Тақырып. организм реактивтілігініҢ дерттанудаҒы маҢызы
I.3. ДӘРІСТЕР ЖИНАҒЫ
КРЕДИТ № 1
№ 1 тақырып. ЖАЛПЫ ЭТИОЛОГИЯ. ЖАЛПЫ ПАТОГЕНЕЗ
Мақсаты: жалпы этиология мен патогенезінің негізгі түсініктерін меңгеру.
Дәріс жоспары:
1. Этиология, анықтамасы. Ауру туындауындағы себеп пен жағдай туралы түсінік. Ауру дамуындағы себеп пен жағдайдың маңызы.
2. Этиологиялық жайттардың жіктелуі. Ауру дамуында организм ерекшелігі мен сыртқы орта жайттарының маңызы. Этиологияда тұқымқуалаушылықтың маңызы.
3. Патогенез туралы түсінік. Патогенездегі себеп-салдарлық арақатынас. Біріншілік зақымдану патогенездегі алғашқы тізбек ретінде. Зақымдану деңгейлері. Патогенездің «бастапқы тізбегі» және патогенездегі «кері айналып соғу шеңбері» туралы түсінік.
4. Ауруларды этиотропты және патогенездік алдын алу мен емдеу ұстанымдары.
Дәріс тезистері
Этиология (грекше aitia – себеп, logos-ілім) - аурулардың себептері мен себепкер жағдайлары туралы ілім.
Себеп – ауруды дамытатын және оған арнайы белгі беретін жайт.
Себепке тән:
· Ауру дамуының алдында әсер етеді
· Аурудың ауыртпалығы мен ауру туындатушы жайттардың қарқындылығы арасында тепе-теңдік бар
· Ауру туындатқан жайтты аластатқанда ауру белгілері жойылады және науқастың сауығуы дамиды
· Себепті пайдалана отырып аурудың үлгісін жануарларда алуға болады.
Жағдай – аурудың пайда болуына кедергі немесе жағдай жасайтын жайттар
Патогенез (грекше pathos – ауру, дерт, genesis - даму) – аурудың даму тетіктері, ағымы, аяқталуы туралы ілім.
Патогенез – ауру кезінде туындайтын организмнің бейімделуі мен зақымдануының өзара байланысты үрдістерінің жиынтығы.
Патогенездегі негізгі тізбек – патогенездің келесі тізбектерінің дамуына әкелетін және аурудың арнайы көріністерін беретін тізбек.
Патогенездегі кері айналып соғу шеңбері (circulus vitiosus) – патогенездің тізбектерінің арасында соңғы тізбек алдыңғысын күшейте түсетін, патогенездегі себеп-салдарлық арақатынастың тұйықталуына әкелетін және салдар себептің әсерін күшейтетін оң кері байланыстың түзілуі.
Аурулардың алдын алу мен емдеудің этиотропты ұстанымы – аурудың себебін аластатуға және организмнің төзімділігін арттыруға бағытталған шаралар
Патогенездік ем – патогенездің негізгі және басқа да тізбектерін жоюға бағытталған шаралар.
Көрнекті материал:
1.Мультимедиялық дәрістердің электронды түрі (студент кафедрадан алады)
2. Курс лекций: Патофизиология в схемах и таблицах: – Алматы: Кітап, 2004. – ҚазҰМУ кітапханасында және кафедрада электронды түрі
Әдебиеттер:
Негізгі
1. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 17-22.
2. Ә.Нұрмұхамбетулы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 22 – 25, 75-80.
3. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 30 -38.
4. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 8-14.
Қосымша
1. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С. 33-37.
2. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 37-45.
3. Давыдовский И.В. Проблемы причинности в медицине (этиология). М.: Медгиз. - 1962. -176 с.
4. Царегородцев Г.И., Ерохин В.Г. Диалектический материализм и теоретические основы медицины. М.: Медицина, 1986, С.226 - 233.
5. Саркисов Д.С., Пальцев М.А., Хитров Н.К. Общая патология человека. М.: Медицина, 1995. - С.49 - 90.
6. Нурмухамбетов А.Н. Спорные вопросы этиологии (лекция) // Вестник КазГМУ, 1999. - № 5,.с.114 - 117.
Бақылау сұрақтары (кері байланыс)
1. Этиология анықтамасы, түсінік.
2. Патогенез анықтамасы, түсінік.
3. Патогенездегі негізгі тізбек.
4. Ауруларды этиотропты және патогенездік емдеу ұстанымдары.
тақырып. ОРГАНИЗМ РЕАКТИВТІЛІГІНІҢ ДЕРТТАНУДАҒЫ МАҢЫЗЫ
Мақсаты: аурудың туындауы мен дамуында организм реактивтілігінің маңызын анықтау.
Дәріс жоспары:
1. Организм реактивтілігі, анықтамасы. Тітіркендіргішке организм жауабының түрлері.
2. Организмнің төзімділігі, анықтамасы, төзімділіктің түрлері.
3. Реактивтіліктің түрлері, сипаттамалары.
4. Реактивтіліктегі жастың, жыныстың және организм конституциясының маңызы
5. Дәрілік емнің тиімділігінде реактивтіліктің маңызы
Дәріс тезистері
Реактивтілік(Re – қарсы; action - әсер)- сыртқы ортаның әсерлеріне организмнің белгілі бір жолмен жауап қайтару қасиеті (Н.Н.Сиротинин).
Реактивтілік – сыртқы орта ықпалдарының әсерлеріне организмнің, оның жекелеген ағзалары мен жүйелерінің тіршілігін өзгертіп жауап қайтару қасиеті немесе қабілеті (А.Д.Адо).
Реактивтілік белгілі бір тітіркендіргішке (жылдамдығы, қарқындылығы және әсерлердің ұзақтығы) организмнің серпілісін сипаттайды.
Реактивтіліктің көріну түрлері:
Нормергия – әдеттегі тітіркендіргішке организмнің қалыпты жауабы, мұнда нормергиялық жауап серпілісі туралы айтылады
Патергия- қалыптан тыс жауап:
· гиперергия– реактивтіліктің жоғарылауы
· гипергия – органихм реактивтілігінің төмендеуі (аурулар сылбыр, белгілері айқын болмай өтеді) (қарттардың реактивтілігі)
· анергия - реактивтіліктің мүлде болмауы (өзі ауырмай микробтардың тасымалдаушылары болады, терең кома, сілейме, наркоз жағдайларындағы)
· дизергия - қалыптан тыс, бұрмаланған жауап (төмен температураға тамырлардың кеңеюі, жарыққа көз қарашығының кеңеюі)
Организм төзімділігі – ауру туындататын ықпалдарға организмнің тұрақтылығы (resisteo-қарсы тұру). Төзімділік белсенді және енжар, біріншілік (туа біткен) және екіншілік (жүре пайда болған) болып бөлінеді
Белсенді төзімділік: гипоксия кезінде эритропоэздің әсерленуі, қабынудағы фагоцитоз, иммунитет, уларды бейтараптау.
Енжар төзімділік: тері және шырышты қабаттар, скелет, асқазан сөлінің тұз қышқылы.
Реактивтіліктің түрлері
· Түрлік – реактивтіліктің жалпы түрі, бүкіл бір түрдің жауап қайтару ерекшелігі (құстардың мекенін ауыстыруы, сүтқоректілердің қысқы ұйқысы, түрлік иммунитет)
· Топтық - түрдің ішіндегі кейбір топтардың жауап қайтару ерекшелігі (жыныс, жас, конституция, нәсілдік ерекшелік, қан топтары, ж.б.)
· Даралық - еке тұлғалардың реактивтілігі, әр адам қайталанбайтын тұлға екендігін көрсетеді.
· Реактивтілік физиологиялық (организмнің қалыпты жауабы)
және патологиялық (организмнің қалыптан тыс жауабы) болып бөлінеді.
Арнайыланған немесе иммунологиялық реактивтілік – антигеннің әсеріне антидене немесе жасушалық серпілістер кешенін (физиологиялық) түзіп жауап беруі Патологиялық арнайыланған реактивтілік – иммунитеттің ақаулары (аллергия, иммунодепрессивті, иммуннотапшылықты жағдайлар). Бейнақты реактивтілік – сыртқы орта ықпалдарына организмдегі иммундық жауаппен байланыссыз өзгерістер.
Дене бітімі (лат. constitutio – жағдай, қасиет) – тұқым қуалаушылықтың және жүре пайда болған қасиеттер негізінде қалыптасқан, жеке тұлғалардың құрылымдық, функциялық және жандүниелік ерекшеліктерінің жиынтығы.
Жеке тұлғаерекшеліктерін ажырату үшін көптеген жіктеулер ұсынылды. Сиго мен Кречмердің жіктеуінде құрылымдық ұстаным жатыр. И.П.Павлов пен Богомольцтің жіктеу негізіне реттеуші жүйелердің қызметі алынған. Құрылымдық және қызметтік ұстаным М.В.Черноруцкийдің жіктеуінің негізіне алынған. Бұл жіктеу кең қолданылады, себебі дене бітімі белгілі бір топқа жататын адамдардың патологиясының ерекшелігін анықтауға болады. Гиперстениктер семіруге, қан қысымының көтерілуіне, қантты диабет ауруына бейім, катехоламиндер әсері күшейген. Астениктер анемияға, гипотензиялық жағдайларға бейім, туберкулез, Адиссон аруы жиі кездеседі. Нормостениктерде артриттер, тыныс алу жүйесі аурулары жиі кездеседі.
Адамның жасы жауап қайтару серпілістерін анықтайды. Ерте жастағы балалардың реактивтілігі үш түрлі жайттармен анықталады:
· Жүйке және эндокрин жүйесінің құрылымдық және функциялық дамуы аяқталмағандығымен.
· Иммундық жүйенің қызметінің жетілмегендігімен
· Физиологиялық тосқауылдардың жоғары өткізгіштігімен.
Қарт адамдарға патолоияның келесі ерекшеліктері тән:
· Ауру көріністерінің мардымсыз болуы (гипоергиялық жауап).
· Аурулардың созылмалы түрде өтуі.
· Патологияның көптігі
· Ауру кезінде бейімделу жүйелерінің тез қалжырауы
· Иммунитет жүйесінің жеткіліксіздігі, өспе ауруларының жиі кездесуі.
Жыныс ерекшеліктері жауап қайтару серпілістерін анықтайды. Әйелдер суыққа, аштыққа, қансырауға, гипоксияға төзімді, оларда эндокрин жүйесі аурулары жиі кездеседі. Ерлер стрессорлардың әсеріне төзімсіз, дезадаптация аурулары: жүректің ишемиялық авуруы, асқазанның ойық жара ауруы, артериялық гипертензия жиі кездеседі.
Дәрілік емнің тиімділігі тұқымқуалаушылықпен, жаспен, жыныспен, конституциямен және асқазан-ішек жолының, қан жүйесі, бауыр, бүйрек қызметтерінің жағдайымен сипатталатын даралық реактивтілікке байланысты.
Дәрілік заттардың тиімділігінде жас мөлшерінің маңызы. Дәрілік заттарға сезімталдықтың жас мөлшеріне сәйкес ерекшелігі бар. Дәрілік заттарға ең жоғары сезімталдық ұрықтық даму және ерте постнаталды кезеңде жүйке және эндокрин жүйелерінің, сыртқа шығару жүйесінің (бауыр, бүйрек) құрылымдық және қызметтік жетілмеуінен, биологиялық тосқауылдардың жоғары өткізгіштігімен, көптеген нәруыздар мен ферменттердің саны аздығы және төмен белсенділігінен дамиды. Қартайған шақта дәрілік заттардың сіңірілуі биологиялық тасымалдануы баяулауы және бүйрекпен шығарылу жылдамдығының төмендеуі болады. Бұған жасқа сәйкес ОЖЖ, эндокрин, орталық және шеткері қанайналымы, асқазан-ішек жолы, биологиялық тосқауылдар, уытсыздандыру жүйесінің, сыртқа шығару жүйесінің құрылымдық және қызметтік ерекшеліктері әкеледі.
Дәрілік заттардың тиімділігінде тұқымқуалаушылықтың маңызы. Организмнің тектік қалыптасқан ерекшеліктері дәрілердің сіңірілуіне, организмде (ағзалар мен жасушаларға) таралуына, қабылдағыштарымен әсерлесуіне, организмнен дәрілік заттардың метаболизмі мен шығарылуына заңдылықпен әсер етеді.
Фармакологиялық серпілістердің тұқымқуалайтын өзгерістері
↓ ↓ ↓
Дәрілік заттардың Дәрілік заттардың Дәрі мен организм арасында
баяу метаболизмі тез метаболизмі қалыпты биохимиялық әсерлесудің бұзылуы
↓ ↓ ↓
Фармакологиялық Фармакологиялық Фармакологиялық әсері
әсері өте күшті әсері өте әлсіз әдеттегіден тыс
Тектік ерекшеліктер тотығу, метилдеу, ацетилдеу үрдістерінің бұзылуымен сипатталады, соның әсерінен организмнен дәрілік заттардың метаболизмі мен оның шығуы баяулайды, оларды қолданғанда жанама әсері мен улылығы даму мүмкіндігінің артуын тудырады.
Дәрілік заттардың тиімділігінде жыныстың маңызы. әйел мен ерлер организмінің құрылымдық, физиологиялық және биохимиялық ерекшеліктері дәрілік заттардың организмде тасымалдануына, таралуына және организмнен шығарылуына әсерін көрсетеді.
Көрнекті материал:
1.Мультимедиялық дәрістердің электронды түрі (студент кафедрадан алады)
2. Курс лекций: Патофизиология в схемах и таблицах: – Алматы: Кітап, 2004. – ҚазҰМУ кітапханасында және кафедрада электронды түрі
Әдебиеттер:
Негізгі
1. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 23-33.
2. Ә.Нұрмұхамбетулы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 80-115.
3. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 81-90.
4. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 73-89.
Қосымша
5. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 41 - 44.
6. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С.133-149
7. Назаренко Н.М. Патофизиология раннего онтогенеза, Алматы, 1998.– 175с.
8. Ә. Нұрмұхамбетов. Ұрық даму мен балалық шақ ауруларының патофизиологиясы., Алматы, 2004. – 162б.
9. Н.В. Жуйко. Особенности реактивности детского организма, Алматы, 2006.- 68с.
Бақылау сұрақтары (кері байланыс)
1. реактивтіліктің түрлері.
2. төзімділіктің түрлері.
3. М.В. Черноруцкий бойынша конституцияның жіктелуі.