Судан немесе жер астынан құтқарылғандарға

Барлық жағдайларда судан немесе жер астынан құтқарылғандарға көмек көрсеткенде олардың уақытша мұздауына жол бермеу керек. Жылыту үшін щеткалармен, суконкалармен, жүн қолғаптармен құрғақ ысқылаулар жасап, камфора спиртін, сірке қышқылын, арақты, мүсәтір спиртін және теріні тітіркендіретін басқа да заттарды қолдануға болады. Жылы суы бар бөтелкелерді немесе грелкаларды қолдануға болмайды, себебі бұл жағымсыз әсерлерге әкеледі қанның орталықтануы, күйіктер).

Жылулық соққы немесе гипертермиялық кома-сыртқы жылулық факторлар әсерінен организмнің жалпы шамадан тыс жылынуынан туындайтын патологиялық жағдай. Жылулық соққы белгілі бір уақыт аралығында температурасы және ылғалдылығы жоғары бөлмеде болғанда (сауна, орыс моншасы), колоннада ұзақ жүргенде, әсіресе ыстық климат жағдайында, ыстық, вентиляциясы нашар бөлмеде ауыр, күшті физикалық жұмыс жасағанда туындайды.

Бастан күн өту жылулық соққының ерекше формасы болып табылады , осы кезде бас аймағына тура күн сәулелерінің күшті әсерінен орталық жүйке жүйесінің зақымдалуы жүреді (жиі жағада күнге шамадан көп қыздырыл-ғанда, ыстық климат жағдайында ұзақ жүргенде).

Күн көзінде жүрген уақытта және инсоляциядан 6-8 сағ кейін де бастан күн өтуі мүмкін. Бас аймағына тура күн сәулелері шамадан тыс әсерінен бастан күн өтеді, нәтижесінде ми қан тамырлары кеңейіп, басқа көп мөлшерде қан келеді, ми ісінуі болады. Ұсақ қан тамырлары жарылса мидің әртүрлі бөлім деріне және қабықшаларына аздаған қан құйылулар болады, нәтижесінде орталық жүйке жүйесінің функциялары бұзылады. Бастан күн өтудің алғашқы белгілері – беттің қызаруы және бастың қатты ауырсынуы. Одан кейін жүрек айну, бас айналу, көздің қарауытуы және құсу пайда болады. Науқас адам есінен айырылады, пульсі және тынысы жиілейді, ентігу пайда болады, жүрек қызметі нашарлайды.

Әкелуші жағдайлар – ыстық, желсіз ауа- райы, бастың шүйде – төбе бөлігіне күн сәулелерінің ұзақ әсері, күн көзінде мас күйінде, немесе асқазан шамадан тыс толғанда жүру. Алдын –алу шаралары – бас киім кию, басқа суық су құю. Күн көзінде ұйықтау, ыстық күндері дем алусыз ұзақ уақыт жүру жағымсыз.

Жылулық соққының туындауына әкелуші факторлар :

- жылы киім;

- суды ішке қолдану режимін бұзу;

- қатты шаршау;

Жылулық соққы су – электролитті алмасудың айқын бұзылыстарымен, қан айналудың регионалды бұзылыстарымен, периваскулярлы ісінудің дамуымен, миға ұсақ нүктелі қан құйылулармен бірге жүреді. Адам дененің шамадан тыс қызуынан туындаған ауыр жағдай тіршілік барысында және зат алмасу процесінде денеде үнемі түзіліп отыратын жылудың сыртқы ортаға берілуі қиындағанда пайда болады. Дененің шамадан тыс қызуына тердің бөлінуін бөгейтін (физикалық күш түсу, қатты шаршау, организмнің сусыздануы, көп мөлшерде тамақ қабылдау, тер бездері функциясының тежелуі) немесе тердің булануын қиындататын жағдайлар (сыртқы ортадағы жоғары температура, ауаның ылғалдылығы, ауа өткізбейтін қалың киім) әкеледі. Жылулық соққы ыстық күндері ғана емес, сонымен қатар жоғары температураның ұзақ әсерінен бөлмелерде де болуы мүмкін.

Жылулық соққының алғашқы белгілері әлсіздік, шаршағыштық, бастың ауруы, бас айналу, ұйқышылдық. Бет терісі қызарады, дене температурасы 40 градусқа дейін көтеріледі, ұйқы басады, есту қабілеті төмендейді, іштің өтуі, құсу байқалады, кейде сандырақ, галлюцинациялар болады. Сол кезде организмнің шамадан тыс қыздырылуына әкелген себептер жойылмаса жылулық соққы дамиды, науқас адам есін жоғалтады, жерге құлайды, беті бозарады, көгереді, тері жабындылары ұстағанда суық, термен жабылған, пульсі жіп тәрізді. Ауыр жағдайларда Чейн – Стокс типіндегі патологиялық тыныс түрлері, гипотензия байқалады. Науқас адамның санасы бұлыңғыр, кейде комаға түседі, тырысулар, есінен тану, сандырақ, психомоторлы қозу байқалады.

АЛҒАШҚЫ КӨМЕК:

- Зардап шеккен адамды ыстық бөлмеден алып шығып, оны таза жақсы вентиляциямен қамтамасыз ету керек.

- Арқасына жатқызып, басын жоғары көтеру керек, қысатын киімді босатып немесе шешіп қою керек, белбеу бар болса, оны босату керек.

- Суық су ішкізу, сонымен қатар стаканның үштен бір бөлігі мөлшеріндегі суға 15-20 тамшы валериана тұнбасын тамызып беру.

- Басына және шап аймағына суық компресс (мұз) қою, суық суға матырыл ған простынялармен орау, ауыр жағдайларда үстіне суық су құю.

- Тынысты қоздыру үшін абайлап мүсәтір спиртін иіскетеді. Сол спиртке матырылған мақтаны зардап шеккен адамның тынысы қалпына келгенше бірнеше рет мұрнына жақындатады.

- Жедел жағдайларда, адам есін жоғалтқанда, тынысы жоғалғанда және пульсі анықталмағанда дәрігерді күтпей жасанды тыныс және жүректің жабық массажын жасау керек.

- Вена ішіне тамшылатып натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісін, реополиглюкин енгізу керек (жалпы мөлшері – 1500 мл дейін), қажет болса артериалды қысымды бақылаумен аз мөлшерде допамин жібереді.

Жылулық соққыдан зардап шеккен адамдар жалпы жағдайының және гемодинамикалық бұзылыстардың ауырлығына байланысты реанимация немесе терапевтік бөлімдерге (интенсивті терапия және бақылау палаталары)

жатқызылады, сол жерде мүмкін асқынулардың, мысалы, өкпе ісінуі сияқты, емі жүргізіледі.

Жылулық соққы және бастан күн өтуге ыстық ауа – райын нашар көтеретіндер, толық адамдар, жүрек - қан тамыр жүйесінің, ішкі секреция бездерінің аурулары бар, сонымен қатар алкогольді көп қабылдайтын адамдар неғұрлым биігірек болады. Кішкентай балалар денесі тез қызады, себебі олардың термореттеуші жүйесі физиологиялық ерекшеліктерге байланысты дұрыс қалыптаспаған.

АЛДЫН – АЛУ ШАРАЛАРЫ

Ыстық күндері далада жұмыс істегенде немесе жүргенде кезеңді түрде көлеңкелі жерлерде дем алу керек, денеге суық су құйып немесе суға түсу керек. Сұйықтық ішіп отыру керек, егер адам аз мөлшерде ішсе тер бөлу азаяды, ал тер бөлінгенде адам денесі салқындап отырады. Ауасыз ыстық бөлмелерде жақсы вентиляция жасап отыру керек.

Электрожарақат дегеніміз адам организмінде электр тооғының зақымдауы нәтижесінде мүшелер мен жүйелерде терең функционалды бұзылыстардың дамуы, ең бірінші – ОЖЖ, қан айналым және тыныс алу мүшелерінде. Электрожарақаты электр тоғының көзімен тікелей жанасқанда ғана емес, кездейсоқ кернеу астындағы қалған заттармен жанасқанда да алуға болады, сонымен қатар қашықтықта доғалы қатынаста немесе ток фазасының жерге берілуі нәтижесінде. Электрожарақат электр тоғының әсеріне ұшыраған адамды білмей қате босатудан да дамуы мүмкін.

Электр тоғының спецификалық әсері келесі аффектер түрінде көрінеді :

1) Электрохимиялық (электролиз, клеткалар мембраналарында иондық тепе – теңдіктің бұзылуы, ақуыздар коагуляциясы, тіндердің колликвациялық некрозы).

2) Жылулық (жанаспалы күйіктер, сүйектер зақымдалуы).

3) Механикалық (тіндердің ажырауы, тін және дене бөліктерінің жұлынуы).

4) Биологиялық (гиперкатехоламинемия, жүрек фибриляциясы, апноэ, тырыспа синдромы, ларингоспазм).

Электр тоғының спецификалық емес әсері организмнен тыс жерде энергия ның басқа түрлеріне айналуымен байланысты .

Қызып тұрған өткізгіш жүйелерден термиялық күйіктер дамиды, вольттық доғадан – көз конъюктивасының және қасаң қабықтың зақымдалуы, көру нервісінің атрофиясы, дыбыстық толқыннан – құлақ барожарақаты. Электротехникалық құрылымдар, кабельдердің пластмассалық жабынды-лары, трубопроводтар жанғанда улану өнімдерімен (газдармен) улану болуы мүмкін.

Электр тоғымен зақымдалудың патогенезінде терінің электроөткізгіштігінің маңызы зор. Ол теріде механикалық зақымданулардың бұзылуымен, терінің қалыңдылығымен, ылғалдылығымен (ылғалды терінің қарсыласуы 100-200 есе төмен), васкуляризациясымен анықталады. Тері жабындысының ең сезім-тал аймақтары алақандар, бет терісі, шап аралық болып табылады, ал сезім-талдылығы төмен – бел бөлімі және тобық буыны аймағы. Алайда тері қарсыласуының маңызы ток кернеуі шамамен 500 В дейін болғанда бар, одан жоғары болғанда тері зақымдалулары пайда болады, ток белгілері (домалақ немесе сопақ келген кратер тәрізді сары – қоңыр түсті, периферия-сында көкшіл келген дақтар, диаметрі 5-6 см дейін, түк жабындыларының зақымдалуынсыз және ауырсыну реакциясының болмауымен. Сонымен қатар мұнда ток өткізуші материялды анықтауға болады). Нервтер және қан тамыр-лары неғұрлым зақымдалуға ұшырайды.

Ауыспалы токтың зақымдаушы әсері неғұрлым жоғары, кернеуі 50-60 В болғанда өмірге қауіпті болуы мүмкін. Кернеуі 127-380 В болғанда зардап шегушілердің төртеуінің бірі өлімге ұшырайды, ал кернеуі 1000 В болғанда -екінің бірі. Кернеуі 3000 В ауыспалы ток бірден өлімге әкеледі. Токтың зақымдаушы әсерінің қауіптілігі оның жиілігі азайған сайын төмендейді. 60 гц жиілікте токпен зақымдалу қауіптілігі азаяды, ал шамамен 500 кГц жиілікте толығымен жойылады, алайда осы кезде термиялық зақымдалу қаупі сақталады.

Электр тогының зақымдаушы әсері негізінен оның күшіне байланысты (ток күші 15 мА болғанда өздігімен қолды босатып, ток көзінен алшақтау мүмкін емес).

Электржарақатының клиникалық көрінісі оның патогенезіне, токтың өту бағытына (ток ілмегі) байланысты, зардап шегуші адамның айғайлауы тән, бұл кезде ларингоспазм және асфиксия дамуы мүмкін.

Жеңіл жағдайларда науқас адам шошынған, көзінен «от шашырағандай» сезімге, жарықтан қорқу сезіміне шағымданады. Ауыр жағдайларда бастың ауырсынуы, бас айналу, кейде жүрек айну (құсу), клоникалық тырысулар, тіл парезі, бұлшықеттердегі ауырсыну байқалады. Кейде ретроградты амнезия-мен естен тану, күрделі диэнцефалды синдромдар байқалады.

Науқас адамдар жиі жүрек аймағындағы ауырсынуларға, жүрек қағуға, тахиаритмияларға немесе брадикардияға (жүрек блокадасы) шағымданады.

Электрожарақат кезінде организмдегі бұзылыстардың 4 ауырлық дәрежесі ажыратады :

1 – ші дәрежесі: есі сақталған, бұлшықеттердің тоникалық жиырылулары басым болады. Ток әсері тоқтағанда зардап шегуші адамдарда ауырсыну синдромы, қозу, (кейде сананың бұлыңғырлануы), тері жабындыларының бозғылттануы және суықтығы, ентігу, тахикардия, артериалды қысымның жоғарлауы байқалады.

2 – ші дәрежесі: айқын кардио – респираторлы бұзылыстарсыз естің жоғалуымен бірге тоникалық тырысулар жүреді.

3 – ші дәрежесі: кома, тыныс алудың және қан айналымның бұзылыстары байқалады, гипотензия дамиды. Ішкі мүшелердің зақымданулары болуы мүмкін: өкпе тамырларының жарылуы, паренхиматозды мүшелердің ошақты некроздары, өкпе және ми ісінуі, тор қабықтың ажырауы. Жүйелі миолиз және гемолиз жіті бүйрек жетіспеушілігінің дамуымен асқынуы мүмкін. Кейде ОЖЖ біріншілік зақымдалуы тыныс алу және қан айналуды реттейтін орталықтардың күрт тежелуіне, тіпті электрлі леторгияға дейін әкеледі. Осы кезде зардап шегуші адамды тексергенде тіршілік белгілері анықталмайды.

4 – ші дәрежесі: қарыншалар фибриляциясы немесе орталық генезді апноэ, клиникалық өлім (ерекшелігі – ұзақтылығы 7-10 мин дейін). Жиі электр тогы бас арқылы өткенде дамитын орталық апноэ тұрақты болып келеді және постреанимациялық кезеңде рецидив беруі мүмкін. Фаталды аритмиялар, зақымдалған аяқ – қол тамырларының трмбоздары сияқты тыныс алу орталы-ғының параличі кейде бірден пайда бомай, кейігі 2-3 сағ ішінде дамиды.

Электр тогы тіндерді жанасқан жерде ғана емес, адам денесі арқылы өткен жолы бойымен де зақымдайды. Ол жиі сыртқы зақымдалу белгілері шамалы болғанмен ауыр интоксикациямен жүреді.

Электржарақаттың диагностикасы қиын емес және оқиға болған жерді қарау, зардап шегуші адамды және куәгерлерді сұрастыру, ток белгілерін және жоғарыда аталған клиникалық белгілерді (ток ілмегіне шамалы баға бергеннен кейін) анықтауға негізделген.

Алғашқы көмек келесі:

- Зардап шегуші адамды ток әсерінен босату, мұның өзі оның өмірін сақ-тап қалуы мүмкін, ток көзін өшіру (рубильник, пробкалар), немесе сымдарды әртүрлі деңгейлерде ағаш сабы бар балтамен шабу. Зардап шеккен адамды белбеуінен немесе құрғақ киімінің етегінен тартып босатуға болады, осы кезде құрғақ мата, ағаш, шыны немесе пластикадан жасалған тараны қолданып, жалаңаш аяқ – қолдың немесе аяқ киімнің (металл шегелер) жанасуларынан аулақ болу керек.

- Электр тогымен зақымдалудың 1-2 дәрежесінде арнайы шаралар жасау қажет емес, науқас адамды тыныштандырып, ішке немесе парентералды аналгин, тавегил тағайындау керек.

- Зақымдалудың ауыр дәрежелері кезінде « ауызбен ауызға » әдісімен немесе ауа жіберуші аппараттар арқылы (маскалар) өкпенің жасанды вентиляциясын жасау керек. Егер жарты сағат ішінде спонтанды тыныс қалыптаспаса, трахеяны интубациялап, оттегі – ауа қосылысымен өкпенің жасанды вентиляциясын жалғастыру керек. Ларингоспазм кезінде вена ішіне дитилин (1,5-2 мг/кг) енгізіп, трахея интубациясын және өкпенің жасанды вентиляциясын жасау керек. Трахея интубация-сын жасауға мүмкіндік болмағанда коникотомия жасайды (ішкі диаметрі неғұрлым кең 5-6 инемен трахея пункциясы).

- Эффективті қанайналысы тоқтағанда біріншілік реанимацияны стандартты кезекпен жүргізеді: механикалық дефибриляция, өкпенің жасанды вентиляциясы, жүректің жабық массажы, ЭИТ жүргізу, қан алмастырушы заттардың натрий гидрокарбонатының инфузиялары, ЭКГ бақылаумен аритмиялармен күрес.

Реанимациялық шараларды ұзақ жүргізеді, 30 мин аз емес, эффективті қанайналым қалпына келгенше немесе биологиялық өлімнің айқын белгілері (қасаң қабықтың қарауытуы , «мысық көзі» белгісі) пайда болғанға дейін. Зардап шеккен адамдар зақымдалуының ауырлығына байланысты көпсалалы ауруханалардың реанимация немесе хирургия бөлімдеріне (термиялық жарақаттар бөлімі) жатқызылады.

Найзағай түсу. Найзағай түсу әдетте күн күркіреген кезде ашық жерде жүргенде немесе жалғыз тұрған ағаш астына тығылғанда болады. Найза-ғайдың зақымдаушы факторлары электр тогы, жарық және дыбыс энергиясы болып табылады. Найзағайотының кернеуі сол кезде ондаған миллион вольт, ток күші жүздеген мың ампер, найзағай каналының температурасы цельсий бойынша одаған мың градустарға жетеді. Зақымдалудың ауырлығы осы факторлардың бірге жүруімен байланысты: III-IV дәрежедегі күйіктер, күйіктік шокпен және тіндер жаншылу синдромымен ауырлай түсетін. Соны-мен қатар зардап шеккен адам ауа толқынының әсерінен жарақаттар (бас-сүйек – ми жарақаты) алуы мүмкін. Кейде найзағай түскен адамның терісінде сол кезде денесінде немесе қалтасында болған металл заттардың нақты бейнелері байқалады металлдар – алтын бұйымдар – буланып кетуі мүмкін).

Клиникалық көрінісі. Найзағай түскенде адам бірнеше минуттан бірнеше тәулікке дейін есінен тануы мүмкін, сол кезде клоникалық тырысулар пайда болады. Есіне келу қозумен, науқас адамның дезориентациясымен бірге жүреді. Зардап шеккен адамның іс - әрекеті көп жағдайда ауырсыну синдро-мымен анықталады. Кейде галлюцинациялық – сандрақ толқулар, аяқ – қол-дарының парездері, бульбарлы бұзылыстар байқалады. Науқас адамдар бас-тың ауырсынуына, көздің көру өткірлігінің төмендеуіне, тіпті соқырлыққа дейін (тор қабық ажырығанда) шағымданады. Тері жабындарында күрең қызыл – қоңыр түсті ағаш тектес суреттер түріндегі найзағай белгілері көрінеді (қантамырлар бойымен). Кейде ауыр ангинозды статус, қан түкіру, өкпе ісінуі дамиды. Ішкі мүшелердің басым зақымдалғанымен сипатталады.

Зардап шеккен адамға көрсетілетін алғашқы көмек келесі жолмен жүзеге асады:

- тыныс алуды және жүрек қызметін қалпына келтіру (жүректің сыртқы массажы және өкпенің жасанды вентиляциясы, жүректің механикалық және электрлік дефибриляциясы), мүмкіндік болса бір уақытта ЭКГ жазылады.

- сол уақытта тамшылатып реополиглюкин (полиглюкин) немесе 90-120 мг преднизолонмен бірге натридің изотоникалық ерітіндісін (500 мл дейін) енгізу (гипотензияда преднизолонды вена ішіне ағыммен құяды).

- ауырсынуды және моторлы қызуды басу үшін вена ішіне бұлшықетке) литикалық қоспаны енгізеді: 1 мл 2,5 % аминазин ерітіндісі, 1 мл 1-2 % промедол ерітіндісі және 1 мл 1 % димедрол ерітіндісі. Осы мақсатпен нейролептоанальгезия әдісін қолданады. Екі жағдайда да міндетті түрде препараттарды енгізудің алдында және кейін артериалды қысымды бақылап отырады .

- тыныс және жүрек қантамыр жүйесі тұрақтанғаннан кейін найзағай түскен адамды горизонталды жағдайда көпсалалы аурухананың реанимация бөліміне жеткізеді.

Наши рекомендации