Жедел гепатит пен бауыр циррозы фонында дамыған
бауырлық энцефалопатияның айырмашылығы
Белгілер | Жедел гепатитте болатын бауырлық энцефалопатия | Бауыр циррозында болатын бауырлық энцефалопатия |
Анамнез Қоңдылық Бауыр Талақ Тамыр жұлдызшалары Энцефалопатия даму мерзімі Сарғыштық Асцит | Қысқа Қалыпты Кішірейген Сипап анықталмайды Болмайды Ауру басында ерте мерзімде Қазіргі ауруда кездеседі Энцефалопатияға кеш қосылады | Ұзақ Төмендеген Әдетте өскен Өскен Көп кездеседі Ауру басынан кеш мерзімде Анамнезде болады Энцефалопатиядан анағұр-лым бұрын, ерте дамиды |
Бауыр комасын ми қан айналысының бұзылысынан, басқа комалардан айыра білу керек. Бауыр комасында сарғыштық, ауыздан бауыр зақымдану иіс сезілетіні, анамнезде бауыр ауруына тән мәлімет, улану, гепатотропты әсерлер болатынын естен шығармау керек. Лабораториялық тексерулердің нәтижелерін де пайдалану керек.
Емі. Бауыр жетіспеушілігін емдеу 3 бағытта жүргізіледі: 1) түрткі факторды тауып, оны жою; 2) аммиак және басқа токсиндердің өндірілуі мен ішекте сіңуін азайту; 3) нейромедиаторлық тепе-теңдікті тура немесе жанама өзгертетін препараттарды тағайындау.
Жедел дамитын бауырлық энцефалопатияда:
1) Төсек режимі белгіленеді.
2) Тағамның жалпы калориясы 1600 ккал шамасында болуы керек. Рационда белок болмауы керек. Жеміс шырындары (апельсин, шабдалы, алхоры) кең қолданылады. Парентеральды қоректену белгіленеді: венаға тамшылатып 10% глюкоза ертіндісінің 1-2 л тәулік кезінде жібереді. Онымен қатар интралипидтің (соя майынан алынған май эмульсиясы) 100-300 мл венаға тамшылатып егіледі.
3) Қолданылмайтын гепатотоксикалық препараттар: ұйқы тудыратын дәрілер, транквилизатор-лар, несеп жүргізетін дәрілер – диакарб, гипотиазид; анальгетиктер; антибиотиктер – оксациллин, рифампицин т.б.; анаболикалық стероидтар. Гепатоциттер мен ОНЖ метаболизмін жақсарту үшін витаминдер мен коферменттер тағайындалады: В1-витамині – тәулігіне 20-50 мг; В6-витамині – 0,05-0,1; С витамині – 0,3-0,5 г; рибофлавин – мононуклеотид (В2 витаминінің коферменті) 1% ертіндінің 1 мл күнге 1-2 рет бұлшық етке егу; пиридоксальфосфат (В6-витаминінің коферменті) – 0,01-0,02 күнге 2 рет бұлшық етке немесе венаға егу.
4) Интоксикациямен күрес мақсатында және улы заттардың организмде әрі қарай жиналуының алдын алу мақсатында іске асырылады:
а) күн сайын ішекті сифонды жуу, қолданылатын сұйықтыққа сода мен карболен қосылады;
б) асқазанды жуып, жуынды суды сорып алу;
в) ішектегі микрофлораны басу және аммиактың түзілуін тежеу үшін зонд арқылы немесе ішке антибиотиктер беру керек: неомицин 1 г 4 сағат сайын немесе канамицин 0,5 4 рет немесе ампициллин 0,5 4 рет немесе метронидазол 0,2 4 рет тәулігіне;
г) ішекте қышқыл орта жасау үшін және аммиак түзетін бактериялалардың іс-әрекетін тежеу мақсатында, осмотикалық диарея тудыру, аммиактың сіңуін азайту және оны жою үшін лактулозаны (нормазе, порталак) ішке 15-45 мл тәулігіне 2-4 рет қабылдайды. Комада лактулоза мұрын – асқазан зондысы арқылы немесе клизма түрінде (судың 700 мл 30 мл лактулоза қосады) беріледі. Лактулоза орнына лактиол қолдануға болады (10 г күнге 3 рет)
д) қанға сіңген аммиакты залалсыздандыру үшін орницетил (препараттың 15-25 г глюкозаның 0,5% ертіндісіне қосып венаға егеді немесе 2-6 г препараты тәулігіне бұлшық етке егеді), гепамерц (20,0 орнитин – аспартатты изотониялық ертіндінің 500 мл ерітіп, венаға 7 күн бойы егеді, кейін 18 г/тәул. дозаны күнде 3 рет бөліп ішеді, 14 күн бойы), гепасол А қолданылады;
е) дезинтоксикациялық мақсатта венаға тамшылатып глюкозаның 5% ертіндісі мен витаминдерді қосып, тәулігіне 2,5-3 л көлемінде егеді; гемодез; альбуминді (5-10% ертіндінің 200-400 мл венаға тамшылатып егеді) сорбитолмен (15% ертіндінің 800 мл) және маннитолмен (30% ертіндінің 80 мл/тәул.) қосып егеді.
5) Электролиттік тепе-теңдікті түзеу: гипокалиемияда венаға жіберілетін глюкозаның әр литріне 3 г калий қосып егеді; гипонатриемияда – натрий хлоридының 10% ертіндісінің 20-30 мл, сонымен қатар натрий хлоридының изотониялық ертіндісінің 0,5-1 л венаға тамшылатып егеді; гипокальциемияда – кальций глюконатының немесе кальций хлоридының 10% ертіндісінің 10-20 мл венаға егеді.
6) Қышқыл – сілті тепе-теңдігін түзеу: метаболизмдік ацидозда (Куссмауль тынысы) 4% натрий бикарбонатының 200-400 мл егеді; гипокалиемиялық алкалозда (портокавальды комада болады) калий хлоридын глюкозаның 5-10% ертіндісіне қосып егеді.
7) ТСҚҰ – синдромында: І (гиперкоагуляциялық) сатысында гепарин, жаңадан қатырылған плазманың 300-400 мл, реополиглюкиннің 400-600 мл тағайындалады; ІІ (гипокоагуляциялық) сатыда – венаға тамшылатып фибринолиз ингибиторлары егіледі: 5% аминокапрон қышқылының 300 мл; трасилолдың 80000-100000 ӘБ, контрикал 90000 ӘБ/тәулігіне; жаңадан қатырылған плазма (300-400 мл), антигемофилиялық плазманың 200-400 мл.
Гипогликемияның ауыр дәрежесінде 40% глюкозаның 40 мл венаға ағындатып егіледі.
Метаболизмді жақсарту үшін барокамерада гипербариялық оксигенация жасалады (2-3 атмосфера қысымды қолданып 1-3 сағат бойы).
Артериялық гипотензияда венаға тамшылатып полиглюкин, реополиглюкин егіледі, бұлшық етке мезатонның 1% ертіндісінің 1-2 мл, венаға тамшылатып допмин (реополиглюкинге немесе физиологиялық ертіндіге 80 мг қосылады) жіберіледі. Жүрек әлсіздігінде строфантин егеді.
Инфекциялық асқынуда емді ципрофлоксацинді венаға егуден (1 г күнге 2 рет) бастайды, кейін басқа антибиотиктер беруге болады.
Жедел бауыр жетіспеушілігін емдеуде де кортикостероидтар қолданылады. Орташа дозасы – преднизолонның 300-800 мг парентеральді егіледі.
Жедел бауыр жетіспеушілігін емдеу үшін басқа да арнайы (активті) ем әдістері қолданылады: қанды ауыстырып құю (науқастың 0,5-1,5 л қанын күн ара донор қанымен алмастырып құяды, барлығы 2-5 сеанстан тұрады), гемосорбция (гепатотропты улармен уланғанда дамитын жедел бауыр жетіспеушілігінде, іріңді – сепсистік асқынуларда және экзогендік энцефалопатияда), плазмаферез, гемодиализ қолданылады.
Жасы 60-тан аспаған, бұл ауруға дейін бауыр қызметі қалыпты күйде болған және бауыр трансплантациясынан кейін посттрансфузиялық режимді толық көлемінде сақтауға мүмкін болған жағдайда бауыр трансплантациясы жасалады.
Бауырлық энцефалопатияның профилактикасы науқас адамды бақылау және мезгілінде дәрігерлік көмек көрсету жолдарымен іске асырылады.
Прогнозы бауыр – клеткалық жетіспеушіліктің дәрежесі мен бауырлық энцефало-патияның сатысына тәуелді болады.