ТаҚырып бойынша студенттіҢ Өзі Өзі тексеруіне арналҒан тест сҰраҚтары

1. Биопотенциал деп ... айтады.

A.жасуша мембранасының iшкi және сыртқы орталары аралығындағы потенциал айырымын

D.жасуша мембранасының iшкi орталардағы потенциалын

C.жасуша мембранасының сыртқы орталардағы потенциалын

D.температураның өзгеруiн

E.сыртқы күштiң әсерiн пайда болатын потенциал айырымын

2. Миелинді талшықта қозу әсерi (терiс заряд) оның тiтiркендiрген жерiнiң қасындағы жерге, одан әрi қарай ... жылжиды.

A. | бiрқалыпты

B. |үздiксiз, өте тез

C. |секiрмелi түрде,

D. | үздiксiз, өте жай

E. |үдемелi түрде

3. Миелинді нерв талшығы деп

А. Цилиндр тәрізді аксонды атаймыз.

В. Сырты цитоплазмалы мембранмен қапталған, әр жерінде жалаңашталынған аймағы бар аксонды атаймыз.

С. Сырты цитоплазмалы мембранмен қапталған аксонды атаймыз

Д. Пішіні цилиндр тәрізді, цитоплазмалы мембранмен қапталған аксонды атаймыз.

Е. Дұрыс тек А және С

4. Нерв талшығы арқылы импулстардың таралуы мына түрде жүреді

А. Қозу деполяризацияланған аймақтан қозбаған барлық аймаққа тарайды.

В. Қозу деполяризацияланған аймақтан қозбаған аймаққа тарайды.

С. Қозу деполяризацияланған аймақтан қозбаған аймаққа қарай бір бағытта тарайды.

Д. Қозу оң зарядталған аймақтан теріс зарядталған аймаққа қарай нерв бойымен тарйды.

Е. Дұрыс жауаптар А және Д.

5. Жүйке талшықтарының қозбаған жерiндегi мембрана бұрынғыдай ... зарядталады.

A. |сыртқы бетi оң, ал iшкi бетi терiс

B. |сыртқы бетi терiс, ал iшкi бетi оң

C. |екi бетi бiрдей

D. |сыртқы бетi зарядталмайды, ал iшкi бетi оң

A. |сыртқы бетi зарядталмайды, ал iшкi бетi терiс

6. Мембрананың қозған жерi мен қозбаған жерi арасында пайда болған потенциалдар айырмасы жүйкенiң ... жылжытады.

A. |iшiндегi және сыртындағы иондарды оң зарядтан терiс зарядқа қарай жүйке бойымен

B. |iшiндегi және сыртындағы иондарды терiс зарядтан оң зарядқа қарай жүйке бойымен

C. |iшiндегi және сыртындағы иондарды кез-келген бағытта

D. |iшiндегi иондарды терiс зарядқа қарай жүйеке бойымен

E. |сыртындағы иондарды оң зарядқа қарай

7. Нерв талшығы арқылы әрекет потенциалының өшпей таралуы үшін

А) мембрана кедергісі аз болуы тиіс

В) мембрана сиымдылығы аз болуы керек

С) Нерв жасушасы мембранасы белсенді орта болуы тиіс

D) мембрана сырты мен іші арасында потенциалдар айрымы болуы тиіс

E) дұрыс жауап А және С

8. Мембрана аралық потенциалдың пайда болуы үшін қажетті және жеткілікті шарттары:

A) мембрананың таңдамалық өткізгіштік қабілетің болуы

B) мембрананың екі бетіндегі иондар концентрациясы арасында айрымының болуы

C) А және В шартының бір мезгілде орындалу

D) автотербелістік процестің болуы

E) иондар үшін өтімділіктің артуы

9.Эксперимент арқылы мембраналық– иондық теорияны дәлелдеген:

A. Гук

B. Фарадей

C. Ходжкин мен Хаксли

D. Эдисон

10.Тыныштық потенциалы .....

1.Вавилов теңдеуімен сипатталады, ал әсер потенциалы...

2. Голдман-Ходжкин-Катц теңдеуімен сипатталады, ал әсер потенциалы...

3.Маттеучи теңдеуімен сипатталады, ал әсер потенциалы...

4.Эдисон теңдеуімен сипатталады, ал әсер потенциалы...

А. Нернст-Планк теңдеуімен сипатталады

В. Ходжкин-Хаксли теңдеуімен сипатталады.

С. Планк теңдеуімен сипатталады.

Д. Нернст теңдеуімен сипатталады.

11. Мембранадағы биопотенциалды тіркейтін әдісті.... деп атайды.

A. Миография

B. Томография

C. Микроэлектродтық техника

D. Механография

12. Әрекет потенциалының шамасы ..... иондар концентрациясына тәуелді.

A. Na және Ca

B. Na, K және CL

C. K және CL

D. Na, Ca, CL

13. Қозған аксонның деполяризациялану фазасында Nа иондары..... қарай өтеді

A. Жасушаның сыртына

B. Ішке қарай

C. бір мезгілде ішке және сыртқа

D. Жүйке бойымен таралады

14. Әрекет потенциалының реполяризациялану фазасында иондардың таралу бағыты:

A. Na, K- ішке қарай

B. Na – ішке қарай

C. К– ішке қарай, Na- сыртқа

D. К – сыртқа қарай

15. Мына графиктен поляризацияға, деполяризация және реполяризацияға сәйкес келетін аймақтарды көрсет

 
  таҚырып бойынша студенттіҢ Өзі Өзі тексеруіне арналҒан тест сҰраҚтары - student2.ru

Dj

1 1 2 3 4 5 6 t, мс

j jӘ

T

4 лекция. КАРДИОМИОЦИТЕ ӘРЕКЕТ ПОТЕНЦИАЛЫНЫҢ

ПАЙДА БОЛУ МЕХАНИЗМІ.

Лекция жоспары:

1. Кардиомиоцитегі әрекет потенциалы.

2. Миокард жасушасындағы ионнық насостар.

3. Кардиомиоцит фазалары.

4. Кардиомиоцитің өткізгіштігін зерттеу әдістері.

5. Эйтховен теориясы.

6. ЭКГ. Жүрек потенциалын өлшеу әдістері.

Лекция мақсаты: Жүрек миокардында биопотенциалдың пайда болуы механизмін, деполяризация ұзақтығының ерекшеліктерін талдау. Жүрек бұлшық етінде биопотенциалдың таралуын қарастыру. Эйнтховен теориясының негізгі және ЭКГ түсірудің принциптерімен танысу.

Жүрек бұлшық ет жасушаларындағы әрекет потенциалының түрі мен пайда болуы механизмі және оның деполяризация ұзақтығы жүйке талшықтары мен қаңқа сүйек бұлшық ет жасушаларындағы әрекет потенциалының ұзақтығынан өзгеше. Мысалы, кальмар аксонындағы әрекет потенциалының ұзақтығы 0,5-1 мс болса қаңқа сүйек бұлшық еттегі 2-3 мс болады, ал жүрек қарыншасының миокардындағы әрекет потенциалының ұзақтығы 250-300 мс созылады (1 сурет).

мВ

таҚырып бойынша студенттіҢ Өзі Өзі тексеруіне арналҒан тест сҰраҚтары - student2.ru

 
таҚырып бойынша студенттіҢ Өзі Өзі тексеруіне арналҒан тест сҰраҚтары - student2.ru

1 сурет

Мұндай ұзақ уақыт жүрек бұлшық ет құрылымының қозуы мен жиырылуының синхронды болуын қамтамасыз етеді, ол өз кезегінде қан айдауға мүмкіндік береді.

Кардиомиоциттағы әрекет потенциалының өзгеше болуы жасушаның ішкі және сыртқы орталарындағы иондардың таралуына тікелей байланысты. Кардиомиоцит пен қаңқа сүйегі бұлшық еттерінде калии және натрии иондарының концентрациясы жақын. Бірақ, кардиомиоцитте әрекет потенциалының пайда болуы мен жүректің жиырылуында кальции иондарының үлкен үлесі бар екендігі анықталды. Кальции ионы жасушаның сыртында 2 ммоль/л болса, ішінде өте аз 10-4 ммоль/л шамасында. Ал жүректің жиырылуы кезінде, жасуша ішінде бос кальции иондарының концентрациясы 103 ммоль дейін артуы мүмкін, бірақ бұл артық иондар реполяризация кезінде жасушадан сыртқа шығарылады.

Кардиомиоциттегі иондар байланысын калии, натрии және кальции иондық насостары қамтамасыз етеді, олар жасушадан сыртқы ортаға активті тасымалдау арқылы натрии және кальции иондарын айдайды, ал пассивті тасымалдау арқылы ішке кальции, натрии, сыртқы ортаға калии иондарын айдайды (2 сурет).

таҚырып бойынша студенттіҢ Өзі Өзі тексеруіне арналҒан тест сҰраҚтары - student2.ru 2 Ca2+

Пассивті тасымаладу

Са2+ [ 2]

Na+ [145] Активті тасымалдау

K+ [4]

3 Na+

2 сурет

Бұл насостардың жұмысын саркомадағы миокардит жасушасындағы калии-натрии АТФаза мен кальции АТФаза ферментері қамтамасыз етеді. Мембрананың 1 мкм2 ауданындағы калии-натрии насосының тығыздығы 1000, яғни 1 см2 ауданға 1011 насостан келеді. Иондық насостар 1 секундта иондарды 20 рет айдаса, онда 1 см2 аудандағы насостар 1 секундта иондарды 2∙1012 рет айдар еді. 1 иондық насос 1 ретте 3 натрии ионын айдайтыны белгілі, сонда 1 см2 аудандағы барлық насостар 1 секундта 6∙1012 ионды айдайды. Бұл иондар санын Авогадро санына (6,02×1023 моль) бөлсек 10×10-12 моль/см2×с саны келіп шығады, мұнан мембрананың 1 см2 ауданы арқылы 1 секундта 10 моль натрии ионы тасымалданатын анықтайймыз.

Тыныштық қалыптағы мембранның натрии және кальции иондарын өткізуі өте төмен, мысалы PNa/PK = 0,05, сол секілді PСа/PК қатынасы да төмен, оның үстіне мембрана сыртында кальции иондарының концентрациясы Na+, K+ иондарына салыстырғанда аз. Сондықтан миокардтың тыныштық потенциалы жасушаның екі жағындағы калии иондарының концентрациясымен анықталынады.

Миокардтың әрекет потенциалы үш түрлі фазамен (кезеңмен) сипаталады: I фаза-деполяризация кезіндегі күй, II фаза- плато кезіндегі күй және III фаза- реполяризация кезіндегі күй.

I фаза – деполяризациялық кезең. Бұл кезең мембрананың натрии иондарын өткізуінің күрт өсуімен PK : PNa = 1:20 және мембранадағы jМ тыны9штық потенциалының кемуімен (потенциал таңбасының өзгеруімен) сипатталады. Мебранадағы потенциал шамасы -60мВ жеткенді натрии каналдары 1-2 миллисекундтан 6 милисекундқа дейін ашылады (3сурет).

Фаза Каналдар сипатамасы Ионды каналдардың күйі Ток бағыты
  I - Деполяризация ТNa= 1-2 мс
 
  таҚырып бойынша студенттіҢ Өзі Өзі тексеруіне арналҒан тест сҰраҚтары - student2.ru

jNa = -60мВ

Na Ca K   Na+  

3 сурет

II фаза-плато (жазықтық). Бұл кезеңде мембранадағы әрекет потенциал шамасы +30 мВ тан 0 дейін төмендейді және екі түрлі каналдар бір мезгілде жұмыс істейді, яғни кальции және калии каналдары иондарды баяу өткізе бастайды. Ашылған кальция каналы баяу түрде жасушаға кальции иондарын өткізе бастайды, нәтижесінде ішке қарай бағытталған ток пайда болады:

таҚырып бойынша студенттіҢ Өзі Өзі тексеруіне арналҒан тест сҰраҚтары - student2.ru

мұндағы gCa – мембрананың Ca2- ионы үшін өткізгіштігі. Бұл пассивті тасымалдау кальции ионы үшін электрохимиялық градинет есебінен жүреді. Мембрана кальции тогының өсуімен қатарласа калии ионын өткізуін де күшейтеді, бұл өз кезегінде мембрананың сыртына қарай бағытталған калии тогын және мембрананың сәйкес иондарды өткізгіштігін таҚырып бойынша студенттіҢ Өзі Өзі тексеруіне арналҒан тест сҰраҚтары - student2.ru кемуін, таҚырып бойынша студенттіҢ Өзі Өзі тексеруіне арналҒан тест сҰраҚтары - student2.ru жоғарылауын тудырады және мембрананы реполяризациялауға алып келеді (4 сурет). Осылайша пайда болған қарама қарсы бағытталған екі токтың шамасы бірте бірте теңеседі, бұл өз кезегінде мембранадағы потенциалды 0 дейін төмендетеді. Бұл кезеңде кальции мен калии токтарының қосындысы 0 ұмтылады

таҚырып бойынша студенттіҢ Өзі Өзі тексеруіне арналҒан тест сҰраҚтары - student2.ru

Фаза Каналдар Сипатамасы Ионды каналдардың күйі Ток бағыты
  II – Плато ТСa=200-250 мс jСа = +30 мВ   таҚырып бойынша студенттіҢ Өзі Өзі тексеруіне арналҒан тест сҰраҚтары - student2.ru Na Ca K Сa+   К+

4 сурет

III фаза - реполяризациялау кезеңі.Бұл кезең кальции каналдарының жабылуымен, таҚырып бойынша студенттіҢ Өзі Өзі тексеруіне арналҒан тест сҰраҚтары - student2.ru жоғарылауымен, нәтижесінде мембранадан сыртқа қарай калии тоғының күшейуімен сипатталады ( 5 сурет).

Фаза Каналдар сипатамасы Ионды каналдардың күйі Ток бағыты
  IIІ- реполяризация   ТК = -50 мс     таҚырып бойынша студенттіҢ Өзі Өзі тексеруіне арналҒан тест сҰраҚтары - student2.ru Na Ca K     К+

5 сурет.

Кардиомиоциттегі қозу құбылысын арнаулы әдістермен зерттейді. Соның бірі кальции иондарын блокатор арқылы тежеу әдісі. Миоциттегі кальции тогын (кальции иондарының ағынын) тежейтін Д-600, верапамид, Li Mn2+ металдарының катионы т.б. препараттар анықталды. Олар кальции иондарын жасушаға енуін тежейді, соның нәтижесінде мембранадағы әсер потенциалының шамасы мен түрі өзгереді. Жүрізілген тәжрибелер кальции каналдарын тетродотоксинмен, натрии ионымен тежеуге болматындығын көрсетті, бұл жағдай кардиомиоцитте жеке кальции каналдарынынң болатындығын дәлелдейді.

Келесі люминесценттік талдау әдісі. Бұл әдіс жарқырауық медузадан алынған экворин ақуызы арқылы кальции иондарының тасымалдауын бақылауға болады. Оның басты ерекшілігі кальции ионын қосып алған экворин ақузы өзінен жарық шығарып, люминесценцияланады. Экворин ақузын жүрек бұлшық еті дәрілеріне қосып береді де,арнаулы оптикалық құралдармен оның шығарған жарығының интенсивтілігін өлшейді.

Осылайша алынған мәліметтер арқылы жүрек бұлшық еттерінде кальции иондарын тасымалдау кезінде әсер потенциалы өзгерісін сипаттауға болады.

Қалыпты жағдайда және патология кезінде жүрек бұлшық еттерінде кальции иондарының таралуын радионуклидті диагностика әдісі арқылы анықтайды. Осы мақсатта кальцидің Са45 изотопы қолданылады. Изотаптан шығатын бета сәулесін сканер арқылы тіркейді.

Енді жүрек бұлшық етінде қозудың (әрекет потенциалының - электр импульсінің) таралу механизмін қарастырайық. Жүрек құлақшасында орналасқан, тұрақты түрде үздіксіз электр импульсін өндіретін «синоаурикулярлы (синус) түйіні (Кейт-Флака түйіні)» деп аталатын ерекше нүкте бар. Ол өндірген электр импульсі жүрек бұлшық еттерінде таралып, жүрек қарыншасы мен жүрекшелерді кезек- кезгімен синхронды түрде жиырылуын қамтамасыз етеді. Жүректі

ң жиырылу жиілігі синоаурикулярлы (синус) түйінде (СТ) автоматты түрде өндірілген қозуға (электр импульсіне) тікелей байланысты, сондықтан СТ «пейсмекер» деп атайды.

СТ өндірілген электр импульсі (әрекет потенциалы) алдымен жүрек құлақшасына 1 м/с жылдамдықпен жетеді, 40 миллисекундтан соң құлақшаның барлық аймағы қозған күйге, яғни деполяризация күйіне көшеді. Жүрек құлақшасында әр түрлі жолдармен тарағын электр импульстары, жүректің фиброзды ұлпасында орналасқан, электр импульстарын өткізбейтін (қозбайтын), қарыншаны жүрекшеден бөліп тұратын атриовентрикулярлы түйінге бір мезгілде жетеді. Тек осы түйін ғана қозуды, яғни электр импульстарын қарыншадан жүрекшеге жеткізетін бірден бір жол болып саналады. Бұл түйіннің электрлік кедергісі жоғары, сондықтан онда электр импульстарының таралуы қарыншаға қарағанда 0,02-0,05 м/с баяу жылдамдықпен тарайды. Аталған құбылыс атриовентрикулярлы тежеу деп аталады. Бұл тежеу диастола кезінде қарыншада жиналған барлық қан көлемін жүрекшенің жиырылуына дейін жүрекшеге жиналуына жететіндей уақыт береді. Атриовентрикулярлы түйіннен тараған электр импульсі жүректің өткізгіш келесі буыны- Гиса шоғына (түйініне) жетеді. Бұл аймақтағы талшықтар жуан болғандықтан оларда электр импульстары 2-3 м/с жылдамдықпен тарайды. Гиса шоғынан Пуркинье талшықтары тарайды, олардың диаметрлері миокард талшығына қарағанда үлкен, сондықтан бұл талшықтрда электр импульстарының таралу жылдамдағы 4-5 м/с жетеді. Ары қарай электр импульстарның таралуы баяулайды, бұл жүрекшенің барлық бұлшық еттерінң синхронды түрде жиырылуына мүмкінді береді. Осылайша электр импульсі жүрекшенің қарынша аймағанда жиырылмаған бөлігіне жетеді (6 сурет).

1 – синоаурикуляр (синус) түйіні (0с); (Кейт-Флака түйіні).   2 – құлақша миокарды (0,13 с);   3 - атриовентрикуляр түйіні (0,03 с);   4 - Гиса шоғы (0,08 с);   5 – Гиса шоғының аяқтары (0,09 с);   6 – Пуркинье талшағы (0,11 с);   7- Қарынша миокарды. 6 сурет 6 сурет    

таҚырып бойынша студенттіҢ Өзі Өзі тексеруіне арналҒан тест сҰраҚтары - student2.ru таҚырып бойынша студенттіҢ Өзі Өзі тексеруіне арналҒан тест сҰраҚтары - student2.ru таҚырып бойынша студенттіҢ Өзі Өзі тексеруіне арналҒан тест сҰраҚтары - student2.ru таҚырып бойынша студенттіҢ Өзі Өзі тексеруіне арналҒан тест сҰраҚтары - student2.ru таҚырып бойынша студенттіҢ Өзі Өзі тексеруіне арналҒан тест сҰраҚтары - student2.ru таҚырып бойынша студенттіҢ Өзі Өзі тексеруіне арналҒан тест сҰраҚтары - student2.ru таҚырып бойынша студенттіҢ Өзі Өзі тексеруіне арналҒан тест сҰраҚтары - student2.ru таҚырып бойынша студенттіҢ Өзі Өзі тексеруіне арналҒан тест сҰраҚтары - student2.ru таҚырып бойынша студенттіҢ Өзі Өзі тексеруіне арналҒан тест сҰраҚтары - student2.ru таҚырып бойынша студенттіҢ Өзі Өзі тексеруіне арналҒан тест сҰраҚтары - student2.ru

Жүректің электр импульсін тарату жүйесіндегі ақау аритмия немесе жүрек соғуының бұзылуы деп аталады. Мұндай ақау жүрек соғысының өте төмен (брадикардия) немесе өте жоғары (тахиаритмия) болуына алып келеді.

Медициналық практикада жүрек потенциалын өлшеу әдісін электрокардиография(ЭКГ) деп атайды, ал өлшеу құралын электрограф деп, өлшеу нәтижесінде алынған қағаздағы жазба мәлімет электрограмма деп аталады. Оның негізіне Эйнтховенның тармақтар теориясы алынған. Бұл теорияға сәйкес жүрек диполдық моменті РЖ болатын электр диполі ретінде қарастырылады, ол жүрек қызметінің циклына сәйкес уақыт өтуіне қарай өз осі бойымен кеңістікте бұрылады, орналасуын өзгертеді. Эйнтховен жүректі үштары «оң қол - сол қол- сол аяқ» болатын тең қабырғалы үшбұрыштың ортасында орналасқан деп санауды ұсынған (7 сурет). Олай болса диполдің дипольдік моментінің үшбұрыш қабырғаларына түсіретін проекциясы жоғарыда аталған нүктелер арасындағы потенциал айырымына тең, ол өз кезгінде жүрек потенциалын сипаттайды.

Биопотенциалдары өлшенетін екі нүкте жұбы «тармақтар» деп аталады. Осыған сәйкес 1912 ж. Эйнтховен «ОҚ- СҚ-СА» тармақтарын «стандартты тармақтар жүйесі» деп атауды ұсынды және ол үш тармақтан тұрады. І тармақ «оң қол- сол қол», ІІ тармақ «оң қол- сол аяқ», ІІІ тармақ «сол қол- сол аяқ». Әр тармаққа өз потенциалдар айырымы UI : UII : UIII сәйкес келеді. Жүрек - диполдің үшбұрыш қабарғаларына түсіретін диполдік моментінің проекциясы Pi мен потенциалдар айрымы Ui арасында мынадай тәуелділік анықталған UI : UII : UIII = РI : РII : РIII.

«Диполь-жүрек» уақытқа байланысты өз осімен айналатындықтан оның тармақтардағы проекциясы потенциалдар айрымының уақытқа тәуелділігін көрсетеді, оны электрокардиограмма (ЭКГ) деп атайды (7 сурет). Жүрек -диполдің РЖ моменті мен оның І тармақтағы проекциясы арасындағы a бұрыш жүректің электрлік осінің бағытын көрсетеді, ол көбіне жүректің анатомиялық осімен сәйкес келеді (8 сурет).

таҚырып бойынша студенттіҢ Өзі Өзі тексеруіне арналҒан тест сҰраҚтары - student2.ru UI

РI

таҚырып бойынша студенттіҢ Өзі Өзі тексеруіне арналҒан тест сҰраҚтары - student2.ru

a

PII PIII

UII UIII

7 –сурет. 8-сурет.

ЭКГ тістерін латын әріптері P, QRS және T белгіленеді. Электрокардиограммадағы Р тiсi жүрекше құлақшасының жиырылуы кезінде, Q,R,S тiстер кешені жүрек қарыншасы жиырылғанда, ал T тісі оның соңғы кезеңiнде, яғни жүрек қарыншаның бастапқы қалпына келгенде (босаңсығанда) пайда болады (9 сурет). э

таҚырып бойынша студенттіҢ Өзі Өзі тексеруіне арналҒан тест сҰраҚтары - student2.ru ++++++

+

 
 
9 сурет

Медицналық практикада стандартты тармақтардан басқа кардиалды униполярлы ( кеуде) ЭКГ тармақтары да кең түрде қолданылады. Мұнда бір электродты активті деп атап, оны кеуде қуысының сол жақ бетінің 6 нүктесіне орналастырады. Бұл активті электрод Вильсон электродымен бірге 6 кеуде тармағын құрайды(10 сурет). Кеуде тармағы «V» бас латын әрпіне активті электродтың орналасқан орнына сәйкес келетін санды тіркеп жазу арқылы белгілейді, мысалы V1, V2, V3, ... V6

таҚырып бойынша студенттіҢ Өзі Өзі тексеруіне арналҒан тест сҰраҚтары - student2.ru

 

Рис 10

V1 тармағы – активті электрод оң жақ кеуде куысындағы 4 қабырға аралық нүктеге орнатылады.

V2 тармағы - активті электрод сол жақ кеуде куысындағы 4 қабырға аралық нүктеге орнатылады.

V3 тармақ - активті электрод екінші және төртінші позицияда, яғни сол жақ парастерналды сызық деңгейіндегі төртінші қабырға нүктесіне орнатылады;

V4 активті электрод сол кеуде кусындағы 5 қабырға аралық сызық бойына орнатылады;

V5 активті электрод сол жақ қолтық асты сызығының бойына орналатылады;

V6 активті элемент сол жақ қолтық асты горизонталь сызық бойына орналатылады;

ЭКГ диагностикалық мәліметі ретінде оның P, QRS және T тістерінің биіктігі және P-Q, Q-R-S,S-T, R-R интервал ұзақтығы алынады. Пациентен алынған ЭКГ мәліметтерді төмендегі кестеде берілген стандарты мәліметпен салыстырылады.

ЭКГ II тармағында қалыпты жағдайдағы жүрек биопотенциалы мен уақыт интервалың мәндері

P Q R S T
U,мВ t,cek U,мВ t,cek U,мВ t,cek U,мВ t,cek U,мВ t,cek
0.05-0,25 0-0,1 0-0,2 max 0,03 0,03-1,6 max 0,03 0-0,03- max 0,03 0,25-0,6 max 0,25
Интервалдың ұзақтағы, сек
PQ QRS QRST ST RR
0,12-0.2 0,06-0,09 0,03-0,44 0-0,15 0,7-1,0

В последнее время в широкой медицинской практике возрастает интерес к суточным исследованиям ЭКГ. Такое исследование носит называние суточное мониторирование или суточная запись по Холтеру (по фамилии американского биофизика Нормана Холтера, впервые предложившего данную методику). По сути су́точное монитори́рование ЭКГ это непрерывная регистрация ЭКГ на протяжении суток и более (48, 72 часа, иногда до 7 суток). Запись ЭКГ осуществляется при помощи небольшого портативного прибора — рекордера (регистратора), который пациент носит с собой (на ремне через плечо или на поясе). Во время исследования пациент ведет обычный образ жизни, отмечая в специальном дневнике время и обстоятельства возникновения неприятных ощущений в области сердца. Исследование выполняется как в стационаре, так и амбулаторно. Запись ведется по 2, 3, или более каналам (до 12 каналов). До сих пор наиболее распространены именно 2- и 3-канальные регистраторы. В ряде случаев имеется возможность при трехканальной записи получить математически восстановленную ЭКГ 12 каналов, что может быть полезно в топической диагностике экстрасистол.

таҚырып бойынша студенттіҢ Өзі Өзі тексеруіне арналҒан тест сҰраҚтары - student2.ru таҚырып бойынша студенттіҢ Өзі Өзі тексеруіне арналҒан тест сҰраҚтары - student2.ru

Электрографияның түрлері:

ЭЭГ- электроэнцефалография, ми биопотенциалын тіркеу.

ЭМГ- электромиография, бұлшық ет биопотенциалын тіркеу.

ЭРГ- электроретинография көзге әсер ету кезіндегі көз торында пайда болатын биопотенциалды тіркеу.

Наши рекомендации