Сүйек буын туберкулезі

1.Туберкулез кезінде қандай ұлпа аз зақымдалады?

а) тері

б) нервтер

в) сүйектер

г) лимфа түйіндері

2.Қай жаста сүйек-буын туберкулезі жиі кездеседі?

а) 16-30 жаста

б) 31-45 жаста

в) 46-60 жаста

г) 15 жасқа дейін

3.Сүйек туберкулезіне тән рентгенологиялық белгілерді атаңыз:

а) аяқ –қол бұлшық еттерінің үдемелі семуі

б) еріген қант тәрізді секвестрдің болуы

в) сүйек қабығында реакцияның болмауы

г) сүйек тұсында іріңнің пайда болуы

4.Омыртқа туберкулезінде зақымдалатын жері:

а) денесі

б) доғалары

в) көлденең өсінділері

г) қылқан өсінділері

Паразиттік аурулар

1. Бауырдың эхинококккоз операциясынан кейін қандай ем жүргізіледі?

а) антибактериальді ем

б) симптоматикалық ем

в) химиотерапиялық ем

г) операциялық ем

2.Эхинококкозда қандай асқыну болады?

а) ағзаның қысылуы

б) эхинококты кистаның іріндеуі

в) асциттің дамуы

г) эхинококкокты кистаның тесілуі

3. Эхинокококты кистаны алуы операциясы қалай аталады?

а) бауырдың резекциясы

б) гемигепадэктомия

в) ашық эхинококкокэктомия

г) жабық эхинококкокэктомия

4. Эхинококкокты кистаның қуысын өңдеуде қолданылмайды:

а) карбол қышқылының 2% ерітіндісі

б) лазер сәулесі

в) қыздырылған NaCl 10% ерітіндісі

г) формалиннің 2% ерітіндісі

5. Эхинококкоздың тез дамитын, ең қауіпті асқынуын атаңыз:

а) жылан көз

б) плеврит

в) анафилактикалық шок

г) перитонит

6. Эхинококкоздың асқынуына жатпайды:

а) асциттің дамуы

б) өмірге маңызды ағзалардың қысылуы

в) кистаның тесілуі

г) метастаздардың дамуы

7. Аскаридозда дегельментизация үшін қолданылмайды:

а) гентамицин

б) вермокс

в) мебендазол

г) декарис

8. Асқазан-ішек жолының аскаридамен тесілуінде дамитын асқынуды атаңыз?

а) жедел панкреатит

б) перитонит

в) жедел холецистит

г) ішектің түйілуі

9. Аскаридоздың асқынуына жатпайды:

а) плевраның эмпиемасы

б) жедел аппендицит

в) механикалық сарғаю

г) ішектің түйілуі

10. Аскаридоз жұғады:

а) иттен

б) мысықтан

в) адамнан

г) кеміргіштерден

11. Альвеококкоздың диагностикасында қолданылмайды:

а) рентгенография

б) ректороманоскопия

в) ультра дыбыстық зерттеу, радионуклеидті сканерлеу

г) компьютерлі томография

12. Эхинококктың негізгі жұғу жолдары:

а) дер нәсілдер теріге түскенде

б) эхинококкоздың дер нәсілдерін жұтқанда

в) кистаның іріңдеуінде, жарылуында

г) эхинококктың жұмыртқаларын жұтқанда

13. Эхинококкоздың клиникалық көрінісі неге байланысты болады?

а) паразит түріне

б) кистаның түріне

в) иммунитетке

г) кистаның іріңдеуіне, жарылуына

14. Эхинококкоздың даму сатыларын атаңыз:

а) гангреналық

б) клиникалық

в) некроздық

г) эхинококкоздың асқыну клиникалық көріністер сатысы

15. Өкпенің эхинококкозында не істеу керек?

а) кистаға дренаж қою

б) жабық эхинококкэктомия

в) өкпенің төменгі бөлігінің резекциясы

г) ашық эхинококкэктомия

16. Аскаридоздағы перитониттің пайда болу себептері:

а) жедел панкреатит

б) жіңішке ішектің тесілуі

в) жедел холецистит

г) асқазанның ойық-жарасының тесілуі

17. Науқаста рентгенде оң өкпенің жоғарғы бөлігінде шекарасы анық дөңгелек, гемогенді көлеңке анықталды. Бұл қандай ауру болуы мүмкін?

а) өкпенің эхинококкозы

б) өкпенің қатерлі ісігі

в) өкпенің абсцессі

г) өкпенің туберкулемасы

18.Филяриатоздарға жатады:

а) дилеталонематоз

б) вухерериоз

в) стрептоцеркоз

г) аскаридоз

Ісіктер

1.Лапароскопия нені анықтайды?

а) ісіктің өсу кезеңін

б) лимфатикалық түйіндердің жағдайын

в) ісіктің орнын

г) ісіктің түрін

2.Қатерсіз ісіктердің операция жолымен алып тастауының бұлтартпас белгісін таңда:

а) ұзақ уақыт болуы

б) үнемі киіммен немесе аяқ киіммен жарақаттау жағдайы

в) ағзаны қысып, оның қызметін бұзу

г) өсуінің жылдамдығы

3.Асқазан операциясында қатерлі ісік табылған, регионарлы метастаз бар, алыста метастаз жоқ. Ісіктің кезеңі қандай?

а) І

б) ІІІ

в) IV

г) ІІ

4. «Абластика» дегенді қалай түсінесіз?

а) қатерлі ісікті сау жерге дейін сылып алып тастау

б) құрал-саймандарды жиі өзгерту

в) операцияның алдындағы радийтерапия

г) операция алаңын спирт ерітіндісімен өңдеу

5.Қатерлі ісікке операция жасалған науқас қашан айығып жазылады?

а) операция ісікке қарсы барлық әдістермен жүргізілсе

б) операциядан кейін 5 жыл өткеннен кейін ісік ауруы қайталанбаса

в) операция кезінде метастаздар жоқ болса

г) қатерлі ісіктің көлемі үлкен емес және ол түгелдей алынса

6.Қатерлі ісік кезіндегі паллиативті операцияны ата:

а) ісікпен қоса метастаздарды алып тастау

б) асқазан және жіңішке ішек орамдарын бір-біріне жалғастырып тесік жасау (гастроэнтероанастомоз).

в) ісіктерден қан ағуды тоқтату

г) негізгі қатерлі ісіктерді сылып алып, метастаздарды қалдыру

7. Қанның қатерлі ісік ауруын атаңыз:

а) лейкопения

б) лейкоз

в) лейкоцитоз

г) анемия

8. Облигатты обыр алды дертке жатады:

а) артрофиялық гастрит

б) мастопатия

в) каллезді ойық-жара

г) созылмалы панкреатит

9.Қатерсіз ісіктің белгісі:

а) баяу өседі

б) рецидив береді

в) метастаз береді

г) жайылып өседі

10.Қатерлі ісікті анықтауда қолданылады:

а) сонография

б) гистология

в) ультра дыбыстық зерттеу

г) эндоскопия

11.Ісікке қарсы қолданылады:

а) рубромицин

б) аспирин

в) Т-активин

г) бутадион

12.Эпителиальді қатерлі ісікті атаңыз:

а) саркома

б) лейомиома

в) обыр

г) папиллома

13.Лимон қабығы және емізіктің ішке тартылуы қандай ауруға тән?

а) сүт безінің қатерлі ісігіне

б) мастопатияға

в) лактостазға

г) гигромаға

14.Дәнекер ұлпадан дамыған қатерлі ісікті атаңыз:

а) миосаркома

б) фибромиома

в) карцинома

г) лейомиома

15.Қазіргі кезде қатерлі ісікті емдеудің негізгі әдісі:

а) химиялық

б) сәулелік

в) хирургиялық

г) симптоматикалық

Жаралар

1.Іріңді жарадағы рН көрсеткіші:

а) 4,5-5,0

б)5,5-6,0

в)7,5-8,0

г)7,0-8,5

2. Жарада жиналатын электролиттер:

а) натрий

б) кальций

в) магний

г) калий

3. Жара үрдісінің бірінші кезеңі аяқталады:

а) 2-3 күнде

б) 3-4 күнде

в) 1-2 күнде

г) 5-6 күнде

4. Жара үрдісінің екінші кезеңі аяқталады:

а) 5-8 күннен

б)12-30 күннен

в) 30-40 күннен

г) 8-10 күннен

5. Үшінші кезең – жараның тыртықтануы мен эпителизациялануы басталады:

а) 4-5 аптадан

б) 2-4 аптадан

в) 5-6 аптадан

г) 1-2 аптадан

6. Тыртықтың ішінде эластикалық талшықтардың қалыптасқан біту кезеңі:

а) 1-2 айда

б) 2-3 айда

в) 5 айда

г) 6 айда

7. Кеш жараны біріншілік хирургиялық өңдеу жүргізіледі:

а) 48 сағаттан кейін

б) 2 тәулікте

в) 8-10 тәулікте

г) 1 тәулікте

8. Жараланғаннан кейін, екіншілік ерте тігісті салу мерзімі:

а) 4 тәулікте

б) 8-15 тәулікте

в) 7 тәулікте

г) 8 тәулікте

9. Жараланғаннан кейін, екіншілік кеш тігісті салу мерзімі:

а) 8-15 тәулікте

б) 20 тәулктен кейін

в) 15 тәуліктен кейін

г) 3-4 тәуліктен кейін

10. Жараның даму үрдісінің бірінші кезеңінде басым болады:

а) экссудация, альтерация

б) пролиферация

в) жасушалық инфильтрация

г) тыртықтану

11.Тістелген жара немен қауіпті?

а) құтырмамен залалдану

б) үлкен қан кетумен

в) сүйек сынуымен

г) инфицирленумен

12.Іріңді жараға дренажды қояды:

а) эпителизацияны жылдамдату үшін

б) қан кетуді тоқтату үшін

в) бөліндінің шығуын қамтамасыз ету үшін

г) тампонада жасау үшін

Туа біткен аурулар

1.Даму ақауына жатады:

а) киста

б) аденома

в) рахит

г) қоян ерін

2.Даму ақауына жатпайды:

а) атерома

б) атрезия

в) дистопия

г) эктопия

3.Анус атрезиясын операциялық жолмен емдеуге қолайлы кезең:

а) туылғанда

б) мектеп жасында

в) балабақша жасында

г) өмірінің бірінші айында

4.Магистральді тамырлардың туа біткен ақауына жатады:

а) жалған аневризма

б) эндартерит

в) қолқаның тарылуы

г) медуза басы

5.Эписпадия даму ақауының қайсысына жатады?

а) қуықтың

б) бүйрек түбектерінің

в) несепағардың

г) несеп шығаратын өзектің

6.Саусақтардың бір-бірімен жабысып-бітісуін атаңыз:

а) синдактилия

б) макромелия

в) полидактилия

г) фокомелия

Наши рекомендации