СабаҚтардыҢ таҚырыптыҚ жоспарлары

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасы

Силлабус

Пән: «Ішкі аурулар пропедевтикасы»

Пән коды: БД 016

Мамандық: 051301 «Жалпы медицина»

Сағат көлемі: 216

Курс: 3 оқу семестрі: 5,6

Семей 2012

Силлабус (студенттің жұмыс бағдарламасы) «Ішкі аурулар пропедевтикасы» пәні бойынша интеграцияланған типтік оқу бағдарламасы негізінде ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасы оқытушыларымен құрастырылған.

Құрастырғандар:

1. Жумамбаева Р.М.

2. Кожахметова Д.К.

31.08.2012 ж. кафедра отырысында талқыланған.

№ 1 Хаттама

Кафедра меңгерушісі _____________ Жумамбаева Р.М.

Кафедра және оқытушылар жөнінде мәліметтер :

1. Жумамбаева Роза Мурзахановна – СММА профессоры, доцент, кафедра меңгерушісі, жоғары білікті дәрігер.

2. Раисова Г.К. – Семей қ. ММУ профессоры

3. Даутов Даулет Хапасович –м.ғ.к., доцент, жоғары білікті дәрігер.

4. Токабаев Азамат Кожагулович – м.ғ.к., доцент, жоғары білікті дәрігер.

5. Токабаева Г.Т. – м.ғ.к., кафедраның ассистенті

6. Избасарова Ирина Анатольевна - б.ғ.к., ассистент, жоғары білікті дәрігер.

7. Дюсенова Ляззат Бекберовна – ассистент, жоғары білікті дәрігер.

8. Рахимбекова Гульназ Кайырлыхановна – ассистент, I категория дәрігері

9. Балашкевич Наталья Александровна – ассистент

10. Кожахметова Дана Кенжебаевна – ассистент

11. Кайдарова Сая Балташевна – ассистент

12. Калымжанова Аяулым Бакытхановна – ассистент

Кафедраның тұрақты мекен жайы:

Кабельный переулок көшесі, 1. № 2 қалалық аурухана, 3 қабат.

№№ 3,20,41,13 автобустармен және №№203, 206, 208, 233 бағытты таксимен барып жетуге болады. Ет комбинаты аялдамасы .

Телефон – 349382 (терапия бөлімшесі)

ЖЖКК емханасы, қалпына келтіру терапиясы және сауықтыру бөлімі

Жамакаева көш, 100

12, 41, 3, 38, 2 автобустарымен және 201, 202, 203 бағытты таксимен жетуге болады.

Орталық қалалық аурухана аялдамасы.

Арттар мен мүгедектерге арналған МӘМ.

Сеченова көш, 4

12, 35, 9, 5 автобустармен және 202 бағытты таксимен жетуге болады

Қарттар үйі аялдамасы.

Пән саясаты

Пән саясаты – кафедраның білімалушыға берілген пәнді оқу үрдісінде қойылатын жалпы талаптарға, білімалушыға оқу материалын неғұрлым толық меңгеруге және оқытушылар мен білімалушылар (студент, интерн, резидент, магистрант, докторант) арасында жемісті ынтымақтастыққа бағытталған.

Білімалушылар міндетті:

· Білімді, біліктілікті, тәжірибелік дағдыларды және құзырлықтарды толық көлемде игеруге;

· Бірінші курстан бастап таңдаулы білім траекториясы бойынша құзырлықтарға жету үшін «Портфолио» жинақтауға;

· Оқытушыларға, қызметкерлерге және білімалушыларға құрметпен және сыпайылықпен қарауға;

· Білімалушылар тәртіпті және ұқыпты болуға, университетте, ауруханаларда өздерін лайықты ұстай білуге, сабақтар басталғаннан барлық оқу және олардың маңындағы бөлмелерде қалыпты білім алуға қажетті тыныштық және тәртіп орнатуға;

· Сабақ басталғаннан кейін (оқытушының сабақты нақты бастауынан кейін) білімалушылардың аудиторияға кіруі және шығуы оқытушының рұқсаты бойынша ғана болады;

· Тәжірибелік (семинарлық), зертханалық сабақтарға, профессордың және доценттің бақылауына, дәрігерлік консилиумдерге міндетті түрде қатысуға тиісті;

· Кафедраның ОБӨЖ ( оқытушының басқаруымен білімалушының өздік жұмысы) қатысуға арналған талаптарын сақтауға;

· Тәжірибелік (семинарлық), зертханалық сабақтарға, ОБӨЖ сабақтарына міндетті түрде медициналық формада қатысуға;

· Білімалушылар клиникалық кафедраларда сабаққа қатысу үшін санитарлық кітапшаларында санитарлық-эпидемиологиялық қызмет рұқсатнамасының болуына;

· Кафедраның мүлкіне мұқият қарауға; үстелдер үстіне жазбауға, мүлікті бұзған жағдайда жөндеуге;

· Білімалушылар шпилька аяқ киім кимеуі тиіс.

· Өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін сақтауға;

· Университеттің ішкі тәртіп ережелерін сақтауға;

· Кафедра жұмысына белсенді қатысуға ( СҒІ үйірмесіндегі жұмыс, кафедрада өткізілетін шараларға және т.б.);

· Мамандығы бойынша ғылыми – практикалық, патологоанатомиялық конференциялар мен ассоциациялар жұмысына қатысуға;

· Оқу, дәріс уақытында ұялы телефондарды сөндіруге;

· Ұялы телефондарды, i-Phone, i-Pad емтихандарға бірге алып кіруге тыйым салынады. Оларды пайдаланған жағдайда білімалушы емтиханнан қуылады және «Ғ» баға қойылады. Ал емтихан барысында көмекші қағаздар қолданса, онда қорытынды баға: «Ғ» қанағаттанарлықсыз ;

· Егер білімалушы бір ғана сабақ босатса, деканаттан рұқсат қағазы қажет етілмейді, бірақ сабақ міндетті түрде өтелуі керек. Электрондық журналда әр босатылған сабақ өтелмесе, автоматты түрде балы төмендетіледі.

· Кафедраларда және курстарда өтелулер сабақ кестесінен тыс уақытта өткізілуге, клиникаларда түнгі профессорлық-оқытушылық құрамының кезекшілік уақытында өтелуіне рұқсат беріледі.

· Білімалушы сабақтарды себепті босатқан жағдайда (стационарлы емдеуде болғанда, төтенше жағдайларда: авариялар, апаттар және басқалар), студент немесе оның туыстары кафедраға болған жағдай туралы кез – келген әдіспен (телефонмен және басқа) бір тәулік ішінде хабардар етіп, 3 күннің ішінде осы жағдайды растайтын құжаттарды көрсетуге; Растайтын құжаттар: студенттік емханадан алынған анықтама, жақынының өлімі туралы құжат, донорлық анықтама, неке қиуы туралы күәлік, баланың тууы туралы күәлігі. Интерндер, резиденттер, магистранттар, докторанттар ауру туралы анықтама қағазын әкелуге тиісті. Растайтын құжаттар болмаған жағдайда- себепсіз босатты деп саналады.

· Сабақты себепті босатқан жағдайда білімалушы босатқан сабақтың тапсырады, егер деканаттан растайтын құжатпен бірге рұқсатнаманы көрсеткеннен кейін.

· Кафедраға рұқсатнамамен қатар растайтын құжаттың көшірмесі көрсетіледі. Білімалушыт бір уақытта 2 сабақты өтеуіне болады.

· Сабақты себепсіз босатқан жағдайда білімалушы бір уақытта 1 сабақты өтеуіне болады.

· Босатқан сабақты өтегенде «ж» журналда шеңберленеді және алған бағасы қойылады;

· Себепсіз босатқан сабақты өтегенде білімалушы 3,33 ден жоғары баға қойылмайды. Электрондық журналда «ж» алынады және балл қойылады.

· Бір айда сабақты екі рет, не одан да көп сабақ босатқан білімалушы аттестаттаудан өтпейді. Білімалушы себепсіз босатқан сабақтары үшін 1 айда, себепті босатқаны үшін 2 айда өтеулерді өткізуге тиіс.

· Негізгі пәндер бойынша сабақтарды 25% не одан да көп себепсіз босатқан жағдайда білімалушыға деканаттарда өтеулерді орындауға рұқсат жоқ, білімалушы пән бойынша аралық аттестаттаудан өтпейді. Бұл жағдай мамандық бойынша шектес пәндерге де жатады. Білімалушы жазғы (ақылы) семестрде өтуге тиіс.

· Негізгі пәндер бойынша сабақтарды 25% не одан да көп себепті босатқан жағдайда білімалушы жеке кесте бойынша барлық сабақтарды өтеуі керек.

· Деканаттан рұқсат қағаздар оқу топтарының журналдарында сақталады.

· Аралық бақылау кезінде себепті не себепсіз босатқан сабағын бір ай ішінде өтемеген жағдайда «ж» орнына «0» қойылады.

· Егер «Жалпы медицина» мамандығы бойынша 4,5,6,7 курстарының интеграциясының бір пәнінен не шектес пәннен білімалушы «Ғ» алса, жазғы (ақылы) семестрді «Ғ» баға алған пән бойынша ғана өтеді.

· Егер емтихан 2 кезеңнен тұратын болса және білімалушы кезеңдердің біреуінен «0» алса, онда қорытынды баға саналмайды. Қорытында баға мынадай жағдайда: егер білімалушыда рұқсат алу рейтингісі және қорытынды бақылау бағасы болған жағдайда есептелінеді. Мұндағы жақсы бағаға 50% тен 100% -ке дейінгі бағалар, қанағаттанарлықсыз баға 0 ден 49% -ке дейінгі бағалар кіреді.

· Тесттік емтиханның үлес салмағы 10% .

· Ағымдағы сабақтарда алынған және аралық бақылаудағы қанағаттанарлықсыз бағалар өтелмейді. Қанағаттанарлықсыз бағалар алғанда білімалушының Рұқсат алу рейтингі бағасы төмен болады, ол емтихандар рұқсатнамасына әсер етеді.

· Емтиханда алған қорытынды бағаны көтеру үшін қайта емтихан тапсыруға рұқсат жоқ.

· Сынақ кітапшасының оң жағына Рұқсат алу рейтингі бағасы қойылады. Дифференциалдық сынақ бағасы шәкіртақының тағайындалынуына әсер етеді.

· Оқу бағдарламаның барлық шарттарына сәйкес семестрдің барлық пәндері бойынша сынақтарды тапсырып, Рұқсат алу рейтингі бағасын алған жағдайда ғана білімалушылар емтихандық сессияға рұқсатнама алады. Емтихандық сессияға рұқсатнама деканаттың өкімімен рәсімделеді, білімалушының сынақ кітапшасына «сессияға жіберілді» деген мөртаңба қойылады.

· Білімалушылар үлгерім орташа баллы (GPA) негізінде курстан курсқа көшіру жүзеге асырылады.

· (GPA) үлгерім орташа балы курстан курсқа өту баллының қажетті мөлшерін ала алмаған жағдайда, білімалушы білім грантынан айрылады, курсты қайта оқиды немесе өз қалауымен оқудан шығарылады.

· Курстың бағдарламасын толық көлемде орындап, бірақ GPA өту баллын ала алмаған білімалушы жазғы (ақылы) семестрде пәнді (мемлекеттік емтихан «Қазақстан тарихынан» басқа) қайта оқуға, қайта емтихан тапсыруға мүмкіндік алады. Қайта алынған жақсы баға шәкіртақыға әсер етпейді.

· Білімалушылар (академиялық демалыстан кейін) курстың пәндерін толықтай өтуге және емтихан тапсыруға міндетті.

Кафедраның жалпы талаптары:

1. Студенттің сырт келбеті: халат, колпак, маска, ауыстырмалы аяқ киімдер болу керек.

2. Бағдарлама бөлімдері орындалмаса, себепсіз сабақ босатылғанда сенбі күндері сағат 9-дан 13-ке дейін босатылған сабақтарды өтеу ұйымдастырылады.

Босатқан сабақтарды өтеу кестесі:

Қыркүйек – 22, 29

Қазан – 6, 13, 20, 27.

Қараша – 3, 10, 17, 24.

Желтоқсан – 1, 8, 15, 22, 29.

1 ай ішінде 2 және оданда көп босатқан сабақтары болып және ол өтемесе студент аттестацияланбаған студент болып табылады.

Егер студент сабақтарды босатып, аралық бақылауларды тапсырмаса, онда есеп қойылмайды және емтихан тапсыруға босатылмайды.

3-ші курстың соңында емтихан болады және ол теориялық және тәжірибелік бөлімді қамтиды. Теориялық бөлімі 150 сұрақтан тұрады, ал тәжірибелік бөлімі тәжірибелік дағдыларды қабылдаудан тұрады. Аралық бақылау ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасының базасында қабылданады.

Бағдарлама тақырыптарын дербес түрде меңгеру үшін кафедрада оқу бөлмелері, арнайы жабдықталған аудиториялар бар.

Оқу әдістемелік құралдар ұсынылады (көрнекі материалдар, кестелер, слайдтар, тестілер, әдістемелік нұсқаулар).

Практикалық дағдыларды меңгеру үшін кафедрада керекті құрал, фантом, велоэргометр, спирограф, ЭКГ аппарат және муляждармен жабдықталған бөлмелер бар.

Практикалық дағдылар ойындар, диспут және семинар түрінде және т.б. өтеді

Бағдарлама:

Кіріспе

Негізгі пәннен алынған біліммен клиникалық пәндер арқылы қалыптасқан практикалық біліммен дағдыларының үйлесуі дәрігерді даярлау барысында тұжырымды білім және дағдыларды қалыптастырудың негізгі шарты.

2. Пәннің мақсаты: Жас шамалық өзгешеліктерімен қоса ішкі аурулар пропедевтикасы фундаментальді пәндерді оқытуды біріктіру негізінде оқудың ақырғы нәтижеге жетуін қамтамасыз ету болып саналады.Интеграцияланған оқу студенттердің фундаментальді пәндер мен ішкі аурулар пропедевтикасын әрбір жүйені бір ізділіктілікпен оқуын қарастырады. Негізіне адам ағзаларының сегіз жүйесі бойынша модульдер принципі алынды: жүрек-қан тамырлар, тыныс алу, асқорыту, жүйке, зәр шығару-жыныс, эндокринді, тері және оның қосалқылары мен қимыл-тірек, қан айналым жүйесі.

3. Пәннің міндеттері:

1-ші кезеңде:

Ересектер мен әр жастағы балалардың жүрек-қан тамырлар, тыныс алу, асқорыту, жүйке, зәр шығару-жыныс, эндокринді, тері және оның қосалқылары мен қимыл-тірек, қан айналым жүйелеріне клиникалық тексерулер жүргізуді үйрету.

2-ші кезеңде:

1. барлық ішкі ағзалар жүйелері зақымдануы барысында негізгі клиникалық симптомдар мен синдромдарды анықтауды үйрету;

2. барлық ішкі ағзалар жүйелерінің зақымдануында жиі кездесетін синдром-дардың визуальді диагностика әдістерімен зерттеген мәліметтеріне интерпретация жасауды үйрету;

3. науқасты зертханалық және инструментальды тексеру жоспарын жасауға және алынған қорытындыларына интерпретация беруге үйрету;

4. ішкі ағзалар зақымдануында жиі кездесетін синдромдарға тағайындалатын негізгі дәрілік препараттардың фармакологиялық әсер ету механизмдерін түсінуге үйрету;

5. ішкі ағзалар зақымдануының негізгі синдромдарына әсер ететін дәрілік препараттарды таңдай білуді және оған рецепт жазуды үйрету.

4. Оқытудың соңғы нәтижелері және пәннің мазмұны:

Наши рекомендации