Ересек адамдар үшiн тәулiктiк қажеттiлiгi 1,8-2,0мг.

100 г. азықтағы витаминнiң мөлшерi:

* үрмебұршақ пен соя-0,9мг;

* Ет өнiмдерi 0,3-0,4мг;

* Балық - 0,1-0,2 мг;

* Көкөнiс пен жемiстерде- 0,1-0,2мг;

ВИТАМИН В12 (кобаламин)

ОРГАНИЗМДЕГI РОЛI:

*Май, амин қышқылдары, белок алмасуына

қатысатын ферменттер құрамына кiредi;

* Қан түзу процесiне қатысады;

* Жүйке жүйесiнiң қызметiне маңызды;

* Организмге сiңуi Кастл факторымен байланысты.

В12 витаминi жетiспеушiлiгiнiңкөрiнiстерi мен салдары:

* Әлсiздiк, шаршағыштық;

* Бас ауыруы, жүрек қағуы;

* Қаназдық;

* Жүйке жүйесiнiң дегенеративтi өзгерiстерi;

Ересек адамдар үшiн тәулiктiк қажеттiлiгi 1,8-2,0мг.

100 г. азықтағы витаминнiң мөлшерi:

* Витаминнiң жалғыз көзi-жануар тектi азықтар;

* Сиыр бауыры-60мкг, бүйрек-25мкг,ет -2-4мкг,балық-1-3мкг;

* Сүт-0,4мкг, сыр-1-2мкг;

В12 витаминi жетiспеушiлiгi - ас қорыту жолында осы витаминнiң сiңуi бұзылған, толық құнды азықпен қоректенiп жүрген адамдарда да кездеседi. Азық құрамындағы осы витаминнiң аз ғана мөлшерiн организмге ұстап қалуға, ңiшкi факторң немесе ңКасл факторың деп аталатын арнайы белок қажет. Бұл белок асқазанның шырышты қабатынан бөлiнiп, витаминдi мықтап байланыстырып, iшектiң витаминдi сiңiретiн шырышты қабатына бағыттайды. Iшкi фактор түзiлуi кей ауруларда бұзылғанда, оперативтiк жолмен асқазан кесiлсе, В12 витаминiнiң сiңуi қиындап, қатерлi анемияға алып барады.

ВИТАМИН РР (ниацин)

ОРГАНИЗМДЕГI РОЛI:

* Белок алмасуына, клетка тыныс алуына

қатысатын ферменттер құрамына кiредi;

* Жоғарғы жүйке жүйесi, ас қорыту қызметiне маңызды;

РР витаминi жетiспеушiлiгiнiң көрiнiстерi мен салдары:

* Әлсiздiк, шаршағыштық,тiтiркенгiштiк,ұйқы бұзылуы;

* Бас ауыруы, жүрек қағуы, психикалық ауытқулар;

* Терi бозаруы,құрғауы,жарық әсерiнен терi қабыну өзгерiстерi;

Ересек адамдар үшiн тәулiктiк қажеттiлiгi 14-28мг.

100 г. азықтағы витаминнiң мөлшерi:

* Құс етi-6-8мг, сиыр етi-5мг, қой етi-4мг,шошқа етi-3мг;

* Бауыр -9-12мг;

* Iрi тартылған ұннан әзiлленген нан-3мг;

* Қарақұмық жармасы- 4мг;

* Ашытқы- 10-20мг.

«Адамның тамақтануында майда еритін витаминдердің маңызы»

ВИТАМИН А (ретинол)

ОРГАНИЗМДЕГI РОЛI:

*Көздiң торлы қабатының көру пигментi таяқшалар құрамына

кiрiп, жарық қабылдауға қатысады;

* Тыныс алу, ас қорыту, зәр шығару ағзалары шырышты қабатта-рының қалыпты қызмет атқаруына қажет;

* Иммундық жүйенiң белсендiлiгiн арттырады.

А витаминi жетiспеушiлiгiнiңкөрiнiстерi мен салдары:

* Ақшамдық соқырлық,коньюктивит(ксерофтальмия);

* Терi түлеуi, құрғау, безеу шығу, сыздауық;

* Шаш өсу мен құрылымы бұзылу;

* Иммунитет төмендеу, репродуктивтi қызметтiң әлсiздiгi;

Ересек адамдар үшiн тәулiктiк қажеттiлiгi 1мг.

100 г. азықтағы витаминнiң мөлшерi:

* Балық майы-19мг, сиыр бауыры-8мг, балық пен шошқа

бауырында-4мг, сары май-0,4-0,5мг;

* В-каротин қызыл сәбiзде-9мг, көк пиязда,қызыл бұрышта-2мг,

* Сары өрiк-1,6мг, асқабақ-1,5мг.

А витаминi тек жануардан алынатын азықта кездеседi, Адам организмiнде каротин деп аталатын пигменттен түзiле алады.Ол пигменттер өсiмдiк тектi азықтарда кездеседi. Каротин изомерлерi организмде түрлi қабiлетiмен көрiнедi, соның iшiнде белсендiсi В-каротин. 1мг В-каротин тиiмдiлiгi жағынан 0,17 мг А витаминiне сәйкес келедi, яғни 6 есе кем. Осыдан ретинолдық эквивалентпен есептейдi.

ВИТАМИН К

ОРГАНИЗМДЕГI РОЛI:

*Қан ұйыту процесiне қатысады;

* Сүйек тiнiнiң алмасуына қатысады.

К витаминi жетiспеушiлiгiнiң көрiнiстерi мен салдары:

* Қан ұюы нашарлайды;

* Қан кетуге бейiм болады;

Ересек адамдар үшiн тәулiктiк қажеттiлiгi 60-80 мг.

100 г. азықтағы витаминнiң мөлшерi:

* Шпинат, капуста-3-4мг;

* жасыл көкөнiстер-2-3мг.

ВИТАМИН Д ( кальциферол)

ОРГАНИЗМДЕГI РОЛI:

*Сүйек тiндерi, тiстердiң өсу мен дамуын қамтамасыз ететiн

кальций мен фосфордың сiңуiне қажет;

Д витаминi жетiспеушiлiгiнiң көрiнiстерi мен салдары:

* Жоғары нервтiк қозғыштық, бұлшық еттер құрысуы, әсiресе балтыр бұлшық еттерi;

* Сүйек тiндерi, тiстердiң өсу мен дамуы бұзылады, сүйек баяу

өсiп, тез сынғыш келедi;

* Сәбилерде рахит ауруы дамиды;

* Жасы ұлғайған кiсiлерде сүйек ауырып, жамбас

сүйегiнiң мойны сынғыш келедi;

Наши рекомендации