Контурасы айқын бірен-саран қараюлар 7 страница

#659

*!Төменде көрсетілгендердің қайсысы аз салмақты шала туылған нәрестені тамақтандыруда ЕҢ тиімді әдіс болып табылады?

*Түтікше арқылы ана сүтін бөліп енгізу

* Түтікше арқылы ана сүтін біртіндеп енгізу

* Түтікше арқылы ана сүтін тез енгізу

* Жасанды тамақтандыру

* Парентералды тамақтандыру

#660

*!Нәресте 1 жүктіліктен, 1 босанудан, жүктіліктің 36 аптасында мерзімінен ерте, Апгар бағанасы бойынша 7-8 баллмен туылды. Туылғандағы салмағы 2430,0гр., бойы 45cм.

Туылғаннан кейін нәрестенің дене температурасын ЕҢ оптимальды қай уақытта өлшеген дұрыс?

* 10 минуттан

*30минуттан

* 1сағаттан

* 2 сағаттан

* 6 сағаттан кейін

#661

*!Нәресте асқазанына енгізілетін түтікшенің ЕҢ ықтималды тереңдігі

* төстің семсер тәрізді өсіндісі мен кіндік сақинасының

*мұрын,құлақ ұшы мен төстің семсер тәрізді өсіндісінің

* мұрын мен төстің семсер тәрізді өсіндісінің

* құлақ ұшы мен кіндік сақинасы

* құлақ ұшы мен төстің семсер тәрізді өсіндісінің арасындағы ұзындыққа тең

#662

*!Жаңа туылған нәрестенің өмірінің 8 күнінде кіндік маңында, шабында қызарулар, суланулар, сызаттар пайда болды. Ары қарай олар іш терісіндегі, денесіндегі айқын эритемаларға ұласты. Солғын көпіршіктер, ауқымды эрозиялар пайда болды, Никольский симптомы оң. Жаңа туылған нәрестенің денесі «ыстық суға күйіп қалған» кейіпте.

Төменде келтірілген терапияның қайсысы ЕҢ дұрыс болып табылады?

*Антибиотикотерапия

* Инфузионды терапия

* Иммунотерапия

* Дезинтоксикациялық терапия

* Антисептиктермен жергілікті терапия

#663

*!Перзентханада жаңа туылған нәрестеде туылғаннан кейін 3 тәулікте везикулопустулез анықталған.

Неонатолог дәрігердің қандай тактикасы ЕҢ дұрыс болып табылады?

* Бөлектеу

* Нәрестені бақылау

* Антибиотиктер тағайындау

*Нәрестелер патологиясы бөліміне ауыстыру

* Элементтерді калий перманганат ертіндісімен өңдеу

#664

*!Амбулаторлық этапта нәрестеде терінің жұқпалы ауруы анықталса дәрігер жасауы керек

*нәрестені арнайы ауруханаға жатқызу

* нәрестеге арнайы ем тағайындау

* нәрестені 3 күн бақылауға алу

* оқшалау шараларын жүргізу

* нәрестемен қарым-қатынаста болғандарды анықтау

#665

*!26 күндік нәресте омфалит және пиодермия диагнозымен нәрестелер патология бөлімінде стационарлық ем қабылдауда. Тексеру кезінде нәрестенің оң иық буынының ісінуі, оң қолының шектеулі қозғалысы, қозғалыс кезінде ауырсынуы анықталды.

Қандай емдеу тактикасын қолданған АНАҒҰРЛЫМ дұрыс?

* Витаминотерапия

* Инфузионды терапия

* Симпоматикалық терапия

* Қан алмастырып құю

*Антибактериальды терапия

#666

*!Нәрестеге біріншілік патронаж жасағанда жамбас аймағында қатты инфильтрат анықталды. Инфильтрат қозғалмалы, ауырады, ұстағанда ыстық,дене қызуы 390. инфильтрат әлсіз, емшектен бас тартады,қарағанда ауырсынады. "Нәрестелердің флегмонасы" диагнозы қойылды.

Қандай емдеу тактикасын қолдану ЕҢ дұрыс шешім болып табылады?

* Физиоем

* Амбулаторлық ем

* Антибиотикотерапия тағайындау

* Балалар хирургының кеңесіне жіберу

*Нәрестені арнайы ауруханаға жатқызу

#667

*! 2 апталық нәрестеде жергілікті дәрігермен патронаж кезінде денесінің терісінде күлдіреуік элементтері, субфебрилитет анықталды. Анасының айтуы бойынша нәрестенің емшек емуі әлсіз, салмағын аз қосқан.

Жергілікті дәрігермен нәрестені ары қарай жүргізудің ЕҢ дұрыс тактикасы қандай?

* Амбулаторлық жағдайда емдеу

* Толық тексеру тағайындау

* Балалар хирургына кеңеске жіберу

*Арнайы ауруханаға жатқызу

* Флораға қанның себіндісін және антибиотиктерге сезімталдығын тағайындау

#668

*!12 күндік нәресте кіндік қалдығы түскеннен кейін 5-ші күні перзентханадан үйіне шығарылды. Кіндік жарасы баяу жазылуда, айналасында инфильтрация мен қызару бар, іріңді бөліністер бөлінеді. Киімі кіндікке жабысады.Жалпы жағдайы бұзылмаған,емуі белсенді. Дене қызуы қалыпты.

Жергілікті дәрігермен нәрестені ары қарай жүргізудің ЕҢ дұрыс тактикасы қандай?

* Үйінде жергілікті ем тағайындау

* Антибактериалды терапия тағайындау

*Балалар хирургына кеңеске жіберу

* Анасына кіндік жарасының күтімі жайында кеңес беру

* Флораға қанның себіндісін және антибиотиктерге сезімталдығын тағайындау

#669

*!Риттердің эксфолиативті дерматитінде төменде келтірілген емнің қайсысын тағайындау АНАҒҰРЛЫМ дұрыс?

* Иммунотерапия

* Инфузионды терапия

*Антибиотикотерапия

* Дезинтоксикациялық терапия

* Антисептиктермен жергілікті терапия

#670

*!Нәрестелер сепсисінде антибактериалды терапияны тағайындауда төменде көрсетілген әдістердің қайсысын негізге алған АНАҒҰРЛЫМ дұрыс?

* Энтералды жолмен енгізу

* Парентералды жолмен енгізу

* Синергизмге қабілетті препараттардың комбинациясын алу

* Антогонизмге қабілетті препараттардың комбинациясын алу

*Қоздырғыштың сезімталдығы мен флораны ескеру

#671

*!Төменде келтірілгенген емдеу тактикасының қайсысы нәресте сепсисінде токсикозды емдеуде ЕҢ нәтижелі болып табылады?

* Гемосорбция

*Плазмоферез

* Иммунокоррекция

* Антибитикотерапия

* Инфузионды терапия

#672

*!Нәресте, жасы 8 күндік, III жүктіліктен, II босанудан операциялық жолмен 36-37 аптада туылған. Анасында жүктілік III триместрде нефропатиямен, кольпитпен өткен.Туылғандағы салмағы 2501,0гр.,бойы 46 см. Алғашқы салмақ жоғалтуы 260 гр. құрады, одан кейін салмақ қоспаған. 7-ші тәулікте кіндік жарасынан іріңді бөліністер пайда болған. Стационарға түскен кезде айқын интоксикацияға байланысты жағдайы өте ауыр, 2-3 дәрежелі тыныс алу жетіспеушілік белгілері, менингоэнцефалит симптомдары, гепатоспленомегалия байқалады.

Төменде көрсетілген алғашқы терапиялардың қайсысы ЕҢ негізгі болып табылады?

* Шокқа қарсы терапия

* Десенсибилизирлеуші терапия

* Қан және қан препарттарын құю

*Нәресте ауруханаға түскеннен бастап антибиотикотерапия қолдану

* Қоздырғыш және оның сезімталдығы анықталғаннан соң антибиотикотерапия қолдану

#673

*!Нәресте 32 аптада, III босанудан, Апгар бағанасы бойынша 1-3балмен туылды. Жүктілік кольпитпен және созылмалы пиелонефриттің өршуімен өткен. Туылғандағы салмағы 1780,0 гр., бойы-42см. Туылғаннан соң гипертермия, гиперестезия, құсу байқалған. Терісі сарғыш-сұр, ісінген. Тыныс алуы әлсіз, сырылдары жоқ, жауырынның бұрышының төменгі жағында перкуторлы дыбыс қысқарған. Жүрек тондары әлсіз. Іші кепкен, гепатоспленомегалия. Алдын ала болжамалы диагнозы: Ерте неонаталды сепсис.

Қандай бастапқы антибиотиктерді тағайындау ЕҢ дұрыс болып табылады?

* Оксациллин гентамицин

* Метициллин ванкомицин

* Цефтриоксон ванкомицин

* Азитромицин гентамицин

*Ампициллин гентамицин

#674

*!Нәресте 35 аптада, III босанудан ,Апгар бағанасы бойынша 5-7 балмен туылды. Жүктілік кольпитпен және созылмалы пиелонефриттің өршуімен өткен. Туылғандағы салмағы 2000,0 гр., бойы-44см. Жасы-12 күндік. Стационарға түскен кезде айқын улану белгілеріне байланысты жағдайы өте ауыр, 2-3 дәрежелі тыныс алу жетіспеушілік белгілері, менингоэнцефалит симптомдары, гепатоспленомегалия байқалады.Алдын ала болжамалы диагнозы: Кеш неонаталды сепсис.

Көрсетілген тексеру әдістерінің қайсысы диагнозды растау үшін ЕҢ маңызды болып табылады?

* Көкірек және құрсақ қуысының шолу рентгенографиясы

*Қанның стерилдікке бактериологиялық себіндісі

* Қаннық биохимиялық анализі

* Жұлын пункциясы

* Коагулограмма

#675

*!Сепсис диагнозын тұжырымдау үшін қандай зерттеулерді тағайындаған АНАҒҰРЛЫМ дұрыс?

*Қанның бактериологиялық зерттеуі

* Зәрдің бактериологиялық зерттеуі

* Нәжістің бактериологиялық зерттеуі

* Қақырықтың бактериологиялық зерттеуі

* Көздің бөліндісін микрофлораға себу

#676

*!Сепсис кезінде антибактериалды терапияны тағайындаудың ЕҢ дұрыс жолы қандай?

* Антибиотиктерді жиі алмастыру

* Энтералды жолмен енгізу

* Парентералды жолмен енгізу

* Бір антибиотикті пайдалану жеткілікті

*Бактериоцидтік әсері бар екі антибиотикті пайдалану

#677

*!«Жаңа ғана туылған нәресте» синдромындағы катехоламиндік жарықтың (катехоламиновый всплеск) ЕҢ маңызды ролі қандай?

* Сурфактанттың синтезін белсендіреді

* Деподан энергияның қорын жинастырады

* Сол-оң шунттардың қызметін қалыптастырады

*Өмірге маңызды ағзалардағы қанағуды арттырады

* Ұрықтың тыныс жолдарындағы сұйықтықтың сіңірілуін қамтамасыз етеді

#678

*!Нәрестелердің транзиторлы неврологиялық дисфункциясына қатысты ЕҢ дұрыс түсінік

* анасы қабылдаған дәрі-дәрмектерге нәресте организмінің жүйелі жауабы

* нәресте организмінің психофизиологиялық стресс пен ауырсыну шабуылына жауабы

* нәрестенің туылғаннан кейінгі манипуляцияларға жауабы

* диабеттік эмбриофетопатия белгісі

* алкогольдік эмбриофетопатия белгісі

#679

*!Жаңа туылған нәрестені күтудегі ЕҢ маңызды мақсат

* омфалиттің алдын-алу

* анасындағы гиполактияның алдын-алу

*бейімделу үрдістерінің бұзылыстарының алдын-алу

* құрсақішілік инфекциялардың алдын-алу

* туа біткен даму ақауларының алдын-алу

#680

*!Жаңа туылған нәрестенің бейімделу жағдайларының дұрыс қалыптасуында ЕҢ маңыздысы

* терморгеуляцияның қалыптасуы

* қоршаған ортамен қарым-қатынас орнату

* қалыпты тыныстың қалыптасуы

*ерте емшек емуді бастау

* жанұя мүшелерімен психо-эмоционалдық байланыс орнату

#681

*!Нәресте өмірінің алғашқы сағаттарындағы гемоконцентрацияның АНАҒҰРЛЫМ анық белгісі

*гематокрит деңгейінің өсуі

* тромбоциттердің көбеюі

* ЭТЖ-ң жоғарлауы

* лейкопения

* нейтрофилез

#682

*!Шала туылған нәрестенің тамақ көлемін есептеудегі ЕҢ қолайлы әдіс қандай?

* Шкарин әдісі

* Көлемдік әдіс

* Зайцев формуласы

*Калориялық әдіс

* Финкельштейн формуласы

#683

*!Шала туылған нәрестеде жарықтан болатын ЕҢ мүмкін асқыну

* катаракта

* гипотрофия

* ретинопатия

*ожж қозғуы

* аллергиялық конънктивит

#684

*!Шала туылған нәрестені түтік арқылы тамақтандыруға ЕҢ негізгі көрсеткіш қайсысы?

* Құсу синдромы(cрыгивыния)

* Әлсіз сору рефлексі

*Бас-ми қан құюлары

* Гестациялық жас 32-34 апта

* Дене салмағын аз қосуы

#685

*! ШАЛА ТУЫЛҒАН НӘРЕСТЕ 34 аптада, салмағы 2200,0 гр., бойы 42см.,Апгар бағанасы бойынша 5-7 баллмен туылды.Жоғарғы тыныс жолдарын тазалап, тактильді тітіркендіруден соң айқайлады.Дауысы орташа,акроцианоз, гипотония, гипорефлексия байқалады. Кезекші неонатолог нәрестені ары қарай бақылау үшін екпінді емдеу палатасына ауыстырды.

Ана мен нәрестені бөлу постнаталды күтімнің қандай ЕҢ маңызды бұзылыстарына әкеледі?

* Ананың психо-эмоциональдық стресіне

* Ана сезімінің азаюына

* Нәрестенің дисбактериозына

* Нәрестенің мазасыздануына

*Гипогалактияға

#686

*!Нәресте 2 жүктіліктен, 2 босанудан, жүктіліктің 32 аптасында мерзімінен ерте шала туылды. Туылғандағы салмағы 1930,0гр., бойы 41 cм.

Шала туылған нәрестелерді күтіп баптауда оң нәтижеге қол жеткізу үшін төменде көрсетілгендердің ЕҢ дұрыс жолы қайсы?

*«Жылу тізбегін» сақтау

* Жасанды дем алу аппаратында ұзақ болу

* Кувезде ұзақ жату

* Түтікпен ұзақ уақыт тамақтандыру

* Сүт қоспаларымен тамақтандыру

#687

*!Жаңа туылған нәрестеде туыла салысымен гипертермия, бүкіл денесінде геморрагиялық бөрітпелер, менингоэнцефалит белгілері байқалды. Қанның жалпы талдауында айқын лейкоцитоз, нейтрофилез, ликвор себіндісінде Listeria monocytogenes себілген.

Нәрестедегі туа біткен листериозда келтірілген дәрілік препараттардың қайсысын тағайындау ЕҢ дұрыс шешім болып табылады?

* Виферон

* Ацикловир

* Цефтриоксон

*Ампициллин

* Бисептол

#688

*!25 күндік нәрестенің бір апта бойы дене қызуы 38,7 көтеріліп, қиын бөлінетін күшті құрғақ жөтел мазалады,емшекті әлсіз емеді.Ауру біртіндеп басталды. Жалпы қарағанда: көзінің коньюктивасы қызыл, өкпесінде майда көпіршікті сырылдар естіледі. ЖҚА-де Л - 10,8х109/л; ЭТЖ-17 мм/ч. Кеуде қуысының R-граммасында – өкпеде біркелкі емес ошақты инфильтрациялар бар. ИФА қанның – micoplasma pneumonia.

Нәрестеге қандай дәрілік препаратты тағайындаған АНАҒҰРЛЫМ дұрыс?

*Азитромицин

* Пенициллин

* Ампициллин

* Рифампицин

* Левомицетин

#689

*!Акушер босанушы әйелдің гепатит В (НВsАg)-ң беткейлі антиген тасымалдаушысы екенін сізге ескертті.

Нәрестеге байланысты ЕҢ алғашқы не жасаған дұрыс болады?

* НВsАg-ге нәрестеге скрининг жүргізу

* Гепатит В-ң антигеніне анасына скрининг жүргізу

* Инфекция жайылып кетпес үшін нәрестені жекешелеу

*ГепатитВ-ге қарсы иммуноглобулин және вакцина тағайындау

* Ештеңе жасамау,себебі анасынан трансплацентарлы өтетін антиденелер гепатит В-ден қорғайды

#690

*!HBs-антигенді тасымалдаушы анадан туылған нәрестеге алдын-алу мақсатында арнайы иммуноглобулин келесі мерзімде салынады

* перзентханадан шыққан кезде

*өмірінің алғашқы сағатында

* өмірінің 2-3 тәулігінде

* алғашқы 24 сағатта

* 1 айында

#691

*!3 апталық нәрестеде терісі мен кілегей қабатының үдемелі сарғаюы, үлкен дәретінің ақшылдануы, зәрінің түсінің қоюлануы байқалды.

Диагноз бен сарғаюдың себебін анықтау мақсатында қандай зерттеулерді жүргізген ЕҢ дұрыс болып табылады?
*Вирусты гепатитті маркеріне қан тапсыру
*Қанның биохимиялық анализі
* Бауырдың УЗТ-ы

* ҚЖА

* ЗЖА

#692

*!Мерзіміне жетіп туылған нәресте бірден айқайлап жылады, Апгар бағанасы бойынша 8-9 баллға бағаланды. Гестация мерзімі 38 апта, дене салмағы 2500 гр., бойы 46 cм, туа біткен даму ақаулары, босану жарақаты жоқ. Ары қарай жүргізу үшін нәрестені келесі топтардың біріне жіктеу керек.

Осы нәрестені қандай күтім тобына жатқызған АНАҒҰРЛЫМ дұрыс болып табылады?

* Туа біткен даму ақауларымен/босану жарақатымен туылған нәрестеге жасалатын күтім

*Дені сау нәрестеге жасалатын күтім

* Кейбір медициналық көмекті қажет ететін

* Салмағы аз нәрестеге жасалатын арнайы күтім

* Реанимацияны жедел бастауды қажет ететін

#693

*!Нәресте жүктіліктің 39 аптасында туылған.Туылғандағы салмағы 3450,0 гр., бойы 53см. Бірден айғайлады.Босану бөлмесінде бірден анасының көкірегіне салынды.Белсенді емді.

ҚР екпелер күнтізбесіне сәйкес перзентханада жаңа туылған нәрестелерге қандай ауруларға қарсы екпе жасау АНАҒҰРЛЫМ дұрыс болып табылады?

* Туберкулезге, полиомиелитке

* "В"гепатитіне, полиомиелитке

* Полиомиелитке, қызылшаға, туберкулезге

*Туберкулезге,вирусты гепатит В

* Күлге,сіреспеге, көкжөтелге, полиомиелитке

#694

*!Нәрестеде туылғаннан кейінгі 1минутында тыныс алуы тұрақсыз, жүрек соғысы минутына 100-ден аз, бұлшық ет гипотониясы, акроцианоз, табанын тітіркендіргенде гримаса байқалады.

Жаңа туылған нәрестенің Апгар бағанасы бойынша ЕҢ ықтималды балы қандай?

* 1 балл

* 3 балл

* 7 балл

*5 балл

* 9 балл

#695

*!1,5 айлық бала участкелік дәрігердің бақылауында.Перзентханада туберкулезге қарсы екпе уақытша қарсы көрсеткіш болғандықтан жасалмаған.

Осы балаға қатысты участкелік педиатрдың ЕҢ дұрыс қандай тактика қолдану керек?

*2 айға дейін Манту сынамасынсыз екпе жасау

* 1 жасында Манту сынамасынсыз екпе жасау

* Манту сынамасынсыз екпе жасамау

* 2 айдан кейін Манту сынамасынсыз екпе жасау

* 8 айға дейін Манту сынамасынсыз екпе жасау

#696

*!14 күндік нәрестеде дене қызуы 37,8°С дейін көтерілді.

Осы температураға тыныс жиілігі мен жүрек соғысының 1 минуттағы қандай жиілігі АНАҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

* 28/140

* 20/130

*44/160

* 36/150

* 52/170

*Пән: «Балалар аурулары», «Нәрестелік кезеңнің физиологиясы мен патологиясының блогы» *4*49*1*

#697

*!КІНДІК ҚАЛДЫҒЫ МЕН КІНДІК ЖАРАСЫНЫҢ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАРЫНА ЖАТАДЫ(2 жауап)

* урахус

*омфалит

* терілік кіндік

*кіндік фунгусы

* Беквит синдромы

* амниотикалық кіндік

#698

*!ТУА БІТКЕН ГЕРПЕСТІК ИНФЕКЦИЯҒА ТӘН (2 жауап)

*сарғаю

* гидроцефалия

*нейротоксикоз

* тырысу синдромы

* гепатоспленомегалия

*геморрагиялық синдром

#699

*!НӘРЕСТЕНІҢ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ САРҒАЮЫНА ТӘН(2 жауап)

* гепатоспленомегалия

* сарғаюдың 1 айға дейін созылуы

*нәжіс пен зәрдің түсінің өзгермеуі

*жалпы жағдайының қанағаттанарлық болуы

* өмірінің алғашқы күні сарғаюдың пайда болуы

* өмірінің 7 күнінен кейін сарғаюдың пайда болуы

#700

*!ТІРІ ТУЫЛУ КРИТЕРИЙЛЕРІНЕ ЖАТАДЫ(2 жауап)

* айқайы

* терінің түсі

* рефлекстері

*тыныс алуы

* бұлшық ет тонусы

*кіндік пульсациясы

#701

*!ТІРІ ТУЫЛУ КРИТЕРИЙЛЕРІН АНЫҚТАЙТЫН ГЕСТАЦИЯЛЫҚ МЕРЗІМ(2 жауап)

*28 апта

*22 апта

* 20 апта

* 21апта

* 19апта

* 18апта

#702

*!ҚАУІПСІЗ АНА БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ҚОЛДАНЫСҚА ИЕ(2 жауап)

* толғақты басқару

*ертерек емшек сүтін емізу

*босану қызметін белсендіру

*ана мен баланың бірге болуы

* босану кезінде ауруды басатын дәрі-дәрмектерді қолдану

* туылғаннан кейін бірден антропометрия және гонопрофилактика жүргізу

#703

*!ЖАҢА ТУЫЛҒАН ДЕНІ САУ НӘРЕСТЕНІҢ КҮТІМІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАДЫ(2 жауап)

* нәрестені сағатпен емізу

*нәрестені түнгі үзіліссіз емізу

*нәрестенің талабы бойынша емізу

* 1айдан бастап қосымша тамақ беру

* емізудің арасында нәрестеге су беру

* туылғаннан соң бірінші рет 2сағаттан кейін емшекке салу

#704

*!НӘРЕСТЕНІҢ ҚАЛЫПТЫ ІШЕК МИКРОБИОЦЕНОЗЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА ЫҚПАЛ ЕТЕДІ(2 жауап)

*алғашқы сағатта емшекке салу

* алғашқы 24 сағатта емшекке салу

*нәрестенің талабы бойынша емізу

* туылғаннан бастап аралас тамақтандыру

* туылғаннан бастап жасанды тамақтандыру

* туылғаннан бастап эубиотиктер тағайындау

#705

*!ЖАҢА ТУЫЛҒАН НӘРЕСТЕНІҢ АЛҒАШҚЫ КҮНДЕРІНДЕГІ ГЕМОГЛОБИННІҢ ҚАЛЫПТЫ ЖАҒДАЙДАҒЫ ОРТАША КӨРСЕТКІШІ (2 жауап)

* 140-160г/л

* 150-170г/л

* 170-180г/л

* 220-240г/л

*190-220г/л

* 180-200г/л

#706

*!ЖАҢА ТУЫЛҒАН НӘРЕСТЕНІҢ АЛҒАШҚЫ КҮТІМІНЕ КІРЕДІ (2 жауап)

* шомылдыру

* терісін өңдеу

* тазарту клизмасы

*гонопрофилактика

* кіндік қалдығын өңдеу

* қалдық жағындыны алып тастау

#707

*!ПЕРЗЕНТХАНАДА ЕМІЗУШІ АНАДАҒЫ ГИПОГАЛАКТИЯНЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ(2 жауап)

* сағатпен емізу

* түңгі үзіліспен емізу

*нәрестенің талабы бойынша емізу

*босану бөлмесінде ерте емшекке салу

* сүт бездерін бриллиант жасылымен өңдеу

* лактацияны белсендіретін дәрілерді тағайындау

#708

*!ПЕРЗЕНТХАНАДА МЕРЗІМІНЕ ЖЕТІП ТУЫЛҒАН НӘРЕСТЕНІ КҮНДЕЛІКТІ ҚАРАУҒА КІРЕДІ(2 жауап)

* асқазанын шаю

* салмағын өлшеу

*дене қызуын өлшеу

* кіндік қалдығына лигатура қою

*терісін және кіндік қалдығын қарау

* кіндік сақинасын асептикалық ертінділермен өңдеу

#709

*!ҚР ЕКПЕЛЕР КҮНТІЗБЕСІНЕ СӘЙКЕС ПЕРЗЕНТХАНАДА ЖАҢА ТУЫЛҒАН НӘРЕСТЕГЕ ҚАНДАЙ АУРУҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ ЕГІЛЕДІ (2 жауап)

* күлге

* қызылшаға

* қызамыққа

*туберкулезге

* полиомиелитке

*вирусты гепатит В

#710

*!ЖҮКТІЛІКТІҢ 34 АПТАСЫНДА ЖӘНЕ ОДАН ЖОҒАРЫ МЕРЗІМДЕ ШАЛА ТУЫЛҒАН ДЕНІ САУ НӘРЕСТЕНІ КҮТІП-БАПТАУДА ҚОЛДАНЫЛАДЫ (2 жауап)

* кувез

* тығыз орау

* сағатпен тамақтандыру

* парентералды тамақтандыру

*анасы мен жаңа туылған нәрестенің бірге болуы

*туылған соң «теріге тері» жанасу және емшекке ерте салу

#711

*!ШАЛА ТУЫЛҒАН НӘРЕСТЕНІ КҮТІП-БАПТАУ КЕЗІНДЕГІ «КЕНГУРУ» ӘДІСІНІҢ ТИІМДІЛІГІ(3 жауап)

* ұйқысы ұзарады

* ашығу сезімі төмендейді

*оксигенация жақсарады

* ішек моторикасы бұзылады

* қозғалыс белсенділігі төмендейді

*апноэ ұзақтығы мен жиілігі төмендейді

*жаңа туылған нәрестенің температурасы тұрақталады

* туа біткен рефлекстер тежеледі

#712

*!ШАЛА ТУЫЛҒАН НӘРЕСТЕНІҢ ЕМДІК-САУЫҚТЫРУ ТӘРТІБІНЕ ЖАТАДЫ (3 жауап)

*шуыл, жарықтан қорғау

*кувезде «ұяшық» әдісін қолдану

* күтіп–баптауға анасын қатыстырмау

* жаңа туылған нәрестені кувезде жиі қарау

*оптималды температуралық режим орнату

* жаңа туылған нәрестенің кувезде үй киімімен жатуы

* жаңа туылған нәрестенің кувезде үнемі арқасымен жатуы

* медперсоналдың жұмысына жағдайдың болмауы

#713

*!ШАЛА ТУЫЛҒАН НӘРЕСТЕНІ КҮТІП-БАПТАУ КЕЗІНДЕГІ «ЖЫЛУ ТІЗБЕГІНІҢ» ТИІМДІЛІГІ(3 жауап)

*приоритетті болып саналмайды

Наши рекомендации