D) жедел түрде ЭКГ жасау
E) үйде қарау.
15. Күзгі мезгілде емханаға 21 жастағы науқас дене температурасының жоғарылауына, оң жақ қабырға астының ауырсынуына шағымданып келді. 3 апта бұрын «асқазанның тесілген жарасына» операция жасалған. Сауығып кетті. Ауруын салқын тиюмен байланыстырады. Қарау кезінде: іші жұмсақ, терең дем алғанда ауырсыну күшейеді. Оң жағында Ортнер симптомы аздап оң мәнді. Тыңдау кезінде оң жақта тыныс әлсіреген әсіресе төменгі бөлігінде. Жүрек тондары өзгермеген. Оң жақ өкпесіне жалпы шолу рентгенографиясы жасалған. Сіз не көресіз?
A) оң жақты төмен бөліктік пневмония
B) Пневмоперитониум
C) 12 елі ішек жазылуы
D) Іш қуысына сұйықтық жиналу
E) Балық қаңқасы тәрізді жел жиналу
16.Сізге қызымен анасы келді. Науқас қыз 10 жаста. 3-5 күн бойы іш қатуға шағымданады. Соңғы күні тік ішектен «малиновое желе» тәрізді кілегей нәжіс және іштің ауырсынуымен ауыскан, құсу болмаған. Бала кезінен тәбеті төмен, жиі салқын тию ауруларымен ауырады. Тамақтануы төмен. Перифериялық лимфа түйіндері ұлғаймаған. Бауыр мен талақ пальпацияланбайды. Іш шамалы ісінген, асимметрия. Ішек шуы естілмейді. Ішек өткізбеушілігінің барлық симптомдары кумәнді. Іштегі ұстама тәрізді ауырсыну кезінде, пальпацияда оң жақ мықын аймағында «желвокообразное» түзіліс анықталады. Түзіліс жұмсақ эластикалық консистенциялы, қозғалады, ауырсынады. Қарағанда осы жерде іші тітіркенеді. Ректальды қарағанда «таңқурай түсті» симптомы оң мәнді. Іш қуысының рентген тексерісі жүргізілмеген. Қандай патология деп ойлайсыз?
A) дивертикул
B) аппендикулярлы инфильтрат
C) Крон ауруы
D) тоқ ішек полипы
E) ішек инвагинациясы
17. Науқас Ф. 35 жаста хирургта аяқтың тромбофлебиті диагнозымен «Д» есепте тұрады. ЖТД үйге шақырып хирургпен бірге қаралды. Шағымдары:іштің ауырсынуы, кебуі, газ шықпауы, нәжістің болмауы. Науқастың айтуы бойынша танертен тік ішектен «таңқурай түсті» тәрізді қан аралас бөлініс болған. Хирург ішек өткізбеушілігіне күмәнданып ректальды қараған. Аускультацияда «тамған тамшы» және «көпіршік жарылуы» симптомы оң мәнді. Іші беткей пальпацияда ауырсынады. Протромбин индексі 120, қанның ұюы 2 минутқа ұзарған. Қандай ауруға осы белгілер тән?
A) өт тас ауруы
B) Жедел ішек өткізбеушілігі
C) Ішек обыры
D) Вирсунг өзегінің тас ауруы
E) мезентериальды тромбоз
18. Науқас М 38 жаста. Жұмыссыз. Тұрғылықты жері бойынша емханаға қаралды. Шағымдары:кенеттен пайда болған эпигастрий аймағындағы пышақ сұққан тәрізді ауырсыну, журек айну, салқын тер. Өзінің айтуы бойынша гастриттен басқа аурулармен ауырмаған. 1 жыл бойы дәрігерге қаралмаған, тек халық емімен емделген. Экг тексеруде өзгеріс жоқ, УДЗ жасалмаған. Қандай зерттеу әдісін жасаған жөн?
A) Компьютерлік томография
B) Фистулография
C) Іш қуысының рентгенограммасы
D) Іш қуысының УДЗ
E) ЭРХПГ
19.Науқас қыз В., 18 жаста, іштегі ауырсынуға шагымданып тұрғылықты жері бойынша емханаға келді. Ауырсыну кенеттен басталған, тұрақты сипатта және оң жақ мықын аймағында ауырсынудан басқа, журек айну, құсу, бас айналу,әлсіздік,жиі дәретке шыгуы бар. Қарау кезінде тері жамылғысының бозғылттығы, тік ішектегі температура аксиллярлы температурамен бірдей. Пульс 100 рет минутына, АҚҚ 140/70 мм с.б.б. іші жұмсақ, пальпацияда оң жақ мықын аймағында ауырсынады және айқын емес перитонит белгілері, Щеткин блюмберг симптомы кумәнді. Бір рет сұйық нәжіс болған. Ректальды тексеру кезінде ауырсыну жоқ. Гинеколог қарап патология жоқ деп берген. ЖТД мен уролог консультациясы кезінде несеп тас ауруы мен аппендециттің диф.диагностикасындағы тактикасы қандай?
A) хромоцистоскопию жасау
B) күндізгі стацинарға жіберу
C) урология бөлімшесіне жіберу
D) ФГДС гастроэнтерологке жіберу
E) Спазмалитик бұлшықетке жасап уйіне жіберу
20.Науқас С. 41 жаста, емханаға әлсіздік, бас айналу, жүрек айну және «қара құрым» нәжіске шағымданып келді. Құсу болмаған. Анамнезінен 10 жыл бойы созылмалы гастритпен ауырады. Соңғы 3жылда тексерілмеген. Ректальды тексергенде мелена бар. Обьективті тері жамылғысы бозғылт, пульс 90 рет минутін, АҚҚ 100/70 мм рт. ст. ТЖ 20 рет минутіне, t=37,0С. Қан талдауы Эр. 2,9·1012, Hb 88, L 10,0·109, СОЭ – 12 мм/ч. ЖТД жасырын қан кетуге кумәнданді. Ішектің жоғарғы бөлігінен жасырын қан кетуді анықтау ушін төмендегі зерттеу әдістерінің қайсысын қолданған жөн?
А) ЭФГДС
B) іш қуысының УДЗ
C) Компьютерлік томография
D) зондтау
E) Лапароскопиялық зерттеу
21.Ер адам 61 жаста дәрігерге зәрде қан болуына шағымданып келді. Науқас өзін саумын деп санайды. Бухгалтер болып жұмыс жасайды. Ішімдік пен наркотик қолданбайды. 16жасынан бастап куніне 2пачка темекі тартады. Зәр шығарудың бұзылысы ретті түрде болып тұрады. Урологқа қаралмаған. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Іші ауырсынусыз. Жыныс мүшелері патологиясыз. Жалпы қан анализінде анемия және ЭТЖ жоғарылаған. Жалпы зәр анализінде: зәр қызыл түсті, эрит 100к/а. Зәр себіндісінде өсуі жоқ. Цитологиялық зерттеу: атипиялық клеткалар анықталады. Экскреторлы урограммада:жоғарғы зәр шығару жолдары патологиясыз, қуықтың бүйір қабырғасында дұрыс емес пішінді дефект анықталады. Сіздің болжам диагноз?
A) Қуық тас ауруы
B) жаралы цистит
C) Қуық обыр ауруы
D) Қабынулық цистит
E) Простатит
22.Науқас К 43 жаста, емханаға тұрғылықты жері бойынша келіп, бүкіл ішінің ауырсынуына, жүрек айнуына, аузының кұрғауына, құсуға, жалпы әлсіздікке шағымданады. 12 сағат бұрын жедел аурып қалған. Кенеттен эпигастрий аймағында қатты ауырсыну , жүрек айну, көзінің қарауытуы пайда болған. Кейіннен ауырсынулар күшейе түсіп, оған ішінің үрленуі мен газ шығуы тоқтап қалған. Тексеру барысында: Скляров «шұрыл шуы», Тэвенара «тамшы тамуы» және «көпіршік жарылу» симптомдары оң мәнді. Тік ішек арқылы қарау кезіде: Обухов аурухананың симптомы мен Цеге-Мантейфел симптомы оң мәңді. «Тамшы тамуы» және «көпіршік жарылу» симптомдары авторы бойынша қалай аталады?
A) Ситков
B) А.А.Вишневский
C) Э.Т.Кохер
D) С.И.Спасокукоцкий
E) Образцов
23.Жалпы тәжірибе дәрігеріне науқас балтыр аймағының теріастылық варикоз тамырларын алып тастау үшін жолдама сұрап келді. Өзін аурумын деп ұзақ уақыттан бері санайды, ауруын физикалық еңбекпен байланыстырады. Науқас Ф 49жастағыны қарау барысында сол жақ аяқ балтырының ортаңғы аймағында ауырсыну, ісік және көлемінің ұлғаюы анықталады. Теріасты тамырлары жұмсақ, езілген, оның үстіндегі тері пигменттелген, бірақ инфильтрация жоқ. Науқас доплеграфия мәліметтерін көрсетті. Троянов-Тренделенбург сынамасы науқастың аяқтарың жоғарға көтеріп, науқас көлденең жатқан күйі дәрігермен тексерілді. Сонымен қатар белдегі улкен теріасты тамырын басып,қолын жібермей науқастың аяғына тұруын сұрайды. Дәрігер қолын жіберген кезде қан жоғарыдан төменге қарай тамырды толтырады, ол жоғарғы тамырлардың клапандарының толымсыздығын дәлелдейді. Дельбе – Пертеса сынамасы тексерілді: науқас көлденең жатқан күйінде беліне тек жоғарғы тамырларды басып тұратын таңғыш салынды. Науқас белсеңді 3-5 минут жүргенде науқаста аяқ бұлшықеттерінде ауырсыну пайда болады, теріасты тамырлары сәйкестенбейді. Бұл сынамалар қандай патологияны дәлелдейді?
A) жоғарғы тамырлар өткізбеушілігін
B) балтыр артерияларының өткізбеушілігін
C) коммуникантты тамырлар өткізбеушілігін