Бап. Жұмыс берушілер мен ұйымдар басшыларының донорлықты дамытуды қамтамасыз ететін жағдайлар жасау жөніндегі міндеттері

Жұмыс берушілер мен ұйымдар басшылары:
1) денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына, сондай-ақ қоғамдық ұйымдарға азаматтарды донорлар қатарына тартуына жәрдем көрсетуге;
2) қан мен оның компоненттерін алу үшін қажетті үй-жайларды
өтеусіз беруге және жағдай жасауға;
3) донор болып табылатын қызметкерді тексеру және қан мен оның компоненттерін тапсыру күні жұмыстан кедергісіз босатуға;
4) донор болып табылатын қызметкерге осы Кодексте белгіленген кепілдіктерді беруге міндетті.
2. Жұмыс берушілер мен ұйымдар басшылары донорларды қосымша ынталандыруға құқылы.

24-тарау. Органдар мен тіндерді транспланттау

143-бап. Органдар мен тіндерді транспланттау және оларды алу
шарттары

1. Транспланттау деп тіндерді және (немесе) органдарды (органдардың бөліктерін) организмнің басқа жеріне немесе басқа организмге ауыстырып салу, сіңістіру түсініледі.
2. Тіндер және (немесе) органдар (органдардың бөліктері) алынатын адам, адамның мәйіті, жануар донор болып табылады.
3. Адамның тіндерін және (немесе) органдарын (органдардың бөліктерін) ықтиярсыз алуға және оларды ауыстырып салуға тыйым салынады.
4. Адамның органдары мен тіндерін сатып алуға-сатуға тыйым салынады.
5. Реципиентпен генетикалық байланыстағы немесе онымен тіні үйлесетін - олардың басқа организмнің тіндеріне сіңісуіне жәрдемдесетін органикалық тіннің имунологиялық қасиеттері бар адам тірі донор болуы мүмкін.
6. Тірі донор жан-жақты медициналық тексеруден өтуі және оның тіндерін және (немесе) органдарын (органдарының бөліктерін) алуға болатындығы туралы маман дәрігерлер консилиумының қорытындысын алуы тиіс.
7. Осы бапта аталғандармен қатар бір мезгілде мына талаптарды сақтағанда ғана:
1) осы Кодекстің 68-бабына сәйкес денсаулығының жай-күйі туралы қажетті ақпаратты алған оның заңды өкілдерінің келісімі;
2) тиісті келісім беруге қабілетті басқа үйлесетін донордың болмауы;
3) реципиент донордың ағасы-інісі немесе апасы-қарындасы болып табылғанда;
4) транспланттау реципиенттің өмірін сақтап қалуға арналса;
5) ықтимал донор алуға қарсылық білдірмесе, кәмелетке толмаған және (немесе) әрекетке қабілетсіз адам болып табылатын тірі донордың органдарын және (немесе) тіндерін алу мүмкін болады.
8. Кәмелетке толмаған және (немесе) әрекетке қабілетсіз адамдардың заңды өкілдерінің келісімі медициналық араласу басталғанға дейін кез келген сәтте кері қайтарылып алынуы мүмкін.
9. Тірі донордан органдарды және (немесе) тіндерді алу оның нотариалды түрде куәландырылған жазбаша келісімімен ғана жүзеге асырылуы мүмкін.
10. Транспланттау үшін жұп органның бірі, олардың болмауы денсаулықтың біржола бұзылуына әкеп соқтырмайтын органның бір бөлігі немесе тін ғана алынуы мүмкін.
11. Тіндерді және (немесе) органдарды (органдардың бөліктерін) транспланттау мақсатымен алу биологиялық өлім расталған кезде немесе бас миының біржола семуін (мидың өлімін) дәрігер-мамандардың консилиумы тіркеген жағдайда ғана, органдарды және (немесе) тіндерді алатын сәтте осы адамның тірі кезіндегі немесе оның жұбайының (зайыбының), жақын туыстарының және (немесе) заңды өкілдерінің мұндай алуға жазбаша келіспеушілігі болмаған жағдайда ғана жүргізілуі мүмкін.
Кісі қолынан өлген немесе кісі қолынан өлуіне күдік болған жағдайда транспланттау мақсаты үшін тіндерді және (немесе) органдарды (органдардың бөліктерін) алу қылмыстық процесті жүргізуші органның ресми келісімімен ғана жүргізілуі мүмкін.
12. Биологиялық өлім - өмірлік маңызды функциялар біржола тынатын, организм тіршілігінің тоқтауы болып табылады.
13. Бас миының біржола семуі - үлкен ми сыңарын, діңін, көпіршесін, орта ми мен мишықты қоса алғанда, мидың бүкіл қатпарының семуімен қатар жүретін, бас миы жүйке клеткаларының интегралдық функцияларын толық жоғалтуы болып табылады.
14. Кейіннен транспланттау үшін органдар мен тіндерді алуды қамтамасыз етуге қатысқан адамдардың биологиялық өлімді немесе бас миының біржола семуін растауға қатысуына тыйым салынады.

144-бап. Тіндерді және (немесе) органдарды (органдардың
бөліктерін) транспланттау тәртібі

1. Тіндерді және (немесе) органдарды (органдардың бөліктерін) транспланттау қажеттігі туралы медициналық қорытындыны тиісті денсаулық сақтау ұйымының дәрігерлер консилиумы береді.
2. Тіндерді және (немесе) органдарды (органдардың бөліктерін) транспланттау реципиенттің не кәмелетке толмаған реципиенттің не сот іс-әрекет жасауға қабілетсіз деп таныған реципиенттің заңды өкілінің жазбаша келісімімен жүзеге асырылады.
3. Реципиент алдағы уақытта жасалатын транспланттауға байланысты оның денсаулығында орын алуы ықтимал асқынулар туралы ескертілуге тиіс.
4. Ауру жұқтырған тіндерді және (немесе) органдарды (органдардың бөліктерін) транспланттауға тыйым салынады.
5. Мәйіттерден тіндерді және (немесе) органдарды (органдардың бөліктерін) алу денсаулық сақтау ұйымдарында жүргізіледі. Тіндерді және (немесе) органдарды (органдардың бөліктерін) консервациялау мен транспланттауды тек мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында ғана жүргізуге жол беріледі.
6. Органдарды (органдардың бөліктерін) және (немесе) тіндерді алудың, консервациялаудың, адамнан адамға және жануардан адамға транспланттаудың тәртібі мен шарттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
7. Осы баптың күші ұрпақ жаңғырту тіндерін (жыныстық клеткаларды) қамтитын, адамның дүниеге келу процесіне қатысы бар органдарға, олардың бөліктері мен тіндеріне, сондай-ақ қан мен оның компоненттеріне қолданылмайды.

Наши рекомендации