Клиникалық жағдай бойынша жауап эталондары
№ | Қадам бағаларының критерийлері | |
1. | Шағымдары мен анамнез жинау | Шағымдарын ажыратты: аузының құрғауы, шөлдеу, әліздік, жұмысқа қабылетінің төмендеуі, артық салмақ; |
2. | Қосымша сұрақтар арқылы ауру симптомдарын нақтылау | Сиптомдардың ұзақтығы мен сипаты анықтады. Тұқымқуалаушылықтың бар екенін анықтады (анасында семіздік пен қант диабетінің 2 типі) |
3. | Қарап-тексеру | Бойы-172 см мен салмағын- 109 кг өлшеді, ДСИ-37 анықтады. Тері жабындыларының құрғақтығы мен табиғи қатпар аймақтарының гиперпигментациясы аталды. |
4. | Бел аумағын өлшеу | Бел аумағы өлшеді-135 см. Науқаста бел аумағының көрсеткіші қалыптыдан жоғары екені және абдоминальды семіздіктің бар екені көрсетілді |
5. | Жүрек-қантамыр жүйесін зерттеу | Жүректің аускультациясын жүргізді. Жүрек тондарының реттілігі мен тұйықтығы аталды |
Артериалдық қысымын өлшеу, пульс жиілігін анықтау | АҚ – 120/80 мм.с.б.б.мен пульс- 80 рет минутына анықталды | |
Аяқты қарап-тексеру | Аяқты қарап-тексерді-тері түсі өзгермеген, ұстағанда жылы. Табан гиперкератозын анықтады. a.dorsalis pedis-те тамыр соғысы мен тактильды сезімталдылықты анықтады. | |
Болжама диагнозды құрастыру және негіздеу | Шағымдары, ауру анамнезін, қант диабеті бойынша тұқымқуалаушылықтың болуын, жасы мен қарап-тексеру мәліметтерін ескере отырып: Қант диабеті 2 тип. Семіздік 2 дәрежесі, экзогенді-конституциональды түрі болжама диагнозы қойылды. | |
Зертханалық зерттеулерді тағайындау жоспары | Жалпы зәр талдауы, қанның биохимиялық талдауы: глюкоза, мочевина, креатинин, липидтік спектр. Гликозилирленген гемоглобин. | |
Аспаптық зерттеулерді тағайындау жоспары | 1. Құрсақ қуысының УДЗ, ЭКГ | |
биохимиялық анализді интерпретациялау | Биохимиялық көрсеткіштер-гликемияның, холестериннің, ТТЛП, үшглицеридтердің жоғарылауы, креатинин, мочевина деңгейі қалыпты. | |
Жалпы зәр анализін интерпретациялау | Жалпы зәр талдауы: глюкозурия – 1%, кетонурия - жоқ | |
Гликемияны интерпретациялау | Ашқарынға және тамақтан кейін 2 сағаттан соң гликемияның жоғары деңгейі; | |
HbA1C (гликолизирленген гемоглобинді) интерпретациялау | Қант диабетінің декомпенсация сатысына сәйкес келетін HbА1С-7,9 % (4,5-6,5%) жоғары деңгейі | |
Құрсақ қуысының УДЗ, ЭКГ интерпретациялау | Құрсақ қуысының УДЗ: майлы гепатоздың белгілері. ЭКГ горизонталды ЖЭО. | |
Ажырату диагностикасын жүргізу. | Қант диабетінің 2 типі мен диабеталды жағдайы арасында ажырату диагностикасы жүргізді. Қант диабетіне тән клиникалық симптомдардың айқындылығы мен HbA1C жоғары деңгейін, жоғары гипергликемияны көрсетті | |
Қорытынды диагнозды негіздеу және құрастыру. | Науқастың шағымдарын, ауру анамнезін, қант диабеті бойынша тұқымқуалаушылықты, жасын, обьективті мәліметтерді, глюкозаның жоғары деңгейін, глюкозурияны, HbА1С жоғары деңгейін ескере отырып, қорытынды диагноз қойылды: Негізгі: Қант диабеті 2 тип, алғаш анықталған. HbA1C мақсаттық деңгейі <7%. Қосымша: Семіздік 2 дәрежесі, экзогенді-конституциональды түрі. | |
Медикаментозды емес емдеу тәсілі | 1. №9 емдәм, жеңіл қорытылатын көмірсулар мен жануартектес майларды шектеу. 2. Мөлшерленген физикалық жүктеме | |
Медикаментоздыемдеу тәсілі | 3. Бигуанидтер тобы-метформин, инкретиндер-ГПП-1 | |
Науқаспен оптималды қарым-қатынас орнату | Науқаспен оптималды қарым-қатынас орнатылды | |
ИТОГО баллов |
Симуляцияның жабдықталуы:
1. Тапсырма парағы, волонтерлардың сценарийі (науқас), баға критериі
2. Анализ: зәрдің жалпы клиникалық анализдері, қанның биохимиялық
анализі, гликемиялық профиль, гликолизденген гемоглобин дәрежесі;
3. Құрсақ қуысының УДЗ, ЭКГ қорытындысы
4.Тонометр, фонендоскоп, сантиметрлік лента, таразы.
1. Актер – науқас, 2. актер – дәрігер немесе дәрігер ассистенті
Құрылымы:оқу бөлмесі – жалпы тәжірибелік дәрігер бөлмесі
1. Кушетка-1
2. Заттарға арналған стол – 1
3. Медициналық шкаф дәрілерімен.
Құрастырған: кафедра ассистенті Ильмалиева А.Ж.
Рецензент:м.ғ.д., профессор Нұрбекова А.А.
Рецензент: Қазақ-Ресей медициналық университетінің профессоры, м.ғ.д.,
Маншарипова А.Т.
Эндокринология кафедрасының отырысында талқыланған және бекітілген, №3 хаттама 19 қыркүйек 2015ж), кафедра отырысында қайта қаралды және бекітілді № 5 хаттама 11.11.2015ж.