Подаграда кездесетiн лабораториялык озгерiстер?

A) гиперхолестеринемия

B) гипербилирубинемия

C) гипергликемия

D) гипернатриемия

E) гиперурикемия

Артық дене салмақты 45 жастағы әйелді тексергенде гликемия ашқарынға - 10 ммоль/л, глюкозурия - 3%, зәрдегі ацетон теріс болған. Туған ағасы қантты диабетпен ауырады. Төмендегі диагноздардың қайсысының болуы мүмкін?

A) екіншілік қантты диабет

B) жастардың 2 типті қант диабеті (МОDY)

C) алғаш анықталған 1 типті қант диабет

D) алғаш анықталған 2 типті қант диабет

E) 2 типті қант диабеті, инсулинді қажет ететін фазасы

20. Жедел панкреатиттің дамуындағы басты себеп:

A) аутоферменттік агрессия

B) микробты флора

C) микроциркуляторлық бұзылыстар

D) веноздық іркіліс

E) құрттармен зақымдану

21. Ер адам, 45 жаста, ойық жара ауруымен ауырады, қабылдау бөліміне арқаға иррадиация беретін, тамақтанумен байланыссыз, антацидтер және спазмолитиктер қабылдағанда басылмайтын, эпигастрий аймағындағы ауырсыну, лоқсу, құсу, іш өту, дене температурасының субфебрильді сандарға дейін жоғарылауы шағымдарымен қаралды. Рентгенологиялық зертеуде терең «ниша», ойық жаралы аймақтың аз қозғалысы анықталды; ФГДС-да терең ойық жара анықталады, кратер жиектері биік, вал тәрізді. Дамыған асқыну:

А) ойық жара перфорациясы

В) перидуоденит

С) ойық жараның кіші шажырқайға (сальник) пенетрациясы

D) ойық жараның ұйқы безіне пенетрациясы

Е) ойық жарадан қан кету

22. Созылмалы гепатитті анықтаудағы ең мәліметті тексеру әдісі:

A) пункциялық биопсия

B) индикаторлық ферменттер белсенділігінің өзгеруі

C) гепатодепрессия индикаторлары белсенділігінің өзгеруі

D) бауырды ультрадыбысты зерттеу

E) компьютерлік томография.

Семіздікпен ауыратын 50 жастағы әйелде, оң бұғана үстіне берілетін кенеттен оң жақ қабырға астында ауырсыну пайда болды. Әйел мазасыз, төсекте тынышсыз. Қарағанда: терісінің түсі қалыпты, сипағанда өт қабы нүктесінде ауырсыну, Ортнер симптомы оң, дене қызуы қалыпты, қан анализі қалыпты. Қандай зерттеу әдісін бірінші кезекте жүргізу қажет?

A) ирригоскопия

B) холецистография

C) эзофагогастродуоденоскопия

D) құрсақ қуысының ультрадыбысты зерттеу

E) көзделген бипсиямен лапароскопия

24. 18 жастағы қыз бала, антацид қабылдағаннан кейін басылатын аш қарындағы және түнгі кезеңдегі эпигастрий аймағындағы ауыру сезіміне шағымданады. Об-ті: жалпы жағдайы қанағаттандырарлық, эпигастрий аймағын пальпациялағанда ауырсыну сезімі байқалады. Рентген: асқазаннан контрасты заттың жылдам өтуі. Эндоскопия жасағанда патология анықталмады. Helicobacter pylori анықталған жоқ. Жарасыз диспепсия варианттарының түрі:

A) моторлық түрі

B) дискинетикалық түрі

C) жара тәрізді түрі

D) бейспецификалық түрі

E) рефлюкс тәрізді түрі

25. Диарея, дене салмағының төмендеуі, гипоальбуминемия, ісінулер мен гиповитаминоз белгілері көрінісімен болатын кешен жіңішке ішекте қоректік заттар сіңірілуінің төмендеуі нәтижесінде дамиды. Жоғарыда көрсетілген белгілерге тән синдром:

А) темірмен жүктеме (перегрузка) синдромы

В) ішектің тітіркену синдромы

С) мальабсорбция синдромы

D) Демпинг-синдром

Е) мальдигестия синдромы

26. 68 жастағы ер адам, өңештің варикозды кеңейген веналарынан қан кетумен түсті. Бір апта бұрын оң қабырға астында ауыру сезімі мазалап, сарғаю дамыған. Созылмалы алкоголизммен ауырады. Объективті: терісі мен көзінің ақ қабығы сарғайған, телеангиэктазиялар. Іші іскен. Бауыры қабырға доғасынан 3 см төмен, тығыз, сезімтал. Көкбауыры 4 см ұлғайған, тығыз. Қанда: анемия, тромбоцитопения, ЭТЖ - 44 мм/сағ, жалпы билирубин (тікелей фракциясы есебінен) - 58 мкмоль/л. Болжам диагноз:

A) бауырдың циррозы, компенсация сатысы

B) бауырдың біріншілік билиарлы циррозы

C) бауырдың екіншілік билиарлы циррозы

D) созылмалы гепатит, минимальды белсенділік дәрежесі

E) бауыр циррозы, декомпенсация, портальді гипертензия

27. Әйел адам, 35 жаста, оң жақ қабырға астында үнемі сыздап ауырсыну, кекіру, лоқсу, кейде құсу, тәбеттің төмендеуі, іш қатуға шағымданады. Қарағанда: оң жақ қабырға астында ауырсыну, Мерфи, Керр, Ортнер симптомдары оң. Жалпы қан анализінде қабынулық өзгерістер жоқ. Дуоденалды сүңгілеуде (зондирование) В фазасының ұзаруы мен өт қабы өтінің көлемінің ұлғаюы анықталды. Өт қабын УДЗ конкременттер жоқ. Болжам диагноз:

А) ойық жаралы ауру

В) созылмалы колит

С) созылмалы гепатит

D) созылмалы холецистит

Е) өт шығару жолдарының дискинезиясы

28. Ер адам, 43 жаста, есірткі қолданады, жалпы әлсіздікке, тез шаршағыштыққа, арықтауға, лоқсу, ауызда ащы дәмнің болуы, оң жақ қабырға астында ауырлық сезімі, кезеңді түрде дене температурасының субфебрильді сандарға дейін жоғарылауы, тері қышуы, қызыл иектен қан кету, зәрдің қараюы, нәжістің ағаруына шағымданады. Қарағанда: гепатомегалия, сарғаю, жоғарғы қабақта ксантомалар. Патологияны дәлелдеуге мүмкіндік беретін диагностикалық әдіс:

А) вирусты инфекцияның серологиялық маркерлерін анықтау

В) қанның биохимиялық анализі

С) бауыр биопсиясы

D) бауырды ульта дыбысты зерттеу

Е) радионуклидті сканирлеу

29. 48 жастағы науқас әйелді тәуліктік мөлшері 50 мл дейін шырышты іріңді қақырықпен жөтел, дене қызуының 38°С дейін көтерілуі, ентігу мазалайды. Алғаш рет 6-7 жыл бұрын ауырған, соңғы 2 жылда аурудың өршуі жылына 3-4 ретке дейін жиіледі. Өкпеде әлсіреген тыныс, барлық алаңда құрғақ және әртүрлі калибрлі ылғалды сырылдар. Болжам диагноз:

A) пневмония

B) өкпе туберкулезі

C) бронхоэктаз ауруы

D) экссудатты плеврит

E) созылмалы іріңді бронхит

30. 35 жастағы А. атты науқас 2 жылдан бері бронхиальді демікпемен ауырады. Демікпе ұстамасы гормонға тәуелді, беротекпен басылады. Тыныс шығарудың жылдамдық шыңы 66%. Қарап тексергенде тыныштықта ентікпе, аускультацияда өкпенің барлық аймағында естілетін ысқырықты құрғақ сырылдар. Тиімді емдеу тәсілі:

A) теофиллин per os

B) эуфиллин 2,4% 10 мл к/т

C) вентолин небулайзер арқылы

D) преднизолон 30-60 мг к/т

E) беротекпен ингаляцияны жалғастыру

31. 25 жасар спортпен белсенді шұғылданатын ер адам жаттығудың соңында пайда болып, тыныштық жағдайында жоғалатын ұстама түріндегі жөтел мен ентігу шағымдарымен қаралды. Диагнозды нақтылау мақсатында қолданылатын зерттеу әдісі:

A) бронхоскопия

B) пневмотахометрия

C) сальбутамол

D) физикалық күштемемен сынама

E) провокациялық ингаляциялық сынама

32. 35 жастағы әйел адам, күндізгі уақытта 10-12 –ге дейін, түнгі мезгілде – 6-8-ге дейін тұңшығу ұстамаларына шағымданып ауруханаға түсті. Тыныс шығарудың шыңды жылдамдығы 45%, тәуліктік вариабельділіг 35%. Болжам диагноз:

А) трахеобронхиальды дискинезия

B) ауыр дәрежелі созылмалы обструктивті бронхит

C) сол жақ қарынша жеткіліксіздігі

D) ауыр дәрежелі бронх демікпесі

E) идиопатты фиброздаушы альвеолит

33. 60 жастағы ӨСОА-мен ауыратын науқаста аздаған физикалық жүктемеден кейінгі ентігу, аз мөлшердегі қақырықты жөтел, оң жақ қабырға астындағы ауырлық сезімі, бөлінетін зәр көлемінің азаюы байқалады. Объективті: акроцианоз, мойын веналарының ісінуі, эпигастрий аймағындағы пульсация, өкпе артериясында ІІ үннің акценті, тахикардия, бауырдың ұлғаюы, ісінулер. Науқастың ЭКГ-да анықталатын белгісі:

A) қарынша ішілік бөгемелер

B) сол жақ қарынша гипертрофиясы

C) сол жақ жүрекше гипертрофиясы

D) оң жақ қарынша гипертрофиясы

E) Гис шоғырының сол жақ аяқшасының бөгемесі

34. Тромбофилиямен ауыратын науқаста тыныспен байланысты кеуде қуысындағы ауру сезімі, жөтел, қан қақыру, субфебрильді қызбаға шағымдар пайда болды. Анамнезінде өкпе артериясының майда бұтақтарының тромбоэмболиясы. Қарап тексергенде: цианоз, эпигастральды пульсация, семсер тәрізді өсінді үстіндегі систолалық шуыл, өкпе артериясында ІІ үннің акценті. Емдеу жоспарына төмендегі препараттардың қайсысын бірінші кезекте қосқан жөн:

A) антибиотиктерді

B) бета-блокаторларды

C) антикоагулянттарды

D) Кортикостероидтарды

Е) АПФ ингибиторларын

35. 38 жастағы науқасты ұзақ уақыт тұншығу ұстамалары, экспираторлық ентігу мазалайды. Тұншығу ұстамалары беротекпен басылады, екі жыл бойы тәулігіне 10 мг преднизолон қабылдайды. Тыныс шығарудың пиктік жылдамдығы - 65%. Тиімді базистік терапия:

A) теотард

B) атровент

C) будесонид

D) сальмотерол

E) дексаметазон

36. 65 жастағы науқас қиын бөлінетін қақырық, физикалық жүктемеден кейінгі ентігуге шағымданады. 15 жыл бойы бронхоөкпелік дертпен ауырады. Объективті: қатаң тыныс, барлық өкпе беткейінен құрғақ ызыңдаған сырылдар мен демді шығарудың ұзарғаны естіледі. Болжам диагноз:

A) пневмония

B) бронх демікпесі

C) бронхоэктазды ауру

D) созылмалы іріңді бронхит

E) созылмалы обструктивті бронхит

37. 43 жастағы науқасты 38,5°С дейін қызба, қалтырау, тершеңдік, миалгиялар, аз өнімді жөтел мазалайды. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Өкпеде әлсіреген тыныс, базальды бөліктерде – крепитация. Рентгенде: екі жақты инфильтрация. Қанда: лейкоциттер - 15,5 мың, ЭТЖ - 33 мм\сағ. Сыртқы тыныс қызметін зерттегенде рестриктивтік типтегі тыныс жетіспеушілік белгілері анықталды. Көлемді антибактериялық терапия әсерсіз. Тиімді тағайындау:

A) муколитиктер

B) бронхолитиктер

C) туберкулостатиктер

D) аминохинолин туындылары

E) глюкокортикостероидтар

38. 50 жастағы ер адам бір ай көлемінде денесіндегі бөртпелерге шағымданып тексерілуге келді. Бөртпелер қышымайды, екі аяғына біркелкі таралған. Науқас жақында сол жақ аяғының кіші саусағының медиальді бетінде көлемі орташа жараны байқады. Қарап тексеру кезінде Рейно феномені, қол және тізе буындарының артралгиясы, аяқтарының ауыр парестезиясы анықталды. Анамнезінде - операция, операциядан кейінгі кезенде сарғаю эпизодтарымен асқынған. Екі санында жайылған сипағанда байқалатын пурпура, сол жақ аяғының кіші саусағының медиальді бетінде көлемі орташа жара анықталады. Бауыр және көк бауыр + 1см ұлғайған. Неврологиялық тексеру нәтижесі бойынша екі жақ алақан және табан сезімталдықтары төмендеген. ЭТЖ 70 мм\сағ. Протеинурия 1,5 г\л, тұнбада көру аймағында - 5 лейкоцит, 50 эритроцит және бірнеше эритроциттердің жиынтығы анықталады. Ревматоидты фактор оң, титрі 1:2560, антинуклеарлы антиденелер теріс. ПЦР – HCV РНК оң. Болжам диагноз?

A) түйінді полиартериит

B) аралас криоглобулинемия синдромы

C) Вегенер гранулематозы

D) Кавасаки синдромы

E) геморрагиялық васкулит

39. 45 жастағы ер науқас, аяқтарының әсіресе, оң аяғының бірінші башпайының шыдатпай ауыруы, осы буынның ісіуі, терісінің қызаруы және дене қызуының 38°°С-ға дейін жоғарылауына шағымданады. Буындағы ауыру сезімі жаңа туфлимен ұзақ уақыт жүргеннен кейін мазалаған. Қарап тексергенде: оң аяқтың табан - башпай буындары аймағы ісініп, қызарған, қозғалысы шектелген, құлақ қалқандарында – ауырмайтын диаметрі 2-4 мм сары түсті тері асты түйіндері. Қанда: лейкоциттер -10 мың, ЭТЖ-30 мм/сағ. СРБ (++), мочевина-15,0 ммоль/л. ЖЗА: сал. тығыздығы-1014, эритроциттер - 5-7 к/а, ураттар (+++). Болжам диагноз:

A) ревматоидты артрит

B) остеоартроз

C) подагралық артрит

D) псориаздық артрит

E) реактивті артрит

40. 60 жастағы науқас, шынтағындағы ауыру сезіміне шағымданады. Жүрек ауыруын емдеген кезде диуретиктер мен гепарин қабылдаған. Қарап тексергенде: гиперемия, шынтақ буындарының аймағында ісіну, осы буын қозғалысының шектелуі, үрме бұршақ сияқты тығыз түйіндер. Жүрек тондары тұйықталған, жыбыр аритмиясы. ЖСЖ- 100 рет минутына. ЖҚА: эритроциттер - 4,2 млн. Нв-150 г/л, лейкоциттер-10 мың. ЭТЖ-2мм/сағ. ЖЗА: сал. тығыздық-1020, лейкоциттер 4 - 5 к/а., эритроциттер 6 - 8 к/а. Ураттар +++. Диагнозды дәлелдейтін зерттеу:

A) қабынудың жедел фазалы көрсеткіштерін анықтау

B) зәр қышқылының деңгейін анықтау

C) Ваалер-Роуз реакциясын

D) креатинин деңгейін анықтау

E) синовиальды сұйықтықты бактериологиялық зерттеу.

41. Тері жасалатын тігін цехында жұмыс істейтін 32 - жастағы әйел 1 ай көлемінде тәуліктің екінші жартысында айтарлықтай жағдайын ауырлатпайтын дене қызуының көтерілуі мазалайды. Тершеңдік (таңертең дымқыл жастық), әлсіздік, шаршағыштық, ұшпалы буындардың ауруын байқайды. Көп сөйлейді, аздап қозғыш, беті - қызыл, жөтеледі. Қан анализінде: Нв-90 г/л, эритроциттер 3,5x1012,лейкоциттер - 5,6x109, таяқша ядролы нейтрофильдер - 2%, сегменнтер - 65%; лимфоциттер - 28%; моноциттер - 5%; ЭТЖ - 15 мм.сағ. Бірінші кезекте жүргізілетін диагностикалық шара:

A) АСЛ-О

B) кеуде қуысының рентген суреттемесі

C) Манту сынамасы

D) Хаддлсон реакциясы

E) қанды бактериологиялық зерттеу

42. 24 жастағы ер адам кезеңді түрде (3-4 күнді үзіліспен) дене қызуының бірнеше күн қатарынан таңертең немесе кешке жоғарылауына, бас ауыруына, жалпы әлсіздікке, шаршағыштыққа, тітіркенгіштікке, тізе және тобық буынындағы ауыру сезіміне, буындарындағы «старттық» ауыру сезіміне, аяқ – қолының бозаруына шағымданады. ЖҚА лейкоциттер – 3,4х109, лимфоциттер – 38%, ЭТЖ- 24 мм/сағ. Рентгенограммада: қос тізе буындарында субхондральды пластинканың кей жерлерінің қалыңдауы, тобығының сүйек жиектерінің үшкірленуі. Бірінші жүргізілетін зерттеу:

A) кеуде ағзаларының рентгенограммасы

B) жамбас сүйегінің рентгенограммасы

C) урогенитальды инфекцияны тексеру

D) Хедллсон және Райт реакциялары

E) бас миының томографиясы

43. 30 жастағы ер адамда склеродактилия, тырнақтық фалангалардың остеолизі, буындар маңындағы терілерде көптеген кальциноздар, өңештің дистальді бөлімінде моторикасының бұзылысы, орта бөлігінде дилятациясы анықталды. Болжам диагноз:

A) жүйелі қызыл жегі

B) дерматомиозит

C) жүйелі склеродермия

D) ревматоидты артрит

E) Шарп синдромы

44. Жүйелі склеродермиямен жиі ауырады:

A) балалар

B) жасөспірімдер

C) қарттар

D) әйелдер

E) ерлер

45. 60-жастағы науқас әйел сол жағындағы жамбас, тізе буындарының ауырсыну сезіміне шағымданады. Қарағанда: тізе буындары үлкейген, қызарған, ыстық, қимылы ауырсынумен шектелген. Қол ұшының дистальды далангааралық буындары деформацияланған, Геберден түйіндері бар. Қанда: лейк.-10 мың, ЭТЖ -30мм/сағ. Несепте микроскопиялық тексергенде лейкоцитурия. Болжам диагноз:

A) ревматизм

B) ревматоидты артрит

C) остеоартроз

D) подагра

E) Рейтер ауруы

46. Ревматоидты артриттің еміндегі негізгі базистік препарат:

A) қабынуға қарсы стероидты емес

B) кортикостероид

C) иммунодепрессант

D) Д- пеницилламин

E) плаквенил

47. Ревматизмнің активті фазасында этиотропты ем ретінде қандай препарат қолданылады:

A) пенициллин

B) делагил

C) индометацин

D) преднизолан

E) дигоксин

48. Ревматоидты артрит кезiнде ең алдымен зақымдалатын буын:

A) сегiзкөз-мықын

B) проксималды фалангааралық

C) омыртқа жотасы

D) шынтақ

E) тiзе

49. 47 жастағы ер адам басының ауыруына, қол бұлшық еттерінің әлсіздігіне, шөлдеуге, түнгі уақытта жиі кіші дәретке шығуына шағымданады. Қарағанда: аяқтар мен қол-дардағы бұлшықеттердің күші шамамен бірдей; ЖСЖ минутына 64 рет, АҚ 170/90 мм.с.б. Қан анализінде: гипокалиемия, гипернатриемия, альдостеронның деңгейі жоғары. Зимницкий бойынша несеп анализінде- изогипостенурия, никтурия. Осы жағдайда тағайындалатын гипотензивті препарат:

A) Бисопролол

B) Индапамид

C) Верапамил

D) Физиотенз

E) Верошпирон

50. Қан қысымының Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының, Гипертония бойынша Халықаралық қоғам сарапшыларының (1999ж.) жіктемесі бойынша, артериялық гипертонияның I дәрежесі деңгейі сай келеді:

A) 140/90-149/94 мм.сын.бағ.

B) 160/100-179/109 мм.сын.бағ.

C) 140/90-159/99 мм.сын.бағ.

D) 130/85-139/89 мм.сын.бағ.

E) 179/109-180/110 мм.сын.бағ.

51. Сол қарыншаның жедел шамасыздығы:

А) өкпе текті жүрек

В) гидроторакс

С) асцит

D) өкпенің ісінуі

Е) веналық іркіліс

52. Ішкі симпатомиметикалық белсенділігімен кардиоселективті β- адреноблокатарларға жатады:

A) коргард

B) карведилол

C) анаприлин

D) тразикор

E) корданум

53. 65 жастағы науқас жедел артқы диафрагмалдық миокард инфаркты диагнозымен клиникаға түсті. Мониторлау барысында II дәрежелі атриовентрикулярлық блокаданың ІІ типі, (Мобитц ІІ тип) жүрек ырғағының бұзылысы анықталған. Жүрек ырғағы бұзылысының ЭКГ белгісі:

А) PQ аралығының 0,20 сек артық ұзаруымен бірге Р тісшенің 0,11с артық кеңеюі

В) PQ аралығының ұзаруы біркелкі, қарыншалық комплекстердің түсіп қалуы

С) PQ аралығының біртіндеп ұзаруы, қарыншалық комплекстердің түсіп қалуы

D) QRS комплексінің деформациялануы, барлық тісшелердің вольтажының төмендеуі

Е) QRS комплексінің деформациялануы, S-T сегментінің биіктеуі

54. 68 жастағы науқас ер адам жедел артқы қабырғалық миокард инфаркты диагнозымен ауруханаға түсті. Дәрігердің көруі кезінде науқас кенеттен есінен танып, денесін мұздай тер басты. Жағдайы ауыр. Тері жамылғылары бозарған, мұздай. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты. ЖСЖ 180 рет минутына. АҚҚ - 80/40 мм с. б. ЭКГ-да: деформацияланған қарыншалық комплекс 0,18 сек. Жедел миокард инфарктының дамыған асқынуына қолданылатын таңдау препараты:

А) обзидан

В) верапамил

С) новокаинамид

D) кордарон

Е) лидокаин

55. Атриовентрикулалық блокаданың басты белгісі:

А) f толқындарының пайда болуы

В) РQ аралығының ұзаруы

С) QRS комплексінің деформациясы

D) R-R аралықтарының қысқаруы

Е) ірі синусоидтердің пайда болуы

56. 42 - жастағы ер адам, таң алдында мазалайтын төс артының айқын қысып ауыруына шағымданады. Жүргізуші болып жұмыс жасайды, күндіз ауыру сезімі мазаламайды. Коронароангиографияда айқын атеросклероздық өзгеріс анықталмаған, эргометринмен сынама оң мәнді. Болжам диагноз:

A) ЖИА. Күштемелі стенокардия ФК III

B) ЖИА. Тұрақты стенокардия ФК I

C) ЖИА. Күштемелі стенокардия ФК II

D) ЖИА. Вазоспастикалық стенокардия

E) ЖИА. Тұрақты стенокардия ФК IV

57. 57 жастағы әйел 1 жыл көлемінде айына 1-2 рет таң cәріде төс артының қысып ауырсынуына, сол жауырын астына берілуіне, оның нитроглицерин қабылдаған соң жарты сағаттан кейін басылуына шағымданады. Ұстама кезіндегі холтерлік мониторлауда V2-V5 кеуде тіркемелерінде ST сегменті 8 мм-ге жоғарылаған. Келесі күні ST изосызыққа түскен. Науқасқа ЖИА. Вазоспастикалық стенокардия диагнозы қойылған, антиангинальдік таңдау препараттарының тобы:

А) кальций антагонистері

В) бета-адреноблокатор

С) α-адреноблокаторлар

D) ААФ ингибиторлары

Е) изисорбид динитраттар

58. Басынан миокард инфарктын өткізген, іркілісті жүрек шамасыздығымен асқынған жүректің ишемиялық ауруы бар науқастардың өмірін ұзартуға әсер ететін препараттар тобы:

А) кальций антагонистері

В) бета-адреноблокатор

С) альфа-адреноблокаторлар

D) тиазидті диуретиктер

Е) антиагреганттар

59. Күштемелі стенокардия Функциональді класс III (Канада классификациясы):

А) велоэргеметрдегі 60 w күштеме ұстаманы тудырады

В) велосипедпен 10 - 12 км/сағ жылдамдықпен жүру стенокардияны тудырады

С) тегіс жермен 100 - 200 метр жаяу жүргенде ұстама пайда болады

D) баспалдақпен 4-5 қабатқа көтерілгенде ұстама пайда болады

Е) ұстама аздаған физикалық күштемеден пайда болады

60. 63 жастағы науқас әйел тегіс жермен орташа жылдамдықта 500 метрден артық жаяу жүргенде пайда болатын, нитроглицерин қабылдағаннан басылатын, төс артындағы және жүрек аймағындағы басып, қысып ауырусыну сезіміне шағымданып аймақтық дәрігерге келіп көрінді. Жүректің ишемиялық ауруы кезінде миокард гипоксиясының себебі:

А) артериальдық гипоксемия

В) оттегі түсуінің жеткіліксіздігі

С) перифериялық венаның кеңеюі

Д) оттегі утелизациясының төмендеуі

Е) перифериялық артерияның кеңеюі

Наши рекомендации