Тромбоз және эмболия 1 страница
#522
*!Тромбоэмболия кезінде қайсы дәрілік заттарды қолданған НЕҒҰРЛЫМ тиімді?
*реополиглюкин
*В тобындағы дәрумен
*актовегин
*никотин қышқылы
*+гепарин
#523
*!Науқас 65 жаста, 2 жылдан бері алма-кезек ақсаумен ауырады, бірақ ешқашан медициналық көмек алмаған, емделмеген. Қабылдау бөлімшесіне келмес бұрын 9 сағат алдын, оң жақтағы аяғы кенеттен мұздап ауырып, жансызданған. Қарап тексергенде, оң аяғы бозарған, ұстағанда мұздай, тері асты веналары толымсыз, белсенді қозғалысы мен сезімталдығы төмендеген, шап қыртысынан төменгі жақта тамыр соғысы анықталмайды.
Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
*мықын венасының тромбозы
*мықын артериясының эмболиясы
*ишалгия
*нейробұлшық етті синдром
*+мықын артериясының тромбозы
#524
*!Науқас 30 жаста, травматологияның қабылдау бөліміне сол жақ қолының ауру сезіміне, жансыздануы, мұздауы, сонымен қатар саусақтарының қоғалысының шектелуіне шағымданып түсті. Анамнезінде туыстарының айтуы бойынша мас күйінде сол жақ қырымен жатып ұйықтап қалған. Қарап тексергенде сол жақтағы қолы мұздай, бозарған, йық артериясында тамыр соғысы анықталмайды.
Осы жағдайға төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?
*+йық артериясының тромбоэмболиясы
*йық артериясының эмболиясы
*бұғана асты венасының тромбозы
*краш синдромы
*сол қолдың перифериялық ангиоспазмысы
#525
*!Науқас ауруы басталғаннан кейін бір тәулік өткен соң, оң аяғының қатты ауру сезіміне, жансыздануы мен мұздауына шағымданып түсті. Науқасқа бірнеше күн алдын коронарография жасалған.
Көрсетілген асқынулардың қайсысы болуы мүмкін?
*+эмблия
*тромбоз
*миокард инфарктысы
*ишиалгия
*перифериялық ангиоспазм
#526
*!Науқас 55 жаста, сол жақ аяғының қатты ауру сезіміне, мұздауына, аяқ саусақтарының қозғалысының шектелуіне шағымданады. Анамнезінде: ревматизмге байланысты ревматолог дәрігерде есепте тұр. Аяғын тексеріп қарағанда мұздай, бозарған, сан артериясындағы пульсациясы жоғарылаған, тізе асты артериясында пульсациясы анықталмайды. АҚ-150/90 мм.сн.бағ, аритмия.
Алдын-ала қойылған диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
*жедел миокард инфарктысы
*+сан артериясының эмболиясы
*сан артериясының тромбозы
*шонданай нервісінің қысылуы
*сол аяқтың гемипарезі
#527
*!Төменде көрсетілген себептердің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ өкпе артериясының тромбоэмболиясына әкеледі?
*құрсақ қолқасының тромбозы
*қақпа венасының тромбозы
*йық артериясының тромбозы
*+төменгі қуыс жүйесінің тромбозы
*артериовенозды жыланкөзі
#528
*!Науқас 71 жаста, оң тізе буынының шығып кетуіне байланысты травматология бөлімшесіне түсті. Шыққан сүйегін орнына салғаннан кейін 2 күн өткен соң оң аяғында қатты ауру сезімі, жансыздануы байқалған. Қарап тексергенде: балтыры, аяқ басы мұздай, тері асты венасы босаңсыған, аяқ басы және тізе асты артериясының пульсациясы анықталмайды. Тізе буынының көлемі үлкейген.
Төменде көрсетілген патологиялардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?
*гемартроз
*бұлшық ет аралық гематома
*жарақаттық артериоспазм
*+тізе асты артериясының жедел тромбозы
*Марторелл синдромы
Атеросклероз
#529
*!Науқас 48 жаста, анамнезінде: гангрена болуына байланысты бұрын екі аяғының ампутациясы жасалған. Осыдан 3 күн бұрын сол қолының саусақтарында кенеттен қатты ауру сезімі, бозаруы, мұздауы, содан кейңн көгеруі мен ісінуі болған. Ауруының қатты болуына байланысты науқас түнде ұйықтай алмайды. Сол қолының шыбық және шынтақ артерияларында пульсациясы күрт төмендеген. Оң жақ қолындағы артерияларының пульсациясы сақталған.
Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келуі мүмкін?
*+ облитерациялық тромбангиит
*қол артерияларының эмболиясы
*Мартореллсиндромы
*Рейносиндромы
*мойын омыртқасының остеохондрозы
#530
*!Науқас 65 жаста, 2 жылдан бері алма-кезек ақсаумен зардап шегеді. Ангиографияда – бифуркация деңгейіндегі құрсақ қолқасының стенозы, қолқа қабырғасының атеросклероздық өзгерісі анықталды.
Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
*мықын венасының тромбозы
*мықын артериясының эмболиясы
*абдоминальді ишемиялық синдром
*Такаясу синдромы
*+Лериш синдромы
#531
*! Облитерациялық атеросклероз және облитерациялық эндартерииттің салыстырмалы диагностикасын жүргізгенде төменде көрсетілген тексеру әдістерінің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ мәліметті?
*компьютерлік томография
*реовазография
*+аорто-артериография
*пирофосфатты Те99 (технеций) радионуклидті тексеру
*УДДГ
#532
*! Науқас 55 жаста, жүрген кезде сан және бөксе бұлшық еттерінің ауру сезіміне, жыныстық күш қуатының төмендеуіне шағымданады. Соңғы кезде тоқтаусыз не бары 70 метр ұзақтыққа ғана жүре алады. Қарап тексерген уақытта аяқтарындағы сан артерияларының екеуінде де пульсациясы анықталмайды.
Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
*+Лериш синдромы
*Паркс-Вебер-Рубашов синдромы
*қолқа бифуркациясының постэмболиялық окклюзиясы
*қолқаның кеуделік бөлігінің коарктациясы
*екі аяқтың сан артерияларының атеросклероздық окклюзиясы
#533
*!Науқас 27 жаста, жүрген кезінде сол аяқ басы мен балтырындағы ауру сезіміне шағымданып түсті. 4 жылдан бері ауырады. Алдымен тоқтаусыз 500-600 метр қашықтыққа жүруші еді, соңғы кездерде 50-60 метрден артық қашықтыққа жүре алмайды. Күніне данаға дейін 30 темекі шегеді. Сол жақтағы аяқ басы және балтырының терісі бозарған, ұстап қарағанда оң жақтағы аяғымен салыстырғанда мұздай. Сол жақ аяқ басында артериалды пульсациясы жоқ, ал оң жақ аяғының сыртқы бетінде әлсіреген. Ал тізе асты және сан артерияларының пульсациясы екі жағында да анық анықталады.
Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келуі мүмкін?
*облитерациялық атеросклероз
*+облитирациялық эндоартериит
*Лериш синдромы
*Рейно ауруы
*тізе асты артериясының тромбозы
#534
*!Науқас 44 жаста, оң аяғының ІІІ дәрежелі ишемиясымен ауырады, не бары 30 метр қашыққа ғана жүреді. Сол аяғындағы артериялық пульсациясы барлық деңгейде сақталған, ал оң жағы – тек жалпы сан артериясында сақталған. Ангиографияда – оң тізе асты артериясының окклюзиясы, олардың тармақтары коллатералдар арқылы толған.
Төменде көрсетілген операциялардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ тиімді?
*ампутация
*үлкен тері асты венасын артерилизациялау
*+тізе асты артериясының ауто- (алло) пластикасы
*белдік симпатэктомия
*қолқа сандық аллошунттау.
#535
*!Науқас 63 жаста, «Атеросклероз, мықын артерияларының стенозы, сан артериясының окклюзиясы» деген диагнозбен операцияға алынды. Сан артерияларының кальцинозы анықталды. Төменде көрсетілген операциялардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ тиімді?
*реконструктивті операцияны жалғастыру және сонымен аяқтау
*тек профундопластика жасау
*периартериальді симпатэктомия
*+белдік симпатэктомия
*ревизия жасаумен операцияны аяқтау
Жедел панкреатит
#536
*!52 жастағы ер адам, эпигастрий аймағындағы ауру сезіміне, белге иррадиацияланатынына, көп рет құсатындығына шағымданып келді. Ауырғанына 4-5 сағат болған, жағдайының нашарлағанын майлы тамақ жегенімен байланыстырады. Іштің пальпациясы кезінде Керте симптомы оң, Щеткин-Блюмберг симптомы теріс.
Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы АНАҒҰРЛЫМ ықтимал?
*жедел аппендицит
*жедел холецистит
*+жедел панкреатит
*пилородуоденалды стеноз
*Меллори-Вейс синдромы
#537
*!58 жастағы ер адам, жедел панкреатит деген болжамалы диагнозбен жеткізілді. Анамнезінде 2 жыл бұрын миокард инфарктісімен ауырған. Қарау кезінде іштің жоғарғы бөлігінің кеуіп тұрғаны байқалады, палпация кезінде эпигастрий аймағында қатты ауру сезімі анықталады, Щеткин-Блюмберг симптомы күмәнді, ішек перистальтикасы баяу. Үлкен дәрет болмаған.
Аталған аурулардың қайсысымен дифференциалды диагноз жүргізу АНАҒҰРЛЫМ дұрыс?
*жедел холецистит
*жедел аппендицит
*асқазанның перфоративті ойық жарасы
*ішектің жедел түйілуі
*+мезентериалды қан тамырларының жедел тромбозы
#538
*!42 жастағы ер адам, эпигастрий аймағындағы ауру сезіміне, белге иррадиацияланатынына, көп рет құсатындығына шағымданып келді. Бұрындары осындай ауру сезімінің ұстамалары болғанын айтады, жағдайының нашарлағанын майлы тамақ жегенімен байланыстырады. Тексеру кезінде Керте және Грей-Тернер симптомдары оң. Іштің аускультациясы кезінде ішектің баяу перистальтикасы естіледі.
Төменде аталған диагноздардың қайсысының болуы АСА ЫҚТИМАЛ?
*бауыр циррозы
*жедел холецистит
*+жедел панкреатит
*он екі елі ішек ойық жарасының перфорациясы
*пилородуоденалды стеноз
#539
*!37 жастағы науқас Л., жедел панкреатит бар деген күдікпен жатқызылды. Жағдайы 2 сағат бұрын алкоголь ішкеннен кейін нашарлаған. Қан анализінде: лейкоциттер - 9,4х109/л, ЭТЖ - 10 мм/сағ; Құрсақ қуысының УДЗ-да ұйқы безінің көлемінің ұлғайғандығы анықталды.
Қандай лабораторлық көрсеткіш диагнозды АНАҒҰРЛЫМ нақтылайды?
*коагулограмма
*қан құрамындағы қантты анықтау
*+қан құрамындағы амилазаны анықтау
*қан құрамындағы мочевинаны анықтау
*қандағы жалпы билирубинді анықтау
#540
*!29 жастағы ер адам, жедел панкреатиттің клиникалық көрінісімен келіп түсті. Осындай ауруы өмірінде бірінші рет, жағдайының нашарлағаны 4 сағат бұрын басталған, оны диетаның бұзылуымен байланыстырады. Іштің пальпациясы кезінде Керте симптомы оң. Қан анализінде: лейкоциттер - 8,9х109/л, ЭТЖ - 10 мм/сағ; Құрсақ қуысын УДЗ: өт қапшығында өттің іркілуі, ұйқы безі көлемінің ұлғаюы, контурының анық еместігі анықталады.
Пациентке қатысты қандай тактика қолдану ӘЛДЕҚАЙДА тиімді?
*жедел операция
*шұғыл операция
*амбулаторлы бақылау
*+хирургиялық бөлімшеде консервативті емдеу
*терапия бөлімшесінде консервативті емдеу
#541
*!Пациент 35 жаста, эпигастрий аймағының ауыратынына, ауру сезімінің белге иррадияциаланатынына, көп рет құсатындығына шағымданып келді. Тексеру кезінде ішінің алдыңғы бетінде көкшіл дақтар бар, пальпация кезінде эпигастрий аймағында ауру сезімі анықталады. Диагностикалық лапароскопия кезінде құрсақ қуысында геморрагиялық сұйықтық және стеарин дақтары байқалады.
Аталған диагноздардың қайсысының болуы АСА ЫҚТИМАЛ?
*жедел холецистит
*жедел аппендицит
*+жедел панкреатит
*илеоцекалды инвагинация
*мезентериалды қан тамырларының жедел тромбозы
#542
*!67 жастағы әйелде, құрсақ қуысының УДЗ кезінде ұйқы безінің проекциясында қуысты құрылым анықталды, диаметрі 3,0 см, сұйықтық деңгейі жоқ. Науқастың сөзіне қарағанда оған жедел панкреатитке байланысты бұрындары операция жасалған. Тексеру кезінде іші жұмсақ, ауырмайды. Дене температурасы - 36,20С. Қан анализінде: лейкоциттер - 8,7х109/л.
Кеш операциядан кейінгі кезеңінде жедел панкреатиттің қандай асқынуының дамуы АНАҒҰРЛЫМ ықтимал?
*холедохолитиаз
*ұйқы безінің қатерлі ісігі
*шарбы қалтасының абсцесі
*+ұйқы безінің кистасы
*ұйқы безінің абсцесі
#543
*!65 жастағы әйел, аузының құрғауына, үнемі шөлдеп жүретіндігіне және жалпы әлсіздікке шағымданып келді. Анамнезінен: 2 жыл бұрын оған жедел панкреонекрозға байланысты операция жасалған. Қарау кезінде іші жұмсақ, ауырмайды. Құрсақ қуысының УДЗ кезінде ұйқы безінің көлемі қалыпты, патологиялық құрылымдар анықталдмайды.
Қандай лабораторлық зерттеу жедел панкреатиттің кеш асқынуының дамығандығын нақтылауға АНАҒҰРЛЫМ мүмкіндік береді?
*+қандағы қант деңгейін анықтау
*зәрдегі диастазаны анықтау
*қандағы диастазаны анықтау
*нәжіс анализінен жасырын қанрды анықтау
*қанның ұю анализі
#544
*!Пациент 51 жаста, қабылдау бөлімшесіне жедел панкреатиттің клиникалық белгілерімен келіп түсі.
Қандай лабораторлық көрсеткіш диагнозды нақтылауға АНАҒҰРЛЫМ мүмкіндік береді?
*қандағы және зәрдегі қантты анықтау
*қандағы және зәрдегі мочевинаны анықтау
*+ қандағы және зәрдегі диастазаны анықтау
*қандағы эритроциттар мен лейкоциттарды анықтау
*қандағы билирубинді және зәрдегі өт пигменттерін анықтау
#545
*!48 жастағы пациентте, эндоскопиялық ретроградты холангиопанкреатографиядан (ЭРХПГ) кейін келесі күні эпигастрий аймағында ауру сезімі пайда болды, белге иррадияциаланады, көп рет құсқан. Іштің пальпациясы кезінде эпигастрий аймағында бұлшық еттердің резистенттілігі мен ауру сезімі байқалады, Мейо-Робсон симптомы оң.
Құрал-аспаптық зерттеуден кейін қандай аурудың дамуы АСА ЫҚТИМАЛ?
*жедел холецистит
*+жедел панкреатит
*пилородуоденалды стеноз
*ішектің жедел түйілуі
*асқазанның ойық жарасы ауруының өршуі
#546
*!Жедел майлы панкреонекроз бойынша операция жасалған 53 жастағы пациенттің, операциядан кейін 6-шы тәулікте, жағдайы нашарлап кетті, эпигастрий аймағында қатты ауру сезімі пайда болды. Іштің пальпациясы кезінде эпигастрий аймағында ауру сезімі анықталады. Қан анализінде лейкоциттер - 24,0х109/л, ЭТЖ - 38 мм/сағ, жалпы билирубин - 20,5 мкмоль/л; Құрсақ қуысының УДЗ кезінде ұйқы безінің проекциясында диаметрі 5,0 см болатын сұйықтық деңгейі бар құрылым анықталады.
Операциядан кейін қандай асқынудың дамуы АСА ЫҚТИМАЛ?
*холедохолитиаз
*ұйқы безінің қатерлі ісігі
*ұйқы безінің кистасы
*+ұйқы безінің абсцесі
*ішастардан тыс жатқан клетчатканың флегмонасы
#547
*!Клиникаға жедел панкреатит деген күдікпен түскен 34 жастағы пациентке диагностикалық лапароскопия жасалды. Ревизия кезінде құрсақ қуысы ағзаларында патологиялық өзгерістер байқалмайды, алайда бос геморрагиялық сұйықтық бар екен, оның құрамында амилаза мен липазаның жоғары деңгейлері анықталды.
Аталған патологиялардың қайсысының болуы АНАҒҰРЛЫМ ықтимал?
*+жедел панкреатит
*бауыр циррозынан болған асцит
*мезентериалды қан тамырларының тромбозы
*он екі елі ішектің перфортивті ойық жарасы
*ішектің жедел странгуляциялық түйілуі
#548
*!Пациент 40 жаста, клиникаға жедел панкреатитпен жеткізілді. Тексеру кезінде іштің алдыңғы бетінде және іштің екі бүйірінде көлемі әртүрлі көкшіл дақтар байқалады.
Аталғандардың қайсысы терідегі дақтардың пайда болуының АСА ЫҚТИМАЛ механизміне жатады?
*коагулопатия
*қанның сұйылуы
*қан элементтерінің бұзылуы
*қан тамырлары қабырғасының механикалық түрде зақымдалуы
*+капиллярлар қабырғасының өткізгіштігінің бұзылуы
#549
*!Пациент 46 жаста, клиникаға жедел панкреатит деген күдікпен келіп түсті. Анамнезінде өттас ауруы бар.
Жедел панкреатит пен жедел холецистит арасында дифференциалды диагноз жүргізу үшін КӨБІНЕСЕ қандай клиникалық симптомдар қолданылады?
*+Керте және Ортнер-Греков
*Воскресенский және Ровзинг
*Грей-Тернер және Спижарный
*Мейо-Робсон және Раздольский
*Холстед және Кохер-Волкович
#550
*!Пациент 32 жаста, клиникаға жедел панкреатит деген күдікпен келіп түсті. Анамнезінде он екі елі ішектің ойық жара ауруы бар.
Жедел панкреатит пен он екі елі ішектің перфоративті ойық жарасы арасында дифференциалды диагноз жүргізу кезінде, қандай клиникалық симптом жедел панкреатитке АНАҒҰРЛЫМ тән?
*+Керте
* Юдин
*Элекера
*Спижарный
*пневмоперитонеум
#551
*!Пациент П. 30 жаста, клиникаға жедел панкреатит деген күдікпен келіп түсті. Анамнезінде құрсақ қуысының жабыспалы ауруы бар.
Жедел панкреатит пен ішектің жедел жабыспалы түйілуі арасында дифференциалды диагноз жүргізу кезінде, қандай клиникалық симптом жедел панкреатитке АНАҒҰРЛЫМ тән?
*Кивуль
*Греков
*Шиман-Данс
*+Мейо-Робсон
*Цеге-Мантейфель
#552
*!55 жастағы ер адам, клиникаға жедел панкреатит деген диагнозбен келіп түсті. Оған бұрындары перитонит бойынша операция жасалған.
Қандай аурумен дифференциалды диагноз жүргізу АНАҒҰРЛЫМ дұрыс?
*капростаз
*асқазанның қатерлі ісігі
*Лериш синдромы
*Меллори-Вейс синдромы
*+ішектің жедел жабыспалы түйілуі
#553
*!Пациент П. 38 жаста, клиникаға іштің жоғарғы бөлігіндегі ауру сезімі, лоқсу және көп рет құсу сияқты шағамдармен келіп түсті. Ауырғанына 5 сағат болған. Жағдайының нашарлағанын майлы және қуырылған тамақты жегенімен, алкогольді ішуімен байланыстырады. Тексеру кезінде іші жұмсақ, Керте және Холстед симптомдары оң.
Аталған аурулардың қайсысының болуы АСА ЫҚТИМАЛ?
*эзофагит
*перитонит
*жедел холецистит
*+жедел панкреатит
*асқазанның ойық жара ауруы
Жедел аппендицит
#554
*!Ер адам H. 25 жаста, ішінің ауру сезіміне шағымданып түсті. Пальпация барысында оң жақ мықын аймағының бұлшық етінің қатайуы және ауру сезімі байқалады. Ровзинг симптомы оң.
Аталған болжама диагноздардың қайсысы дұрыс?
*мезентериальды қантамырлардың тромбозы
*жедел ішек түйілуі
*+жедел аппендицит
*жедел панкреатит
*жедел холецистит
#555
*!Ер адам 60 жаста,іштің оң жақ аймағының сыздап ауруымен шағымданып түсті. Дәрігерлерге қаралмаған, ауырғанына 5-6 күн болған. Қарау барысында дене қызуы 37,6 ºС. Пальпация кезінде оң жақ мықын аймағында сопақ пішіндес, қозғалыссыз, өлшемі 7,0х5,0 см,орташа тығыздықтағы түзіліс анықталды.
Аталған болжама диагноздардың қайсысы дұрыс?
*+аппендикулялы инфильтрат
*жедел энтероколит
*жедел аппендицит
*соқыр ішек ісігі
*перитонит
#556
*!Ер адам 22 жаста, жедел жәрдем бригадасы арқылы жедел аппендицит диагнозымен жеткізілді.Науқастың айтуы бойынша бірінші эпигастрий аймағында ауру сезімі пайда болып, 2 сағаттан кейін оң жақ мықын аймағына ауысқан.
Бұл жерде жедел аппендициттің қандай клиникалық симптомы дұрыс?
*Раздольский
*Ситковский
*Образцов
*Воскресенский
*+Кохер-Волкович
#557
*!25 жастағы ер адамға жедел флегмонозды аппендицитке байланысты операция жасалды. Науқаста аппендэктомиядан 3 сағаттан соң жалпы әлсіздік, бас айналуы, тері жамылғысының бозаруы және тахикардия байқалды. Қан қысымы 90/60 мм.сын.бағ. ЖҚА: эр-3,6х1012/л, Нb-80 г/л.
Аталған асқынулардың қайсысы дұрыс болуы мүмкін?
*теріасты қабатының іріңдеуі
*іш қуысының инфильтраты
*+операциядан кейінгі жарадан қан кету
*тігістің босап кетуі
*лигатуралық жыланкөз
#558
*!Науқас А., 52 жаста, «Аппендикулярлы инфильтрат» диагнозымен ауруханаға жатқызылды. Динамикада науқастың дене температурасы 38,50С-қа дейін көтерілуі, оң жақ мықын аймағында ауру сезімінің күшеюі байқалды. Пальпация кезінде күрт ауырсыну және инфильтраттың жұмсаруы байқалады.
Төменде аталған асқынулардың қайсысы дұрыс?
*соқыр ішек рагы
*бауырасты абсцесс
*пиелефлебит
*соқыр ішек тесілуі
*+абсцесстену
#559
*!Науқас К., 35 жаста, аппендикулярлы инфильтрат көрінісімен келіп түсті.
Диагнозды нақтылау үшін төменде аталған зерттеу әдістерінің қайсысын қолданған жөн?
*+құрсақ қуысын УДЗ
*ФГДС
*диафаноскопия
*колоноскопия
*ирригоскопия
#560
*!Жедел аппендицитке операция жасау барысында құрттәрізді өсіндінің қабаты қалыңдаған, гиперемияланған, бетінде фибрин талшықтары анықталады.
Аталған макроскопиялық өзгерістер жедел аппендициттің қай түріне тән?
*жедел гангренозды аппендицит
*+жедел флегмонозды аппендицит
*жедел перфоративті аппендицит
*жедел катаралды аппендицит
*аппендикулярлы инфильтрат
#561
*!Науқас В., 69 жаста, «Аппендикулярлы инфильтрат» диагнозымен түсті.
Емдеу тактикасының кандай түрін қолданған жөн?
*+консервативті ем
*шұғыл аппендэктомия
*жоспарлы түрде аппендэктомия
*амбулаторлы ем
* санаторлы ем
#562
*!Науқас Д., 72 жаста, жедел аппендициттің клиникалық көрінісімен келіп түсті. Анамнезінде: ЖИА, инфаркттан кейінгі кардиосклероз. Төменде аталған аурулардың қайсысымен дифференциалды диагностика жүргізу қажет?
* жедел гастрит
*өт тас ауруы
*+мезентриальді тамырлардың жедел тромбозмен
*жедел панкреатит
* асқазан ойық жарасының тесілуі
#563
*!Науқас Б., 65 жаста, аппендикулярлы инфильтратқа байланысты консервативті ем жүргізгеннен кейін стационардан үйіне шығарылды.
Жоспарлы аппендэктомияның тиімді уақыты қандай?
*10-20 күннен кейін
*20-30 күннен кейін
*+2-3 айдан кейін
*6 айдан кейін