Акушердік және гинекология. Әйел жыныс мүшелерінің ісіктері 5 страница

B) жатырдың жиырылу қасиетін бақылауды жалғастыру

C) жатырдың сыртқы массажы

D) жатыр қуысын қолмен тексеру

E) ішіне мұз қою

{Дұрыс жауабы}= D

{Күрделілігі}= 2

{Оқулық} = (Акушерство практическое. Айламазян Э.К. Новгород, 2001г.)

{Курсы} = 7

{Семестрі} = 14

{Тестілеушінің ықтимал білімі} =FM

$$$044

Жүктілік кезінде ұрықтың жедел гипоксиясы болу себептері, біреуінен басқасы:

A) жатыр жыртылуы

B) қалыпты орналасқан плацентаның уақытынан бұрын ажырауы

C) ұрыққа зиянды факторлардың әсері

D) эклампсия

E) интраплацентарлық тромбоздың түзілуі

{Дұрыс жауабы}= C

{Күрделілігі}= 2

{Оқулық} = (Акушерство практическое. Айламазян Э.К. Новгород, 2001г.)

{Курсы} = 7

{Семестрі} = 14

{Тестілеушінің ықтимал білімі} =FM

$$$045

Қалыпты орналасқан плацентаның уақытынан бұрын ажырауының жиі себептері:

A) ұзақ интергенетикалық интервал

B) күні жетілмегендік

C) жатыр тыртығы

D) гестоз

E) жас босанушы

{Дұрыс жауабы}= D

{Күрделілігі}= 2

{Оқулық} = (Акушерство практическое. Айламазян Э.К. Новгород, 2001г.)

{Курсы} = 7

{Семестрі} = 14

{Тестілеушінің ықтимал білімі} =FM

$$$046

Гемотрансфузия кезінде болатын асқынулар, біреуінен басқасы:

A) анафилактикалық шок

B) аллергиялық реакция

C) пирогенді реакция

D) ауырсыну шок

E) тромбоэмболиялық асқыну

{Дұрыс жауабы}= D

{Күрделілігі}= 2

{Оқулық} = (Акушерство практическое. Айламазян Э.К. Новгород, 2001г.)

{Курсы} = 7

{Семестрі} = 14

{Тестілеушінің ықтимал білімі} =FM

$$$047

23 жастағы алғаш рет жүкті болушы әйелде 38-39 апта жүктілігінде эклампсия ұатамасы болып қалды. Не істеу керек:

A) Наркоз беріп, интенсивті емді бастау

B) Наркоз беріп, кесар тілігі операциясы арқылы босандыру

C) Наркоз беріп, амниотомия жасау

D) Амниотомия жасау

E) Амниотомия жасап, толғақ қоздыруды бастау.

{Дұрыс жауабы}= B

{Күрделілігі}= 2

{Оқулық} = (Акушерство практическое. Айламазян Э.К. Новгород, 2001г.)

{Курсы} = 7

{Семестрі} = 14

{Тестілеушінің ықтимал білімі} =FM

$$$048

Жатыр жыртылу қаупінде босандыру әдісі:

A) акушерлік қысқыш салу

B) кесар тілігі операциясы

C) краниотомия

D) классикалық акушерлік бұру

E) толғақты күшейту.

{Дұрыс жауабы}=B

{Күрделілігі}= 2

{Оқулық} = (Акушерство практическое. Айламазян Э.К. Новгород, 2001г.)

{Курсы} = 7

{Семестрі} = 14

{Тестілеушінің ықтимал білімі} =FM

$$$049

20 жастағы қайталап жүкті болушы әйел қағанақ суы кеткеннен соң 6 сағаттан кейін босану қызметінсіз түсті. Жүктілік мерзімі – 33-34 апта. Не істеу қажет:

A) толғақ қоздыруды бастау

B) кесар тілігі операциясы арқылы босандыру

C) антибактериалды терапияны бастау

D) патология бөліміне жатқызу, антибактериалды терапияны бастау, сурфактантты жүйені жетілдіру

E) анализдерді алу.

{Дұрыс жауабы}=D

{Күрделілігі}= 3

{Оқулық} = (Акушерство практическое. Айламазян Э.К. Новгород, 2001г.)

{Курсы} = 7

{Семестрі} = 14

{Тестілеушінің ықтимал білімі} =PA

$$$050

Қынаптық тексеруде анықталынды: жатыр мойнының ашылуы толық, қағанақ қуығы жоқ. Нәресте басы бүкіл сегізкөз ойпаңын және қасаға байламын алып жатыр, отырықшы сүйек бұдырлары және құйымшақ ұшы пальпацияланады. Жебе тәрізді жік оң қиғаш өлшемде, кіші еңбек алдынан,сол жақта. Нәресте басы қай жерде орналасқан:

A) үлкен сегментімен кіші жамбас кіреберісінде

B) кіші жамбас қуысының кең бөлігінде

C) кіші жамбас қуысының тар бөлігінде

D) жамбас түбінде

E) кіші жамбастың шығаберіс жазықтығында

{Дұрыс жауабы}=C

{Күрделілігі}= 3

{Оқулық} = (Акушерство практическое. Айламазян Э.К. Новгород, 2001г.)

{Курсы} = 7

{Семестрі} = 14

{Тестілеушінің ықтимал білімі} =PA

$$$051

Әйел перзентханаға босанудың белсенді сатысында түсті, қағанақ суы 2 сағат бұрын кеткен. Кардиотокограммада нәрестенің ЖЖЖ толғақ уақытына байланыссыз баяулап, базалды деңгейге тез оралады, вариабелділігі жақсы. Бұл ЖЖЖ баяулауын қалай түсіндіресіз?

A) нәресте басының қысылуы

B) жатырлық-плацентарлық жеткіліксіздігі

C) нәрестенің метаболикалық ацидозы

D) кіндіктің мойынға тығыз оралуы

E) қағанақ қабының жарылуы

{Дұрыс жауабы}=E

{Күрделілігі}= 3

{Оқулық} = (Акушерство практическое. Айламазян Э.К. Новгород, 2001г.)

{Курсы} = 7

{Семестрі} = 14

{Тестілеушінің ықтимал білімі} =PA

$$$052

Әйел босану бөлмеде, босануға дайын. Бұл уақытқа дейін аналгезия немесе анестезия жасалмаған. Нәресте басы күшену кезінде аралық деңгейде көрінеді. Анестезияның қажет түрін таңдаңыз:

A) жыныс жүйкесін блокадалау

B) жұлындық анестезия

C) бұлшық етке морфин енгізу

D) эпидуралды анестезия

E) көк тамырға енгізетін анестезия

{Дұрыс жауабы}=A

{Күрделілігі}= 3

{Оқулық} = (Акушерство практическое. Айламазян Э.К. Новгород, 2001г.)

{Курсы} = 7

{Семестрі} = 14

{Тестілеушінің ықтимал білімі} =PA

$$$053

Науқасқа 17 жас. Диагнозы: Ювенилді жастағы дисфункционалды жатырдан қан кету. Науқасқа қан кетулердің қайталамауы үшін қандай гормондық алдын алу шараларын тағайындау керек:

А) Эстрогендерді циклдің 5-ші мен 25-ші күндерінде, 3-4 ай бойы

В) Гестагендерді циклдің 5-ші мен 25-ші күндерінде, 3-4 ай бойы

С) Эстроген-гестаген дәрмектерін циклдің 5-ші мен 25-ші күндерінде 3-4 ай бойы

D) Эстрогендерді I-ші фазада, преднизолонды II фазада 3-4 ай бойы

E) Эстрогендерді циклдің 16-ші мен 25-ші күндерінде 3-4 ай бойы

{Дұрыс жауабы}= C

{Күрделілігі}= 3

{Оқулық} = (Акушерство практическое. Айламазян Э.К. Новгород, 2001г.)

{Курсы} = 7

{Семестрі} = 14

{Тестілеушінің ықтимал білімі} = PA

$$$054

Қайта босанушы, босануда 5 сағат бойы. Толғақтары 2-3 минут сайын, 40-50секундқа жетеді, күші орташа. PV: жатыр мойны жайылған, ашылуы 7 см, қағанақ суы кетпеген. Басы кіші жамбастың кіреберісіне қондырылған. Жебе тәрізді жігі оң жақ қиғаш өлшемде, кіші еңбек сол жақ алдында. Мүйіске қол жетпейді. Босану қарқыны қандай?

А) шектен тыс күшті

А) жақсы

С) қанағаттанарлық

D) жеткіліксіз

E) босану әрекетінің әлсіздігі бар

{Дұрыс жауабы}= B

{Күрделілігі}= 3

{Оқулық} = (Акушерство практическое. Айламазян Э.К. Новгород, 2001г.)

{Курсы} = 7

{Семестрі} = 14

{Тестілеушінің ықтимал білімі} = PA

$$$055

Алғаш босанушы, 22 жаста, 4 сағат бойы босануда. Мерзімі жеткен жүктілік, жамбас өлшемдері 25-28-31-21см. Нәресте басымен жатыр, кіші жамбастың кіреберісіне қондырылған. Нәрестенің жүрек соғысы минутына 120 рет, анық, ритмді. Толғақтары 5-6 минут сайын, 40 секундтан, күші орташа. PV: жатыр мойны жайылған, ашылуы 3см. Қағанақ суы кетпеген. Жебе тәрізді жігі сол жақ қиғаш өлшемде, кіші еңбек оң жақ алдында. Диагноз?

А) Мерзімі жеткен жүктілік. Нәрестенің ұзынша орналасуы, I позиция, алдыңғы түрі, басымен жатуы. Босанудың I кезеңінің латентті фаза

В) Мерзімі жеткен жүктілік. Нәрестенің ұзынша орналасуы. Басымен жатуы, II позиция, алдыңғы түрі. Босанудың I кезеңі, активті фаза.

С) Мерзімі жеткен жүктілік, босанудың I кезеңі, активті фаза. Нәрестенің ұзынша орналасуы, басымен жатуы, II позиция, алдыңғы түрі. Нәрестенің құрсақішілік гипоксиясы.

D) Мерзімі жеткен жүктілік. Босанудың I кезеңінің әлсіздігі. Нәрестенің ұзынша орналасуы басымен жатуы, II позиция, алдыңғы түрі

E) Мерзімі жеткен жүктілік. Нәрестенің ұзынша орналасуы. Басымен жатуы. 1 позиция, артқы түрі. Босанудың I кезеңі, активті фаза.

{Дұрыс жауабы}= B

{Күрделілігі}= 3

{Оқулық} = (Акушерство практическое. Айламазян Э.К. Новгород, 2001г.)

{Курсы} = 7

{Семестрі} = 14

{Тестілеушінің ықтимал білімі} = PA

$$$056

Босанудың екінші кезеңінде қынаптық зерттеу жүргізгенде дәрігер шап байламының төменгі жартысы, 3 сегізкөз омыртқалары, отырықшы сүйектер қырлары бос болғанын анықтады. Ұрықтың басы қайда орналасқан:

А) жамбас кіреберісіне қондырылған

Наши рекомендации