Газды гангрена қоздырғышының морфологиясы және дақылдық қасиетін анықтаңыз.
Морфологиясы. Клостридиялар - ірі, грам оң, спора түзетін таяқшалар. Клостридиялардың орфологиялық белгісі (бациллалардан ажырататын): спора диаметрі таяқшаның көлденең молшерінен лкен болады, споралары субтерминальды немесе таяқшаның ортасында орналасады. Газды гангрена клостридиялары зақымдалған тіндерде капсула түзеді.
Дақылдандыруы. Сүйық және тығыз қоректік орталарда анаэробты жағдайда өседі. Ең көп сахаролитикалық белсенділігі бар газды гангрена қоздырғышының түрі: Сіозігісііит рег&іп§епз. Ең көп вротеолитикалық белсенділігі бар газды гангрена қоздырғышының түрі: Сіозігійіит һізіоіуіісит. Газды гаигрена қоздырғыштарын дифференциациялау критерилері: дақылдық, биохимиялық қасиеттері, экзотоксиндері АГ-дері бойынша ажырату.
Ферменттік белсенділігі. Ферменттердің әсер етуінің салдарынан жасушалар спецификалық емес улы затгарға ыдырайды. Патогенді ферменттердің (протеиназа) әсерінен микроб түзетін токсиндердің белсенділігі жоғарылайды, бұлшық еттердің түсі пісірілген ет түсті болып өзгереді. Сонымен қатар бактерия сахаролиттік, протеолиттік және басқа да белсенділіктерге ие. Сахаролиттік белсенділігі глюкозаны, лактозаны, мальтозаны ферменттеп, қышқыл мен газға дейін ыдыратуымен байқалады, протеол белеенділігі желатинді гидролиздеуімен, сүтті үйытып газ бөлуімен байқалады, ал басқа белсенділіктеріне лецитеназалық, гемолитикалық және тышқандарға леталдылық белгілерім айқындалады.
36. Гепатит А-ның зертханалық диагноз қою принциптері. Микробиологиялық диагноз қою. Зерттеу заттары:қан сарысуы және науқастың нәжісі. Гепатит А вирусының антигендеріне қарсы пайда болған антиденелер (ІgМ және ІgG) және вирустық РНҚ вирус репликациясының маркерлері болып табылады-ИФТ, РИТ, ИЭМ-мен анықтайды.Емдеуі-жалпы симптоматикалық. Вирусқа қарсы бағытталған химиялық препараттар қолдану тәсілі жасалмаған. Құрамында интерферон, оксолин бар жақпалар қолданылады.Алдын алу шаралары. Ішек инфекцияларына қарсы жалпы медициналық бейспецификалық профилактикалық шаралар жүргізіледі.Спецификалық алдын алу мақсатында вакцина егу қолданылады. Ол үшін инактивацияланған және рекомбинантты яғни гендік-инженерлік (ГАВ геномы шешек вакцинасы вирусының геномына интеграцияланған) вакциналар пайдаланылады:ГепА-ин-Вак-инактивацияланған, концентрацияланған, тазартылып адсорбцияланған дақылдық сұйық вакцина (Ресей).ГепА-ин-Вак-Пол-инактивацияланған, концентрацияланған, тазартылып адсорбцияланған, полиоксидон қосылған, дақылдық сұйық вакцина (Ресей).Аваксим -инактивацияланған вакцина (Франция).Хаврикс 720 (балалар үшін) және 1440 (ересектерге арналған) инактивацияланған вакцина (Англия).Вакта ( 50 ЕД, 25 ЕД)-инакгивацияланған вакцина (АҚШ).Енжар (пассивті) иммунитет қалыптастыру ішін донорлардың қан сарысуынан дайындалған иммундыглобулин қолданылады.
37. Гепатит В,С-ның зертханалық диагноз қою принциптері.Микробиологиялық диагноз қою. Зерттеуге алынатын негізгі материал - қан, қан сарысуы.ВГВ репликациясын көрсететін маркерлер - НВе-антиген, НВс-антигенге қарсы антиденелер (Іg М), вирустық ДНҚ және вирустық ДНҚ-полимераза. Қолданылатын негізгі реакциялар - ИФТ, ЖГАР, ПТР.НВs-антигеннің, НВs-антигенге және НВс-антигенге қарсы Іg М-нің жоғарғы титрде болуы инфекцияның «жаңадан» болғанын көрсетеді. НВс-антигенге қарсы антиденелер - инфицирленудің маңызды диагнос-тикалық маркері (әсіресе, НВс-антигенді анықтау теріс нәтижелі болғанда).НВс-антигенге қарсы Іg М - ВГВ-ң ең алғашқы сарысулық маркері. Созылмалы гепатит кезінде вирустың репликациялануын және бауырдағы процестің белсенділігін көрсетеді. Олардың жойылуы организмнің вирустан тазаланғандығын немесе инфекцияның интегративті фазасы дамуының көрсеткіші болып табылады.НВс-антигенге қарсы Іg G - ұзақ жылдар бойы сақталады, инфекция бар екенінің немесе бұрынырақ ауырып тұрғанының куәсі болып табылады.НВе-антигенге қарсы антиденелер - вирус интеграциялануының серологиялық маркері. Іg G-дің НВс және НВs-антигендерімен кешені инфекциялық процестің толық аяқталғанын көрсетеді.НВs-антигенге қарсы антиденелер-протективті антиденелер және вакцина еккеннен кейін де пайда болады, вирустық инфекцияның аяқталғанын көрсете алады.Әр түрлі антигендерге қарсы антиденелер синтезделу динамикасы бірдей емес. Күмәнді (продромальды) кезеңде НВс-антиденелер жойылғаннан кейін НВs антиденелер пайда болады.ВГВ-ның ДНҚ-ы табылуы процестің вирусемиялық сатыда екенін және вирустың репликативті белсенділігінің жоғары екенін көрсетеді. Жедел В гепатиттің жасырын кезеңі барысында қан құрамында вирустық ДНҚ жылдам көбейеді, аурудың жіті фазасында максимальды деңгейге жетеді. Вирустың ДНҚ -ның 5-6 ай қан айналымында болуы қолайсыз болжам критерийі болып табылады және прцестің созылмалы түрге ауысқанын көрсетеді.ВГВ-ның серологиялық маркелері бойынша ауру сатыларын (фазаларын) анықтаудың қарапайымдалған сызбанұсқасы: Аурудың жедел фазасы: ВГВ ДНҚ-ы, НВsАg, НВеАg, аntі - НВсог ІgМ. Айығу (реконволеценцш) фазасы: аntі -НЬсогlgG, аntі- НВе ІgМ. Сауығу ( нммунитет) фазасы: аntі - НВs, аntі- НВе, аntі - НВсогІgG. Гепатит с – ның микробиологиялық диагноз қою. Негізгі зерттелетін затгар - науқастың қаны, қан сарысуы. Вирус репликациялануының маркерлері - гепатит С вирусының антигендеріне қарсы антиденелер және вирустық РНҚ. Маркерлер ИФТ, ПТР әдістерімен анықталады. Вирус спецификалық антиденелер орташа есеппен 3 айдан кейін пайда болады. Оларды анықтау - вируспен инфицирленгенін немесе осы инфекциямен ауырғандығын көрсетеді. Серонегативті кезенде СГВ-ның РНҚ-ын анықтайды. ИФТ нәтижесін дәлелдеу үшін рекомбинативтік иммундыблоттинг әдісін қолданады.
О
28. Обаның лабораториялық диагностикасы,арнайы алдын алу шаралары мен емдеу тәсілдері.
Микробиологиялық диагноз қою. Барлық зертгеулер арнайы зертханаларда, қорғаныш киімдерімен жүргізіледі. Зерттеу материалы бубон пунктаты, қақырық, қан, нәжіс, мәйіттер мен олген жануарлар агзаларының бөлшектері болып табылады.
Зерттеудің бірінші күні. Әкелінген материалдан жағынды дайындайды, оны ауада кептіреді, Никифоров ерітіндісінде 20-30 минут фиксациялайды. Жағындыны Грам әдісімен және метилен көгімен бояйды. Жағындыларды микроскопта қараған кезде, алдын-ала болжамдау диағноз қоюға мүмкіндік беретін, биполярлы боялған грамтеріс сопақша таяқшалар анықталады. Люминесцентті сары суымен боялған жағындыда арнайы жарқыраған оба микробтары көрінген болса алдын-ала болжамды диагнозының дүрыстығын көрсетеді.
Нативті материалда оба микробының 1 - фракциясын анықтау үшін иммуноглобулинді және антиденені антигендік диагностикуммен немесе обаға қарсы люминесцентті сары суымен өндейді, кейінгі кезде ПГАР және антигенді бейтараптау реакциясы иммундыглобулинді диагностикуммен микробына қарсы Ғ1 антиденелерді ауру қанынан анықтау үшін қолданады.
Басқа микробтан таза зерттеу материалдарын осіргіш заттар қосылған (қан, натрии сульфиті және т.б.) Хоттингер немесе Мартен агарларына және сорпаларына себеді. Қүрамында басқа микрофлора бар материалдарды 1:200 - 1:800 концентрациялы генцианфиолет бар Туманский ортасына себеді. Ортаны 28°С температурада, оба микробының 1 - фракциясын анықтау үшін 37°С инкубациялайды.
Зерттеудің бірінші күні фагпен сынама қоюға болады - жедел әдіс. Зерттеу материалын Туманский орталарына: бір табақшаға бір тамшы зертгеу материалын сеуіп оған бір тамшы оба фаг тамзады, келесі табақшаға материал себіледі, сосын табақша шетіне фаг тамызып оны «жол» сия ағызады; үшінші табақшаға (бақылау) материал енгізіп себеді.
Теңіз шошқасы мен ақ тышқанға биологиялыц сынама қояды. Қақырықты, көмейден алынғы шайындыны, ашық абсцесс іріңін тері ішіне жағу арқылы енгізеді (алдын-ала тері жүнін қырып тастайды стерильді изотоникалық натрий хлориді ерітіндісін жағып скарификациялайды). Скарификацияланғ аймаққа зерттеу материалын, скальпелдің жалпақ бөлігімен (аймақ бетін стерильді Петри табақшасыме қалқалап) жағады. Ластанбаған материалды (қан, жабық бубон ішіндегісі және т.б.) жануарлардың те астына немесе іш қуысына енгізеді. Жануарлар 3-9 күнде өледі. Диагноз қоюды жеделдету үшін біртеңі шошқасына және ақ тышқанға жүқтыруға 2 сағат қалғанда гидрокортизонның 5 мг-ын аяқ тері астын енгізеді. Жедел диагноз қою үшін гидрокортизон егілген ақ тыщқанды 1-ші тәуліктен кейін сояды, 3-ші тәулікте гидрокортизон егілген теңіз шошқасын сояды, қалғанын 6-ші тәулікте сояды.
Зерттеудің екінші күні (18-24 сағаттан кейін). Тығыз және сүйық қоректік орталардағы микроб өсуін зерттейді. Сүйық ортада қалыпты өскен колониялардан жағынды дайындап Грам әдісімен және метилен көгімен бояп микроскопта қарайды. Тығыз қоректік ортада өскен қалыпты колонияларды таза дақыл бөліп алу және идентификациялау үшін іріктейді.Оба қоздырғышына күмәнді екі-үш колонияларға оба бактериофагтарын тамызады. 10-12 сағат инкубациядан кейін оба бактериофагтарымен қойылған сынамаларды талдайды. Оба бактериофагтарының әсерінен лизистенген колониялардың диагностикалық маңызы бар. Зерттеу материалында оба микробы болған жағдайда анықталады: 1-ші табақшада - стерильді таңба, 2-де - фаг енгізілген жерде стерильді жолақ, 3-де - қалыпты оба микробы.
Зерттеудіц үшінші күні (36-48 сағат). Бөліп алынған дақыл келесі негізгі белгілері бойынша идентифи кациял анады:
микробтың морфологиялық (нативті материал мен таза дақыл микропрепараттары), Хоттингер сорпасы мен агарындағы колониялар сипаттары; оба бактериофагына сезімталдығы; таза дақылдың люминесцентті микроскопта арнайы жарық шығаруы; ПГАР мен АгБР анықтаган оба микробына сәйкес арнайы Аг Ғ1 фракциясы болуы.
ферментативті белсенділігі - глицеринді, мочевинаны, рамнозаны, сахарозаны, глюкозаны және т.б. ыдырату.
Идентификациямен қатар сериялық сүйылту және дискілеу әдістерімен антибиотиктерге сезімталдығы анықталады.
Зерттеудің төртінші күні (60-72 сагат). Идентификация қорытындысы келесі сынамалармен қойылады:
оба бактериофагына және антибиотиктерге сезімталдығы; 1 - фракцияны ИФР, ПГАР немесе АдБР рқылы анықтау; ферменттік белсенділігін анықтау.
Қорытынды диагноз дақылды бөліп алып идентификациялау, зерттеу материалын жұқтырған теңіз иошқалары мен ақ тышқандардың өлімі негізінде қойылады. Зерттеу материалында Ғ1 антигенді анықтау ІФР) және серологиялық әдістер (ИФТ, ПГАР, АгБР-антигенді бейтараптау реакциясы және АдБР- ценені бейтараптау реакциясы) қолданылады.Емдеуі. Антибиотиктер (стрептомицин, тетрациклин, левомицетин, рифампицин, ципрофлоксацин) әне ұзақ уақыт әсер ететін сульфаниламидтер және обаға қарсы иммундыглобулин мен спецификалық фаг қолданылады.Алдын алуы. Шет елден инфекцияның әкелінуін және оба бойынша эндемиялық ошақтарда аурудың цайда болуын алдын алуға бағытгалған шаралар негізгі болып табылады. Ол үшін халықаралық және республикалық ережелер мен талаптарға негізделетін шаралар жүйесі бар. Біздің елде бұл індетке қарсы шараларды жүргізетін обаға қарсы орталық және арнайы станциялар торабы бар. Арнайы сақтандыруды эпидемиялық көрсеткіштер бойынша обамен ауыратын науқас пайда болуы жағдайында немесе обаның табиғи ошақтарында түратын адамдар арасында жүргізеді. Аттенуацияланған ЕУ штамынан алынған тірі яна қолданылады, оны тері үсті, тері астына (инесіз егу), пероралды және аэрозолды жолмен енгізуге олады. Вакцинациядан кейін түзілген иммунитет 6 айға созылады. Ревакцинация 12 айдан кейін жүргізіледі.
42. Ортомиксовирустардың лабораториялық диагностикасы,арнайы алдын алу шаралары мен емдеу тәсілдері. Микробиологиялықдиагноз қою. Зерттеу заттары: мұрын-көмей шайындысы, қан, конъюнктива бөліндісі, секциялық материал. Вирус иітамдарын бөліп алу (вирусологиялық әдіс): Тауық эмбрионына жұқтыру; жасуша дақылдарына жұқтыру (адам және иттің эмбрионының бүйрегінен дайындалған біріншілік жасуша дақылдары, тауық эмбрионының фибробласты, ауыспалы жасуша дақылы - МДСК); зертханалық сезімтал жануарларға жұқтыру (ақ тышқандарға). Вирусты индикациялау: Эмбрионның өлуі; ХАҚ (ХАО)-да түйіншек-тандақтар пайда болуы; ЦПӘ (ЦПД), ГАР,ГАдР; Зертханалық жануарлардың өлуі (ағзаларында өзгерістер болуы) бойынша жүргізіледі. Вирусты идентификациялау: ГАТР, БР, КБР, ИФТ, ИФР, молекулалық гибридизациялау әдістері бойынша атқарылады. Серологиялық әдіс (ретроспективті диагноз қою): ГАТР, БР, КБР, ИФТ. Жедел (экспресс) диагноз қою: ГАТР, ИФР, ИФТ, ПТР.Емдеуі.б-интерферон (ІFN) вирустардың өсін-өнуіне кедергі жасайды. ІFN фагоцитоздың, табиғи киллердің белсенділігін, НLА антигендердің экспрессиясын стимульдейді. Интерферон вирус көбеюінің кез келген сатысында тоқтата алады. Негізгі әсер ету механизмі-протеинкиназалардың синтезделуін қолдау (индук- циялау). Трансляциялық сатысына тосқауыл қоюы және вирустың и РНҚ-ын ыдыратуы-кез келген инфекцияларда ІFN-ның әсер ету механизмінің әмбебап екенін көрсетеді. -Ремантадин (амантадин) М-ақуызды бөгеп және жасуша лизосомасының рН-ын өзгертіп, гриптің А -вирусының репродукциялануына кедергі жасайды. Вирустың В типшесінің құрамында М-ақуыз жоқ, оның орнында NВ-ақуыз болады (құрамында амантадин байланыстырушы сайт жоқ). Сондықтан, оған римантадин әсер етпейді. Мұндай препаратпен емдеу вирус жұққаннан кейінгі алғашқы 48 сағатта ғана тиімді. Жағымсыз әсер беру мүмкіндігіне байланысты жүкті әйелдерге, 7 жасқа дейінгі балаларға, бауыры, бүйрегі ауыратындарға, тиреотоксикозбен науқастанғандарға бұл препаратты тағайындауға болмайды.
- Арбидол - грипп вирусының А және В типтеріне әсер ететін препарат, улық қасиеті жоқ, иммундық модулятор және эндогенді интерферон индукторы.
- Препаратгардың басқатобы - нейраминидаза ингибиторлары (озельтамивир, занамивир т.б.). Олар нейраминидазаның консервативті учаскесімен байланысады. Нәтижесінде инфицирленген жасушадан вирустық бөлшектердің шығуын тежейді. Мұндай препаратпен емдеу вирус жұққаннан кейінгі 36 сағатқа дейін ғана нәтижелі болады.
Симптоматикалық емдеу (дене қызуын басатын, қан тамырларын кеңейтетін, антигистаминдік препараттар, дәрумендер, детоксикациялау, иммундымодуляторлар, протеолиз ингибиторлары т.б.) қолданылады.
Спецификалық профилактикасы. Қазіргі кезде грипп инфекциясына қарсы бірнеше вакциналар қолданылады:
- Ультравак - аллантоистық құрғақ тірі вакцина интраназальдік (Ресей);
- инактивацияланған элюатты центрифугаланған сұйық вакцина (Ресей);
- Грипповак - инактивацияланған центрифугаланған сұйық вакцина (Ресей);
- хромотографиялық инакгивацияланған сұйық вакцина;
- Гриппол - полимер - суббірлік вакцина (Ресей);
- Агриппал 81 -суббірлік вакцина (Германия);
- Бегривак-ыдыратылған сплит - вакцина (Германия);
- Ваксигрипп - сплит - вакцина (Франция);
- Инфлювак - суббірлік вакцина (Голландия);
- Флюарикс - сплит - вакцина (Германия, Англия, Бельгия).
Грипп инфекциясына қарсы вакциналардың бәрі тривалентті. Олардың құрамында вирустың үш штамы болады, оның екеуі А типінікі (антигендік формалары - НШІ, НЗЫ2), біреуі-В типінікі. Жас балалар (7 жасқа дейінгі) үшін профилакгикалық мақсатта сплит және суббірлік вакциналар қолданыладьГ.Сплит - ол реакгогенді липидтерден тазартылған, детергентпен ыдыратылған грипп вирусының вирионынан тұрады. Суббірлік құрамында спецификалық белсенді компоненті ретінде вирустың тек қана беткейлік антигендері - гемагглютинин (НА) және нейраминидаза (ИА) болады. Бүтін вириондық және сплит-вакциналардың құрамында НА жэне NА-дан басқа грипп вирусының консервацияланған ішкі ақуыздары (матрикстік және нуклеопротеиндік) болады. Олар егу кезінде Т-лимфоцитгердің жасушалық иммунологиялық жадында сақтау қабілеттілігінің ауқымдылығы мен ұзақтығына едәуір әсер етеді. Сонымен бірге, бүтін вириондық және сплит-вакциналар антиген-өкілеттілік түрі бойынша қолайлы. Өйткені олардың протективті антигендері вирустық мембранаға немесе оның фрагментгеріне жапсырылған. Суббірлік вакциналарда гемагглютинин және нейраминидаза жекеленген молекулалар түрінде беріледі. Вакцинация барысында айқын иммунитет 3- 4 аптадан кейін байқалады. Вакцина егу антигендік сәйкестігіне қарай 1-3 жылға дейін грипп вирусына қарсы қорғаныс қабілеттілігін қамтамасыз етеді. Грипп инфекциясына қарсы қолданылатын вакциналардың бәрінің профилактикалық төзімділік коэффициенті жақсы (50-80%). Тауық түқымының ақуызына аллергиялық жағдай грипп инфекциясы кезінде қолданылатын вакциналардың бәріне қарсы көрсеткіш (противопоказание) болып табылады.
П Полимиелит ауруының зертханалық диагноз қою принциптері.Микробиологиялық диагноз қою.Клиникалық көрінісі жоқ (инаппарантты түрі) - зерттеу үшін арнайы материал алынбайды, вирустасымалдаушылық кездейсоқ жағдайда анықталады.ОЖЖ зақымдалмаған, гастроэнтеритке тән симптомдар бар (абортивті, висцеральды ж.б. түрлері) - зерттеуге мұрын - жұтқыншақ шайындысы, нәжіс, қан, несеп алынады.Жүйке жүйесінің зақымдану симптомдары бар - зерттеуге мұрын - жұтқыншақ шайындысы, нәжіс, несеп, жұлын сұйықтығы, өліктен материалдар алынады.Вирусологиялъқ әдіс: жасуша дақылдарына (біріншілік - маймылдардың бүйрегінен дайындалған; ауыспалы - НеІа, Нер-2 ж.т.б.) жұқтыру. Вирусты индикациялау (өсіп - өну көрсеткіші) - ЦПӘ (толык дегенерация), таңдақ түзу, түсті сынама.Вирусты идентификациялау - БР, ИФТ. Серологиялъқ диагноз қою (қос сарысулармен) - КБР, БР, ИФТ. Сарысу құрамындағы иммундыглобулин кластарын (.1gG, ІgА, .JgМ) Манчини тәсілі бойынша радиалдық иммунды-диффузиялық әдіспен анықтайды. Жедел диагноз қою - ПТР, ИФР (нәжіс, жұлын сұйықтығы).
К