емтиханның бірінші кезеңінің балдары,

Е2емтиханның екінші кезеңінің балдары.

Бағалау градациясының көрсеткіші

Әріптік жүйе бойынша бағалау   Цифрлік эквиваленті Пайыздық % құрамы Дәстүрлік жүйе бойынша бағалау
А 4,0 95-100   ҮЗДІК
А- 3,67 90-94
В+ 3,33 85-89   ЖАҚСЫ
В 3,0 80-84
В- 2,67 75-79
С+ 2,33 70-74     ҚАНАҒАТТАНАРЛЫҚ
С 2,0 65-69
С- 1,67 60-64
D+ 1,33 55-59
D 1,0 50-54
F 0-49 ҚАНАҒАТТАНАРЛЫҚСЫЗ

Наши рекомендации