Зертханалық диагностикасы
Науқыстын анамнез мәліметтеріне, емханалық зерттеу нәтижесіне,
зертханалық зерттеу нәтижелеріне негізделеді. Клиника-лабораторлық зерттеулер бойынша келесі ережелерді сақтау керек:
1Клиникалық қарау, жұғынға, егуге материалды дәрігер акушер гинеколог алуы керек.
2.Трихомониазбен сырқаттанғандарға 1 құжат амбулаторлық науқастың жеке картасы (Ф. № 065/е) толтырылады.
3.Диспансерлік карта толтырылады (Ф.№ 30).
Жыныстық қатынас туралы мәліметтер амбулаторлық картаға енгізіледі, олар тері венерологиялық диспансерінда тексеріліп, созға өршіту әдістері жүргізіледі. Трихомонадаларды табу үшін нативті немесе боялған препараттарды микроскоппен бірнеше күн қарау жүргізіледі. Үрдістің белсенділігі етеккір кеткеннен кейінгі кезінен байқалады.
Бактериологиялық диагностика үшін қолданылатын орталар:
1. Петровский ортасы.
2. № 1,2,3 орталары.
3.КДО
Егуге материал алу:
1.Әйелдерде- қынап, уретра.
2.Еркектерде-уретра.
Материал Фолькман қасығымен алынады, кейін материал ілмекпен қоректік ортасы бар пробиркаға көшіріліп, 37 С температурадағы термостатқа 78
сағатқа қойылады. Содан кейін нативті препаратты шыныда көреді. Бірінші қарағаннан кейін пробирканы 15 күннен қайталап қарайды. КДО ортасы (100,0 мл.тұзды ерітіндіге): натрий хлориді,калий хлориді, кальций хлориді, метилен көгі, 10 мл казеин гидролизаты, 10 мл 2 % мальтоза ерітіндісі, 160 000 бірл. пенициллин және стрептомицин. Жылқы сарысуын ІҚМ сарысуымен сол көлемде ауыстырылуы мүмкін
Емі:
Урогенитальды трихомониаз кезінде науқаста қабыну үрдісінің болу болмауына байланыссыз,қоздырғыш анықталса ем жүргізу қажет.Ерлі-зайыптыларды емдеу бір кезде жүргізіледі.Емдеу кезінде жыныстық қатынасқа тыйым салынады.
№ 1 таблица
Урогенитальды трихомониазды жалпы емдеу
Препарат аты | Бір реттік доза |
Метронидазол | 0,25-0,5 0,5*3 рет, кейін 0,25*4 рет 7 күн курс (7.5 г) |
Метронидазол 0,5%-100,0 | 0,5*100,0 5 күн бойы әр 8 сағат сайын көктамыр ішіне тамшылы. Курсқа 1,5 л |
Тинидазол | 2,0*1 рет, курс 3 күн (6 г) |
Орнидазол (Тиберал-Рош) | 0,2*2 рет. Курс 7 күн (2,8 г) |
Атрикан 250 Наксоджин | 0,25. 0,25 *2 рет 4 күн. 2,0. 1 күнде 2,0 1,0. 1,0 әр 12 сағат сайын- 3 қабылдау 0,25*2 рет 6 күн (3,0 г) |
Салко Трихопак (0,5 ампулалар) | 0,5 3 инъекция, 2 апта аралығында. 1 жылдан соң вакцинационы қайталау. |
Жазылу критерийлері
Емделгеннен кейін бұйрық бойынша «Д» бақылауда болады. Ем аяқталған соң 7-10 күннен кейін бақылау, сосын 3 айда 1 рет (ер адам бақылауда 2 ай, әйелдер 3 ай). Әйелдерде зерттеу 3 етеккір циклі мерзімінде жүргізіледі.
Бала ұйымға жазылудың констатациясынан кейін бактериологиялық зерттеудің 3 реттік теріс нәтижесінен кейін жіберіледі.
Алдын алу
Негізгі алдын алу шараларының кешеніне жатады:
-науқасты ерте анықтау, изоляция, дұрыс емдеу, оларды бақылау;
-жұқпа көзін анықтау, емдеу;
-Жыныстық серіктерді тексеру және емдеу;
-санитарлық- ағарту жұмыстары;
-әр науқасқа құжаттар толтыру;
Трихомониазбен ұтымды күресуге ұсынылған шаралар:
1. Барлық науқастар міндетті диспансерлік сапалық емделуге жатады.
2. Науқастар жылына 3 рет келуі керек. Осы уақыт аралығында 5-7 рет трихомонадаға патологиялық материал бактериальды егіледі. Trichomonas, мерезге серологияпық зерттеулер жүргізіледі.
3. Әйелдерге трихомониаз диагнозы қойылғанда дәрігер акушер- гинеколог
тері- венерологиялық диспансеріне оларды жыныстық серіктер туралы мәлімет беруі тиіс.
4. Әйелдердің жыныстық серіктеріне зертханалық зерттеулердің натижелері теріс болғанда да тері- венерологиялық диспансерінде ем жүргізіледі.
Урогенитальті хламидиоз
Хламидиоз- несеп-жыныс жолдарының жиі кездесетін ауруы. Қоздырғыштың даму циклы торша ішінде өтетін адам энергиясың есебінен өмір сүретін граммтеріс ерекше бактериялар.ДДҰ мәліметтеріне қарағанда несеп-жыныс мүшелерінің бейгонококктық аурулармен науқас әйелдердің 60 %, ерлердің 51% хламидиоз, ал профилактикалық тексерү кезінде ерлердің 5% клиникалық белгілерінсіз хламидиоз анықталады.
Адам денесінде торша ішінде хламидиялар ұзақ ұақыт сақталып, реактивтік артриттер мен Рейтер ауруының 25 % жағдайда жүктіліктің ыңғайсыз бітуіне(түсік тастау т.б.) себепкер болады.
Хламидиялық этиологиялы қабыну аурулары еркектерде( гонореялық емес уретрит, эпидидимит, проктит), әйелдерде (кольпит, цервицит, эрозиялар, уретрит, сальпингит, проктит), тіпті нәрестелерде (коньюктивит, отит, пневмония) байқалады.
Хламидиялар – грамтеріс бактериялар. Онда морфологиясы және биологиялық қасиеті бойынша ерекшеленетін элементарлық және инициальді денешік бар.
Элементарлық денешік- торшадан тыс өмір сүруге бейімделген қоздырғыштың инфекциялық формасы. Инициальді денешік – микроорганизмнің репродукциясын қамтамасыз ететін паразиттің торшаішілік формасы.
Хламидиялардың басты биологиялық ерекшелігі болып облигатты торшаішілік даму циклі табылады. Осы кезде спора тәрізді элементарлық денешіктер (ЭД) сезімтал клеткалар фагоциттеледі, бірақ ерімейді, бірінші алмасушы денешіктерге (АТ), кейін ретикулярлық денешіктерге (РД) тасылмалданады. Соңғылары өз кезегімен жаңа элементарлық денешіктер тудырады. Осындай жолмен ие - цитоплазмасында хламидиялардың микроколониялары түзіледі: торшаішілік қосылыстар.
Хламидиялардың торшаішілік даму циклі 2-3 тәулікке жалғасады, осыдан кейін инфицирленген торша бұзылып және торшааралық кеңістікке көптеген жаңа түзілулер ЭД және РД түседі. Сосын жаңа торшалар инфицирленеді. Сөйтіп патологиялық процесс жалғасады.
Хламидиоз жиілігі жоғары: кіші жамбас мүшелерінің және төменгі жыныс жолдарының қабыну ауруларымен қаралған әйелдерде 50%- 40% науқастарда хламидиялар соз түрінде бөлінеді.
Оральдық контрацептив қолданған әйелдерде хламидиоз жиілігі төмендеген. Бірақ тәжірибелік зерттеулер этинилэстрадиол, медроксипрогестерон местранол ацетат эндометрии торшаларында хламидиялар репликациясын тежемейтінін көрсетті.