Тақырып. организм реактивтілігініҢ дерттанудаҒы маҢызы

Мақсаты: аурудың туындауы мен дамуында организм реактивтілігінің маңызын анықтау.

Дәріс жоспары:

1. Организм реактивтілігі, анықтамасы. Тітіркендіргішке организм жауабының түрлері.

2. Организмнің төзімділігі, анықтамасы, төзімділіктің түрлері.

3. Реактивтіліктің түрлері, сипаттамалары.

4. Реактивтіліктегі жастың, жыныстың және организм конституциясының маңызы

Дәріс тезистері

Реактивтілік(Re – қарсы; action - әсер)- сыртқы ортаның әсерлеріне организмнің белгілі бір жолмен жауап қайтару қасиеті (Н.Н.Сиротинин).

Реактивтілік – сыртқы орта ықпалдарының әсерлеріне организмнің, оның жекелеген ағзалары мен жүйелерінің тіршілігін өзгертіп жауап қайтару қасиеті немесе қабілеті (А.Д.Адо).

Реактивтілік белгілі бір тітіркендіргішке (жылдамдығы, қарқындылығы және әсерлердің ұзақтығы) организмнің серпілісін сипаттайды.

Реактивтіліктің көріну түрлері:

Нормергия – әдеттегі тітіркендіргішке организмнің қалыпты жауабы, мұнда нормергиялық жауап серпілісі туралы айтылады

Патергия- қалыптан тыс жауап:

· гиперергия– реактивтіліктің жоғарылауы

· гипергия – органихм реактивтілігінің төмендеуі (аурулар сылбыр, белгілері айқын болмай өтеді) (қарттардың реактивтілігі)

· анергия - реактивтіліктің мүлде болмауы (өзі ауырмай микробтардың тасымалдаушылары болады, терең кома, сілейме, наркоз жағдайларындағы)

· дизергия - қалыптан тыс, бұрмаланған жауап (төмен температураға тамырлардың кеңеюі, жарыққа көз қарашығының кеңеюі)

Организм төзімділігі – ауру туындататын ықпалдарға организмнің тұрақтылығы (resisteo-қарсы тұру). Төзімділік белсенді және енжар, біріншілік (туа біткен) және екіншілік (жүре пайда болған) болып бөлінеді

Белсенді төзімділік: гипоксия кезінде эритропоэздің әсерленуі, қабынудағы фагоцитоз, иммунитет, уларды бейтараптау.

Енжар төзімділік: тері және шырышты қабаттар, скелет, асқазан сөлінің тұз қышқылы.

Реактивтіліктің түрлері

· Түрлік – реактивтіліктің жалпы түрі, бүкіл бір түрдің жауап қайтару ерекшелігі (құстардың мекенін ауыстыруы, сүтқоректілердің қысқы ұйқысы, түрлік иммунитет)

· Топтық - түрдің ішіндегі кейбір топтардың жауап қайтару ерекшелігі (жыныс, жас, конституция, нәсілдік ерекшелік, қан топтары, ж.б.)

· Даралық - еке тұлғалардың реактивтілігі, әр адам қайталанбайтын тұлға екендігін көрсетеді.

· Реактивтілік физиологиялық (организмнің қалыпты жауабы)

және патологиялық (организмнің қалыптан тыс жауабы) болып бөлінеді.

Арнайыланған немесе иммунологиялық реактивтілік – антигеннің әсеріне антидене немесе жасушалық серпілістер кешенін (физиологиялық) түзіп жауап беруі Патологиялық арнайыланған реактивтілік – иммунитеттің ақаулары (аллергия, иммунодепрессивті, иммуннотапшылықты жағдайлар). Бейнақты реактивтілік – сыртқы орта ықпалдарына организмдегі иммундық жауаппен байланыссыз өзгерістер.

Дене бітімі (лат. constitutio – жағдай, қасиет) – тұқым қуалаушылықтың және жүре пайда болған қасиеттер негізінде қалыптасқан, жеке тұлғалардың құрылымдық, функциялық және жандүниелік ерекшеліктерінің жиынтығы.

Жеке тұлғаерекшеліктерін ажырату үшін көптеген жіктеулер ұсынылды. Сиго мен Кречмердің жіктеуінде құрылымдық ұстаным жатыр. И.П.Павлов пен Богомольцтің жіктеу негізіне реттеуші жүйелердің қызметі алынған. Құрылымдық және қызметтік ұстаным М.В.Черноруцкийдің жіктеуінің негізіне алынған. Бұл жіктеу кең қолданылады, себебі дене бітімі белгілі бір топқа жататын адамдардың патологиясының ерекшелігін анықтауға болады. Гиперстениктер семіруге, қан қысымының көтерілуіне, қантты диабет ауруына бейім, катехоламиндер әсері күшейген. Астениктер анемияға, гипотензиялық жағдайларға бейім, туберкулез, Адиссон аруы жиі кездеседі. Нормостениктерде артриттер, тыныс алу жүйесі аурулары жиі кездеседі.

Адамның жасы жауап қайтару серпілістерін анықтайды. Ерте жастағы балалардың реактивтілігі үш түрлі жайттармен анықталады:

· Жүйке және эндокрин жүйесінің құрылымдық және функциялық дамуы аяқталмағандығымен.

· Иммундық жүйенің қызметінің жетілмегендігімен

· Физиологиялық тосқауылдардың жоғары өткізгіштігімен.

Қарт адамдарға патолоияның келесі ерекшеліктері тән:

· Ауру көріністерінің мардымсыз болуы (гипоергиялық жауап).

· Аурулардың созылмалы түрде өтуі.

· Патологияның көптігі

· Ауру кезінде бейімделу жүйелерінің тез қалжырауы

· Иммунитет жүйесінің жеткіліксіздігі, өспе ауруларының жиі кездесуі.

Жыныс ерекшеліктері жауап қайтару серпілістерін анықтайды. Әйелдер суыққа, аштыққа, қансырауға, гипоксияға төзімді, оларда эндокрин жүйесі аурулары жиі кездеседі. Ерлер стрессорлардың әсеріне төзімсіз, дезадаптация аурулары: жүректің ишемиялық авуруы, асқазанның ойық жара ауруы, артериялық гипертензия жиі кездеседі.

Көрнекті материал:

1.Мультимедиялық дәрістердің электронды түрі (студент кафедрадан алады)

2. Ә.Н.Нұрмұхамбетовтің редакторлығымен дәрістер курсы: Патофизиология в схемах и таблицах: – Алматы: Кітап, 2004. – ҚазҰМУ кітапханасында және кафедрада электронды түрі

Әдебиеттер:

Негізгі

1. Ә.Нұрмұхамбетулы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 80-115.

2. Патофизиология // Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2010., том 1, с. 308-324, 232-307

3. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 23-33.

4. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 81-90.

5. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 73-89.

Қосымша

6. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2009. - С. 21-23, С. 26-42.

7. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 41 - 44.

8. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С.133-149

9. Назаренко Н.М. Патофизиология раннего онтогенеза, Алматы, 1998.– 175с.

10. Ә. Нұрмұхамбетов. Ұрық даму мен балалық шақ ауруларының патофизиологиясы., Алматы, 2004. – 162б.

11. Н.В. Жуйко. Особенности реактивности детского организма, Алматы, 2006.- 68с.

Бақылау сұрақтары (кері байланыс)

1. реактивтіліктің түрлері.

2. төзімділіктің түрлері.

3. М.В. Черноруцкий бойынша конституцияның жіктелуі.

Наши рекомендации