Терідегі негізгі патологиялық бұзылыстар
Эпидермистің патоморфологиялық өзгерістері
Патогистологиялық өзгерістер | Интерпретация | Морфологиялық өзгерістер |
Гиперкератоз | Мүйізгекті қабаттың жасушаларының қалыңдауы | Мүйізгектену, ихтиоз |
Паракератоз | Түйіршікті және жылтырақ қабаттың болмауы(аяқталмаған мүйізгектену). Мүйізгекті қабаттың жасушаларында ядро сақталады(қалыптыда жоқ), түйіршікті қабат жоқ | Псориаз (қабыршақтардың түзілуі), парапсориаз |
Акантоз | Тікенекті қабат жасушаларының көбеюі, эпителийдің қалындап гиперплазиялануы | Псориаз кезіндегі папула, экземе, сүйелдер |
Акантолизис | Эпителий жасушалар байланысының бұзылуы, саңылау түзіп байланысатын эпителиальді жасушалардың, сұйықтық жиналатын жерде(Тцанка жасушасы) өсінділерінің жоғалуы. | Қапшық, буллёздыэпидермолиз, экссудативті дерматит |
Спонгиоз | Жасушааралық кеңістікте серозды сұйықтықтың жиналуына байланысты тікенекті қабаттағы жасушааралық ісік, жасушааралық көпірлер жыртылады | көпіршіктер, экзема, дерматит кезіндегі күлбіреуіктер |
Баллонирующая дегенерация | Шартәрізді форманы түзетін және түзілген көпіршіктердің түбіне түсетін эпидермальді жасушалардың вакуолизациясы | Вирусты аурулар (герпес, белдемелітеміреткі) |
Вакуольная дегенерация | Жасушаішілік ісік және жасушада парануклеарлы вакуолдардың түзілуі | Экземадағы көпіршіктер, созылмалы жегі, токсикодермия |
Гранулёз | Түйіршікті қабаттың біркелкі емес қалыңдауы | Сифилистағы папула, қызыл жалпақ теміреткі, псориаз + Уикхемасимптомы |
Дискератоз | Аутоиммунды үрдіс. Көбірек іріленетін және ядросы жақсы боялатын эпидермальді жасушалардың мүйізгектенуінің аномалиясы. Жасушааралық көпірлер жоқ, жасушалар хоатты орналасады | Фолликулярлы Дарье дискератозы,сүйелдер |
Дермадағы патоморфологиялық өзгерістер
Жедел қабыну үрдісі | Қантамырлардың кеңеюі, дерманың жоғарғы бөліміне жасушалық элементтердің жиналуы, жасушалық инфильтрат полинуклеарлы лейкоциттерден(спецификалық үрдіс) тұрады, инфильтрат иммунды жасушалармен, жабыну жасушаларымен көрінген. | Жедел дерматит, многоформды экссудативті эритема, жедел экзема |
Созылмалы қабыну үрдісі | Инфильтрат әртүрлі жасушалық элементтерден тұрады, әсіресе қантамырдың айналасында орналасқан лимфоцит | Псориаз ( папула), қызыл жалпақ теміреткі, нейродермит |
Инфекционды гранулёма | Инфильтрат дерманың жоғарғы және терең бөлімі мен теріасты май қабатында орналасады | Созылмалы инфекциялық ауру (түйін) |
Жедел ісік | Ісік әсіресе дерманың жоғарғы бөлігінде, коллоидты талшықтар ісінген және бір- бірінен алшақ, емізікшелер кеңейген | Есекжем,жедел экзема, күлбіреуік, папула, экссудация |
Папилломатоз | Дермальді емізікшелердің өсуі- түйіншек беткейінде түзілу | Дөрекі сүйелдер, кандилома, вегетация |
Тыртықты өзгерістер | Тіндердің ақауларының орны дөрекі талшықты тіндермен алмасуы Замещение дефектов ткани грубой волокнистой тканью | Эктима, созылмалы жара (сифилис, туберкулёз) |
Атрофиялық өзгерістер | Эпидермис және дерманың қажуы, эластикалық тіннің жоғалуы, май, тер бездерінің, шаш фолликулаларының атрофиясы | Қызыл жегі, склеродермия |
Морфологиялық элементтер.Біріншілікті және екіншілікті болып бөлінеді.Біріншілікті өз кезегінде қуысты және қуыссыз болады. Қуыссыз біріншілікті элементтерге жатады:
1.Дақ (macula)- терінің және шырышты қабаттың шектелген түсінің өзгеруі. Өлшеміне және көрінісіне қарай дақтардың әртүрлі болады, оның беткейі, ереже бойынша, тері деңгейінен көтерілмейді. Пайда болу механизміне қарай: тамырлы, геморрагиялық, пигментті және артифициальді(жасанды) түрлерін бөледі.
Тамырлы дақтар өз кезегінде қабынған және қабынбаған болып бөлінеді. Қабынған дақ тамырлардың кеңеюінен дамиды, розеола және эритеманы бөледі. Басқанда олар жоғалады. Қабынусыз дақ тамырлардың жүйке- рефлекторлы кеңеюінен дамиды, мысалы эмоцианальді дақ, телеангиэктазия, туа пайда болған дақ.
Тамырлы геморрагиялық дақ тамыр өткізгіштігінің артуынан дамиды, оған петехия, пурпура, не болмаса ірі тамырлардың жарылуынан дамиды- экхимоз, ірірек- гематома.
Пигментті дақ гиперпигментацияланған- терідегі пигменттің көбеюінен болады, мысалы, сепкіл, лентиго, хлоазма. Меланиннің гиперпродукциясы бауыр, бүйрекүсті безі, қалқанша безі ауруларында болуы мүмкін. Депигментациялық дақ пигменттің мүлдем болмауы, мысалы альбинизм, витилиго.
Артифициальді(жасанды) дақ теріге жасанда жағады, мысалы, татуаж, дәрілік дақ, биттердің шағуы.
2. Папула(рарula). Эпидермисқа немесе дерманың емізікті қабатына жасушалық инфильтраттың жиналуынан болады.Теріден көтеріледі, ұстағанда тығыз, ізсіз жазылады. Формасы бойынша папуланы жалпақ, жартылай шартәрізді, үшкір деп бөледі. Көрінісі бойынша полигональді, домалақ, дұрыс емес түрлері бар. Көлемі бойынша миллиарлы(тары тәрізді), лентикулярлы(бұршақ), нумулярлы(тиын), табақшалар (папулалар бір-біріне қосылған). Олар эпидермальді(сүйелдер), эпидерма-дермальді(нейродермит, жалпақ қызыл теміреткі, псориаз), дермальді(екіншілікті сифилис).
3. Төмпешік (tuberculum). Дерманың торлы қабатында жасушалық инфильтраттың жиналуынаа болады. Бұдыр тері бетінен шығады, қатты немесе қамыр консистенциялы;тыртық тыртықтық атрофиямен аяқталады. Бұдыр туберкулезді жегі, үшіншілікті сифилис, алапесте кездеседі.
4. Түйін (nodus). Теріасты май қабатына жасушалық инфильтраттың жиналуына болады. Ол ізсіз немесе тыртық пен тыртықтық атрофиямен аяқталады. Тығыздығы туберкулез кезінде жұмсақтан, үшіншілікті сифилис, алапес кезінде тығыз- эластикалы түрде болады. Түйіндер көбінесе қызыл- бурыл немесе қызыл- көкшіл түске ие.5.Күлдіреуік (urtica). Дерманың емізікше қабатының жедел шектелген ісігі. Күлбіреуік тез және ізсіз қайтады, есекжемде, жәндіктер шаққанда кездеседі.
Қуысты біріншілікті морфологиялық элементтер.
1.Көпіршік(vesicula). Серозды сұйықтыққа толы қуысты элемент, бұршақ көлеміндей. Жасушааралық және жасушаішілік ісіктен пайда болады- экземада, дерматитте. Көпіршік эпидермиста орналасқан, ізсіз жазылады.
2. Қап (bulla). Серозды және геморрагиялық эксудатқа толы қуысты элемент. Көлемі алақан және одан да үлкен болады. Көбінесе көпіршіктерде, Дюринг дерматитінде және т.б. да кездеседі, ізсіз жазылады.
3. Іріңдік(pustula). Іріңді сұйықтыққа толы қуысты элемент. Түрлері:импетиго- беткейлі іріңдік, эктима- терең іріңдік, дермаға немесе теріасты май қабатына құйылады, тыртық қалдырады. Фолликулит- шаш фолликуласының іріңді қабынуы. Акне(угри)- май бездерінің іріңді қабынуы. Пиодермитта кезедседі.
Екіншілікті морфологиялық элементтер. Оған жатады:
1.Қабыршақ(squama). Эпидермистен байланысын үзген, борпылдақ, бөлінген пластинка. Қабыршақтың бөлінуін қабыршақтану(desquamatio) дейді. Қабыршақ көлеміне байланысты муковидті және пластинкалы қабыршақтану түрлерін ажыратады.
2. Қабық (crusta)- кеуіп кеткен экссудат. Сыртқы түріне қарай серозды(сары), геморрагиялық, іріңді(сары- жасыл).
3. Эрозия (erosia)- эпидермис деңгейіндегі ақау. Ізсіз жазылады.
4. Жара(ulcus)-дерма және теріасты май қабаты деңгейіндегі ақау. Тыртық қалдырып жазылады. Жараның түбі және шеттері болады.
5. Тілік(fissura)- терінің сызықты ақауы.Ұзақ уақытты инфильтрация, құрғау, терінің эластикалық қасиетін жоғалтқанда дамиды. Беткейлі тілік эпидермиста орналасады және тыртық қалмайды, ал терең- дермада, тыртық қалдырады.
6. Экскориация (excoriatio) –қышушы дерматоздарда тырнаудан кейін кейін дамитын терінің зақымдануы.
7. Тыртық (cicatrix) – ақаудың дәнекер тінмен алмасуы. Гипертрофиялық(келлоидты) (скрофулодермада) және атрофиялық тыртықты бөледі.
8. Тыртықты атрофия жараланудың болмауынан инфильтраттың орнына жұмсақ талшықты субстанциямен толуы. Осыдан терінің көрінісі жоғалады(эритематоз, алапес және т.б.)
9. Лихенификация (lichenificatio) –терінің күшейген суреті, оның қалындауымен, гиперпигментация, құрғақтықпен жүреді. Нейродермитте, экземада дамиды.
10. Вегетация (vegetatio) –дерма және эпидермистің емізікшелерінің өсуі және теріде папилломатозды түзілістердің дамуы.
11. Пигментация (pigmentatio) – біріншілікті морфологиялық элементтер(папула, бұдыр, түйін, көпіршік ) болған жерде пигмент құрамының өзгерісінен дамиды.
4. Иллюстрациялы материалдар:слайдтар.
5. Әдебиет:
1. Малдыбаева Н.М., Сайлауова Қ.С., Есенгараева З.Б. Тері аурулары және венерология. - Алматы, 2006.
2. Сайлауова Қ.С. Тері және венерология аурулары – Алматы, 2007 - 128 бет
3. Малдыбаева Н.М., Темірғалиев С.Ә., Сайлауова Қ.С., Дерматологияның кейбір сұрақтары мен оған жауаптары. Алматы, 2005.
4. Скрипкин Ю.К. и др. Кожные и венерические болезни: Учебник – М., ГЭОТАР-Медиа, 2007, 544 с.
5. Уайт Г. Цветной атлас по дерматологии: руководство/пер. с англ. под ред. Н.Г. Кочергина. – М., 2008.
6. В.Соколовский «Дерматовенерология». М. 2005.
7. Бутов Ю.С. Кожные болезни и инфекции, передающиеся половым путем: учебное пособие. – М., Медицина, 2002. - 400 с.
8. Самцов А.В., Барбинов В.В. Кожные и венерические болезни. – СПб.: ЭЛБИ, 2002. – 314 с.
9. Ю.К.Скрипкин « Кожные и венерические болезни» - Учебник для студентов медицинских институтов – М. «Триада – Х, » 2000 М.
10. А.Н.Родионов « Грибковые заболевания кожи». Руководство для врачей, Петербург. 2000
11. Ф.А. Зверькова «Болезни кожи детей раннего возраста» С. 1994
12. Практикум по дерматовенерологии: Учебное пособие/ Л.Д. Тищенко, Г.К. Гагаев, А.В. Метельский, О.В. Алита. – М., Изд-во УДН, 1990. – 125 с., ил.
13. А.А. Студницина «Дифференциальная диагностика кожных болезней». 1989.
14. Ю.К.Скрипкин, Г.Я.Шарапова « Кожные и венерические болезни». 1987. Учебник для студентов педиатрического факультета.
15. Г.М.Цветкова, В.Н.Мордовцев « Патоморфологическая диагностика заболеваний кожи». 1986.
16. С.Т.Павлов, О.К.Шапошников, В.И.Самцов, И.И.Ильин « Кожные и венерические болезни». 1985. Учебник для студентов лечебного факультета.
17. Ю.К.Скрипкин, Шарапова Г.Я. « Кожные и венерические болезни». М. Медицина, 1979.
18. Г.Р. Батпенова, Т.В.Котлярова «Принципы наружной терапии в дерматологии». Астана. 2003. ( Учебно-методическое пособие).