Осымша тексеру әдістері.

1.Асқазанның гастринмен (0,005мг/ кг – 0,024мг/кг дозада) немесе пентагастринмен 6 мг/кг дозада стимуляцияланған секрециясын зерттеу. Оның мәліметтері атрофия процессін шамалап бағалауға және ем жобасын тиімді түзуге қажет.

2. Асқазанның рентгеноскопиясы. Бұл кезде гастриттің диагностикасында рентгеноскопияның маңызы жойылған. Оны асқазан рагынан күдіктенгенде ауруды анықтау үшін қолданады.Рентген зерттеудегі гастритке тән белгілер: асқазан қатпарларының әртүрлі қалыңдауы, қиғаш орналасуы; асқазан қабырғасының ригидтілігі; тонусының күшеюі, перистальтикасының жойылуы.

3. Фиброгастродуоденоскопия- созылмалы гастрит диагностикасының басты әдісі.

Визуалдық өзгерістер гастриттің түріне тәуелді. В типті гастритте антропилоробуль-биттің көрінісі анықталады: аталған аймақтардың ала-құла қызаруы, ісінуі, атрофия-лануы; кілегей қабықтың жарақаттанғыштығы, қанағыштығы, жайпақ немесе төмпек эрозиялар. Кампилобактерлік гастриттің 20% -на жара ауруы қосылады. Әдетте жаралар асқазанның шыға берісінде және онекіелі ішектің буылтығында орналасады.

А типті гастритте асқазан түбінің, денесінің диффузды атрофиясы анықталады(қыр-тыстарының аласаруы , жойылуы,кілегей қабықтың ақшылданып жұқаруы, астындағы тамырлардың көрінуі). Ахилияға байланысты асқазанның қалтқысы кейде аңырайып ашық тұрады. Антралдық бөлікте айтарлықтай өзгерістер болмай-ды, эрозиялар сирек кездеседі. Эрозиялар болса , онда аутоиммундық гастритке хеликобактериоздың қосылуынан күдіктену керек- мұндайда биоптаттардан НР –ды іздеу қажет.Диагнозды нақты анықтау үшін, күдік туғызатын ошақтардан биоптат алынып, гистологиялық және цитологиялық зерттеулер жүргізіледі. Ережесі бойынша биоптаттың саны 5-тен кем болмауы тиіс(2 антралдық бөліктен,қалтқыдан 2 см жоғары жерден, асқазан денесінен(кардийден 8 см қашықтан), артқы және алдыңғы қабырғаларынан және асқазанның бұрышынан).

4. Хеликобактерлік инфекцияны анықтау. Соңғы кезде НР анықтаудың көптеген әдістері табылған

Зерттеу әдістері Сезімталдығы% Дәлдігі% мақсаты
Уреазалық экспресс тест Эндоскопияны жасау кезінде зерттеу
гистологиялық Диагнозды анықтау
Себіндісін зерттеу Антибиотиктерге сезімталдықты анықтау
серологиялық 90,4 Скрининг және диагностика
Тыныстық уреазалық тест >95 >95 Эрадикацияны анықтау
Полимеразалық тізбектік реакция(ПТР) 94,7 Диагнозды анықтау

Әдістердің ішіндегі ең қолайлысы және міндетті түрде жасалатындары – биоптат таңбасының жағындысын және кампи- тестпен бактерияның уреазалық белсенділі-гін экспресс әдіспен зерттеу. Биоптаттың таңбалық жағындысын кептіріп, Паненгеим немесе Романовский –Гимза әдісімен бояп, микробтардың санын анықтайды.НР кілегейдің арасында жатқан спираль , S тәрізді немесе «ұшқан құс қанатына» ұқсайтын құрылымдар түрінде күрінеді, 630 есе үлкейтілген микроскопиялық зерттеуде хеликобактермен ластанудың үш дәрежесін айырады:

а) шамалы (+)- көру алаңында микробтық денелер саны 20- дан аспайды

б) орташа (++) – микробтардың саны 40-қа дейін;

в) биік (+++) – микробтардың саны 40-тан артық.

Хеликобактериозды нақты дәлелдеу үшін бактериоскопиямен бірге уреазалық «кампи- тест» қолданады. Бұл экспресс- тест кампилобактердің мочевинаны бейтараптайтын ферментті – уреазаны түзетін табиғи қасиетіне негізделген. Ол үшін құрамына мочевина ,натрий азидінің 0,02% ерітіндісі, фенолроттың 0,05% ерітіндісі қосылған арнайы гельден тұратын стерильді ортаға биоптаттың бөлшектерін салып қояды. Егерде НР болса , олардан бөлінетін уреаза мочевинаны гидролиздей бастайды. Гидролизден бөлінетін аммиак ортаның рН –ын сілтілендіріп, фенолрот-тың сары түсін алқызыл түске айналдырады. Индикатордың түсі ослайша өзгеруі НР болуын дәлелдейді. Фенолрот түсінің өзгеру жылдамдығы бактериялардың санына

Тәуелді. Орта түсінің өзгеру жылдамдығынан бактериялардың санын шамалап анықтайды,мысалы ортаның тез, бір сағатта алқызылға айналуы- едәуір ластануды

(+++), 2сағатта – орташа (++), ал тәуліктің соңында (+) –аз ластануды белгілейді.

Емдеу. Емдеу бөлімдері.

-этиологиялық ем

- диеталық ем

- секрециялық бұзылыстарды реттеу

- асқазанның моторлық қызметін қалпына келтіру

- асқазан кілегей қабығының регенерациялық қасиетін жақсарту.

Этиологиялық ем созылмалы гастриттің түріне тәуелді жүргізіледі.Аутоиммундық гастриттің себебі белгісіз болғандықтан этиологиялық емді жасау мүмкін емес, бірақ аурудың өршуін туғызатын себептерді - ішімдікті, дәрмектерді тиімсіз қолдануды темекі тартуды тоқтату қажет.

Этиологиялық ем хеликобактерлік гастритте ғана жүргізіледі.Бұл ем негізгі мақсаты- НР –ны жою, яғни эрадикацияны жүзеге асыру. Хеликобактериоздың емінде қолданылатын антибактериалық дәрілер:

· 5-нитроимидазол туындылары (метронидазол, тинидазол);

· Жартылай синтезделген аминопенициллиндер (амоксициллин);

· Макролидтер (кларитромицин, рокситромицин, азитромицин);

· Нитрофуран туындылары (фуразалидон);

· Коллоидтық висмуттың дәрмектері (денол, вентрисол, бисмофальк);

· Тетрациклин.

Сонымен эрадикацияға қолданатын дәрмектер санаулы: висмут қосындылары, метронидазол немесе тинидазол, амоксициллин немесе кларитромицин(клацид) және тетрациклин.

Эрадикациялық емнің жобалары:

Ұшқұрамдық ем. ем курсы 1-2 апта.

Схема.

· Висмуттық дәрмек ( де –нол немесе висмут субсалицилаты 120 мг 3 рет тамақтан 30 минут алдын және 4 –ші рет жатар алдында, кешкі тамақтан 2 сағат кейін).

· Тетрациклин 250- 500 мг тәулігіне 4 рет, тамақтан кейін;

· Метронидозол 250 мг тәулігіне 4 рет немесе тинидазол 500 мг тәулігіне 2 рет

Бұл емнің бір апталық курсынан кейін эрадикацияның саны 87,9%, екі апталық емінен кейін-89,2%, тетрациклинді амоксициклинге ауыстырғанда эрадикацияның саны (72%) төмендейді.

Схема

· Де-нол 1 таб. 4рет

· Амоксициллин 500мг 2рет

· Клион 250 мг 4 рет

Схема

· Бисмофальк 1 таб. 4 рет

· Клацид 500 мг 2 рет

· Клион 500мг 2 рет

Схема

· Бисмофальк 1 таб. 4 рет

· Клацид 500 мг 2рет

· Фуразалидон 100 мг 4 рет

Үшқұрамдық емді арнайы дәрмек – гастростатпен жүргізуге болады. Оның құрамына висмут субцитраты(108 мг) , тетрациклин гидрохлориді(250 мг) , метронидазол (200мг) кіреді.Гастростат 3 таблеткадан күніне 5 рет( бірдей аралықпен) 10 күн ішкізіледі. Бұл емдегі эрадикацияның саны жоғары-98%.

Антибактериялық емнің әсерін арттыру мақсатында, висмут дәрмектерінің орнына секрецияны тежейтін дәрмектерді- (Н2 –гистаминблокаторларды немесе протондық помпаның ингибиторларын) қосады. Висмут дәрмектерін антисекрециялық дәрмектермен бір уақытта қолдану тиімсіз, өйткені сілтілі ортада висмут дәрмекте-рінің емдік әсері төмендейді.

Емдәм. Созылмалы гастриттін өршу кезінде науқастарды 2-3 кун N1a немесе N1б емдәмде ұстап, N1 емдәмге ауыстырады. Тағамдар сұйықтау, желе түрінде дайындалады. Дерттің өршу басыла келген кезде науқастарды біртіндеп N15 емдәмге көшіреді. Тамақтану жиілігі күніне 4-5 рет. Қышқыл, тұзды, майлы, қуырылған және өткір тағамдарға тыйым салына ды.

Созылмалы гастриттің гиперсекрециялық түрінде, секрецияны қоздыратын тағамдар берілмейді: сыра, газды сусындар, кофе, какао, қою шай, сорпа.

Рефлюкс- гастритте (С типті) демпинг-синдромның белгілерін жеңілдету мақсатымен тамақты жатып ішуді ұсынады. Секреция бұзылыстарын реттеу. Бұл емді секреция бұзылысының түріне қарап құрастырады. Секреция төмендеген, бірақ оның мүмкіндігі сақталса-стимулдаушы, ал секрецияны қайтымсыз жетіспеушілігі қалыптасса –орынбасу емі жүргізіледі. Секрецияны күшейту мақсатымен лимонтар, пентагастрин, прозерин, инсулин, эуфиллин, кальций глюконатын т.б.қолданады. Аутоиммундық гастритте, секрецияның тұрақты шамасыздығы дамыған күйде, емнің негізгі шарасы-орынбасу емі. Осы мақсатта қолданылатын дәрмектер:табиғи асқазан сөлі 1-2 ас қасықтан 3-4рет тамақпен бірге және пепсидил, пепсин, бетацид, ацидин-пепсин, абомин, панзинорм т.б. бұл дәрмектерді қабыну процесі әбден басылған соң қолданады.

Созылмалы гастриттің көрінісінде ауырсыну немесе асқазандық диспепсия синдромдары басым болса, онда асқазан сөлін, асқазанға өткен өт қышқылдарын байланыстыратын антицидтерді 5-6 күн қолданған тиімді: маалокс, фасфалюгель, гастал, антал, гастерин-гель, протаб т.б. Жүрек айнуы, құсу мазалағанда прокинетиктер тиімді әсер етеді, мәселен реглан (церукал) 5-10 мг күніне 3рет тамақ алдында, мотилиум 10 мг күніне 3-4 рет тамақтан 30 минут бұрын немесе 30 мг суппозиторий түрінде; цизаприл (координакс, препульсид, цизап) 5-10 мг күніне 3рет немесе 30 мг күніне 2 рет суппозиторий түрінде.

Асқазан кілегей қабығының регенерациясын тездету үшін трофиканы жақсартатын және белок синтезін күшейтетін дәрмектерді қолданады: облепиха майы,карнитин, бефунгин, плантаглюцид, рибоксин, ретаболил. Бірақ бұлардың әсері айтарлықтай нәтижелі емес. мегалобласттық анемия қосылғанда В12витаминін(6 күн 1000 мкг, күн сайын, 1-2 ай-аптасына 1рет, кейін өмір бойы айына 2 рет) бұлшықетке енгізеді.

Асқазан обыры.

Асқазан обыры қатерлі ісіктерңнің ішінде бірінші орын алады.

Асқазан обырының жіктелуі:

І сатысы-2см , обыр шышты қабықта орналасады және метастаздары болмайды.

ІІ - сатысы -3 см – ден көп, жақын орналасқан лимфа бездеріне метастаз берген.

ІІІ – сатысы обыр көрші мүшелерге жабысқан.

ІV – сатысы обыр алыста орналасқан мүшелерге,( аналық без, тік ішек, бауыр) метастаз береді.

Этиологиясы .

1. Полипоз 100% жағжайда малигнизацияға әкеледі.

2. Қышқылдығы төмендеген созылмалы гастритте.

3. Асқазанның жаралы ауруы ( каллезды жара).

Ықпал етуші факторлар:

1. Тұқымқуалаушылыққа бейім болу

2. Шылым шегу, ішімдік ішу

3. Тамақтану тәртібінің бұзылуы

Клиникасы :

1. Науқас жағдайының өзгеруіне, себепсіз жалпы әлсізденуіне,еңбектену қабілетінің төмендеуіне шағым жасайды.

2. Себепсіз тұрақты түрде тәбетінің төмендеуі, кейде тәбеттің мүлдем болмауы, ет тағамдарына жиіркеніш сезімінің пайда болуы мазалайды.

3. Асқазан тұсындағы жағымсыз сезімдер ( асқазанның толуы, ауырсынуы, жүректің айнуы, құсу) мазалайды.

4. Себепсіз үдей түсетін жүдеу.

5. Терінің бозаруымен қатар жүретін тұрақты анемия, ісінулер.

6. Депрессия( қоршаған ортаға, еңбекке қызықпау, енжарлық, апатия).

7. Ауру синдромы. Науқасты әдетте эпигастрий тұсында орналасатын, сыздап ауыратын үдемелі ауырсынулар, ас қабылдауға байланысты емес аурулар мазалайды. Аурулардың кезең мен маусымдық мінезі болмайды. Бұл – обырдың асқазан жарасымен созылмалы гастриттегі аурулардан айырмашылығы болып табылады.

8. Дисфагия – асқазанның кордиалды бөлігінде орналасқан обырларға тән, бірақ бұл аурудың ерте белгісі болып есептелмейді.

9. Аурудың асқынған саыларында кахексия дамиды. Науқастар ас ішуге, өзін- өзі күтуге шамасы келмейді. Пальпация кезінде тығыз, кедір- бұдырлы ісікті байқауға болады.

Диагностикасы .

1. Ренгенологиялық зерттеу – кілегей қабаты қатпарларының үзілуін, зақымданған жердің перистальтикалық қозғалыстарының болмауын, толу дефектісін көруге болады. Асқазанның пішіні өзгереді, өлшемдері кішірейеді, пішіндері тегіс емес. Рентген зерттеулерді асқазан обырының өкпеге, сүйекке берген метастаздарын көруге болады.

2. Эндоскопиялық зерттеу – эндоскопиялық әдістің көмегімен обыр орналасқан жерді байқауға болады. Биопсияға материал алып, морфологиялық зерттеуге жіберіледі.

3. Лапороскопия көмегімен асқазан обырының құрсақ қуысына таралуының бар- жоғын анықтауға болады.

4. Компьютерлік томография арқылы обырдың өлшемдерін, өсу формаларын, оның айналасындағы мүшелермен байланысын анықтауға болады.

5. Ультрадыбысты зерттеу асқазан обырының бар – жоғын анықтайды.

6. Лабораториялық зерттеу – қан анализі арқалы жасырын қан кетідің, анемияның бар – жоғын анықтауға болады.

Емі.

1. Химиотерапия ,сәулелі терапия ,хирургиялық ем.Оларды кешенді түрде қолдану.

2. Диета – дәрумендер ,белокқа бай ,сіңетін тағамдар болуы тиіс.

3. Ауру синдромы кезінде :2 % промедол – 1 мл тері астына,к\т,2 % папаверин 2 мл,2 % но-шпа -2 мл бұлшық етке.

4. Седативті дәрілер.

5. Дәруменді терапия.

Қансырауда – топтас немесе плазма алмастырғыш сұйықтықтар

Наши рекомендации