Циллиндрлер деңгейінің жоғарылауы және патологиялық формалардың көріну себептері

Бүйрек пен зәр шығару жолдарының аурулары кезінде зәр тұнбасының патологиялық өзгеруі

Зәрдегі тұнбалар – жалпы зәр анализінде тұнба деп, зәрді қысқа уақыт центрифугада өткізгеннен кейін пайда болатын жасушалар, цилиндрлер, тұздар кристалын айтады.

Зәрдегі лейкоциттер. Зәрдегі лейкоциттер нормасы: ер адамдарда көру алаңында 0—3 лейкоциттер, әйелдер мен балаларда көру алаңында 0—6. лейкоциттер. Лейкоциттер – ағзадағы қорғаныштық функцияны атқаратын ақ қан түйіршіктері. Лейкоциттер токсиндерді, паразиттерді, вирустар және бактерияларды жоюға қатысады. Зәрде лейкоциттер болмайды, немесе өте аз мөшерде болуы мүмкін (көру алаңында 3 тен артық емес). Егер көру алаңында 3-10 аралығында болса, мұндай көрсеткіш күмәнді, күдікті болып табылады. 10 артық болса, зәр шығару жүйесінің патологиясы барын көрсетеді. Зәрде лейкоциттердің жоғарылау себебі:

· Бүйрек аурулары: пиелонефрит (созылмалы немесе жедел), бүйрек туберкулезі, несеп –тас ауруы.

· Несепағардың зақымдалуы:несеп –тас ауруы, несепағардың инфекциялық қабынуы.

· Қуықтың зақымдалуы:цистит, қуық қатерлі ісігі.

· Простата зақымдалуы: простатит, простата қатерлі ісігі.

· Уретра зақымдалуы: уретрит, несеп тас ауруы

· Сыртқы жыныс ағзаларының инфекциясы, гигиена ережелерін сақтамау. Кейбір кезде зәрде лейкоциттердің пайда болуы зәр жинау кезінде гигиеналық шараларды сақтамау немесе сыртқы жыныс ағзаларының қабыну арулары болу мүмкін (вульвовагинит).

Зәрдегі эритроциттер. Зәрдегі эритроциттер көрсеткіші: көру алаңында ерлерде бірлі - жарым (единичные), әйелдерде 3-ке дейін. Эритроциттер – қаның қызыл түйршіктері. Қанның ең көп жасушалар қатарына жатады. Негізгі қызметі оттегіні тіндерге тасымалдау. Қалыпты жағдайда зәрде эритроциттер болмауы керек, немесе өте аз мөлшерде (3-тен артық емес, көру алаңында) кездесуі мүмкін. Зәрде көп мөлшерде эритроциттердің кездесуі бүйрек және зәр шығару жолдарының қауіпті патологиялары жайлы көрсеткіш болып табылады. Зәрдегі эритроциттер көбею себебі:

· Жедел гломерулонефрит

· Нефротикалық синдром

· Бүйрек инфарктісі

· Несеп тас ауруы

· Бүйрек, қуық, простата қатерлі ісіктері

Зәрдегі эпителий. Зәрдегі эпителий нормасы көру алаңында 10 жасушаға дейін. Зәр тұнбасында әртүрлі эпителиалды жасушалар кездесуі мүмкін. Олар: бүйректің эпителий, қуықтың эпителийі және т.б. Зәрде бүйректің эпителиі пайда болу бүйректегі айқын патологияны көрсетеді (нефроз, жедел нефрит). Несепағар және қуықтың ауыспалы эпителийі зәрде пайда болу –цистит, несепағардың қабынуын көрсетеді. Әйел адамдарда зәрде жалпақ эпителийлер болуы мүмкін. Бұлар жыныс жолдарынан зәрге түсіп, бүйрек ауруын көретпейді.

Зәрдегі циллиндрлер. Цилиндрлер – цилиндр пішіндес, бүйрек каналшаларында орналасқан айқын патология барын көрсететін денешіктер. Циллиндрлер құрамы бойына әртүрі болады, келесідей заттардан тұруы мүмкін: эритроциттер, белок, бүйрек каналшасының жасушалары және т.б. Сыртқы түріне байланысты олар: дәнді (құрамында эритроциттер және бүйрек каналша жасушалары басым болады), гиалинді (бүйрек каналшаларының жасушалары мен белок көп болады), эритроцитарлы (негізін эритроциттер құрайды) болып бөлінеді. Циллиндрлер нормада зәрде болмауы керек, алайда бірлікті гиалинді циллиндрлер кездесуі мүмкін.

Циллиндрлер деңгейінің жоғарылауы және патологиялық формалардың көріну себептері

Гиалинді циллиндрлер деңгейінің жоғарылауы (1 мл зәрде 20 жоғары) және басқа формаларының кез келген көлемде анықталуы бүйректегі айқын патологиялық процессті көрсетеді. Бұл циллиндрлер қайта реабсорбция жасалып үлгермеген белоктан түзіледі. Қалыпты жағдайда белок біріншілік зәрден қайта қанға сорылуы керек. Себептері:

· Пиелонефрит

· Созылмалы және жедел гломерулонефрит

· Гипертониялық ауру

· Зәр айдаушы препараттар қабылдау

Дәнді цилиндрлер (кез келген көлемінде анықталу патологияға жатады). Бұл циллиндр түрі бүйрек каналшасын астарлап жатқан жасушаларыдың ыдырауынан түзіледі. Себептері:

· Гломерулонефрит

· Пиелонефрит

· Қорғасынмен улану

· Вирусты инфекциялар

Воск тәрізді цилиндрлер (кез келген көлемінде анықталу патологияға жатады). Воск тәрізді циллиндрлер бүйрек каналшасында гиалинді және дәнді циллиндрлердің ұзақ тұрып қалуынан пайда болады. Себебі:

· Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі

· Бүйрек амилоидозы

· Нефротикалық синдром

Эритроцитарлы цилиндрлер (кез келген көлемінде анықталу патологияға жатады). Бүйрек каналшаларында қалыпты жағдайда қанның қызыл түйіршіктері болмау керек. Бірақ тамырлардың өткізгіштігі жоғарылаған кезде, эритроциттер бүйрек канлашасына өте алатын жағдайға жетеді. Бүйрек каналшасына түскен барлық эритроциттер зәрмен сыртқа шығады. Ескеретін жайт, егер эритроциттердің бүйрек каналшасына өтуі массивті түрде болса, оның эритроцитарлы циллиндрлермен бітеліп қалуы туындайды. Себептері:

· Жедел гломерулонефрит

· Бүйрек инфарктісі

· Бүйрек венасының тромбозы

· Қатерлі гипертензия

Эпителиалды цилиндрлер (кез келген көлемінде анықталу патологияға жатады). Бүйрек каналшасының эпителийін қабылдамаушылық (отторжения) болғанда пайда болады. Бұл циллиндрлер бүйректегі қауіпті патологияның барын көрсетеді. Себептері:

· Жедел каналшалы некроз

· Жедел вирусты инфекция

· Ауы металдар және басқа нефротоксикалық заттармен (этиленгликоль, фенол) улану

· Бүйрекке токсикалық препараттарды (салицилаттар) шектен тыс дозалау

Зәрдегі тұздар. Зәрмен бірге бүйрек көп мөлшерде минералдарды бөледі. Осының арқасында ағзадағы қашқылдық және электролиттік баланс тұрақты деңгейде тұрады. Ағзаға қажетсіз артық минералдар немесе органикалық заттар қаннан бүйрекке ауысып, зәрмен бірге сыртқа шығып отырады. Керісінше минералдар жетіспеген кезде, зәрдегі минералды заттар көлмеші күрт төмендеп, жоққа дейін жетеді. Бірақ, кейбір кезде зәрмен бірге органикалық емес заттар бірге шығады. Олар зәрдің белгілі қышқылдығы, концентрациясы және шығарылу жылдамдығына байланысты бір бірімен реакцияға түсіп, тұнба түрінде қалып қалуы мүмкін. Осы процесстердің арқасында бүйректе тастар пайда болады. Қалыпты жағдайда зәрде тұздар болмайды.

Зәрдегі несеп қышқылының (ураттардың) пайда болуы. Зәр (несеп) қышқылының зәрде пайда болу себебі:

· Ағза сусыздануы

· Келсі тағамдарды пайдалану: ет, балық, какао, күшті шай, саңырауқұлақтар

· Зәрдің қышқылды ортасы

· Подагра

· Зәр қышқылды диатез (Мочекислый диатез)

· Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі

· Жедел және созылмалы нефрит

· Жаңа туған кез

Ураттардың деңгейін зәрден төмендеу үшін:

· Ішке қабылданатын сұйықтықтар деңгейін жоғарылату керек.

· Пуриндік қосылысы бар тағамдарды шектеу: жұмыртқа, (бобовые) және т.б.

· Сілтілі негізі бар минералды суларды ішу

· А және В тобындағы дәрумендері бар тағамдарды қабылдау.

Зәрдегі оксалаттар (кальций оксалаты). Зәрдегі оксалаттардың пайда болу себебі:

· Щавелий қышқылы және С дәруменіне бай тағамдар (шпинат, щавель, томат, спаржа, цитрустар, қарақат)

· Пиелонефрит

· Қант диабеті

· Этиленгликолмен улану

Зәрдегі оксалат деңгейін төмендету үшін:

· Күнделікті ішетін сұйықтық деңгейн жоғарылату (2-литрден артық)

· Құрамында магний бар тағамдарды көп пайдалану – теңіз тағамдары, теңіз орамжапырағы, сұлы және бидай ботқасы

· В (В1 және В6) тобындағы дәруменге бай тағамдарды қабылдау – етті тағамдар, жұмыртқа, бауыр.

Зәрдегі гиппур қышқылының кристалдары. Кристалдардың пайда болу себебі:

· Бензойной қышқылы бар тағамдарды көп қабылдау (қарақат, брусника)

· Қант диабеті

· Ішек дисбактериозы

· Бауыр жетіспеушілігі

Зәрде фосфаттар деңгейінің жоғарылау себебі:

· Зәрде фосфаттардың жоғарылауы келесідей тағамдарды қабылдаумен байланысты: балық, уылдырық (икра), сүт, айран, сұлы, қарақұмық (гречневая) ботқасы.

· Фосфатты тұздардың түзілудің бір себебі: зәрдің сілтілі реакциясы және зәрдегі кальцийдің жоғары болуы

Зәрде фосфаттардың деңгейі жоғары болғанда, тас түзілуді алдын алу үшін келесідей қадамдарды орындау керек:

· Кальций және Д дәрумені бар тағамадрды шектеу: балық майы, сүт, сүтті тағамдар, жұмыртқа, бауыр.

· Зәрдің қышқылдығын жоғарылату – қышқыл шырындарды, минералды суларды ішу

Зәрдегі бактерия. Қалыпты жағдайда бактериялар зәрде болмайды. Зәрде бактериялар пайда болу себебі: Зәр шығару жолдарының кез келген инфекциялық ауруы зәрде бактерияның пайда болуына алып келеді: уретрит цистит простатит пиелонефрит зәр жинау кезінде гигиеналық шараларды сақтамау вульвовагинит(зәрді дұрыс жинамағанда инфекция түсу). Егер зәрдегі бактериялар зәр шығару жолдарындағы инфекция кезінде болса, онымен бірге зәрде лейкоциттер, қабыну белгілері көрініс береді.

Зәрдегі саңырауқұлақтар. Қалыпты жағдайда зәрдегі саңырауқұлақ көрсеткіштері болмауы керек. Зәрде саңырауқұлақтардың пайда болу себебі:

· Зәр шығару жолдарының саңырауқұлақты инфекциямен зақымдалуы: цистит, простатит, уретрит

· Сыртқы жыныс ағзаларының саңырауқұлақпен зақымдалуы: саңырауқұлақты вульвовагинит, саңырауқұлақты баланопостит

· Иммунодефицитті жағдайлар

· Антибиотиктерді ұзақ уақыт пайдалану.

Наши рекомендации