Жедел операциялар мен манипуляциялар

-Реанимациялық шаралар (жасанды тыныс, трахея интубациясы, трахеотомия, жүректің жабық массажы, коникотомия, коллярлы медиастинотомия)

-Жарықтан болған қан кетуді тоқтату (қан тоқтататын қысқыш және лигатура салу)

-Саусақ фалангыларының ажырауынан және жұмсақ тіндердің аздаған жарақатынан кейін алғашқы хирургиялық өңдеу (травматикалық пункт болмаған жағдайда).

-Парафимоз кезінде жасалатын операциялар (қысылған сақыинаны кесу ер жыныс мүшесінің басын қалпына келтіру )

-Қан аралас зәр, новакаинді блокада, диатермокоагуляция.

-Ірінді аурулар кезіндегі операциялар: беткей орналасқан абцесс(мойын аймағынан басқа ); ауыр интоксикациясы және қант диабеті жоқ іріңдеген карбункул және фурункул(ауыз бұрышынан жоғары орналасқан зақымданудан басқа); іріңдеген гидраденит, тері асты шел майының флегмонасы, іріңдеген аяқ сүйелі (мозоль), панарация және т.б.

Жоспарлы операциялар:

1)Қол жетімді орналасқан жұмсақ тінің кішкентай қатерсіз ісігін алып тастау. Алып тасталған препараттар формалин ерітіндісіне салынып, жақын орналасқан лабораторияға гистологиялық зерттеуге жіберіледі.Науқаста малигнизация белгілері табылса онкологқа жолдама беріледі.

Пигментті ісіктер лейкоплакия , ерін кератозы, гемангиомаларды алып тастау емханада орындалмайды.

Сүт безінде пайда болған жаңа тузілістерді жедел гистологиялық зерттеуді жүргізуге мүмкіндігі бар стационарда жасалады. Полипті алып тастау, аралықтың және тік ішектің фиброзды өзектерін алып тастау мамандандырылмаған кабинеттерде жасалмайды.

2) Ганглилер мен асқынбаған тигромаларды кесу және пункция жасау.

3) Бурейт кезіндегі кілегейлі қапқа пункция жасау және кесу.

4) Болашақта пластиканы қажет етпейтін миозиттер.

5) Тырнақтың еніп өсуін алып тастау.

6) Буындардың емдік- диагностикалық пункциясы, цитологилық және

бактериологиялық зерттеулер.

7) Пульсациялық гематоманы алып тастауға сенім болғанда ғана, беткей

Орналасқан гематомаларды ашу және жиналғандарды алып тастау.

8) Аяқ- қол саусақтары фалангаларын оқшаулау және ампутация жасау.

Аяқтың ІІ саусағының экзартикуляциясы, балғаша тәрізді саусақ. Бұл операциялар хирургия бөлімшесінің жетекшісі және емдеуші дәрігердің рұқсатымен амбулаторлы картаға тіркелген соң жасалады. Операция науқастың рұқсатымен жасалады.

9) Теріні еркін ауыстыру. Теріні еркін ауыстырып салуға көрсеткіш: грануляцияланған жайылған жарақат және жаралар. Теріні ауыстырып салу терінің арнайы дайындығы және бактериологиялық зерттеу жағымды болғанда , көбінесе Яденко- Ревердеп әдісі, Тирша және Янович- Чайнск- Дейвис тәсілімен жасалады.

10) Зақымдалғанына 2 апта болмаған жараларға ерте екіншілік тігіс салу және кеш екіншілік тігіс салу (20-30 күн)

11) Жұмсақ тіндердегі бөгде денелерді алу. Егер олар беткей және пальпацияланатын болса ғана алып тастау жасалады. Металдан жасалған бөгде денелерді рентген суретінсіз алуға болмайды. Бұл операциядан кейін сіреспеге қарсы сарысу немесе анотоксин салу қажет. (егер науқас белсенді иммунизацияланса)

Бұл операциялардан басқа, емханада диогностикалық зерттеулер жүргізіледі. Диафаноскопия тік ішекті саусақпен тексеру, эндоскопия және фиброэндоскопия, осциллография, қуық катетеризациясы және арнайы урологиялық зерттеулер.

Іріңді операцияларды стационарда жасаған тиімді. Оның ішінде көптеген қайталама операцияларды қажет ететін панариция және ауыр өтетін формалары: пандактилит, буындық панариция, тендовагинит. Емхана жағдайында панарицияның асқынулары болу мүмкін, бұл операцияларды дәрігер жасайды. Сүт безіндегі үлкен іріндеген жараларды, парапроктитті әртүрлі вариантта кесулерді стационарда орындау қажет. Операция жасайтын хирург науқас қорқынышын басу керек және операцияалды қорытынды, мотивированный диагноз. Операция көрсеткіштері, операция жоспары, жансыздандыру түрін дайындау керек. Емханалық тәжірибеде жергілікті анастезия кеңінен қолданылады. Жергілікті анастезияға қарсы көрсеткіштер: препорадты көтереалмаушылық, психикалық аурулар, жедел нервтік қозу, науқастың анастезияға қарсылығы және ерте балалық жас.

Науқастарды атационарға жолдаудың 2 тәсілі бар: орталықтандырылған және орталықтандырылмаған. Көптеген үлкен қалаларда орталықтандырылмаған көмек көрсетіледі.

Жедел госпитализацияға көрсеткіштер:

1) емхана деңгейінде толық көлемде жедел көмек көрсете алмайтын зақымданулар;

2) реанимация немесе интенсивті терапияны қажет ететін және өмірге қауіптілігі жоғары зақымданулар;

3) инфекцияның қосарлану қауіптілігі жоғары зақымданулар;

4) жедел хирургиялық инфекция;

а) үлкен операциялық араласуды қажет ететін;

б) болжамы күдікті аурулур;

в) әр уақыт бақылауды қажет ететін науқас;

5) әр уақыт бақылауды және күрделі операциялық араласуды қажет ететін кеуде, іш қуысы ағзаларының жедел ауруы;

6) жедел қан тамыр ауруы және қан тамыр зақымдалуы (жедел артериялық өтімсіздік, леофеморальды венозды тромбоз және т.б.);

7) диагностикалық госпитализация;

8) тұрмыстық көрсеткішіне байланысты госпитализация;

9) үшінші жақтың қалауымен госпитализациялау(ана баласымен, доноры)

Жоспарлы госпитализация

1) емхана жағдайында жасауға келмейтін, күрделі операцияларды қажет ететін аурулар;

2) созылмалы аурулар, емхана жағдайында алынған емнің әсері жоқ, бірақ стационарда емі нәтижелі болатын аурулар;

3) диагностикалық госпитализация;

4) арнайы мамандандырылған хирургиялық көмекті қажет ететін аурулар;

5) қосымша ауыр патологиясы бар науқастарға үлкен емес көлемде операция жасау (операциялық араласудың үлкен қауіпі бар науқастар)

6) тұрмыстық көрсеткішіне байланысты госпитализация;

7) үшінші жақтың қалауымен госпитализациялау(ана баласымен, доноры)

Госпитализацияға дейінгі этапта жүргізілетін диагностикалық шаралар көлемі: Жалпы қан талдауы, жалпы зәр талдауы,қан тобы, резус фактор анықтау, биохимиялық қан талдауы (қант, жалпы белок, билирубин, АСТ, АЛТ, мочевина, креатинин, натрий, калий, хлор),коагулограмма, RW,флюорография,ЭКГ,кардиолог қарауы,көрсеткіш болса УДЗ, ФГДС, Іш қуысы ағзаларының рентгенографиясы,әйел адамдарға гинеколог қарауы, жоспарлы операцияға жататын науқастардың қанын вирусты гепатит маркерлеріне зерттеу.

Сұрақ.

Наши рекомендации