Бақылау мен қадағалау кезіндегі тексерілетін субъектінің құқықтары мен міндеттері

АКТ

АКТ о назначении проверки

№______

«____»_____________20 ж . (г.)

Жіберіледі (Направляются)_____

тегi, аты, әкесiнiң аты, , лауазымы (фамилия, имя, отчество, должность)

___________________________

санитариялық-эпидемиологиялық қызметтiң мемлекеттiк органының атауы (наименование государственного органа санитарно-эпидемиологической службы)

Тексеруге тартылатын мамандар, кеңесшілер туралы мәліметтер (Сведения о специалистах, консультантах и экспертах, привлекаемых для проведения проверки)_________________________________________________

тегi, аты, әкесiнiң аты, , лауазымы (фамилия, имя, отчество, должность)

Санитариялық-эпидемиологиялық тексеру жүргiзу үшiн (для осуществления санитарно-эпидемиологического

обследования)_________________

(Тексерiлетiн субъекттiң атауы немесе тексерудi өткiзу тағайындалған жеке тұлғаның аты-жөні (бар болған жағдайда), орналасуы, сәйкестендіру нөмірі, аумақ телімі. Заңды тұлғаның филиалын (немесе) өкілдігін тексерген жағдайда тексерудi тағайындау туралы актiде оның атауы және орналасуы көрсетiледi)

_____________________________

(Наименование проверяемого субъекта, или фамилия, имя, отчество (при его наличии) физического лица в отношении которого назначена проведение проверки, его место нахождение, индификационный номер, участок территории. В случае проверки филиала и (или) представительства юридического лица в акте о назначении проверки указываются его наименование и место нахождения)

_____________________________________

қызмет түрi (вид деятельности)

Тексеру нысаны (Предмет проверки)______________________________________________________________

Тексеру жүргiзу мерзiмi (Срок проведения проверки)________________________________________________

Тексеру жүргізудің заңдық негiздерi (Правовые основания проведения проверки)_________________________

Тексерілетін кезең (Проверяемый период)___________________________________________________________

Бақылау мен қадағалау кезіндегі тексерілетін субъектінің құқықтары мен міндеттері

1. Бақылау мен қадағалау кезінде тексерілетін субъектілер төмендегіге құқылы:

1) төмендегідей жағдайларда нысанды тексеру үшін келген бақылау және қадағалау органдарының лауазымды тұлғаларын жібермеуге:

жоспарлы тексеру кезінде алдыңғы тексеруге байланысты уақыт аралығын сақтамау;

тексеру туралы актіде көрсетілген мерзімдер кешіктірілгенде немесе өткенде, осы Заңмен белгіленген мерзімдерге сай келмейтін мерзімдер жағдайында;

осы Заңның 16 бабының 7 тармағының 2), 4), 6), 7) және 8) тармақшаларыменқарастырылғаннан басқа жағдайларда бір ғана мәселе бойынша бір ғана кезеңде алдында тексеруден өткен субъекттіні мемлекеттік орган қайта тексергенде;

алдыңғы тексеру арқылы заң бұзушылықтар анықталмаған жағдайда осы Заңның 16 бабының 7 тармағының 1) тармағынасәйкес жоспардан тыс тексеру жағдайында;

осы Заңның 18 бабының 1 тармағының 13, 14, 15 тармақшаларыменқарастырылған ақпарат пен құжаттар болмаған жағдайда;

Егер Қазақстан Республикасының Салық кодексімен өзге жағдай қарастырылмаса, арызда немесе жасалған немесе жасалатын қылмыстар туралы хабарламада, жеке, заңды тұлғалар мен мемлекеттің құқығын және заңды мүдделерін бұзу туралы басқа да құжаттарда көрсетілген уақыт аралығынан асатын кезеңде тексеру кезінде;

тиісті өкілеттілігі болмаған тұлғаларға тексеру жүргізу тапсырылғанда;

осы Заңның 16 бабының 3 тармағындакелтірілген жағдайлардан бөлек тексеру актісінде тексерілетін бірнеше субъект көрсетілгенде;

тексеру мерзімін осы Заңмен белгіленген мерзімнен артық ұзарту;

2) тексеру тақырыбына немесе актіде көрсетілген кезеңге қатысты емес мәліметтерді бермеуге;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте тексеру актісіне, тексеру нәтижелері туралы актісіне және мемлекеттік органдардың әрекетіне (әрекет етпеуіне) шағымдануына,

4) мемлекеттік органдардың тексерілетін субъектілердің іс-әрекеттерін шектейтін заңсыз негізде салған тыйымын ескермеуге;

5) лауазымды тұлғаға кедергі келтірмей аудио және видео техниканың көмегімен тексеру барысын, сондай-ақ лауазымды тұлғаның тексеруге байланысты жекелеген әрекеттерін көрсетуге;

6) өз мүдделері мен құқықтарын қорғау мақсатында тексеруге үшінші тұлғаларды қатыстыруға, сондай-ақ үшінші тұлғалардың осы баптың 1 тармағының 5) тармақшасында қарастырылған әрекеттерді жүзеге асыруына.

2. Мемлекеттік органдармен жүргізілетін бақылау мен қадағалау кезінде тексерілетін субъектілер төмендегіге міндетті:

1) осы Заңның 18 бабының 1 тармағыныңталаптары орындалған жағдайда бақылау мен қадағалау органдарының лауазымды тұлғаларының тексерілетін субъект аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;

2) коммерциялық, салықтық немесе басқа да құпияларды сақтау талаптарының орындалуы арқылы бақылау мен қадағалау органдарының лауазымды тұлғаларына тексеру актісіне қосу үшін қағаз және электронды түрде құжаттарды (мәліметтерді) немесе олардың көшірмелерін, сондай-ақ тексеру мақсаты мен тақырыбына сәйкес автоматтандырылған деректер базасын (ақпаратты жүйелерді) ұсынуға;

3) тексеру актісінің екінші данасында алғаны туралы белгі қоюға;

4) тексеру аяқталған күнде оның тексеру нәтижелері туралы актінің екінші данасында алғаны туралы белгі қою;

5) Егер Қазақстан Республикасының Заңымен немесе басқа да заңдармен қарастырылмаса, тексеру жүргізілетін кезеңде құжаттарға өзгертулер мен толықтырулар енгізбеуге;

6) тексеру үшін нысанға келген тұлғалардың нысан нормативтеріне сәйкес зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен қорғалуын қамтамасыз етуге.

Наши рекомендации