Пән: «балалар аурулары», «тыныс жолдарының аурулары»*3*51*1
#1131
*!Қыз 3 жаста. Шағымдары дене қызуының 37,5ºС жоғарлауы, мұрынның бітуі, құрғақ жөтел. Қарағанда: жиі қақырықты жөтел, мұрнымен тыныс алуының қиындауы, ТЖ 34 - 1 мин, өкпеде – өкпелік дыбыс, орташа көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі.
Осы ауруда аталған дәрілердің қайсысын тағайындау ең тиімді болып саналады?
* +лазолван
* мукалтин
* бронхикум
* бромгексин
* солодка түбірінің сиропы
#1132
*!Ұл бала 5 жаста. Ауруы 4 күн бұрын басталған түшкіру, гипертермия, құрғақ жөтел. Қарағанда : ылғалды азөнімді, ылғалды жөтел, аңқаның гиперемиясы, өкпесінде – өкпелік дыбыс, қатаң тыныс, құрғақ және орташа көпіршікті ылғалды сырылдар.
Осы ауруға аталған дәрілердің қайсысы ең тиімді болып саналды?
* +АЦЦ
* бронхосан
* бронхикум
* бромгексин
* доктор МОМ
#1133
*!Қыз бала 2 жаста. Бала ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылды. Қарағанда: улану белгілері, ТЖ 54, тыныс шығаруы шулы, арақашықтықтан естіледі, өкпесінде - қораптық дыбыс, қатаң тыныс, көптеген ысқырықты құрғақ сырылдар.
Төменде келтірілген бронхиолитиктердің қайсысын тағайындау тиімдірек?
* формотерол
* +сальбутамол
* сальметорол
* кленбутерол
* орципреналин
#1134
*!Қыз бала 2 жаста. Бала ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылды. Қарағанда: улану белгілері, ТЖ 54 - 1 мин, тыныс шығаруы шулы, арақашықтықтан естіледі, өкпесінде - қораптық дыбыс, қатаң тыныс, көптеген ысқырықты құрғақ сырылдар.
Спазмолитикалық ем нәтиже бермегенде, қандай дәріні тағайындау ең тиімді болып саналады?
* муколитиктер
* антибиотиктер
* миорелаксанттар
* +глюкокортикоидттар
* қабынуға қарсы стероидты емес дәрілер
#1135
*!Қыз бала 1,5 жаста. Бала ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылды. Қарағанда: улану белгілері, тыныс шығаруы шулы, арақашықтықтан естіледі, ентігу қабырғааралық және бұғана асты шұңқырдың керілуі, мұрын қалқанының кеңеюі, ТЖ 58, өкпесінде - қатаң тыныс, құрғақ, ысқырықты және ылғалды орташа көпіршікті сырылдар.
Қандай ем жүргізу әдісі науқасқа ең тиімді болуы мүмкін?
* астмопент,преднизолон
* эуфиллин, преднизолон
* адреналин, преднизолон
* тербуталин, преднизолон
* +сальбутамол, преднизолон
#1136
*!Қыз бала 1,5 жаста. Бала ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылды. Қарағанда: улану белгілері, тыныс шығаруы шулы, арақашықтықтан естіледі, ентігу қабырғааралық және бұғана асты шұңқырдың керілуі, мұрын қалқанының кеңеюі, ТЖ 58 - 1 мин, өкпесінде - қатаң тыныс, құрғақ, ысқырықты және ылғалды орташа көпіршікті сырылдар. Қанша уақыттан кейін симпатомиметиктердің ингаляциялық түрін қолданғанда оң нәтиже береді?
* 5-10 минут кейін
* +10-15 минут кейін
* 15-20 минут кейін
* 20-25 минут кейін
* 25-30 минут кейін
#1137
*!Қыз бала 1,5 жаста. Бала ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылды. Қарағанда: улану белгілері, тыныс шығаруы шулы, арақашықтықтан естіледі, ентігу қабырғааралық және бұғана асты шұңқырдың керілуі, мұрын қалқанының кеңеюі, ТЖ 58, өкпесінде - қатаң тыныс, құрғақ, ысқырықты және ылғалды орташа көпіршікті сырылдар. Симпатомиметиктердің ингаляциясы кезінде оң нәтижені бермеу себебі неде?
* бронхтардың шырышты қабатының ісінуі
* +бронх кеңістігінің шырыштармен бітелуі
* бронх кеңістігінің ісікпен бітелуі
* брнхтардың тегіс мускулатурасының спазмы
* бронх кеңістігінің бөгде затпен бітелуі
#1138
*! Қыз бала 1,5 жаста. Бала ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылды. Қарағанда: улану белгілері, тыныс шығаруы шулы, арақашықтықтан естіледі, ентігу қабырғааралық және бұғана асты шұңқырдың керілуі, мұрын қалқанының кеңеюі, ТЖ 58, өкпесінде - қатаң тыныс, құрғақ, ысқырықты және ылғалды орташа көпіршікті сырылдар. Осы ауруда симпатомиметиктерді қандай әдіспен енгізу тиімдірек?
* теріасты
* пероральды
* көктамырішіне
* +ингаляциялық
* тіластына
#1139
*!Ұл бала 13 жаста. Шағымдары:дене қызуының 38,1°С дейін жоғарлауы, жөтел, кеуде тұсында ауру сезімі. Анамнезінде: бала созылмалы бронхит диагнозымен «Д» есепте тұр. Қазіргі уақыттағы өршуі 9 күн бұрын басталған. Қарағанда: іріңді қақырықты аз өнімді жөтел, шамалы аңқасының гиперемиясы, өкпесінде – қатаң тыныс, құрғақ және орташа көпіршікті ылғалды сырылдар. Науқасты жүргізудің ең тиімді тәсілі қандай?
* антибиотиктер, сульфаниламидтер, қақырық шығаратын заттар
* +антибиотиктер, қақырық шығаратын заттар, постуральды дренаж
* глюкокортикоидтар, сульфаниламидтер, қақырық шығаратын заттар
* сульфаниламидтер, қақырық шығаратын заттар, постуральды дренаж
* глюкокортикоидтер, қақырық шығаратын заттар, постуральды дренаж
#1140
*!Ұл бала 5 ай. Ауру жедел басталды дене қызуының жоғарлауымен 37,7°С дейін, кейін-жөтел, ентігу қосылды. Қарағанда: қиындаған ысқырықты сырыл, ентігу кеуде қуысының ішке енуімен, периоральды цианоз, ТЖ 62. Өкпесінде – өкпелік дыбыс қорап тәріздес, көптеген ұсақ көпіршікті және крепитациялық сырылдар. R-граммада: өкпе тінінің мөлдірлігінің жоғарлауы ,диафрагманың төменірек тұруы. Осы ауруды емдеуде қандай топтағы дәрілерді қолдану тиімдірек?
* метилксантиндер
* α1-адреномиметиктер
* α2-адреномиметиктер
* β1-адреномиметиктер
* +β2-адреномиметиктер
#1141
*!Ұл бала 5 ай. Ауру жедел басталды дене қызуының жоғарлауымен 37,7°С дейін, кейін-жөтел, ентігу қосылды. Қарағанда: қиындаған ысқырықты сырыл, ентігу кеуде қуысының ішке енуімен, периоральды цианоз, ТЖ 62. Өкпесінде – өкпелік дыбыс қорап тәріздес, көптеген ұсақ көпіршікті және крепитациялық сырылдар. R-граммада: өкпе тінінің мөлдірлігінің жоғарлауы ,диафрагманың төменірек тұруы. Науқастың жағдайы тұрақтанғанда, қандай массаж түрін қолдану тиімді?
* нүктелік
* рефлекторлы
* +вибрациялық
* гигиеналық
* босаңсу
#1142
*!Қыз бала 2,5 жаста. Балада созылмалы облитерирлеуші бронхиолит анықталды. Қазіргі уақыттағы ауырғаны 2 күн бұрын басталған. Науқасты жүргізуде қандай ем тәсілі ең тиімді?
* антибиотиктер, вибрациялық массаж
* бронхолитиктер, рефлекторлы массаж
* жөтелге қарсы заттар, вибрациялық массаж
* вибрациялық массаж, антибиотиктер,вирусқа қарсы заттар
* +глюкокортикоидтар, бронхолитиктер, вибрациялық массаж, антибиотиктер
#1143
*!Қыз бала 3 жаста. 7 күн бұрын ЖРВИ анықталған. Симптоматикалық ем барысында жағдайы жақсарды. Бірақта аурудың 6 күні дене қызуының 38,8°С дейін жоғарлауы, жөтел күшейді. Қарағанда: ентігу қосымша бұлшықеттердің қатысуымен .ТЖ 40, өкпесінде - перкуторлы қораптық дыбыспен, жауырын аралықтан оң жақта - аймақ тұйықталған, ұсақкөпіршікті сырылдар мен крепитация. Қандай препараттард тағайындау ең тиімді?
* +антибиотиктер
* спазмолитиктер
* антиоксиданттар
* глюкокортикоидтар
* қабынуға қарсы стероидты емес заттар
#1144
*!Ұл бала 2 жаста. Анамнезінде: 1 апта бойы ЖРВИ байланысты симптоматикалық ем қабылдаған, ағымында оң нәиже байқалды. Бірақта 6-күні дене қызуы жоғарлады 38,8°С дейін, жөтел күшейді. Қарағанда: ентігу қосымша бұлшықеттердің қатысуымен .ТЖ 44, өкпесінде - перкуторлы қораптық дыбыспен, дем шығарғанда жауырын аралықтан оң жақта - аймақ тұйықталған, ұсақкөпіршікті сырылдар мен крепитация. Бастапқы этиотропты ем ретінде қандай антибиотиктер қолданылады?
* макролидтер
* карбапенемдер
* +пенициллиндер
* цефалоспориндер
* аминогликозидтер
#1145
*!Ұл бала 8 жаста. Анамнезінде: 1,5 аптадай ЖРВИ және жедел бронхитке байланысты антибактериалды ем қабылдаған (ампициллин). Жақсаруы кезінде – қайтадан дене қызуының жоғарлауы, жағдайының нашарлауы байқалды. Қарағанда: интоксикация белгілері, ентігу, ТЖ 32, өкпесінде – өкпелік дыбыстың қысқаруы, әлсіз тыныс, ұсақкөпіршікті ылғалды сырылдар және крепитация. R-граммада: өкпеде ошақты көлеңкелер анықталды.
Осы ауруға ең тиімді қандай антибиотиктағайындалады?
* +цефазолин
* гентамицин
* ванкомицин
* линкомицин
* ципрофлоксацин
#1146
*! 2,5 жастағы қыз атопиялық дерматитке байланысты «Д» есепте тұрады. Бір апта бойы ЖРВИ ға байланысты ем қабылдаған.Симптоматикалық ем барысында жағдайы жақсарды. Бірақта 7-күні дене қызуы 38,8°С дейін жоғарлаған, жөтелі күшейді. Қарағанда: гипертермия 38,9°С; ентігу; ТЖ 42; өкпесінде- перкуторлы қораптық дыбыс, жауырын аралығы оң жақта - аймақ тұйықталған, ұсақкөпіршікті сырылдар естіледі. Осы ауруға қандай антибиотиктер тобы ең тиімді?
* +макролидтер
* линкозамидтер
* фторхинолондар
* цефалоспориндер
* аминогликозидтер
#1147
*!Ұл бала 3,5 жаста. Ауруы жедел басталды гипертермия 39,4°С дейін, динамикада - құсу, сұйық нәжіс, жөтел. Қарағанда: қимыл-қозғалысы тежелген, ыңқылдаған тыныс, бозғылт, ентігу кеуде қуысының ішке қарай енуі, ТЖ 52 - 1 мин, оң жақ бүйіріне аяғын бүгіп жатуы, тыныс алу актісіне оң жақ бөлігінің артта қалып қоюы. Өкпесінде – дыбыстың қысқаруы, әлсіз тыныс, сырылдар жоқ. .ЖЖЖ 136. Осы ауруда науқасты жүргізу әдісі қандай болуы мүмкін?
* +инфузионды ем, форсирленген диурез
* инфузионды ем, ыстық түсіретін ем
* инфузионды ем, қабынуға қарсы ем
* қабынуға қарсы ем, форсирленген диурез
* ыстық түсіретін ем, қабынуға қарсы ем
#1148
*!Ұл бала 3,5 жаста. Ауруы жедел басталды гипертермия 39,4°С дейін, динамикада - құсу, сұйық нәжіс, жөтел. Қарағанда: қимыл-қозғалысы тежелген, ыңқылдаған тыныс, бозғылт, ентігу кеуде қуысының ішке қарай енуі, ТЖ 52, оң жақ бүйіріне аяғын бүгіп жатуы, тыныс алу актісіне оң жақ бөлігінің артта қалып қоюы. Өкпесінде – дыбыстың қысқаруы, әлсіз тыныс, сырылдар жоқ. .ЖЖЖ 136. Осы ауруда төменде келтірілген дезинтоксикациялық емнің қайсысын қолдану тиімдірек?
* гемодиализ
* гемосорбция
* плазмофорез
* гемодилюция
* +инфузионды ем
#1149
*!Қыз бала 5 ай. Шағымдары: ентігу, жөтел. Нәрестелік кезінде - жиі конъюнктивит. Осы ауруы 2 ай бұрын басталған. .Антибиотиктермен ем қабылдаған (пенициллин, кефзол, гентамицин) одан нәтиже болмаған. Қарағанда: ентігу кеуде қуысының ішке қарай енуі, ТЖ 58, жиі жөтел, өкпесінде – қораптық дыбыс, қатаң тыныс, шашыранды ылғалды ұсақ және орташа көпіршікті сырылдар. Осы ауруды емдеуде қандай антибиотикті тағайындау ең тиімді болып саналады?
* меропенем
* ванкомицин
* линкомицин
* +кларитромицин
* ципрофлоксацин
#1150
*!Ұл бала 10 жаста. 3 апта бойы мұрын-жұтқыншақта катаралды көріністер байқалған, аздаған мөлшердегі қақырықпен жөтел, субфебрилитет. Қарағанда: бозғылт, ұстама тәрізді жөтел, ТЖ 20. Өкпесінде - перкуторлы дыбыстың қысқаруы, қатаң тыныс, шашыранды ұсақ көпіршікті сырылдар. R-граммада: өкпе суретінің күшеюі, өкпенің екі жағында да төменгі бөліктерінде ұсақ ошақты көлеңкелер көрінеді.
Осы ауруда қандай антибиотикті тағайындау ең тиімді болып табылады?
* цефазолин
* ампициллин
* линкомицин
* +азитромицин
* ципрофлоксацин
#1151
*!Қызбала 1,5 жаста,жедел ауырды. Баланың жағдайы үдемелі түрде нашарлады. Болжам: «Екі жақты ошақты біріккен пневмония» диагнозымен жедел жәрдем көмегімен ауруханаға жеткізілді. Қарағанда: жағдайы өте ауыр, тыныс жетіспеушілігінің II-III дәрежесіне байланысты, токсикоз, ОНЖ зақымдануы. Баланы жан сақтау бөліміне интенсивті ем қабылдау үшін жатқызылды. Осы ауруда оксигенотерапияның қандай тәсілін қолдану тиімді?