Бейспецификалық жаралы колит. Бейспецификалық жаралы колитті дезинтериялық және амебалық колиттен, Крон ауруынан
Бейспецификалық жаралы колитті дезинтериялық және амебалық колиттен, Крон ауруынан, ишемиялық колиттен және псевдомембранозды колиттен айыра білу қажет
Дезинтериялық колитпен БЖК-ке ортақ белгілер: жедел басталу, қан аралас диарея, іштің ауруы, дене қызуының көтерілуі, интоксикация, кейде артралгия. БЖК-тен өзгешелігі дизентерияда кілегей қабықтың жайылмалы қансырағыштығы, жанасу қансырағыштығы, үлкен жаралар болмайды. Шешуші рольді бактериологиялық тексеру атқарады, дизентерияда нәжіс себісінде дизентерия бактериясы табылады.
Амебеазбен БЖК-нің ортақ белігілері: қан және кілегей аралас диарея, дене қызуының көтерілуі, интоксикация белгілері. Амебеазға тән беліглер таңқурай түсті нәжіс, әйнекке ұқсас кілегейдің нәжісте «бақа балтыры» түрде жиналуы. Амебеаздың диагнозын қоюда шешуші рольді нәжісте, ішектің кілегей қабығының қырындысы мен тінінде амебаның табылуы атқарады.
Созылмалы панкреатит
Созылмалы панкреатитті жедел панкреатиттен, жара ауруынан, созылмалы холециститтен, ұйқы безінің рагінен, созылмалы энтероколиттен ажырата білу қажет.
Жедел панкреатит. Аурудың басты белгілері – ауырғандық синдромы, диспепсиялық синдром және жедел тамыр жетіспеушілігі синдромының өте айқын болады. Бұлармен қатар, науқас адамға ылғалды плеврит, панкреатогендік токсимия белгілері анықталады. Қан сарысуы мен несепте альфа амилазаның активтілігінің жоғарлауы, қан сарысуында – липаза активтілігінің өсуі, лейкоцитоз, ЭТЖ өсуі анықталады.
Ұйқы безінің рагі. Жиі ұйқы безі басының рагі кездеседі. Ерте белгілері – эпигастрий және бел аймағының ауруы мен жүдеу. Сарғыштық біртіндеп пайда болады, терінің қышуы бой көрсетеді. Несеп қара-қоңыр түске боялады, нәжіс- түссіз күйге көшеді, субфебрилитет байқалады. Оң мәнді Курвазье симптомы болады. УЗИ: ұйқы безінің басының жергілікті ұлғаюы, оның шеттерінің тегіс болмауы, айқын шегінің болмауы анықталады. Қосымша белігілер: өт қабының ұлғаюы, төменгі қуыс венасының басылуы, дуоденостаз, асцит, билиарлық гипертензия.
Созылмалы гепатит.
Созылмалы гепатитті жедел гепатиттен, бауыр циррозынан, цирроз-рактан, бауыр эхинокогінен, бауыр туберкулезінен, бауыр мерезінен, бауыр амилоидозынан ажырата білу керек.
Жедел гепатиттер. Созылмалы гепатитті ең алдымен жедел гепатиттің сарғыштық жоқ түрінен ажырата білу қажет. Басты критерийлер – эпидемиологиялық анамнез. Көп жағдайда науқас адамда дәрігерге келместен бұрын сарғыштық алды кезеңнің белгілері (дене қызуының болмашы көтерілуі, әлсіздік, еңбекке қабілеттіліктің төмендеуі, буындардың ауруы, жүрек айну, құсу, тәбеттің болмауы) болады. Диагноз қоюға лабороториялық мәліметтер, оның ішінде серологиялық зерттеу мәліметтері көмектеседі. Диагноз қоюда шешуші рольді бауыр биоптатын зерттеу атқарады.
Бауыр циррозы. Бауыр циррозында созылмалы гепатитте кездесетін симптомдармен қатар порталді гипертензия симптомдары болады: асцит, коллатеральдар, өңештің кеңейген коллатералдық веналарынан қан кету, спленомегалия. Бауыр циррозының диагнозын қоюда УЗИ, радионуклидтік әдістер көмектеседі.
Бауыр эхинококкозы сол жақ қабырға астының жаншып ауруымен сипатталады. Сипап тексергенде ұлғайған, тығыз, ауыратын бауыр анықталады, аурудың альвеолалық түрінде «тас сияқты тығыз» түйіндер анықталады. Ауру баяу үдейді. Қанда гиперэозинофилия болады. Эхинококк антигеніне оң мәнді латекс – агглютинация реакция болады. Диагноз қоюда УЗИ көмектеседі.
Бауыр туберкулезі. Ауруға тән белгілер – малшып терлеу, дене массасының азаюы, дұрыс типті емес қызба. Аурудың клиникасында өкпе туберкулезінің соңғы сатысының немесе ішек туберкулезінің фонында дамыған толық диссиминация симптомдары басым болады. Гепатомегалия, әдетте милиарлы туберкулезде байқалады. Сарғыштық пен спленомегалия болмайды. Бауырдың функциялық сынамалары өзгермеген, бауыр циррозына айналу байқалмайды. Бауырдың спецификалық абцессі мен жыланкөз жолы қалыптасуы мүмкін, сирек бауыр амилоидозы дамиды.
Бауыр мерезі іштен туа болатын мерезде, ерте және кеш мерезде кездеседі. Жедел мерездік гепатит және гепатомегалия мерездің екінші сатысында туындайды. Бірақ аурудың клиникасында маңызды орын алмайды. Үшінші ретті мерезде ішінде гумма пайда болатындықтан бауыр өседі, оның үстінде түйіндер пайда болады. Анамнезінде – мерезбен ауырғандық мәліметтері болады. Бауырдың функциялық сынамалары өзгермеген, тұнба сынамаларда ауытқулар болмайды. Диагноз қоюда жұлын сұйықтығында оң мәнді Вассерман реакциясының болуы, УЗИ мәліметтері болуы көмектеседі. Диагноз дұрыстығының критерийі рольін лапороскопия мәліметтері атқарады.
Жоспар:
I.Кіріспе
Ø Гастроэнтерология ғылымы
II.Негізгі бөлім
Ø Гастроэнтерологиядағы негізгі синдромдардың екшеу диагностикасы
III.Қорытынды
IV.Қолданылған әдебиеттер
Қолданылған әдебиеттер:
1. Қ.А. Жаманқұлов Ішкі аурулар. Астана – Ақтөбе, 2008
2. Г.Е.Ройтберг, А.В. Струтинский Внутренние юолезни. Система органов пищеварения. Москва «МЕДпресс-информ» 2014