Тема №8 Дифференциальный диагноз при суставном синдроме

1.Ревматоидты артрит диагностикасында маңызды лабораторлық маркер болып табылады:

A) АЦЦП

B) ревматоидты фактор

C) нейтрофильді лейкоцитоз

D) анемия

E) тромбоцитопения

2. 26 жастағы науқас дене қызуының 40°С дейін көтерілуіне, ентігу, жөтел, қол басы майда буындарының ауырсынуына шағымданады. Анамнезінде бір ай бұрын өздігінен түсік тастау болған. Об-ті: лимфоаденопатия, бетінің және мұрын терісінің эритемасы, қол терілерінде «тамырлы ливедо». Ішкі мүшелерінде: полисерозит (плеврит, перикардит), кардит, нефрит. Қан анализінде: эр-2,4 млн., Нв70г/л, лейк.2,2 мың. ЭТЖ 70 мм/сағ. НЖА: белок 5,2 г/тәу, эритр-20-30 к/а, қос спиральді ДНК антидене оң мәнді. Диагнозды нақтылау үшін тағайындалатын қосымша зерттеу:

A) қанды бактериологиялық зерттеу

B) ревматоидты факторды анықтау

C) стрептококқа қарсы антидене титрін анықтау

D) кардиолипинге антиденені анықтау

E) урогенитальді инфекцияға иммуноферментті анализ

3. Бехтерев ауруының диагноздық критерийі:

A) НLA B 27 антигені

B) ревматоидты фактор 1:32

C) LE-клеткалар

D) антинуклеарлы антиденелер

E) гиперурикемия

4. Дерматомиозит диагнозын қоюда мына зерттеуден басқасы маңызды:

A) тері биопсиясы

B) КФК деңгейін анықтау

C) өңешті барий қоспасымен рентгенді зерттеу

D) электромиография

E) қан сары суында ДНК-ға қарсы антидене титрін анықтау

5. 28 жастағы науқас, бет терісінде, мұрын мен еріндерінде бір біріне қосылып кеткен эритематозды дақтардың, мойыны мен кеудесінің алдыңғы бетінде сақина тәрізді бөртпелердің пайда болуына, қол басының проксимальді фалангааралық және алақанфалангалық буындарының ауырсынуына, АҚ 160/110 мм сын. бағ. дейін көтерілуіне, бел аймағындағы ауырсынуға шағымданып келді. LE-клеткалы феномен теріс мәнді. Диагнозды нақтылау үшін қажетті қосымша зерттеу:

A) АНФ

B) ревматоидты фактор

C) кардиолипинге антидене

D) КФК деңгейін

E) криоглобулинді анықтау

6. 20 жастағы науқасты сол жақ жамбас, тізе буындарында ауырсыну мазалайды. Об-ті: шат лимфа түйіндері ұлғайған, пальпацияда сезімтал. Сол тізе буыны дефигурацияланған, пальпацияда ыстық, және ауырсынады. Фабер симптомы сол жақта оң мәнді. Ахилл сіңірін соққылағанда ауырсыну бар. Қан анализінде: лейк. 10 мың., ЭТЖ 30 мм/сағ. Несеп тұнбасының микроскопиясында: лейкоцитурия. Диагнозды нақтылау үшін маңызды қосымша зерттеу:

A) C. Trachomatis –ке антиденелерді анықтау

B) Ваалер-Роуз реакциясы

C) С-реакциялық протеин

D) несеп қышқылының деңгейі

E) стрептококкты антидене титрін анықтау

7. 30 жастағы науқаста қол басы буындарының ісінуі мен ауырсынуы, таңертеңгілік қозғалысының шектелуі байқалады. Об-ті: қол басының II-IY саусақтарының проксимальді фалангааралық буындарының симметриялы дефигурациясы. Осы буындардың қозғалысы, әсіресе жазылуы экссудатты өзгеріске және ауырсынуға байланысты шектелген. Қан анализінде: эр-4 млн., Нв-128 г/л, лейк-10 мың., ЭТЖ-41 мм/сағ, СРБ - оң. Диагнозды нақтылау үшін маңызды қосымша зерттеу:

A) Ваалер-Роуз реакциясы

B) Райт және Хаддельсон реакциясы

C) НLA B-27 анықтау

D) стрептококқа қарсы антидене титрін анықтау

E) мурексидті сынама

8. Адамдағы иммунды жүйенің біріншілік мүшесі :

A) тимус

B) бауыр

C) талақ

D) ішектің лимфоидты аппараты

E) Фабрициус қалтасы

9. HLA-B27 антигендерінің болуы тән:

A) жүйелі склеродермияға

B) ревматоидты артритке

C) дерматомиозитке

D) анкилоздаушы спондилитке (Бехтерев ауруы)

E) жүйелі қызыл жегіге

10. Нағыз LE-жасушалары болып табылады:

A) басқа клеткалардың ядросын жұтқан сегмент ядролы лейкоциттер

B) лимфоциттерді жұтқан сегмент ядролы лейкоциттер

C) басқа клеткалардың ядросын жұтқан моноциттер

D) эритроциттермен «розетка» түзетін моноциттер

E) гемотоксилинді денелер

11. Бехтерев ауруының лабораториялық диагнозында маңызды болып табылады:

A) СРБ және глобулиндер фракциясының көтерілуі

B) ЭТЖ ұзақ мерзімге жоғары болуы

C) гипохромды анемия

D) НLА 27 антигендерін анықтау

E) лизосомалық ферменттер деңгейінің жоғарылауы

12. Гудпасчер синдромының диагнозында маңызды:

A) бүйректің базальді мембранасына циркуляциялық антиденелердің анықталуы

B) лейкоцитоз және ЭТЖ жоғарылауы

C) жедел фазалық белоктардың анықталуы

D) теміртапшылықты анемия

E) қан құрамында креатинин деңгейінің артуы

13. 36 жастағы науқас, ауыз қуысында және гениталий аймағында көлемі 1см, бір біріне қосылып кететін жараларға, коньюктивасының қызаруына, денесінің алдыңғы бетінде эритематозды бөртпелерге шағымданады. Диагнозды қоюға көмектеседі:

A) ревматоидты фактор

B) HLA-B51

C) Scl-70

D) HLA-B27

E) АНФ

14. 16 жастағы науқас дене қызуының 38,5° дейін жоғарылауына, тізе буындарының ісінуі мен ауырсынуына, координация бұзылысына шағымданады. Анамнезінен: 10 күн бұрын баспамен ауырған. Диагнозды нақтылау үшін маңызды қосымша зерттеу:

A)цитруллинді пептидке антидене

B) Scl 70 антиденелерін анықтау

C) аалер-Роуз реакциясы

D) Хеддельсон және Райт реакциялары

E) стрептококқа қарсы антиденелер титрін анықтау

16. 38 жастағы науқаста мезгілімен АҚ 200/120 мм сын. бағ дейін жоғарылайды. Анамнезінде: жүктілік кезінде ауыр нефропатия салдарынан мерзімінен ерте өлі нәресте босанған. 30 жасында ишемиялық инсульт болған. Қарағанда: тамырлық ливедо, АҚ 180/110 мм сын.бағ. Зерттеуде: протеинурия 0,23 г/л, антикардиолипинді антиденелер 34,1 ХБ (қалыптыда 23 ХБ дейін). Болжам диагнозыңыз:

A) екіншілік антифософолипидті синдром

B) түйінді периартериит

C) созылмалы гломерулонефрит

D) криоглобулинемиялық васкулит

E) біріншілік антифософолипидті синдром

17. Жедел подагралық артриттің дамуына әсер етпейді:

А) мұрын- тамақ инфекциясы

В) тамақтану режимінің бұзылысы

С) физикалық күш түсу

Д) кейбір медикаменттерді қабылдау

Е) алкоголь қолдану

18. 45 жасар науқас, сол тізе буынымен өкшесінің ісінуіне шағымданады. Бір ай бұрын жедел дизентерия жөнінде ем қабылдаған. Обьективті: сол жақ тізе буынының және өкшесінің дефигурациясы, терісінің гиперемиясы. Қан анализінде: эр4,2 млн., лейк 11 мың, ЭТЖ 26 мм/cағ. Болжам диагнозы:

A) подагралық артрит

B) сепсистік артрит

C) ревматоидты артрит

D) реакциялық артрит

E) ревматизмдік қызба

19. Ревматоидты артрит кезіндегі синовий сұйықтығының өзгерісіне тән:

A) белок деңгейінің азаюы

B) сұйықтық тұтқырлығының төмендеуі

C) ревматоидты фактордың анықталуы

D) рагоциттердің анықталуы

E) лейкоциттер санының 5 х 109/л артуы

20. Ревматоидты артритке тән рентгендік өзгеріс:

A) остеосклероз

B) сакроилеит

C) эрозиялы-деструкциялы артрит

D) шеткі фалангалар остеолизі

E) остеофитоз

21. Анкилоздаушы спондилоартитке тән рентгендік белгі:

А) буын жігінің тарылуы

В) қаңқаның гиперостозы

С) симметриялы сакроилеит

Д) омыртқа жотасының анкилозы

Е) энтезит маңында сүйектік өсінділер

22. Уретрит, артрит, конъюнктивит- триадасы мына синдромға тән:

А) Шегрен

В) Каплан-Колинет

С) Стивена-Джонс

Д) Фохт-Коянаужи

Е) Рейтер

23. Сакроилеит сирек кездеседі:

А) Бехтерев ауруында

В) ревматоидты артритте

С) реакциялық артритте

Д) псориаздық артритте

Е) Рейтер ауруында

24. Остеоартрозға тән емес бір рентгенологиялық белгіні көрсетіңіз:

А) субхондральді склероз

В) буын маңы остеопорозы

С) буын беттерінің шеткі гипертрофиясы

Д) сіңір асты кисталар

Е) сужение суставной щели

25. Ювенильді артритте басқа жастарда кездесетін ревматоидты артриттен айырмашылығы:

A) сакроилеит
B) омыртқаның синдесмофиттері
C) омыртқаның көлденең өсінділерінің анкилозы

D) буыннан тыс остеолиз

E) жұмсақ тіндер кальцинаты

26. Остеоартроздағы ауырсынудың даму механизміне жатпайды:

A) медула ішілік гипертензия

B) трабекулярлы микросынулар

C) сүйектік веналық стаз

D) периартертикулярлы ткандерде несеп қышқылы тұздарының шөгуі

E) буын маңы бұлшық еттерінің түйілуі

27. Механикалық сипатты ауырсыну, қол басының дистальді фалангаларының зақымдануы, Геберден түйіндері, периартериит есебінен буын дефигурациясы тән:

A) псориаздық артритке

B) подаграға

C) ревматоидты артритке

D) ревматизмдік полиартритке

E) остеоартрозға

Наши рекомендации