Мұрыннан бактериологиялық зерттеуге жағынды алу. 1 страница
***
19) Тамақты жыбырлатып,”тырнау” сезімі, құрғақ үрген тәрізді жөтел, дауыстың қырылдауы, кейде жоғалып шықпай қалуы симтомокомплексімен жүретін аурудың жиі асқынуы ://
Пневмония//
+жалған круп//
нағыз круп//
пневмония//
синуситтер
***
20) Аурудың 4-ші күні науқасқа зерттеу тағайындаңыз:науқас тұмау эпидемиясының соңғы кезеңiнде ауырды, дене қызуы 37,80С, аздап басы ауырады, әлсiздiк, жұтынғанда тамағы ауырады, араны қызарған,жұтқыншағының артқы қабырғасы түйіршікті,коньюктивасы қызарып, iсiнген, ернiнде герпес, микрополиаденит, өкпесiнде қатқылдау тыныс, бауыры аздап ұлғайған. Жалпы қан талдауында: Л-4,3х10,9/л, ЭТЖ-5 мм/сағ.//
вирусологиялық+риноцистоскопия.//
серологиялық (РСК,РТГА)+ҚЖА//
Риноцистоскопия+серологиялық анализ//
жалпы клиникалық анализдер+кеуде қуысының рентгенографиясы.//
+вирусологиялық+серологиялық.
***
21) Көбінесе самай аймағында орналасқан бас ауру, температураның қалтыраумен көтерілуі, көз алмасында ауырсыну, склера тамырларының инъекциясы симптомдар жинағы бар науқасқа қандай ем тағайындайсыз?//
+дезинтоксикациялық//
вирусқа қарсы ем//
ыстық түсіретін препараттар//
симптоматикалық препараттар//
дегидратациялық препараттар
***
22) Аденовирусты инфекцияға тән клиникалық симптомокомплексті көрсетіңіз:
Қызба, интоксикация, мойын арты лимфадениті, таңдайдағы гиперемия, жалпы қан анализіндегі атипиялық мононуклеалар
Қызба, интоксикация, бауыр мен көкбауырдың ұлғаюы, анемия.
Қызба, интоксикация, фаринготонзиллит, конъюнктивит, бауыр мен көкбауырдың ұлғаюы , полиаденит.
Қызба, интоксикация, региональді лимфаденит, таңдайдағы гиперемия, бадамша бездерінің ұлғаюы, лакуналарда іріңді жабындылар
Қызба, интоксикация, бадамша бездердің біржақты жаралы-некротикалық зақымданулары, регионарлы лимфа түйіндерінің ұлғаюы
***
23) Төменде көрсетiлген симптомдар жинағы қай ауруға тән: дене қызуының 37,70С-ке көтерiлуi, басының ауруы, жақ асты, мойын қолтық асты бездерiнiң ұлғаюы, бiржақты фолликкуларлы коньюктивит, бадамша безiнiң ұлғаюы, ақшыл, жұмсақ нүкте және аралшықтар тәрiздi жабындымен жабылуы, бауыры мен көкбауыры үлкеюi:
энтеровирусты инфекция
инфекциялық мононуклеоз
дифтерия
менингококкты инфекция, назофарингит
+аденовирусты инфекция
***
24) Науқас., 19 жаста, сырқаты басының ауырғанынан, енжарлықтан, дене қызуының 37,40С-ге көтерiлгенiнен, тамағының ауырғанынан жедел басталған. Келесi күнi құрғақ жөтел, аздап мұрнынан серозды бөлiнiстер болған. Таңертең ұйқыдан тұрғанда сол жақ көзiнiң кiрпiктерi жабысып қалғанын байқаған.
Қарағанда: Т-36,90С. Терiсi таза, мойын,жақ асты лимфа түйiндерi ұлғайған, пальпацияда ауырсынусыз, сол жақ көзiнiң коньюктивасы қызарған, аздап iсiнген. Тамағының артқы қабырғасы гиперемияланған. Фолликулалары үлкейген, бадамша бездері iсiнген, қызарған, “аралшықтар” тәрiздi ақ жабындымен жабылған. Гепатоспленомегалия. Сiздiң болжам диагнозыңыз:
энтеровирусты инфекция
+ аденовирусты инфекция
инфекциялық мононуклеоз
дифтерия
риновирусты инфекция
***
25) Сальмонеллездің гастроинтестинальды түрінде дамитын іш өту синдромының механизмі:
ішектің ферментті жүйесінде: аденилатциклаза-цАМФ, бұзылыстарға байланысты судың және электролиттердің секрециясының күшеюі
ішек перистальтикасының күшеюі
ішектің қан тамырларының өткізгіштігінің жоғарлауы
простагландиндердің синтезінің бұзылуына байланысты судың және электролиттердің секрециясының күшеюі
***
26) Сальмонеллезге тән клиникалық белгiлер жинағы:
эпигастрий аймағында ауырсыну, жүрегi айну, көп рет құсу, дене қызуы 36,90 С.
iшiнiң эпигастрий және кiндiк аймағында ауырсынуы, жиi сұйық, көп мөлшерде, сасық, жасыл түстi нәжiс. Дене қызуы 38,90 С.
жиi, сұйық, көп мөлшерде “күрiштiң суы тәрiздi” нәжiс, “фонтан” тәрiздi құсу, дене қызбасы 35,90С.
iшiнiң оң жақ бөлiгiнiң ауырсынуы, тәулiгiне 5-6 рет iш өтуi, нәжiсi жалқақ араласқан, “таңқурайдың желесi” тәрiздi, дене қызуы 37,30С.
ішiнiң сол жақ бөлiгiнiң толғақ тәрiздi ауырсынуы, тенезмдер,жиi сұйық аз мөлшерде, “ректальды қақырық” тәрiздi нәжiс.
***
27) Науқас Н, 32 жаста, ауруы жедел басталған, дене қызуы қалтыраумен 38-39 0С-қа дейiн көтерiлген, жүрегi айнып құсқан, эпигастрий және кiндiк аймағында толғақ тәрiздi ауырсыну, көп мөлшерде,су тәрiздес, жасыл түстi, сасык иiстi, патологиялық қоспаларсыз iш өту. Ауырар алдында 24 сағат бұрын науқас жұмыртқа, капустадан салат жеген. Осы аурудың диагностикасында қолданатын әдiс:
бактериоскопиялық және серологиялық
бактериологиялық және серологиялық
серологиялық және аллергиялық
аллергиялық және бактериоскопиялық
бактериологиялық және аллергиялық
***
28) Жүрегiнiң айнуынан, құсудан, дене қызбасының 38,7С – ке көтерілуінен, көп мөлшерде жасыл түстi, сасық иiстi патологиялық қоспалары жоқ, сұйық нәжiстен жедел басталатын белгiлер жинағына тән ауру://
Холера//
Дизентерия//
Амебиаз//
сальмонеллез//
лямблиоз
***
29) Сырқатының 2-шi күнi мынандай шағымдармен түстi: iшiнiң төмен жағының ауырсынуына, әсiресе сол жақ бөлiгi, аз мөлшеде жалқақ араласқан сұйық, жиi нәжiс, әлсiздiк, қызбасының көтерiлуi. Сырқаты жедел басталған: Эпиданамнез: ауырмастан бұрын жемiс салатын, балық, пысырылған жұмыртқа жеген. Объективті: дене қызбасы 37,7С., iшi жұмсақ, сол жақ мықын аймағында ауырсынады. ”Сигма” тәрiздi iшегi тығыз, сол жақ мықын аймағы ауырсынады. Нәжiсi аз мөлшерде, жалқақ және қан араласқан. Науқасқа қандай зерттеу жүргізесіз?//
қанды бактериологиялық тексеру//
қанды серологиялық тексеру//
зәрді бактериологиялық тексеру//
нәжісті бактериологиялық тексеру//
копрограмма
***
30) Науқас Т., 26 жаста, сырқатының 2-шi күнi мынандай шағымдармен түстi: эпигастаральды аймағы мен кiндiк маңайында толғақ тәрiздi ауырсыну, iшек шұрылдау, жиi, тәулiгiне 12-14 рет сұйық, көп мөлшерде iш өту, әлсiздiк, дене қызуының көтерiлуi, жүрегi айнып, көп рет құсу, тәбетiнiң төмендеуi.
Жедел ауырған, бiр тәулiктiң iшiнде жоғарыда көрсетiлген белгiлер пайда болған. Ауырардың алдында асханадан тамақ iшкен (котлет, омлет, көкөнiстен жасалған салат жеген).
Обьективтi: жағдайы орташа, дене қызуы 38,3 С. Терiсi өзгермеген, ылғалдылығы сақталған, тургоры аздап төмендеген. Өкпесiнде тыныс алуы везикулярлы. Жүрек тоны тұйықталған, ритмi дұрыс. Пульсы минтуына 104 рет. АҚҚ- 90/60 мм.с.б.б. Тiлi ылғалды, жабындымен жабылған. Iшi өзгермеген, жұмсақ, эпигастральды және кiндiк аймағында ауырсынады. Нәжiсi қабылдау бөлмесiнде сұйық, көп мөлшерде, сасық иiстi, жасыл түстi.
Осы аурудың: патогенезiнде маңызды емес фактор:
инфекция қоздырғыштарының организмге көп мөлшерде түсуi
бактеремия
токсинемия
аденилциклазаның белсендiлiгiнiң жоғарлауы
жедел түрдегi сезiмталдықтың жоғарлауы
***
31) Науқас Т., 26 жаста, сырқатының 2-шi күнi мынандай шағымдармен түстi: эпигастрий аймағы мен кiндiк маңайында толғақ тәрiздi ауырсыну, iшек шұрылдауы, жиi, тәулiгiне 12-19 рет сұйық, көп мөлшерде iш өту, әлсiздiк, дене қызуының көтерiлуi, жүрегi айнып, көп рет құсу, тәбетiнiң төмендеуi.
Жедел ауырған, бiр тәулiктiң iшiнде жоғарыда көрсетiлген белгiлер пайда болған. Ауырардың алдында асханадан тамақ iшкен (котлет, омлет, көкөнiстен жасалған салат жеген) .
Обьективтi: жағдайы орташа ауырлықта, дене қызуы 38,30 С. Терiсi өзгермеген, ылғалдылығы сақталған, тургоры аздап төмендеген. өкпесінде тыныс алуы везикулярлы. Жүрек тоны тұйықталған, ритмi дұрыс. Пульсы минутына 104 рет. АҚҚ- 90/60 мм.с.б.б. Тiлi ылғалды, жабындымзн жабылған. Iшi өзгермеген, жұмсақ, эпигастральды және кiндiк аймағында ауырсынады. Нәжiсi қабылдау бөлмесiнде сұйық , көп мөлшерде, сасық иiстi, жасыл түстi.
Диагнозыңызды көрсетiңiз:
жедел дизентерия
сальмонеллез
холера
iшек иерсиниозы
псевдотуберкулез
***
32) Дизентерияға тән клиникалық белгiлер жинағын көрсетiңiз:
кiндiк аймағында ауырсыну, нәжiсi сұйық, сасық иiстi
нәжiсi сұйық, көп мөлшерлi, “күрiш суы” тәрiздес, құсығы жиi, көп мөлшерде,”фонтан” тәрiздi
iштiң оң жақ мықын аймағында ауырсынуы, нәжiсi тәулiгiне 5-6 рет, қан және жалқақ араласқан, түрi “таңқурайдың желесiндей”
эпигастрий аймағында қатты ауырсынуы, лоқсу, құсу
сол жақ iшiнiң аймағында толғақ тәрiздi ауырсыну және тенезмдер, нәжiсi жиi, аз мөлшерi “ректальды қақырық”-түрде
***
33) Науқас 40 жаста, сырқатының 2-шi күнi мынандай шағымдармен түстi: iшiнiң төмен жағының ауырсынуына, әсiресе сол жақ бөлiгi, аз мөлшеде жалқақ араласқан сұйық, жиi нәжiс, әлсiздiк, қызбасының көтерiлуi, жүрегi айнуы, тәбетi төмендеуi.
Сырқаты жедел басталған: iшiнде толғақ тәрiздi ауырсыну, әсiресе сол жақ мықын аймағында, жиi, сұйық нәжiс болған ( тәулiгiне 5-6 рет), сырқатының 2-шi күнi нәжiс мөлшерi азайып, жалқақ пайда болған. Дене қызбасы 38,30С-кзге дейiн көтерiлген.
Эпиданамнез: ауырмастан бұрын асханадан тамақтанды, жемiс салатын, балық, пысырылған жұмыртқа жеген. Жұмысында жеке гигиена ережелерiн сақтауға жағдай жоқ.
Ауруханаға түскен кезде: жағдайы орташа, дене қызбасы 38,20С. Терiсi өзгермеген, ылғалдылығы сақталған. Лимфа түйiндерi пальпацияланбайды. өкпесiнде везикулярлы тыныс, сырыл жоқ. Жүрек тоны тұйықталған, ырғағы дұрыс, пульсы минутына 78 рет. АҚҚ-110/70 мм.с.б.б. Тiлi сұр жабындымен жабылған, iшi жұмсақ, сол жақ мықын аймағында ауырсынады. ”Сигма” тәрiздi iшегi тығыз, сол жақ мықын аймағы ауырсынады. Бауыры мен көкбауыры пальпацияланбайды. Нәжiсi аз мөлшерде, жалқақ және қан араласқан. Осы ауру ошағында жүргiзiлетiн эпидемияға қарсы шаралар қатарына жатпайды:
науқастарды ауруханаға жатқызу және үйде емдеу арқылы жекелеу
қатынаста болған адамдарды 7 күн бойы мед.бақылау
қорытынды немесе күнделiктi дезинфекция
қатынаста болған адамдарды бак.зерттеу
вакциналар және фагтар енгiзу
****
34) Ауруханаға науқас сырқатының 3-шi күнi мынандай шағымдармен түстi: iшiнiң толғақ тәрiздi ауырсынуы, әсiресе сол жақ бөлiгi, аз мөлшерде жалқақ араласқан сұйық, жиi нәжiс, әлсiздiк, қызбасының көтерiлуi, жүрегi айнуы, тәбетi төмендеуi.
Сырқаты жедел басталған: iшiнде толғақ тәрiздi ауырсыну, әсiресе сол жақ мықын аймағында, жиi,сұйық нәжiс болған (тәулiгiне 6-8 рет), сырқатының 2-шi күнi нәжiс мөлшерi азайып, жалқақ пайда болған. Дене қызбасы 38,3С-ке дейiн көтерiлген.
Эпиданамнез: ауырмастан бұрын асханадан тамақтанды, жемiс салатын, балық, пысырылған жұмыртқа жеген. Жұмысында жеке гигиена ережелерiн сақтауға жағдай жоқ.
Ауруханаға түскен кезде: жағдайы орташа, дене қызбасы 38,20С. Терiсi өзгермеген, ылғалдылығы сақталған. Лимфа түйiндерi пальпацияланбайды. Өкпесiнде везикулярлы тыныс алу, сырыл жоқ. Жүрек тоны тұйықталған, ырғағы дұрыс, пульсы минутына 78 рет. АҚҚ-110/70 мм.с.б.б. Тiлi сұр жабындымен жабылған, iшi жұмсақ, сол жақ мықын аймағында ауырсынады.”сигма” тәрiздi iшегi тығыз, сол жақ мықын аймағы ауырсынады. Бауыры мен көкбауыры пальпацияланбайды. Нәжiсi аз мөлшерде, жалқақ араласқан. Осы ауру кезінде этиотропты ем ретiнде қолданылмайды:
бактрим
цифлоксацин , ципрофлоксацин
фтазин
метациклин
+хлоридин
***
35) Науқас К., 26 жаста. Ауруханаға мынандай шағымдармен түстi: iшiнiң сол жақ мықын аймағында толғақ тәрiздi ауырсыну, жиiлiгi тәулiгiне 4-5 рет сұйық нәжiс , аз мөлшерде, жалқақ араласқан., әлсiздiк, тәбетiнiң төмендеуi, дене қызуының 37,10 С-ке дейiн көтерiлуi.
Анамнезiнде: бұдан 1,5 ай бұрын жедел дизентериямен ауырған. Әдетте түскi тамақты асханадан iшедi.
Обьективтi: жағдайы қанағаттанарлық. Дене қызуы 37,20С. Терiсi өзгермеген, тургоры сақталған. өкпесінде тыныс алуы везикулярлы. Жүрек тоны айқын, ритмi дұрыс. Пульсы минтуына 76 рет. АҚҚ-110/ мм.с.б.б. Тiлi жабындымен жабылған, ылғалды, iшi өзгермеген, жұмсақ, сол жақ мықын аймағында ауырсыну байқалады, “сигма” тәрiздi iшек тығыздалған, ауырсынады. Бауыры мен көк бауыры ұлғаймаған.Нәжiсi аз мөлшерде, жалқақ араласқан. Диурезi өзгермеген. Науқасты ауруханадан шығару жағдайлары:
нәжісі теріс нәтижемен болғанда
ректороманоскопиялық көріністер қалыптасқанда
толық клиникалық сауыққанда
шигеллез диагностикумының тура емес гемаглютинация нәтижесінің теріс болуы
***
36) Төмендегi симптомдар жинағы қай ауруға тән екенiн көрсетiңiз: Науқас В., 40 жаста, пирожный жегеннен кейiн 1 сағаттан соң түстi.
Жедел ауырған, эпигастрий аймағында қатты батып ауырсыну, жүрегi айну, көп рет құсу, қалтырау, әлсiздiк, енжарлық болған.
Қарағанда: жағдайы ауыр, Т-38,60С. Терiсi бозғылт, құрғақ, аяқ-қолдары суыған, өкпесiнде везикулярлы тыныс алу, сырыл жоқ. Жүрек тондары тұйықталған, пульсы 100 рет минутына, АҚҚ-100/60 мм.с.б.б. Тiлi ақ жабындымен жабылған. Iшi пальпация кезiнде эпигастрий маңайында ауырсынады. Бауыры мен көкбауыры ұлғаймаған. Нәжiсi сұйық, су тәрiздi, 1 рет болған. Зәрi қалыпты жағдайда.
ас-токсикоинфекциясы
жедел дизентерия, гастроэнтероколитикалық түрi
жедел дизентерия, колитикалық түрi
тырысқақ
сальмонеллез, гастроэнтероколит
***
37) ІІ-ші деңгейдегі сусызданумен өтетін ас-токсико инфекциясының пероральды емінде қолданылады:
физиологиялық ерітінді
+регидрон
квартосоль
дисоль
хлосоль
***
38) Мына ішек инфекциясына тән нәжістің түрін көрсетіңіз:аса қауіпті инфекциялар тобына жатады, жедел іште ауырсынусыз ішөтумен және жүрек айнусыз құсумен, улану синдромының болмауымен сипатталады
Көп мөлшерде,сұйық, сасық иісті жасыл түсті
Көп мөлшерде,сұйық, сулыіште ауырсынусыз
Аз мөлшерде, сұйық, шырыш пен қан аралас, іштің ауырсынуы
Жартылай қалыптасқан ірің аралас
Сұйық, көп мөлшерде шырыш пен қан аралас
***
39) Науқас мынандай шағымдармен түстi: жиi, тәулiгiне 15 рет сұйық, патологиялық қоспасыз нәжiс, көп дүркiн “фонтан” тәрiздi құсу.
Ауруының екiншi күнi кенеттен ауырды: жиi, сұйық, көп мөлшерде нәжiс пайдаболған .Iшiнде ауырсыну байқалмады, 1 тәулiктен кейiн көп рет қайталанған құсу пайда болды.
Эпиданамнез: көбiнесе асханадан тамақтанады, ауырар алдында омлет жеген. 3 күн бұрын Индиядан туристiк саятаттан оралған.
Обьективтi: жағдайы орташа ауырлықта, дене қызуы 36,2 0С. Көздерiнiң асты аздап қарайған. Терi қабаты құрғақ, шырышты қабаты бозғылттанған, терi тургоры сақталған, пульсы минутына 86 рет. АҚҚ-90/60 мм.с.б.б. Тiлi жабындымен жабылған, аздап құрғаған. Iшi тартылған, жұмсақ, ауырсынусыз, нәжiсi сұйық, көп мөлшерде ,“күрiштiң суы” тәрiздi. Болжам диагнозыңызды көрсетiңiз:
сальмонеллез
эшерихиоз
ас токсикоинфекциясы
тырысқақ
жедел дизентерия
***
40) Келесi клиникалық белгiлер жинағына байланысты сіздің емдеу әрекетіңіз: жедел басталуы, жиi, сұйық, көп мөлшерлi болып, “күрiш суына” ұқсас iшi өткен және бiрнеше рет құсқан, шөл, шырышты қабаттары құрғақ, акрацианоз, бет келбетi үшкiрленген, балтырының бұлшық еттерiнде тырысулар сезіледі, олигоурия, Т-35,90С.//
глюкокортикостероидтерді негізу//
тұзды ерітінділерді жылдам енгізу//
полиглюкин + глюкокортикостероидтерді жылдам енгізу//
ӨЖВ көшіру//
антибиотиктерді және глюкокортикостероидтерді тамыр ішіне енгізу
***
41) Келесi клиникалық белгiлер жинағы вирусты гепатиттiң қай түрiне тән: ауыратындар көбiнесе жас адамдар мен балалар, сырқатының өту бағыты жеңiлдеу, клиника көрiнiстерi, сарғаю және биохимиялық өзгерiстер аз уақытта қалыптасып, сауығуға айналады:
ВГА
ВГЕ
ВГД
ВГЕ
ВГС
***
42) Науқас 18 жаста, ауруханаға ауруының 3-ші күні жүрегінің айнуы, бір рет құсуға және зәр түсінің қошқылдануына шағымданып келді. Зертханалық тексерулер қортындысы: өт пигменттеріне зәр – оң, жалпы билирубин-100 мкмоль/л, тура-80 мкмоль/л, тура емес-20 мкмоль/л, АЛТ-1,4 мккат/л. Диагнозды нақтылау үшін қандай тексеру жүргізу қажет?
қан мен нәжісті вирусологиялық тексеру
қан мен зәрді вирусологиялық тексеру
қанды вирусты гепатиттер маркерлеріне ИФА әдісімен тексеру
вирусты гепатит А антигенімен қанды жұп сарысуға алу
мұрын мен жұтқыншақтан вирусологиялық жағынды алу
***
43) Көбінесе жастар ауырады, қосалқы аурулары жоқ, көбінесе жеңіл түрде өтеді, билирубин және АЛТ-ның қалыптасуы жылдам, сырқаттың аяқталуы қолайлы сияқты симптомдар жинағындағы диагностикалық маркерді көрсетіңіз://
HAVAb igM//
HAVAb igG//
HbsAg//
HBcAg igM//
HBcAg igG
***
44) Науқас.,, 30 жаста, шағымдары әлсіздік, жайсыздық, жүрек айнуы, оң жақ қабырға доғасы астында ауырсыну, тері жабындыларының сарғаюы, зәр түсінің құшқылдануы. 30 күн бұрын Үндістанда болған, қайнамаған су ішкен. Қарағанда: жағдайы орташа ауырлықта, тері жабындылары сарғайған. Іші жұмсақ, оң жақ қабырға доғасы астында сезімтал. Бауыры қабырға доғасынан 1 см шығыңқы. ВГА және ВГВ –ға тексерілген нәтижелері теріс. АЛТ-1,26ммоль\л, АСТ-1,22 ммоль\л.Билирубин-76,5 мкмоль\л.Бұл ауру аталған жағдайлардың қайсысында қауіпті
Егер балабақшадағы бала ауырса
Егер мектеп жасындағы бала ауырса
Егде жастағы әйел адам ауырса
Жүкті әйел ауырса
Егде жастағы ер адам ауырса
***
45) Ауруханада вирусты гепатит В мен ауырған науқаста сырқатының 11-шi күнi жағдайы нашарлап, сарғыштық үдей түскен. Науқас қатты әлсiзденген. Жүрегi айнып, қайта-қайта лоқси бередi. Оң жақ қабырға асты ауырсынып тұрғанына шағымданады. ұйқы басып, маужырап жатыр. Келесi күнi қозу пайда болып, науқас орнында жата алмай, не iстеп, не қойғанын бiлмейдi. Аузынан шикi бауырдың иiсi шығып, құсығы қоңыр түстi болды. Иньекция орындарында-айқын геморрагиялық өзгерiстер. Бауыр көлемi кiшiрейген. қабырға доғасынан 1-1,5 см жоғары. Дамыған өзгерiстер қай асқынудың белгiлерi болып табылады:
қан тамырлардың iшiнде, жайылған ұю синдромы/ДВС-синдром/
бауырдың жедел жетiспеушiлiгi
мидың iсiнуi
токсико-инфекциялық шок
бүйректiң жедел жетiспеушiлiгi
***
46) Науқас 40 жаста, 4 ай бұрын вирусты гепатит В-мен ауырған. Сырқаты 2 рет қайталап, ауруханада емделген. Шыққан кезде де тәбетi төмендеу болып, әлсiздiк, оң жақ қабырға астында ауырлық сезiнiп жүредi. Соңғы аптада жағдайы тағы да нашарлаған. Жүрегi айнып, тәбетi толық жоғалып, зәрi қоңырлап, нәтижесiнде тағы да ауруханаға түскен.
Қарағанда: жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Склера мен шырышты қабаттарында сарғаю жоғарлаған, терiсiнде болар-болмас түрде. Тiлiн ақ жабынды басқан. Iшi жұмсақ, бауыры қабырға доғасынан 1 см төмен. Консистенциясы жұмсақ, қарағанда бiраз ауырсынады, зәрi қоңыр, нәжiсi қалыпты түстi. Вирусты гепатит В кезiндегi диспансерлiк бақылаудың мерзiмi:
3 ай
6 ай
9ай
12 ай
әрбiр адамның жеке ерекшелiктерiне байланысты тоқтатылады
***
47) Науқас Р., 19 жаста, ауруының 3-ші күні келіп түсті, шағымдары айқын әлсіздік, жиі (тәулігіне 16 ретке дейін), көп мөлшердегі нәжіс, жүрек айнусыз көп рет құсу, шөлдеу. 3 күн бұрын Индонезиядан келген. Қарағанда жағдайы ауыр, Есі сақталған. Т 35,8°C. Бет әлпеті үшкірленген,көзі шүңірейген, көз асты қарайған. Шырышты қабықтары құрғақ,цианоз. Тері жабындылары бозарған, суық жабысқақ термен жабылған, іші терісі қатпарға жиналмайды. «Кір жуғыш қолы»симптомы айқын. Аяқ қолдарының бұлшықеттерінің тартылуы байқалады. Тыныс алу жиілігі 38 рет минутына. Жүрек тондары тұйықталған. Пульс 116 рет мин., жіп тәріздес. АҚҚ 50/0 мм.рт.с.б.б. Тілі құрғақ, ерін шырышы цианозды. Іші тартылған, пальпацияда шұрылдайды..
Осы науқаста қандай ерітінділерді енгізу қажет және не себепті?
Гемодез, реополиглюкин, хлосоль, себебі улану айқын
Полиглюкин, ацесоль, себебі, гипотония айқын
Хлосоль, ацесоль, квартасоль, себебі, дегидратация айқын
Глюкоза 5%, поляризирлеуші қоспа себебі, жүрек –тамыр жетіспеушілігі айқын
Гемодез, полиглюкин, себебі, улану және гипотония айқын
***
48) Науқас А., 28 жаста, жүктілік 30 апта, Қызылордада тұрады, жедел ауырған-әлсіздік, тәбетінің төмендеуі, жүрек айнуы, құсудан, 3 күн бұрын сарғаю пайда болған, сонымен бірге улуну белгілері күшейе түскен. Эпид. анамнез: онымен бір уақытта таға 5 адам ауырған. Барлығы тасмалдап әкелінетін суды қолданады Бала шағанда ВГА мен ауырған..