Мешелдің постнатальды профилактикасы

Балалардағы рахит

Ауруының ерте жаста пайда болуының алдын алу

Орындаған:Саим Ләйлә

2016-2017 ж

Неге бұл тақырыпты таңдадым:Себебі рахит қазіргі замандағы педиатрия саласында өзекті мәселенің бірі болып отыр.Бұл аурудың зерттелгеніне бірнеше жылдар өтсе де,оның балалар арасында көптеп кездесуі жоғары. Осы аурудың салдарынан баланың бойының өсуіне әсер етеді,сүйектердің дамуында кедергілер туындайды.Сондықтан осы аурудың белгілерін ерте емдеу және бұның алдын алу мақсатында осы тақырыпты таңдадым.

Тақырыптың өзектілігі:

Статистикалық мәлімет бойынша 2006-2009 жылдары Республика бойынша 30 921 14 жасқа дейін балалардағы рахит аруы тіркелген.Оның ішінде ауырған қыз балалар саны 16 197(52,4%) ,ер балалар саны 14 724 (47,6%) құрайды.

Қызылорда облысы бойынша осы аурумен 1600ауырған балалар саны тіркелген, оның ішінде қыз балалар - 757, ұл балалар - 843. http://moluch.ru/archive/24/2561/

Ұлыбританияда бұл аурумен 2011 жылдары 762 балалар тіркелген.

http://svit24.net/zdorovie/95096-statystyka-zabolevanyja-detej-rahytom-ne-raduet

Зерттеудің мақсаты:

Балалардағы рахит ауруын ерте анықтау және оның пайда болуының алдын алу.

Зерттеудің міндеті:

-Әдебиеттер оқу;

-Әдіс таңдау,сипаттама беру;

-Зерттеу жүргізу объектісі

-Анализдеу

-Зерттеу қорытындысы

-Ақпарат көздері

Теориялық негіздеме:

Рахит– ерте жастағы балалардың сүйек тініңдегі минерилизация процесінің бұзылысынан және витамин «D» дефицитінен пайда болатын полиэтиологиялық ауру.

Қазіргі кездегі көзқарас бойынша рахит - өсіп келе жатқан организмнің Са мен Р қажеттілігі мен оны организмге жеткізетін жүйелердің арасындағы уақытша сәйкессіздік әсерінен болатын ауру.

Этиология

Теріде холикальциферолдың жеткіліксіз дамуы;

Бауыр бүйрек ішектегі фосфор кальций алмасуының бұзылуы;

Тағам мен витамин Д жеткіліксіз түсуі;

Күн сәулесінің жеткіліксіздігі;

Тағамдық факторлар:ерте жасанды және аралас тамақтандыру, қосымша тағамды кеш енгізу, жеміс-жидектер мен ботқалардың жетімсіз болуы;

Шала туғандық;

Қозғалыс белсенділігінің жеткіліксіз болуы;

Жүктілік барысының асқынуы;

Бір жасқа дейінгі балалардың аурулармен ұзақ және ауыр дәрежесімен ауруы;

Ұзақ уақыт тырысуға қарсы ем қабылдау;

Терінің пигментациясы.

Ақпарат көзі: http://kazmedic.kz/archives/615

Клиникалық белгілері:

Бастапқы кезеңі

Мазасыздық, тітіркендіргіштік, ұйқысының бұзылуы, тершеңдік, қызыл дермографизм;

Жоғары ылғалдылық, тургорының төмен болуы, боздану, желке шаштарының түсуі;

Бұлшықет гипотониясы, іш қатулар;

Үлкен еңбектің қырларының басыңқы болуы.

Айқын кезеңі:

Тершеңдіктің күшеюі, жалпы әлсіздіктің өсуі

Бұлшықет гипотониясы (іш қатулардың күшеюі), буындардың тұрақсыздығы, іштің қампаюы, диафрагманың жоғары тұруы

Краниотабес, бастың төрт бұрышты болуы

Маңдай, шүйде төмпешіктердің ұлғаюы

Маңдай сүйегінің шығыңқы болуы

Тістердің шығуының бұзылуы

Кеуде сүйегінің деформациясы (етікші кеудесі, кифоз, лордоз, сколиоз)

Ұзын түтікті сүйектердің қисаюы

Жамбас сүйектерінің жалпаюы қабырға-төс қосындыларының жуандауы (четка)

Білезік буынының жуандауы (браслетка)

Саусақ аралық буындардың жуандауы « інжу жіптер»

Репарация кезеңі:

Көңіл-күйінің, ұйқысының жақсаруы

Тершеңдік азаяды

Бас сүйегінің төрт бұрышты болуы

Тістерінің шығуының бұзылуы (кариес, тіс эмалінің ақаулары)

Кеуде клеткасының деформациясы

Омыртқа бағанының деформациясы (кидоз, лордоз, сколиоз)

Мешелге тән жамбастың жалпақ болуы

Ұзын түтікті сүйектердің қисаюы

Бұлшықет гипотониясы азаяды

Қалдық өзгерістер кезеңі:

Сүйек жүйесіндегі өзгерістердің қалуы

Тексеру кезеңдері

Жанұялық дәрігер кабинетінде: анамнезін анықтау, физикалық және нервті-психикалық дамуын бағалай отырып, жалпы клиникалық қарау жүргізу.

Емханада: қан мен зәрдің жалпы анализі, қанның биохимиялық анализі (белок, кальций, фосфор, сілтілі фосфатаза), Сулкович сынағы, сүйектердің рентгенографиясы.

Клиникада: қышқылды-негізді жағдайды анықтау, кальцийдің зәрмен тәуліктік экскрециясы, органикалық емес фосфордың экскрециясы, қан сарысуында Д витаминінің активті метаболиттерінің мөлшері және паратгормон мөлшері.

Лабораториялық және инструментальдық тексеру әдістері:

Негізгі әдістер:

қанның жалпы анализі (анемия белгілері болуы мүмкін);

жалпы зәр анализі (қалыпты);

қанның биохимиялық анализі (белок мөлшерінің, Са мен Р-ның төмендеуі, сілтілі фосфатаза белсенділігінің жоғарлауы);

Сулкович сынағы (әлсіз оң немесе теріс);

Сүйектердің рентгенографиясы (остеопороз);

Қосымша әдістер:

қышқылды-сілтілі жағдай (ацидоз);

кальцийдің және органикалық емес фосфордың зәрмен тәуліктік экскрециясы (олардың зәрдегі мөлшері жоғары);

Витамин Д (25-ОНД) белсенді метаболитінің қандағы мөлшері (қалыпты жағдайда 15-25 нг/мл);

Қан сарысуында паратгормон деңгейі (жоғары);

Са (N 2,2,-2,7 ммоль/л) Р (N 1,5-1,8 ммоль/л)

Сілтілі фосфатаза

( 400 ЕД/Л жоғары)

Емі

Мешелді емдеу комплексті болуы қажет және мешелге бейімдейтін барлық факторларды жоюға бағытталуы керек. Міндетті түрде балаға оның жасына сай дұрыс күн тәртібін ұйымдастырып, әр түрлі тітіркендіргіштерді (қатты жарық, шу т.б.) жою қажет. Таза ауада жеткілікті болып, бөлмені жиі желдетіп отыру керек. Емдік шынықтыру, массаж, гигиеналық ванна қабылдаудың маңызы зор.
Егер бала омыраумен тамақтанатын болса, міндетті түрде анасының тамақтануына үлкен көңіл аудару керек. Егер бала жасанды тамқатанатын болса, ана сүтіне жақындатылған, құрамында холекальциферол бар бейімделген сүт қоспаларын алу керек.

Мешелді емдеу кезінде міндетті түрде витамин Д қолдану керек. Әдетте тәулігіне 2000-5000 ХБ вит Д 30-45 күн бойы тағайындау жақсы терапиялық нәтиже береді. Одан кейін демеуші мөлшері, яғни профилактикалық мөлшер тағайындалады 500 ХБ, ол күнделікті екі жыл бойы, одан соң үшінші жылы қысқы мезгілге тағайындалады.

Бастапқы кезеңде:

§ эргокальциферол майлы ерітіндісі 500-625 ХБ

§ курсы цитратты қоспа

Айқын кезеңінде:

§ вит Д тәуліктік мөлшері 2000-5000 ХБ

(курстық мөлшері- 200000-400000 ХБ) Ары қарай профилактикалық мөлшері (500 ХБ)- күнделікті 2 жыл бойы

Курстық доза мешелдің ауырлығына байланысты.+ І дәреже – 600000 ХБ жуық ІІ дәреже – 800000 ХБ ІІІ дәреже – 1000000 ХБ

Сонымен қатар А вит, В тобының витаминдері тағайындалады.

Әдетте витамин Д 2000 ХБ тағайындаудан басталады, 3-5 күн бойы, одан соң жақсы көтеретін болса, жеке емдік мөлшерін жоғарлатады (көбінесе 3000ХБ). 5000 ХБ тек айқын сүйек өзгерістері кезінде тағайындалады.

Қалқанша маңы безінің функциясын және вегетативті бұзылыстарды реттеу үшін мешелдің комплексті емінде магний дәрілерін қолдану керек (панангин, аспаркам) 10 мг/кг есеппен тәулігіне 3-4 апта бойы.

Хвоямен ванналар тез қозатын, мазасыз балаларға тағайындалады (10 л суға 1 ш.қ. экстракт, ). Бірінші ваннаның ұзақтығы 5 минут, одан ары 8-10 минуттан, курс ұзақтығы 13-15 күн. Тұзды ванналар әлсіз, аз қозғалатын балаларға тағайындалады (10 литр суға 2 ас қасық ас тұзы; бірінші ванна ұзақтығы – 3 минут, одан ары 5 минут, курс ұзақтығы 8-10 ванна).

Алдын алу

Мешелдің антенатальды профилактикасы

Мешелдің профилактикасы антенатальды және постнатальды болады. Сонымен қатар арнайы және арнайы емес болады. Мешелдің арнайы емес антенатальды профилактикасын бала туғанға дейінгі кезеңде бастау керек. Жүкті әйел күндізгі және түнгі демалысы жеткілікті болатын күн тәртібін сақтауы керек. Күнделікті 2-4 сағат ол міндетті түрде таза ауада болуы қажет. Жүкті әйелдің ұтымды тамақтануына үлкен маңыз беріледі. Жүкті әйелдер күніне 180-200 грамм ет, 100 грамм балық, 150 грамм ірімшік, 30 грамм сыр, 0,5 литр сүт немес сүтқышқылды өнімдер қолдануы керек. Тағамдық өнімдер құрамында витаминдер мен микроэлементтер жеткілікті болуы керек. Қатер тобындағы әйелдерге (нефропатия, қант диабеті, гипертониялық ауру, ревматизм) міндетті түрде жүктіліктің 28-32 аптасынан бастап 8 апта бойы 1000-1500ХБ витамин Д тағайындалады.

Қыста және көктемде витамин Д дәрілерімен бірге 1-2 курс ультракүлгін сәулесінің курсы тағайындалады. Курс 20-30 сеанстан тұрады, процедура күнделікті немес күнара жүргізіледі. Ультракүлгін сәулелері холекальциферолдың эндогенді синтезін де үстемелейді.

Мешелдің постнатальды профилактикасы

Бала туғаннан кейін мешелдің алдын алу шараларының ішіндегі маңыздысы бұл баланың ұтымды тамақтануын ұйымдастыру. Баланың өмірінің алғашқы 2 жылында маңызды омыраумен тамақтандыру болып табылады. Бірақ, ананың ұзақ және жақсы лактациясы үшін ананың да күн тәртібі мен ұтымды тамақтануы маңызды. Сонымен қатар жүктілік кезінде бастаған витаминдер мен микроэлементтерді қабылдауды жалғастыруы керек.

Егер бала жасанды тамақтанатын болса қазіргі кездегі кальций мен фосфордың қатынасы үйлестірілген және құрамында холекальциферол енгізілген бейімделген сүт қоспалары тағайындалады. Қазіргі кезде жасанды сүт қоспаларын қолданған кезде қосымша тағамды ерте енгізу нұсқалмайды. Сонымен бірге бейімделген сүт қоспаларымен жасанды тамақтандырылатын балалар қосымша поливитаминдерді қабылдауды қажет етпейді. Бала сау болып өсу үшін мешелдің алдын алудың барлық әдістерін қолдану керек. Әсіресе баланың физикалық дамуы мен шынықтыруға аса көңіл бөлу керек. Таза ауада серуендеу, су процедураларынан басқа мешел кезінде емдік гимнастика мен массаждың да маңызы зор.

Мешелдің постнатальды спецификалық профилактикасы Д витаминімен жүргізіледі, оның ерте жастағы балалар үшін минимальды профилактикалық мөлшері 400-500 ХБ тәулігіне. Бұл мөлшер күз-қыс-көктем мезгілінде баланың өмір жағдайын және аурудың даму қаупін ескере отырып 3-4 апталық кезден тағайындалады. Егер жаз мезгілі жаңбырлы, күнің көзі аз болса витамин Д тағайындаудың мәні бар. Жетіліп туған балаларға күз-қыс-көктем айларында өмірінің алғашқы жылында тағаындалады. Ал мешел бойынша қатер тобындағы балаларға күнделікті 1000 ХБ витамин Д күз-қыс-көктем айларында екі жыл бойы беріледі.

Мешел бойынша қатер тобына жатады:

§ шала туған балалар, аз салмақпен туған балалар;

§ морфо-функциональдық жағдайы жетілмей туған балалар;

§ мальабсорбция синдромы (целиакия, тағамдық аллергияның гастроинтесцинальды формасы, экссудативті энтеропатия);

§ антиконвульсивті дәрілер алатын діріл синдромы; қозғалыс белсенділігі төмен балалар (парез, салдану, ұзақ иммобилизация);

§ бауыр мен өт шығару жолдарының созылмалы аурулары;

§ бейімделмеген сүт қоспасын алатын балалар; фосфор-кальций алмасуының бұзылуы бойынша тұқымқуалаушылығы бар балалар;

§ егіздер немесе босану арасы қысқа болған жүктіліктен туған балалар;

Шала туғандықтың 1 дәрежесімен туған балаларға мешелдің арнайы профилактикасы өмірінің 10-14 күні 400-500-1000 ХБ тәулігіне күнделікті өмірінің алғашқы екі жылында жүргізіледі, жаз айларынан басқа мезгілде. Шала туғандықтың 2-3 дәрежесінде 1000-2000 ХБ күнделікті өмірінің алғашқы жылында, екінші жылы 500-1000 ХБ тәулігіне витамин Д тағайындалады.

Витамин Д профилактикалық мөлшерін тағайындауға қарсы көрсеткіш болуы мүмкін: идиопатиялық кальцийурия, гипофосфатазия, микроцефалия мен краниостеноздың симптомдарымен ОНЖ-ның органикалық зақымдалуы. Үлкен еңбектің мөлшерінің кішкентай болуы витамин Д профилактикалық мөлшерін тағайындауға салыстырмалы қарсы көрсеткіш болады. Оларға мешелдің арнайы профилактикасы 3-4 айдан бастап жүргізіледі.

Диспансерлік бақылау. Белсенді мешел кезінде бөлімшелік педиатр баланы айына 1 рет, ал айқын кезеңінде 2 аптада 1 рет қарайды. Хирург, ортопед және басқа да мамандар көрсеткіш бойынша қарайды. Диспансерлік бақылау кезінде аса көңіл бөлінеді: баланың өмір анамнезіне; нерв, бұлшықет, сүйек, ас қорыту, жүрек-қан тамыр, тыныс алу жүйелерінің жағдайына; физикалық және нервті-психикалық даму жағдайына; қабылдаған витамин Д мөлшерін есептеуге; тамақтану ерекшелігіне;

Қосымша тексеру әдістері: қан анализі (гемоглобин, эритроциттер) айына 1 рет; нәжістің клиникалық анализі жылына 1 рет; қанда кальций мен фосфорды, фосфотазаны анықтау; Сулкович сынағы емдеу барысында 10-14 күнде 1 рет; Негізгі сауықтыру шаралары: ұтымды тамақтандыруды ұйымдастыру; таза ауада серуендеу; массаж, гимнастика, шынықтыру; медикаментозды мешелге қарсы ем, ультракүлгін сәулесімен емдеу курстары; витаминотерапия; сауыққаннан кейін рецидивтің алдын алу емі;

Диспансерлік бақылау нәтижелілігінің белгілері: клиникалық сауығу. Есептен рецидив болмаған жағдайда 12 айдан соң шығарылады. Үш жыл бойы диспансерлік бақылауға мешелдің ауыр дәрежесін өткерген балалар жатады. Олар квартал сайын қаралады.

Сүйектердің рентгенографиясы көрсеткіш бойынша жүргізіледі. Оларға спецификалық профилактика екінші жыл бойы күз-қыс-көктем кезінде жүргізіледі, ал үшінші жылы тек қыста.+ Мешел профилактикалық егулерді жасауға қарсы көрсеткіш болып табылмайды. Витамин Д тағайындалады, одан кейін 2-3 аптадан соң вакцинация жүргізіледі.

Болжам. Мешел кезінде болжам оның ауырлық дәрежесі мен ерте анықталуына байланысты болады. Бастапқы кезде анықталған және дұрыс емделген мешел ешқандай салдар қалдырмайды. Емделмеген мешел қаңқаның ауыр деформацияларына, нервті-психикалық және физикалық дамудың тежелуіне, пневмония мен асқазан-ішек трактісінің ауруларының ауыр өтуіне әкеледі.

Наши рекомендации