Пневмоторакс.Өкпеден қан кету.
#1
!Қан қақыруға қарсы тиімді дәрілік заттар
A. гепарин, натрий хлоридінің физиологиялық ерітіндісі
B. +дицинон (б/е 2,5-2 мл, к/і 0,25), С витамині, викасол
C. 5-10мл 10% кальций хлор ерітіндісін көктамырға жіберу
D. аяққа жгут салу және ылғалды оттегі жіберу
E. ішке салқындатылған сілтілі ерітінділерді және жөтелге қарсы препараттарды қолдану
#2
!Дауыс дірілінің әлсіреуі тән:
- пневмония
- +гидроторакс
- өкпе ателектазы
- өкпелік инфаркт
- өкпе ісігі
# 3
!Тимпаникалық перкуторлы дыбыс қай ауруға тән:
- экссудативті плеврит
- өкпе эмфиземасы
- өкпе ателектазы
- +пневмоторакс
- пневмония
#4
!Кеуде торының бір бөлігінің көлемінің үлкеюі тән:
- өкпенің немесе плевраның тыртықты бүрісуі
- өкпе эмфиземасы
- өкпе ателектазы
- +пневмоторакс
- өкпе резекциясы
#5
!Өкпелік қан кетуде бір реттік 500 мл және одан көп қан жоғалту неге әкеліп соғАҚҚы?
- жүрек-қан тамырлық коллапсқа
- + геморрагиялық шокқа
- анемияға
- асфиксияға
- аспирациялық пневмонияға
# 6
!Спонтанды пневмоторакстың негізгі клиникалық белгісі - ...
- +кеудедегі ауру сезімі, ентігу
- тері жабындысының бозғылттануы
- температура, қақырықты жөтел, ентігу
- температура, құрғақ жөтел, кеудедегі ауру сезімі
- кеудедегі ауру сезімі, тыныс алудың қиындауы, қақырықты жөтел
#7
!13 жастағы науқаста қабырғаның көптеген сынықтарымен, жедел тыныс жетіспеушілігі. Кеңірдек интубациясынан кейін және ӨЖЖ жасаған соң цианоздың күшейгені анықталды, АҚҚ төмендеген.
Қайсысы ЖТЖ пайда болуына себепкер болып табылады?
A. +кернелген пневмоторакс
B. өкпенің ауыр зақымдануы
C. кеуде қолқасының жыртылуы
D. асқазан ішіндегі затпен болған аспирация
E.кеңірдек интубациясының дұрыс жасалмауы
#8
!Науқас П, 70 жаста. Жөтелгенде алқызыл түсті қан бөлінуіне шағымданады. Анамнезі: ұзақ уақыттан бері бронх-өкпелік аурудан зардап шегеді. Объективті: тері жабындысы боз (жер түстес). Өкпесінде қатаң тыныс, сырыл естіледі. Жүрек тондары ритмді, тұйықталған. ЖСЖ120 р/мин., АҚҚ 90/60 мм.с.б.б.
Осы жағдайда қай препаратты тағайындауға болмайды?
A. аминокапрон қышқылы
B. кальций хлориді
C. +гепарин
D. дицинон
E. викасол
#9
!ҚАНДАЙ ӨКПЕ АУРУЛАРЫ КЕЗІНДЕ ҚАН ҚАҚЫРУ БОЛАДЫ
A. жедел бронхит
B. +өкпе туберкулезі
C. бронх демікпесі
D. астмалық статус
E. +бронхоэктаздық ауру
F. жедел ларинготрахеит, көмей стенозы
#10
АШЫҚ ПНЕВМОТОРАКСТЫҢ БЕЛГІСІ:
- +ентігу
- тері қабатының бозаруы
- беттің гиперемиясы
- қызба
- +тыныс алу әрекетінің шектелуі
#11
!Науқас 29 жаста. Кеуде қуысындағы ауру сезімге, ауа жетіспеуіне, ентігуге, тахикардияға шағымданады. Анамнезінен: науқас кеуде қуысының жарақатын алған. Қарап тексергенде мойын көктамырларының созылуы, цианоз, артериальді гипотензия, кеңірдек девиациясы, біржағында тыныстың болмауы, кеңірдектің жарақат алған жақтан қарама қарсы жаққа ығысқаны байқалады. АҚҚ 100/80, ЖЖЖ – 106.
Төменде аталған болжамды диагноздардың қайсысы ЕҢ дұрыс?
A. кеңірдектің сынуы
B. жүрек тампонадасы
C. массивті гемоторакс
D. +кернелген пневмоторакс
E. тыныс жолдарының обструкциясы
#12
!Науқас 35 жаста. Шағымдары ентігу, жүрек соғысы, кеудеде ауыру сезімі. Оқиға болған жерде ауыр жағдайда жатқан адамды анықтадыңыз.Айқын цианоз, тахикардия байқалады. Перкуссияда оң жақта тимпанит, көкірекаралықтың солға ығысуы бар. Аускультативті оң жақтағы тыныстың бірден әлсіреуі анықталады.
Төменде көрсетілген болжамды диагноздардың кайсысы ЕҢ дұрыс?
A. гидроторакс
B. +пневмоторакс
C. перикард тампонадасы
D. диафрагманың жыртылуы
E. көкірекаралық эмфиземасы
#13
!Науқас 25 жаста. Автокөлік апатында зардап шеккен. Жедел медициналық жәрдем дәрігерлері бригадасы шақыртылады. Беткей тыныс, тыныс алған кезде кеуде клеткасының пародоксальды қозғалысы байқалады, цианозды, гипотония.
Төменде аталған болжамды диагноздардың қайсысы ЕҢ дұрысболуы мүмкін?
A. гемоторакс
B. гемоперикард
C. іш қуысы мүшелерінің жыртылуы
D. +қабырғалардың көптеген сынықтары
E. басты бронхтың травмалық жыртылуы
#14
! Спонтанды пневматораксы бар науқаста ЖҚЖ жеткіліксіздігі, кеуде аралықтың қарама-қарсы жаққа жылжуы, сау өкпе вентиляциясының төмендеуі пайда болды.
Науқаста қай асқыну болуы аса ықтимал?
- пневмония
- жедел бронхит
- теріастылық эмфизема
- тыныс жолындағы бөгде зат
- +кернеулік пневмоторакстың дамуы
#15
!Науқас В., 82 жаста. Шағымы: күніне 1 стақаннан астам қан бөлінетін сирек жөтел, кеудедегі ауру сезімі, әлсіздік.Анамнезінен: бірнеше жылдан бері ауырады, соңғы бір айда тәбеті мен салмағының кенет төмендеуін байқаған. Жиі стационада ем, химиотерапия қабылдайды. Объективті: жалпы жағдайы ауыр, әлсіреген. Тері жамылғысы боз. Өкпесінде қатаң тыныс, жоғарғы бөлігінде ылғалды сырыл естіледі. Жүрек тоны тұйықталған, ритмді. ЖСЖ 100 р/мин., АҚҚ 90/60 мм.с.б.б.
Қай болжам диагноз сәйкес келеді?
A. асқазан рагы, асқазаннан қан кетумен асқынған
B. +өкпе рагы, өкпелік қан кетумен асқынған
C. жедел сол қарыншалық жеткіліксіздік
D. кеуде торының енген жарақаты
E. ӨАТЭ
Жауап эталондары
№ | |
| В |
| В |
| Д |
| Д |
| В |
| А |
| А |
| С |
| ВЕ |
| АЕ |
| Д |
| Б |
| Д |
| Е |
| В |