Бап. Жеке және заңды тұлғалардың міндеттері
1. Қазақстан Республикасының азаматтары өз денсаулығын сақтаудың қамын жасауға міндетті.
2. Стационарлық және санаториялық емделуден адамдар медициналық ұйымдардың қолданыстағы режимін сақтауға міндетті.
3. Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес профилактикалық медициналық тексеріп-қараудан өтуге міндетті.
4. Жүкті әйелдер жүктіліктің он екі аптасына дейінгі мерзімде
медициналық есепке тұруға міндетті.
5. Азаматтар медицина қызметкерлерінің, денсаулық сақтау органдары мен ұйымдарының нұсқамаларын орындауға міндетті.
6. Жұқпалы аурулары және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулары бар азаматтар ез денсаулығын және айналасындағылардың денсаулығын сақтау әрі сақтану жөніндегі шараларды сақтауға және медициналық ұйымдардың талап етуі бойынша тексерілуден етуге және емделуге міндетті.
Айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулары бар азаматтар тексерілуден және емделуден жалтарған жағдайда, осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес мәжбүрлеу тәртібімен куәландыруға және емдеуге тартылады.
Айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардан зардап шегетін азаматтарды мәжбүрлеп емдеуге жіберудің негіздері мен тәртібі Қазақстан Республикасының осы Кодексімен реттеледі.
7. Жұқпалы аурулары және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулары бар және бұл ауруынан хабардар азаматтар медициналық көмек алуға барған кезде медицина персоналын өзінің ауруы туралы хабардар етуге міндетті.
8. Азаматтар санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтерді, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттығы саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға міндетті.
9. Қазақстан Республикасының азаматтары денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға оларды қолдану және пайдалану кезіндегі дәрілік заттардың, медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың жанама теріс әсері туралы ақпарат беруге міндетті.
10. Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар денсаулық сақтау саласында Қазақстан Республикасының азаматтары сияқты міндеттерді орындайды.
11. Жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар олар жүзеге асыратын қызметке сәйкес:
1) санитарлық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар жүргізуге;
2) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің және гигиеналық нормативтердің, сондай-ак мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың санитарлық- эпидемиологиялық қорытындыларының талаптарын орындауға;
3) өнімдер өндіру, тасымалдау, сақтау және халыққа өткізу кезінде орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтер мен өнімдердің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз етуге;
4) өз құзыреті шегінде өндірістік бақылау жасауды, оның ішінде зертханалық зерттеулер мен сынақтарды жүргізуге, жұмыстар орындау мен қызметтер көрсету кезінде, сондай-ак өнімді өндіру, тасымалдау, сақтау және өткізу кезінде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің сақталуына бақылау жасауды жүзеге асыруға;
5) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығына қауіп төндіретін авариялық жағдайлар, өндірістің тоқтауы, технологиялық процестердің бұзылуы туралы жаппай және топтық жұқпалы, паразиттік, кәсіби аурулар мен уланулар пайда болған, дәрілік заттардың. медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың жанама теріс әсері анықталған жағдайда халықты, жергілікті атқарушы органдарды, Қазақстан Республикасы санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің мемлекеттік органдарын уақтылы хабардар етуге;
6) қызметкерлерді кәсіби және гигиеналық оқытуды қамтамасыз етуге және кәсіби даярлығы бар мамандардың жұмыс істеуіне рұқсат беруге;
7) олардың құзыретіне сәйкес зертханада зерттеулер жүргізу үшін санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдарының лауазымды тұлғаларына өнімдердің, шикізаттың, тауарлардың, өндірістік ортаның сынамаларын іріктеп алуға мүмкіндік жасауға;
8) халықтың декреттелген тобының қатарындағы адамдарды, жұқпалы аурулармен ауыратын науқастарды және арнайы киім мен жеке қорғаныш құралдарын пайдаланбайтын түрлі ауру көздерін таратушыларды, сондай-ақ алдын ала және мерзімді медициналық қараудан өтпегендерді жұмысқа жібермеуге және жұмыстан шеттетуге;
9) тауарлардың, өнімдердің, шикізаттардың халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен гигиеналық нормативтерге сәйкес еместігі анықталған жағдайда оларды өткізуге рұқсат бермеуге, сондай-ақ оларды пайдалану немесе кәдеге асыру мүмкіндігі туралы шешім қабылдауға;
10) санитарлық паспорты болуға;
11) санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдарына халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы мәселелеріне қатысты есепке алу және есептілік құжаттамасын тексеруге беруге;
12) егер ол халықтың өміріне немесе денсаулығына қауіп төндіретін болса, кәсіпкерлік және (немесе) және өзге де шаруашылық қызметті тоқтата тұруға;
13) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің және гигиеналық нормативтердің сақталуы нысанасында тексеру мақсатында объектілерге мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;
14) эпидемиологиялық көрсеткіштер мен Қазақстан Республикасының санитарлық-эпидемиологиялық қызметі лауазымды адамдарының нұсқамалары бойынша өз қаражаты есебінен дезинфекция, дератизация және дезинсекция іс-шараларын жүргізуге;
15) салауатты тұрмыс алтын жүргізу және қалыптастыру әрі салауатты тұрмыс салтын жүргізетін адамдарды көтермелеу үшін қызметкерлерге жағдай жасауға.