Ауыз қуысы және шеткері лимфа түйіндерді тексерудегі дағдылар бойынша
Интерн шифрі:______________________________________
№ | Қадамдарды бағалау критериі | Балл түрінде бағалау | ||
1. | Емтихан тапсырушы қолын жуды, амандасты, өзін таныстырғаннан соң науқас жанына, жарыққа жақын жердегі орындыққа отырды. Екі шпательдің көмегімен науқастың ауыз жұтқыншағын ұқыпты тексерді. | |||
2. | Емтихан тапсырушы таңдай бадамшаларының өлшемін, олардың түсі мен пішіннің өзгерісін, бадамшаны қоршаған тіндердің, таңдай доғаларының тілшіктің, жұмсақ таңдайдың, жұтқыншақтың артқы қабырғасының жағдайын дұрыс бағалап, онда қабыну үрдісінің қызару, шырышты қабаттардың ісінуі, іріңді, шырышты, фибринді жабындыларды бар жоқтығын анықтады. | |||
3. | Тексеру кезінде алынған нәтижелерді бағалау барысында сол ауруларға ұқсас аурулар арасында салыстырмалы диагностика жүргізді және оларды түсіндірді. | |||
Күл ауруында: фибринді жабынды шырышты қабаттың үстінен көтеріңкі/+тін/ орналасады, түсі басында ақшыл сұр, кейіннен кір сұр түсті. Жабынды үсті тегіс, жылтыр, жабынды тығыз, қиын алынады, заттық әйнектер арасында езілмейді. Шеткері лимфа түйіндердің шамалы ісінуі және аздап ауыруы анықталады. | ||||
Фолликулярлы баспа: ауыз-жұтқыншақтың шырышты қабаты ашық қызыл, бадамша бездері ісінген, бадамшаларда, шырышты қабат астында тары дәніне ұқсас, сары түсті іріңдеген фолликулалар көрінеді. Тампон немесе шпательмен алынбайды. Шеткері лимфа түйіндері ұлғайған, ауырады және тығыз. Лимфа түйіндегі анықталатын өзгеріс ауыз жұтқыншақтағы өзгеріске сай. | ||||
Саңырауқұлақтық баспа: бадамша безінің, доғалардың, тілшіктің, жұтқыншақтың шырышты қабатының шамалы жайылган қызаруы үстінде дәндену анықталады. Жұмсақ таңдайдың және таңдай доғаларының ісінуі байқалады, шеткі лимфа түйіндері ұлғаймайды. Бадамшаларда нүктелі, аралшық тәрізді немесе жайылған, бадамша безінен көтеріңкі орналасқан жабындылар анықталады. Жабындылардың түсі ақшыл-сары, борпалдақ, сүзбе тәріздес, беті тегіс емес, оңай алынады, әйнектердің арасында оңай езіледі. | ||||
Некрозды баспа: бадамшалардың зақымдалған жерлерінде кедір-бұдыр, томпайған, жасыл сары немесе лас сұр түсті, шырышты қабатқа терең кеткен жабындылар. Әдетте жабындыларға фибрин сіңген, сондықтан олар тығыз. Жабынды алынғанда алынған орны қанайды, түгелдей дерлік әйнектер арасында езіледі. Шеткері лимфа түйіндері ұлғайған, ауырады және тығыз. | ||||
Афтозды стоматит: афталар баспалардың бетінен көтерілмейді, түсі ақшыл-сұр, алғанда алынбайды, себебі афтозды зақымдану кезінде жабынды да, детритте болмайды. Жұтынғанда қатты ауру сезімі, сілекей ағу, тонзиллярлы және жақ асты лимфа түйіндерінің ұлғаюы анықталады. | ||||
Жұқпалы мононуклеоз: мойын конфигурациясы өзгерген, оны мойын шел қабатының ісінуімен шатастырып алады. Барлық симптомдар баяу дамиды, мойынның ұлғайған лимфа түйіндері мен бадамшалардағы жабындылардың көлемі арасында байланыс жоқ. | ||||
Мойын лимфа түйіндерінің ұлғаюы, 2-3 күннен сон бадамшаларда борпылдақ, кедір-бұдыр, тегіс емес қалыңдықтағы ақ-сары түсті, оңай алынатын жабындылар пайда болады. |
Кезең бойынша максимальды балл – ____________
Тапсырманы орындауға берілген уақыт – 5 минут
Жинаған баллы_____________( _______% )
Емтихан қабылдаушының аты-жөні__________________
Бауыр пальпациясы
Интерн шифрі_______________________________________________________________
№ | Қадамды бағалау критериі | Балл түрінде бағалау | ||
Емтихан тапсырушы қолын жуып, амандасты. Науқастың оң жағына отырды, дағды туралы түсіндірді | ||||
Ең бірінші іштің алдынғы бетінде көк тамырлар болуы мүмкіндігіне назар аударды. | ||||
Бауырдың жоғарғы шекарасын емшек сызығы бойымен перкуссиялау арқылы тапты, емшек ұшы бойымен төмен қарай дыбыс тұйықталғанша. Қалыпты жағдайда ол 6 қабырғаның жоғарғы қыры. | ||||
Іш аймағын пальпациялау арқылы үш сызық бойымен бауырдың төменгі шекарасын тапты: алдынғы-аксиляры, бұғана ортанғы және аралық, қабырға доғасынан бірнеше сантиметр төмен бауырдың төменгі шеті шығып тұрады | ||||
Егер пациент кішкентай жаста болса қабырға алдынғы бұлшықеттері босаңсу үшін, дем шығарған сәтте пальпациялайды. Әңгімелесу арқылы баланың көңілін аулады. | ||||
Бауырдың төменгі шекарасын іштің төменгі шекарасын пальпациялау арқылы бастады. | ||||
Емтихан тапсырушының алақаны іштің алдынғы бетіне толықтай тиіп, ал саусақ ұштары аздап толқын тәрізді қимылдар жасайды. | ||||
Бауырдың шеті мен консистенциясына қарймыз. қалыпты жағдайда: жұмсақ Беті: тегіс Қыры: үшкір қалыпты жағдайда: ауырсынбайды | ||||
Егер де бауырдың ұлғаюына күмән туса, пациент әр дем шығарған сайын саусақтарды қабырға доғасының астына қарай енгізіп отырды | ||||
Бауырдың төменгі шегарасын анықтау қиынға түссе. Бауырдың төменгі шекарасын анықтау үшін оң жақ қабырға доғасымен қолтық алды сызығынан, бұғана орта сызығынан, және орта сызықтан, кіндік деңгейінен жәй перкуссияны бастады жоғары қарай тұйықтау дыбыс шыққан жерге дейін. | ||||
Қорытынды |
Кезең бойынша максимальды балл – ____________
Тапсырманы орындауға берілген уақыт – 5 минут
Жинаған баллы_____________( _______% )
Емтихан қабылдаушының аты-жөні__________________