Гипоталамо-гипофизарлы жүйе аурулары
53. Диастема – бұл:
* Беттің астыңғы бөлігінің шығып тұруы
* +тіс аралық ара-қашықтықтың ұзаруы
* тері мен шырыштың гиперпигментациясы
* аяқ-қолдардың өлшемінің ұлғаюы
* аса тершеңдік
54. 46 жастағы ер адамда айқын шөлдеу, ашық түсті зәр бөлінуімен полиурия. Зәрдің тығыздығы: 1003-1006. Құрғақ тамақпен сынамада: диурез азайды, зәрдің тығыздығы жоғарылады.
Ең ықтимал диагнозды таңдаңыз?
* Қант диабеті, 2 тип
* +Қантсыз диабет, нейрогендік түрі;
* Психогенді полидипсия;
* Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі;
* Бүйректік диабет.
55. Бала 15 жаста, өз қатарындағы балалардан бойы бойынша артта қалуда. Әкесінің бойы -170 см, анасының бойы – 160 см. Тексеруде: бойы мен сүйек жасы 10-жасымен сәйкес келеді. ТТГдеңгейі – қалыпты. Клофелинмен сынамада соматотропты гормон деңгейі барлық уақыт нүктесінде 5 нг/мл-ден аспайды.
Ең ықтимал диагнозды таңдаңыз?
* Отбасылық ергежейлілік
* Соматогенді нанизм;
* +Соматотропты гормонның оқшауланған жетіспеушілігі;
* Церебральді-гипофизарлы нанизм;
* Туа біткен гипотиреоз.
56. Науқас А., 26 жаста. Босанғаннан кейін динамия, бас ауру, аменорея, тері құрғауы, іш қатулар мазалайды. Тез арықтады. Бастағы шаштың, қолтықасты, шап аймағында түктерінің түсуін байқады. АҚҚ – 90/60 мм с.б., пульс – 50 минутына.
Ең ықтимал диагнозды таңдаңыз?
* Біріншілік гипотиреоз
* Екіншілік гипотиреоз
* +Шиен синдромы
* Біріншілік гипокортицизм
* Екіншілік гипогонадизм
57. Қантсыз диабеттің гипоталамикалық түрінде десмопрессинмен сынама нәтижесін бағалаңыз?
* зәрдің көлемі артады, тығыздығы өзгеріссіз
* зәрдің көлемі мен тығыздығы өзгеріссіз
* +зәрдің көлемі азаяды, тығыздығы жоғарылайды
* зәрдің көлемі артады, тығыздығы төмендейді
* зәрдің көлемі өзгеріссіз, тығыздығы жоғарылайды
58. 42 жастағы ер адамда амбулаторлы тексеруде акромегалия анықталды.
Қандай клиникалық симптомдар белсенді ағымды акромегалияның ерте белгілері болып табылады?
* +тершеңдік, тістерінің алшақтауы, аяқ киім мен саусақтардың өлшемінің ұлғаюы
* артериалдық гипертензия, теріде қызыл-күңгірт стриялардың пайда болуы
* шөлдеу, ауыздың құрғауы, тез арықтау
* экзофтальм, жүрек қағуы, аяқ-қолдардың дірілі
* артериалдық гипотензия, тері гиперпигментациясы, тұзды тағамға әуестік
59. Ер адам 46 жаста, дене салмағының артуына, АҚҚ жоғарылауына, бас ауруына, омыртқадағы ауру сезіміне, әлсіздікке шағымданады. Шамамен 2 жылдай ауырады. Объективті: семіздік, үлкен қызғылт түсті «минус тінмен» стриялар, матронизм, жалған гинекомастия. Бас миы МРТ-да: гипофиз аденомасы. Қандағы пролактин деңгейі қалыпты, кортизол – жоғарылаған.
Ең ықтимал диагнозды таңдаңыз?
* + кортикотропинома
* май алмасу бұзылуымен жүретін гипоталамикалық синдром
* кортикомамматропинома
* пролактинома
* кортикостерома
60. Науқас Л., 40 жаста. Шағымдары – бас ауруы, ұйқышылдық, кезеңді гипертермия, шөлдеу, жоғары тәбет, опсоменорея. 6 жыл бойы ауырады, ДСИ 38 кг/м2. Жоғары тип бойынша семіздік, беттің аздап ісінуі, гирсутизм, майлы себорея, белдегі, іштегі майда күлгін түсті стриялар, мойын, шынтақтың гиперпигментациясы. АҚҚ—150/90 мм с.б. Қалқанша безі пальпацияланбайды. Қандағы холестерин —5,8 ммоль/л, триглицеридтер – 2,8 ммоль/л.
Ең ықтимал диагнозды таңдаңыз?
* экзогенді-конституционалды семіздік
* біріншілік гипотиреоз
* екіншілік гипотиреоз
* аналық без поликистозы синдромы
* +гипоталамикалық синдром
61. Науқас С, 35 жаста, Симмондс синдромына байланысты преднизолон 10 мг/тәул дозада, эстроген-гестагенді препараттар қабылдайды. Артериалдық қысымы, зәрдің тығыздығы, қандағы калий мен натрий деңгейі қалыптыда. Жеңіл гипотиреоз симптомдары байқалады, ТТГ, Т3 және Т4 шамалы төмендеген.
Науқастағы гипотиреозға байланысты ең оңтайлы емдеу тактикасын таңдаңыз?
* Медикаментозды емсіз бақылау
* Калий йодидінің алдын алу дозасында емдеу
* Калий йодидінің емдік дозасында емдеу
* +Левотироксинмен 1,0 мкг/кг дозада емдеу
* Левотироксинмен 2,3 мкг/кг дозада емдеу
62. Етеккір циклінің бұзылысы мен галактореясы бар 26 жастағы науқас А-да гиперпролактинемия және эндоселлярлы гипофиз аденомасы анықталды.
Аталған жағдайда ең тиімді емдеу әдісі қайсы?
* Аденомэктомия
* Дигидрогестеронмен ұзақ емдеу
* Сәулелік ем
* +Каберголинді ұзақ қабылдау
* Ланреотид ацетатымен ұзақ емдеу
63. Науқас З., 49 жаста, 1 жылдай акромегалияға байланысты дофамин агонистерімен емделді және дистанционды гамматерапиялық ем қабылдады.
Қандай көрсеткіш аталған аурудың толық ремиссиясын нақтылайды?
* клиникалық белгілердің белсенденуінің анықталуы
* инсулинтәрізді өсу факторы-1-дің жоғары деңгейі
* +инсулинтәрізді өсу факторы-1-дің жыныс пен жасқа сәйкес қалыпты деңгейі
* соматотропты гормон деңгейінің жоғарылауы
* соматотропты гормон деңгейінің төмендеуі
64. Науқас М, 38 жаста, айқын шөлдеуге, ашық түсті зәр бөлінумен полиурияға шағымданады. Зәрдің тығыздығы: 1003–1006. Құрғақ тамақпен сынамада: диурез өзгеріссіз, зәрдің тығыздығы төмен деңгейде сақталуда.
Аталған науқасқа ең тиімді емдеу тактикасын таңдаңыз?
* Флудрокортизон тағайындау
* +Десмопрессин тағайындау
* Гидрокортизон тағайындау
* Оперативті емге жолдау
* Инсулинотерапия тағайындау
65. Науқас Д, 33 жаста, белсенді акромегалияға байланысты 1 жылдай ланреотид ацетатын қабылдаған. Қорытынды зерттеуде жағдайының толық емес компенсациясы, МРТ-да – аденоманың өсуі анықталды. Трансфеноидальды аденомэктомия тағайындалды.
Қандай көрсеткіш аденомэктомияға абсолютті көрсеткіш болып табылады?
* акромегалиялық кардиомиопатия декомпенсациясы
* жоғары анестезиологиялық қауіп
* +көру нерві айқасуының қысылу белгілерінің анықталуы
* бақыланбайтын қантты диабет
* науқастың келісімі
66. Әйел 43 жаста, дене салмағының артуына, АҚҚ жоғарылауына, бас ауруына, омыртқадағы ауру сезіміне, әлсіздікке шағымданады. Шамамен 3 жылдай ауырады. Объ-ті: 2 дәрежелі семіздік, үлкен қызғылт түсті «минус тінмен» стриялар, матронизм. Бас миы МРТ-да: гипофиз аденомасы. АКТГ деңгейі - төмендеген, кортизол - жоғарылаған.
Аталған науқасқа ең тиімді жүргізу тактикасын таңдаңыз?
* +Оперативті емге жолдау
* Дофамин антогонистерін тағайындау
* Метформин тағайындау
* Сәулелік ем тағайындау
* Ангиотензинге айналдырушы фермент тежегіштерін тағайындау