Төменде көрсетілген патологиялық өзгерістердің қайсысында ылғалды сырылдардың даму механизмы ЕҢ ықтимал болады? 7 страница
*Қолқалық стенозға
*Сау жүрекке
#505
*! 18 жастағы жігіт, жұмысқа орналасу үшін медициналық тексеруден өтті. Тексеру барысында дәрігер одан Мюссе симптомын анықтады.
Бұл симптомның пайда болу ЕҢ ықтимал себебі?
*Үшжармалы қақпақша жетіспеушілігі
*Қолқа қақпақшасының жетіспеушілігі
*Митралды қақпақша жетіспеушілігі
*Митралды қақпақшаның тарылуы
*Қолқа сағасының тарылуы
#506
*! 22 жастағы жігіт, аймақтық дәрігерге бас ауыруына, бас айналуына және жүрек қағуына шағымданып келді. Анамнезінде – бұл шағымдар соңғы 5-6 бойы мазалап жүр, компьютермен ұзақ жұмыс жасағанда күшеетінін айтты. Бала кезінде қолқалық жетіспеушілігі болған, есепке алынған, анда-санда қан қысымы жоғарлайды, бірақ қаншаға дейін екенін білмейді.
Осы ақауға тән қан қысымының (ҚҚ) ЕҢ ықтимал өзгерістері қандай?
*Систолалық жоғарлайды және диастолалық төмендейді
*Систолалық төмендейді және диастолалық жоғарлайды
*Систолалық та, диастолалық та жоғарлайды
*Тек диастолалық жоғарлайды
*Тек систолалық жоғарлайды
#507
*! 21 жастағы бойжеткен жанұялық дәрігерге келесі шағымдармен келді: жүрек қағу, физикалық жүктемеден кейінгі ентігу. Анамнезінде – аталған шағымдар 1 айдан бері мазалайды, баспамен ауырғаннан кейін пайда болды. Қарап тексергенде бетінің сәл бозарғаны анықталды. Пальпацияда – жүрек ұшы түрткісі күшейген, солға қарай сәл ығысқан; перкуссияда – жүректің сол шекарасы 5 қ/а бұғана ортаңғы сызығы бойында орналасқан. Аускультацияда – жүрек ұшында 1 тон әлсіреген, 2 тон 3-ші нүктеде сәл күшейген; жүрек ұшында – солға қарай таралған қысқа систолалық шу естіледі. PS - 100′; АД - 90/60 ммHg.
Төменде көрсетілген ақаулардың осы науқаста қайсысының дамуы ЕҢ ықтимал?
*Қолқа қақпақшасының жетіспеушілігі
*Митралды қақпақшаның жетіспеушілігі
*Үшжармалы қақпақшаның тарылуы
*Митралды қақпақшаның тарылуы
*Қолқа қақпақшасының тарылуы
#508
*! Аурухананың қабылдау бөліміне 49 жастағы әйел жеткізілді, оның шағымдары – жүрек тұсы шаншып ауырады, сонымен қатар басы ауырып, ентігеді. Анамнезінде – бұл шағымдар соңғы 5-6 бойы мазалап жүр. Бұрын ешқандай аурумен ауырған жоқ, жарақаттар алмаған, бірақ соңғы 1 жылда етеккірінің бұзылыстары пайда болды – ретсіз болатынын айтты. Тексергенде – жүректің сол шекарасы солға ығысқаны анықталды; жүрек тондары бәсеңсіген, жүрек ұшында 1 тон әлсіреген, қолқада 2 тонның акценты. PS - 98 ′; АД -150/90 ммHg.
Аталған белгілер қандай патологияда болуы ЕҢ ықтимал?
*Созылмалы коронарлық жетіспеушілік синдромы
*Жедел коронарлық жетіспеушілік синдромы
*Қолқа қақпақшасының жетіспеушілігі
*Артериалдық гипертензия синдромы
*Қолқа қақпақшасының тарылуы
#509
*! Қолқа қақпақшасының жетіспеушілігі анықталған 38 жастағы ер адамның жүрегіне перкуссия жасағанда сол шекарасы ығысқаны анықталды.
Бұл ақауда жүрек шекарасының қай жаққа ығысуы ЕҢ тән?
*Жоғарыға және солға
*Төмен және жоғары
*Оңға және жоғары
*Солға және төмен
*Оңға және солға
#510
*! 19 жастағы жігіт, ентігу мен жүрек аймағының оқтын-оқтын шаншып ауыратынына шағымданып келді. Анамнезінде – аталған шағымдар 5-6 айдан бері мазалайды, бірақ оған көңіл аудармаған. Балалық шағында жиі баспамен ауырған. Әскери комиссиядан өткенде «жүрегінде шу естіледі» деп, тексерілуге кеңес берілген. Перкуссия жасағанда жүректің шекаралары анықталды: оң жақ – 4 қ/а төстің оң қырынан 1 см сыртқа қарай; сол жақ – 6 қ/а сол бұғана ортаңғы сызығынан 1,5 см сыртқа қарай; жоғарғысы – 3 қабырғаның жоғарғы қыры.
Төменде көрсетілген ақаулардың қайсысының болуы ЕҢ ықтимал?
*Қолқа қақпақшасының жетіспеушілігі
*Үшжармалы қақпақша жетіспеушілігі
*Митралды қақпақша жетіспеушілігі
*Митралды қақпақшаның тарылуы
*Қолқа қақпақшасының тарылуы
#511
*! 37 жастағы әйел, дәрігер қабылдауына енгігу мен жүрек соғысының ретсіздігіне шағымданып келді. Анамнезінде - ревматикалық митральды стеноз бойынша «Д» есепке алынған.
Төменде көрсетілген өзгерістердің қайсысы осы ақауға тән болуы ЕҢ ықтимал?
*Жүрек негізіндегі диастолалық діріл
*Оң қарыншаның гипертрофиясы мен дилатациясы
*Сол қарыншаның гипертрофиясы мен дилатациясы
*Жүрек негізіндегі диастолалық шу
*Жүрек ұшындағы систолалық шу
#512
*! Аймақтық дәрігерге 62 жастағы ер кісі тұрақты ентігуге, аяғының ісінуіне және ішінің үлкеюіне шағымданып қаралды. Анамнезінде – 6-7 жылдан бері үлкен ошақты миокард инфарктісінен өзін аурумын деп сезінеді, бірақ жоғарыда шағымдары жиі соңғы 2-3 жылда мазалайды. Қарауда – таралған цианоз, асцит және оң «веналық» пульс.
Бұл белгілер төменде көрсетілген дерттердің қайсысына тән болуы ЕҢ ықтимал
*Үшжармалы қақпақшасының жетіспеушілігіне
*Үшжармалы қақпақшасының тарылуына
*Митралды қақпақша жетіспеушілігіне
*Митралды қақпақша стенозына
*Аорта қақпақшасы стенозына
#513
*! Дене шынықтыру жаттығулардан кейін мазалайтын жүрек соғуы мен ентігуге шағымдары бар 27 жастағы ер кісіде жанұялық дәрігер жүрек ұшы түрткісінің күшейгенін анықтады?
Бұл жағдайға төменде берілген себептерінің қайсысы себеп болуы ЕҢ ықтимал?
*Оң жүрекшенің гипертрофиясы
*Сол жүрекшенің гипертрофиясы
*Оң қарынша гипертрофиясы
*Сол қарынша гипертрофиясы
*Сол қарынша гипотрофиясы
#514
*! 52 жастағы әйел кісі кіші-гірім қара күш жүктемеде мазалайтын жүрек соғуына, ентігуге, шағымданады. Бұл шағымдар 1 ай шамасында пайда болған. Осыдан 2 ай бұрын пневмониямен асқынған тұмауға шалдыққан. Қарауда – терісі сәл бозарған, сөйлегенде ентігеді. Жүрек аускультациясында 2 тон өкпе артериясында күшейген.
Төменде берілген жайттардың қайсысы бұл өзгерістің себебі болуы ЕҢ ықтимал?
*Үлкен қан айналым шеңберінің гипертониясы
*Кіші қан айналым шеңберінің гипертониясы
*Өкпе бағанасы қақпақшасының стенозы
*Сол қарынша гипертрофиясы
*Аорта қақпақшасының стенозы
#515
*! Клиниканың қабылдау бөлімшесіне 52 жастағы әйел кісі жеткізілді. Қызының айтуынша бұл кісі 5-6 жылдан бері артериалдық гипертензиямен емханада есепте тұрады, бірақ емді тұрақты қабылдамайды. Бүгін тәңертең ентігуге шағымдан. 30 минут бұрын жағдайы күрт нашарлады – тұншығу мен жөтел мазалады. Қарауда – беті көгерген, дыбысты тыныс және өкпенін бар көлемінде таралған ылғалды ірі көпіршікті сырылдар.
Төменде көрсетілген дерттік жағдайдың қайсысы науқаста дамуы ЕҢ ықтимал?
*Сол қарыншаның созылмалы жетіспеушілігі
*Оң қарыншаның созылмалы жетіспеушілігі
*Сол қарыншаның жедел жетіспеушілігі
*Оң қарыншаның жедел жетіспеушілігі
*Оң жүрекшенің жедел жетіспеушілігі
#516
*! Клиниканың қабылдау бөлімшесінде ентігуге, жүрек қағуына және жүрек аймағында ауыру сезіміне шағымданған 42 жастағы ер кісіні тексеруде ұйқы артериясының пульсациясы анықталды.
Төменде берілген дерттік жағдайдың қайсысына бұл белгі тән болуы ЕҢ ықтимал?
*Үшжармалы қақпақшасының жетіспеушілігіне
*Аорта қақпақшасы жетіспеушілігіне
*Митралды қақпақша жетіспеушілігіне
*Митралды қақпақша стенозына
*Аорта қақпақшасы стенозына
#517
*! 57 жастағы ер кісі қабылдау бөлімінің дәрігеріне жүрек аймағындағы ауыру сезіміне және ентігуге шағымданып көрінді. Нақты сұрап және қарап тексеруден кейін дәрігер бұл кісіде «стенокардияны» анықтап ЭКГ-тексерісін тағайындады.
Бұл жағдайда ауыру сезімінің сипаты қандай болуы ЕҢ ықтимал?
*Төс артындағы сыздап ауырсыну сезімі
*Төс артындағы нүкте тәріздес ауырсыну сезімі
*Төс артындағы қысып ауырсыну сезімі
*Төс артындағы тұрақты ауырсыну сезімі
*Төс артындағы шектелген ауырсыну сезімі
#518
*! Аорта қақпақшасы жетіспеушілігіне шалдыққан 32 жастағы ер кісіні қабылдау бөлімінің дәрігері тыңдап жүрек ұшында функционалдық шуыл анықтады.
Төменде берілген дыбыс шуларының қайсысы осы ақауда жүрек аймағында тыңдалуы ЕҢ ықтимал?
*Флинт шуылы
*Кумбс шуылы
*«Зуылдақ» шуылы
*Грэхем -Стилл шуылы
*Виноградов-Дюразье шуылы
#519
*! 43 жастағы әйел кісіні тұмаудан кейін 1 жеті шамасында дене қызуының көтерілуі мен жүрек соғуы мазалады. Жүрек перкуссиясында мына шекара көрсеткіштері анықталды: оң– 4 қ/а, төстің оң қырынан 1см сыртқары, сол – 5 қ/а, сол бұғана ортаңғы сызығынан 1см ішке қарай, жоғарғы – 3 қабырғаның жоғарғы қыры.
Жүрек шекарасының осы көрсеткіштері төменде берілген жағдайлардың қайсысына тән болуы ЕҢ ықтимал?
*Митралды жетіспеушілігіне
*Аорта жетіспеушілігіне
*Митралды стенозға
*Аорта стенозына
*Сау жүрекке
#520
*! 37 жастағы әйел кісі ентігуге, жүрек қағуына және құрғақ жөтелге шағымданды. Анамнезінде—бұл шағымдар 1 ай көлемінде баспадан кейін пайда болып мазалайды. Жүрек аускультациясында дәрігер 3-буынды ырғақ анықтады.
Бұл белгі төменде көрсетілген дерттердің қайсысына тән болуы ЕҢ ықтимал?
* Үшжармалы қақпақша стенозына
* Митралды жетіспеушілігіне
* Аорта жетіспеушілігіне
* Митралды стенозға
* Аорта стенозына
#521
*! Жүрек соғуы, ентігуі бар 46 жастағы ер кісіде жүректің сол салыстырмалы тұйықтығының айқын солға ығысуы, жүрек ұшы түрткісінің кеңеюі мен солға және төмен ығысуы, төстің оң қырында 2-і қ/а систолалық шуыл мен 2-і тонның әлсіреуі анықталды.
Бұл клиникалық белгілер төменде көрсетілген ақаулар қайсысына тән болуы ЕҢ ықтимал?
*Үшжармалы қақпақшасының жетіспеушілігіне
*Митралды қақпақша жетіспеушілігіне
*Аорта қақпақшасы жетіспеушілігіне
*Митралды қақпақша стенозына
*Аорта қақпақшасы стенозына
#522
*! 47 жастағы ер адамды 2 айдан бері психо-эмоцияналдық жүктемеден кейін және 300 метрге дейін тегіс жермен жылдам жүргенде пайда болатын, тыныштықта басылатын төс артындағы қысып ауырсыну сезімдері мазалайды.
Дәрігердің қандай синдром туралы ойлауы ЫҚТИМАЛ ?
*жедел тәждік жетіспеушілік синдромы
*созылмалы тәждік жетіспеушілік синдромы
*өкпе артериясының тромбоэмболиясы
*ишемиялық кардиомиопатия
*ишемиялық миокард дистрофиясы
#523
*! 33 жастағы әйел адам жоғары температура және жүрегінің қағуына шағымданды. Тексеру барысында жүректің келесі тұйықтық шекаралары анықталды: оң жағы – төстің оң шекарасынан 1 см тысқары, сол жағы –сол жақ бұғана ортаңғы сызықтан 1 см ішке, жоғарғысы – 3 қабырғаның жоғарғы жиегі. Қандай ақаудың дамуы ЫҚТИМАЛ?
*Митралды тарылу
*Митралды жетіспеушілік
*Үшжармалы қақпақшаның жетіспеушілігі
*Қолқалық ақау
*Қалыпты
#524
*! Жанұялық дәрігерге әйел адам жоғары температура және жүрегінің қағуына шағымданды. Тексеру барысында жүректің келесі тұйықтық шекаралары анықталды: оң жағы – төстің оң шекарасынан 1 см тысқары, сол жағы –сол жақ бұғана ортаңғы сызықтан 1 см ішке, жоғарғысы – 2 қабырғаның жоғарғы жиегі. Әйелде қандай ақаудың дамуы ЫҚТИМАЛ?
*Қолқа қақпақшасының жетіспеушілігі
*Қолқа қақпақшасының тарылуы
*Үшжармалы қақпақшаның жетіспеушілігі
*Митралды жетіспеушілік
*Митралды қақпақшаның тарылуы
#525
*! 42 жастағы ер адамда жүректің салыстырмалы тұйықтығының біршама солға ығысуы, жүрек ұшы түрткісінің күшеюі, 2 қабырға аралық төстің оң жағында айқын систолалық діріл және осы жерде 2 тонның әлсіреуі анықталды.
Төменде берілген аускультациялық белгілердің қайсысы осы жағдайға тән болуы ЫҚТИМАЛ ?
*Семсер тәрізді өсіндінің негізінде систолалық шуыл
*Жүрек ұшында диастолалық шуыл
*Жүрек ұшында систолалық шуыл
*Қолқа үстінде диастолалық шуыл
*Қолқа үстінде систолалық шуыл
#526
*! 24 жастағы жігіт 2 апта бұрын басынан өткерген баспадан кейін ентігуге, жүректің қағуына шағымданып келді. Тексеру барысында жүректің сол жақ шекарасының солға ығысуы, жүрек ұшында 1 тонның әлсіреуі және сол жақ қолтық астына таралатын систолалық шуыл анықталды.
Жігітте қандай патологияның дамуы ЫҚТИМАЛ?
*Миокардит
*Қолқалық ақау
*Митралды қақпақшаның тарылуы
*Митралды қақпақшаның жетіспеушілігі
*Үшжармалы қақпақшаның жетіспеушілігі
#527
*! 30 жастағы әйел адам физикалық жүктемеден кейін пайда болатын ентігуге, тез шаршауға шағымданды. Анамнезе: 15 жасында ревмокардит басынан өткерген. Объективті: тері жабындарының айқын бозаруы. Пульсы жылдам, биік. АҚ 180/50 мм сын.бағ. Мюссе симптомы, Квинке оң капиллярлық пульс, «каротид биі» анықталды. Жүректің сол жақ шекарасы күрт солға ығысқан.
Дәрігер әйелде қандай жүрек патологиясын анықтауы ЫҚТИМАЛ?
*Қолқа сағасының тарылуы
*Митралды қақпақшаның тарылуы
*Митралды қақпақшаның жетіспеушілігі
*Қолқа қақпақшасының жетіспеушілігі
*Үшжармалы қақпақшаның жетіспеушілігі
#528
*! 19 жастағы ер бала жанұялық дәрігерге басының айналуына, жүрегінің ауруына және жүрегінің қағуына шағымданып келді. Анамнезінде – бұл шағымдар 7-8 айдан бері мазалайтынын және ұзақ уақыт физикалық жүктемеден кейін пайда болатынын айтты. Бала кезінде қолқа жетіспеушілігімен диспансерлік есепте тұрған, және кейде қысымының жоғарылайтынын біледі, бірақ нақты көрсеткіштерін айта алмайды.
Аталған ақауға АҚ қандай көрсеткіштерінің тән болуы ЕҢ ЫҚТИМАЛ?
* истолалық қысым жоғарылайды, диастолалық қысым төмендейді
* диастолалық қысым төмендейді және жоғарылайды
* систолалық та диастолалық та қысым жоғарылайды
* тек диастолалық қысым жоғарылайды
* тек систолалық қысым жоғарылайды
#529
*! Клиниканың қабылдау бөлімшесіне 59 жастағы әйел кісі жеткізілді. Қызының айтуынша бұл кісі 10-12 жылдан бері артериалдық гипертензиямен емханада есепте тұрмайды, бірақ емді өзі тұрақты қабылдамайды. Бүгін тәңертең ентігуге шағымдан. 30 минут бұрын жағдайы күрт нашарлады – тұншығу мен жөтел мазалады. Қарауда – беті көгерген, дыбысты тыныс және өкпенін бар көлемінде таралған ылғалды ірі көпіршікті сырылдар.
Төменде көрсетілген дерттік жағдайдың қайсысы науқаста дамуы ЕҢ ықтимал?
*Сол қарыншаның жедел жетіспеушілігі
*Сол қарыншаның созылмалы жетіспеушілігі
*Оң қарыншаның созылмалы жетіспеушілігі
*Оң қарыншаның жедел жетіспеушілігі
*Оң жүрекшенің жедел жетіспеушілігі
#530
*! Жүрек аймағындағы шаншуға, ентігуге шағымдары бар, 49 жастағы ер адамды отбасылық дәрігер тыңдап, аускультацияның екінші нүктесінде систолалық шуды анықтады. Нақтылап сұрастырып және қарап тексергеннен кейін қолқа сағасының тарылуын анықтады.
Осы ақау кезіндегі систолалық шудың ЕҢ ықтимал таралу аймағы?
*Семсер тәрізді өсіндінің негізі
*Мойын қантамырлары
*Боткин-Эрба нүктесі
*Өкпе артериясы
*Сол қолтық асты
#531
*! Отбасылық дәрігерге 40 жастағы әйел кісі қаралды. Сұрап және қарап тексеруден кейін дәрігер бұл кісіде артериалдық гипертонияның 1 дәрежесі деп қорытындылады.
Көрсетілген белгілердің қайсысы артериалдық гипертонияның осы кезеңіне тән болуы ЕҢ ықтимал?
*АҚ тұрақты жоғарлауы
*АҚ өтпелі жоғарлауы
*Көз түбірінің артериосклерозы
*Сол қарынша гипертрофиясы
*Сол жүрекше гипертрофиясы
#532
*! 46 жастағы әйелдің ұзақ уақыт митральды ақауы бар, клиниканың қабылдау бөлімшесіне жедел жәрдем бригадасымен жеткізілді. Дәрігер одан солжүрекшелік жетіспеушілік белгілерін анықтады.
Осы қорытындыны төменде көрсетілген симтомдардың қайсысы ЕҢ дұрыс сипаттайды
*Балтырының ісінуі, жөтел, ентігу
*Жөтел, қан қақыру, тұншығу, ортопноэ
*Қан қақыру, балтырының ісінуі, бауыр ұлғаюы
*Жүрек демікпесі, төсектегі қалпы - мәжбүрлі горизонтальды
*Төсектегі қалпы - мәжбүрлі горизонтальды, аяқтарының ісінуі, асцит
#533
*! Оқтын-оқтын жүрек аймағында шаншуға, көз алдында «шіркейлер» көрінуіне, жүрек айнуға және бас ауруға шағымданған 57 жастағы әйелді сұрастырып және қарап тексергеннен кейін, учаскелік дәрігер артериалдық гипертензияның 2 сатысын анықтады.
Төменде көрсетілгендердің қайсысы артериалдық гипертензия 2 сатысының ЕҢ ықтимал критериі?
*Сол жүрекше гипертрофиясы
*Сол қарынша гипертрофиясы
*Оң қарынша гипертрофиясы
*Оң жүрекше гипертрофиясы
*Торлы қабыққа қан құйылу
#534
*! ҚОЛҚАДАҒЫ 2 ТОННЫҢ АКЦЕНТІ БАЙҚАЛАДЫ
*кіші қанайналым шеңберіндегі гипертензияда
*өкпедегі қанайналымның қиындауы кезінде
*қолқадағы қысымның жоғарылауы кезінде
*өкпе артериясының стенозында
*митралды қақпақша стенозында
*+артериалдық гипертензияда
#535
*!АРТЕРИАЛДЫ ГИПЕРТЕНЗИЯ СИНДРОМЫНА ТӘН ЖҮРЕКТІҢ АУСКУЛЬТАЦИЯЛЫҚ БЕЛГІЛЕРІ
*Тондар жүрек ұшында күшейген
*Тондар жүрек негізінде күшейген
*2 тон өкпе сабауында күшейген
*2 тон қолқада күшейген
*жүректің барлық тыңдау нүктелерінде тондар өзгеріссіз
*жүрек ұшында систолалық шуыл
#536
*! ЖҮРЕК ЖЕТІСПЕУШІЛІГІНЕ ТӘН БЕЛГІЛЕР
*жөтел
*ісіну
*қан түкіру
*тұншығу
*әлсіздік
*ентігу
#537
*! ҮЛКЕН ҚАНАЙНАЛЫМ ШЕҢБЕРІНДЕ ҚАН ІРКІЛУ СИПАТТАЛАДЫ
*қан қақырумен
*терінің бозаруымен
*шеткі ісінулермен
*демікпе ұстамасымен
*бауырдың үлкеюімен
*көк бауырдың үлкеюімен
#538
*! ПАЛЬПАЦИЯ ӘДІСІМЕН ТЕКСЕРУ КЕЗІНДЕ ЖҮРЕК ҰШЫ ТҮРТКІСІНІҢ КЕЛЕСІ ҚАСИЕТТЕРІ АНЫҚТАЛАДЫ
*күші
*пішіні
*аумағы
*жиілігі
*таралуы
*кернеулілігі
#539
*! НАУҚАСТЫҢ ТӨСЕКТЕГІ ҚАЛПЫНЫҢ КЕЛЕСІ ЖАҒДАЙЛАРЫ БАҒАЛАНАДЫ
*ауыр
*өте ауыр
*өзгеріссіз
*белсенді
*мәжбүрлік
*қанағаттанарлық
#540
*! ТӨМЕНДЕ АТАЛҒАНДАРДЫҢ ҚАЙСЫСЫ МИТРАЛДЫ ЖЕТІСПЕУШІЛІККЕ ТӘН
*қолқалық пішін
*жүректің жоғарғы салыстырмалы тұйықтығының жоғары қарай ығысуы
*жүректің көлденең енінің кішіреюі
*жүрек ұшында систолалық шуыл
*жүрек ұшында диастолалық шуыл
*қолқа үстінде II тонның акценті
#541
*! МИТРАЛДІ ЖЕТІСПЕУШІЛІК КЕЗІНДЕ ДАМИДЫ
*сол қарыншада қысымның артуы
*сол жүрекшеде қысымның артуы
*қолқада қысымның артуы
*сол жүрекшенің қанға артық толуы
*оң жүрекшенің кеңеюі
*диастолалық қысымның артуы
#542
*! МИТРАЛДІ ТАРЫЛУҒА ТӘН
*Мюссе симптомы
*жүрек дүмпуілі
*жүрек ұшы түрткісі
*капиллярлы пульс
*жүрек ұшында шапалақ тәрізді I тон
*жүрек үшында I тонның әлсіреуі
#543
*! ҚОЛҚА ҚАҚПАҚШАСЫНЫҢ ЖЕТІСПЕУШІЛІГІНЕ ТӘН
*диастолалық қысым төмендеген
*сол қарыншаның гипертрофиясы
*диастолалық қысым жоғарылаған
*пульстік қысым өзгермеген
*сол жүрекшенің гипертрофиясы
*эпигастралді пульсация
#544
*!ҚОЛҚА ҚАҚПАҚШАСЫНЫҢ ЖЕТІСПЕУШІЛІГІНЕ ТӘН
*цианоздық көгеру
*қолқа үстінде систолалық шуыл
*жүрек ұшында I тонның күшеюі
*ұйқы артерияларының пульсациясы
*Боткин-Эрб нүктесінде систолалық шуыл
*қолқа және Боткин-Эрб нүктелеріндегі диастолалылқ шуыл
#545
*! ҚОЛҚА ЖЕТІСПЕУШІЛІГІНЕ ТӘН
*оң қабырға доғасы астының ауырсынуы
*жайылған жүрек ұшы түрткісі
*Риверо-Корвало симптомы
*үрек тұсындағы батып ауырсыну сезімі
*жүрек ұшындағы систолалық шуыл
*күмбез тәрізді жүрек ұшы түрткісі
#546
*! ҮШ ЖАРМАЛЫ ҚАҚПАҚШАНЫҢ ЖЕТІСПЕУШІЛІГІНЕ КЕЛЕСІ КЛИНИКАЛЫҚ КӨРІНІСТЕР ТӘН
*іш шемені