Ылғалды сырылдар мен сықырдың пайда болу механизмі Бронхфиалық демікпе

Билет

1. Қан тамырлар жүйесін және ас қорыту мүшелерін зерттеу әдістерінің дамуына В.П. Образцов пен М.Д. Стражеско ғалымдарының қосқан үлесі.

2. Қанның биохимиялық анализінің қорытындысына баға беріңіз: ревматологиялық комплекс ( жалпы ақуыз, ақуыз фракциясы, Вельтман сынағы, сиалово қышқылы, С-реактивті ақуызы, формалы сынағы).

3. Тыныс алу мүшелерінің ауруымен ауыратын науқасты тексеру жоспарын құрыңыз.

Билет

1. Асқазан – ішек жолдарының ауруы кезіндегі науқастың шағымдарын көрсетіңіз.

2. Тыныс алу мүшелерін функционалды зерттеу әдістеріне баға беріңіз.

3. Экссудаттың транссудаттан айыратын белгілері.

Билет

1. Тыныс алу мүшелерінің аурулары кезіндегі кеуде жасушасының ауырсынуы, оның себебі, пайда болу механизмі, детализациясы, диагностикалық мағынасы.

2. Дені сау және науқас адамдарының лимфа түйіндеріне баға беріңіз.

3. Плевралық пункцияның мақсаты мен көрсеткіштері, асқынулары.

Билет

1. Экссудаттың физикалық қасиеттері, диагностикалық мағынасы.

2. Симптом туралы түсінік.

3. Везикулярлы тыныс алудың қалыпты және патологиялық жағдайын салыстырыңыз. Диагностикалық мағынасы

Билет 8

1. Диагноз ұғымы, диагноз түрлері.

2. Науқастың жағдайын жалпы белгілерін бағалау, ауырлықтың өрбуі және олардың клиникалық сипаттамасы.

3. Дені сау және науқас адамдардың өкпесінің төменгі бөлігін салыстыру, паталогиялық өзгерістері және диагностикалық мағынасы.

Билет 9

1. Науқастың клиникалық зерттеулерінің кезеңдерін атаңыз.

2. Терінің критерилерін бағалау, сау адамдағы сипаттамасы.

3. Тимпатикалы перкуссиялық дыбыс, физикалық сипаттамасы, олардың тыныс жолдары аурулары кезіндегі түрі, диагностикалық мағынасы.

Билет 10

1. Жүрек аускультациясы. Техникасы және методикасы.

2. Сүйек белгілерін бағалау, патологиялық ауытқулар кезіндегі мінездемелері, диагностикалық мағынасы.

3. Көкірек қуысының сүйек деформациясына байланысты өзгерістерінің түрлерін дәлелдеңіз, клиникалық белгілері, диагностикалық мағынасы.

Билет 11

1. Экссудаттың физикалық қасиеттері, диагностикалық мағынасы.

2. Полостной синдром: себебі, жасалу механизмі, негізгі шағымдары, олардың клиникалық сипаттамасы.

3. Тілдің белгілерін бағалау,патологиялық өзгеру мінездемесі,диагнстикалық мағынасы.

Билет №12

1. Конституциялық типі, классификациясы,бағалау критериилері, клиникалық характеристикасы,диагностикалық маңызы.

2.Ісік. Оқшауланған түрлері және олардың клиникалық характеристикасы.

3.Қанды қақырықтың және өкпеден қан кету себептерін түсіндіріңіз,механизмі және құрастырылуы, детализациясы, диагностикалық маңызы.

Билет 13

1. Ішкі ағза аурулары туралы жалпы түсінік және ішкі медицинаның міндеттері

2. Қалқанша бездің патологиялық ауытқуларын бағалау, диагонстикалық маңызы.

3. Өкпенің инфильтрациясы кезіндегі пайда болу синдромына түсініктеме беріңіз ( мысалы: бөліктік пневмония) :негізгі шағымдары,механизмі және құрастырылуы,клиникалық характеристикасы

Билет 14

1.Нозология туралы түсінік. Нозологияның диагностикалық құрылу этаптары

2.Буындардың критерияларына баға беру, патология кезінде өзгеруі және диагностикалық маңызы

3. Тыныс алу жүйесінің мүшелерінің аурулары кезіндегі жалпы тексерудегі мағлұматтар

Билет 15

1. Диабеттік және гипогликемиялық комаға түсініктеме беріңіз

2.Патологиялық тыныс алу жүйесі бар науқастардға зерттеу жоспарын құрыңыз

3.Биохимиялық қан талдау нәтижесіне баға беріңіз (жалпы ақуыз, ақуыз фракциялар,холестерин,несепнәр, азот қалдығы,эндогенді креатин ресімдеу арқылы,электролиттар – калиий, кальций,фосфор,натрий,хлор.)

16-билет.

1. Синдром түсінігі.Синдромға мысал келтір.

2. Омыртқаны бағалаудың критерилары.Патология кезінде олардың өзгеруі.Диагностикалық мағынасы.

3. Тыныс алу мүшелерінің ауруы кезіндегі диагностикалық терінің шырышты қабатына баға беру.

17-билет.

1. Жалпы науқасты қарау: есін, күйін, конституционалды жағдайы

2. Лейкоцитарлық формуланың диагностикалық мағынасы.

3. Жүректің жылжуы және шекарасының кеңейуінің диагностикалық мағынасын және себебін түсіндіріңіз.

18-билет.

1. Ауру тарихының схемасы.Ғылыми-медициналық құжат ретінде ауру тарихының мәні.

2. Тыныс алу аурулары кезінде маңызыд науқас шағымдары. Диагностикалық маңызы.

3. Биохимиялық қан анализіне баға беріңіз:бауыр комплексі (жалпы белок, белок фракциясы, холестерин, жалпы билирубин, оның фракциясы, Вельтман пробасы.)

19-билет.

1. Бауыр перкуссиясы. Курлов бойынша бауырдың өлшемі.

2. Жалпы қан анализі.Нечипоренко мен Аддис-Каковский бойынша зерттелуі.

3. Ылғалды жөтелдің пайда болу механизмін түсіндіріп беріңіз.Диагностикалық мағынасы.

20-билет.

1. Ішкі ағза аурулары ғылымының прапедевтикасы: мақсаты мен міндеттері.

2. Ес кезіндегі критерилерді бағалау. Естің бұзылуының түрлері, клиникалық белгілері,диагностикалық мағынасы.

3. Қан айналым жүйесінің ауруларының басты шағымдары.Диагностикалық мағынасы.

Науқасты сұрап тексеру реттілігі

Науқастың төлқұжаттық мәліметтері (аты-жөні, жасы, мекен-жайы, жұмыс орны, мамандығы). Науқастың шағымдары. Шағымдар нақтылануы (сарапталуы) керек. Шағымдардың нақтылануы (мысалы: ауыру сезімінің) орналасу орнын, таралуын, күшін, сипатын, пайда болу уақытын, себептерін және бәсеңсу жағдайын анықтап, дәлелдеп сұрауды айтамыз. Алғашқыда негізгі шағымдар, содан кейін қосымша (жалпы шағымдар) мәлімденеді. Науқастардың өзі айтатын шағымдардан басқа шағымдарды дәрігер белсенді түрде сұрастыруы керек. Негізгі шағымдарды сипатталып жазылған жүйенің жағдайынан басқа ағзалардың немесе жүйелердің жағдайы туралы сұрастыру қосымша сұрақтардың көмегімен жүргізілуі керек. Жүйелер бойынша шағымдарды сұрастыру келесі үлгі арқылы жасалады: Тыныс алу жүйесі: ентігу (экспираторлы, инспираторлы және аралас), жөтел (құрғақ, қақырықпен, тұрақты, ұстама), кеуде қуысындағы ауыру сезімі (тыныс алу, жөтелу кезіндегі), қақырықтың сипаты (мөлшері, түсі, иісі, консистенциясы, қанның қосындылары). Жүрек-қантамыр жүйесі: ентігу (тыныштық кзінде, күш түскенде, ұстама тәрізді), жүректің соғуы (жиі, ретті, ретсіз), жүрек аймағындағы ауыру сезімі ( сипаты, ұзақтығы, таралуы, себебі, басылуы және т.б.); ісінулер (орны, пайда болу уақыты). Ас қорыту жүйесі: тәбеттің бұзылуы ( төмендеуі, жоғарылауы), диспепсиялық белгілер ( лоқсу, құсу, кекіру, қыжылдау), іш аймағындағы ауру сезімі (сипаты, орналасу орны, себебі, таралуы) іштің өтуі, қатуы, кебуі, ұзақтығы. Зәр шығару жүйесі: бел аймағындағы ауыру сезімі, зәр шығуының, жиілігінің, түсінің өзгеруі, ісінулер. Жүйке жүйесі: жұмысқа қабілетінің төмендеуі, ашушаңдық, ұйқының сипаты (қанша сағат ұйықтайды, тез ұйықтап, тез оянуы, ұйықтататын дәрілерді пайдалануы), басының ауыруы.

Аурудың даму тарихы (anamnesis morbi). Ауру басталуының ерекшеліктерін анықтау қажет, ауру белгілерінің кенеттен немесе біртіндеп басталуы; олардың ағымы, себебі, дамуы; қолданылған ем, оның тиімділігі, соңғы нашарлауының себептері. Созылмалы аурудың сырқатнамасында – оның басталған жылы немесе қанша жыл науқас өзін аурумын деп санайды, аурудың бірінші белгілері хронологиялық ретпен ең бірінші белгісінен бастап ауруханаға түскенге дейін; бәсеңсуі және асқынуы кезеңдері, асқынудың жиілігі. Емдік және алдын алу шаралары, олардың тиімділігі; қазіргі емханаға жатқызудың тікелей себептері, қандай белгілер пайда болды. Науқастың алған емін көрсету керек. Өмірінің тарихы (anamnesis vitae). Ол үшін науқастан ағзасының ерекшеліктерін және оның әртүрлі тітіркендіргіштерге жауап беретін қасиетін, сонымен қатар, белгілі бір аурудың дамуына жағдай туғызатын кейбір себептер жөнінде мәліметтер алу қажет. Өмір анамнезінің негізгі бөлімдері келесі: науқас жайында қысқаша өмірбаяндық мәліметтер (қай жерде, қашан туылды, қалай өсті, қанша жасында мектепке барды, бірге оқитын оқушылырдан артта қалған жоқ па; неше сынып бітірді, әскерде қызмет етуі, жоғарғы оқу орнында оқуы, мамандығы). Өндірістік жағдайлар және кәсіптік зияндылықтар. Әлеуметтік –тұрмыстық жағдайы. Тамақтану тәртібі және сипаты, күн тәртібі. Үйреншікті уланулар (ішімдік ішу, темекі шегу — қанша жыл темекі шегеді, саны)? Жанұялық өмірі, үйлену, тұрмысқа шығу уақыты, балаларының денсаулығы. Әйелдер үшін гинекологиялық анамнез: етеккірдің басталуы, жиілігі, екіқабаттылықтың, туудың, аборттың саны, климакс болған жағдайда: қанша жасында, оның көріністері. Тұқым қуалаушылық: ата-анасының денсаулығы, ата- анасының, ағайын- әпкелерінің қайтыс болуының себептері. Ауру үшін маңызы бар дертке ерекше назар аудару қажет. Аллергиялық анамнезі: дәрі – дәрмектерді, тағамдық өнімдерді, иістерді, т.б. көтере алмауы, қабылдамауы. Дәрі-дәрмекке аллергия болса, оның көріністерін анықтап табу: есекжем, беттің немесе көмейдің ісінуі, шок. Эпидемиологиялық анамнезі: сары аурумен, туберкулезбен, жыныстық жанасудан туатын аурулармен өзінің ауруы немесе осы дерттермен ауырған кісілермен қатынаста болу, қан құйғызудың, оталардың болуы. Сақтандыру анамнезі: жедел аурулар үшін – қай күннен бастап ауруды куәландыру қағазы берілген; қазіргі ауруы бойынша бір жыл ішінде қанша күн еңбекке жарамсыз болды. Мүгедектік тобы болса – мүгедектіктің қай тобы. Науқасты жалпы қарау (реттілігі) Жалпы қарау жүйе бойынша реттілігі сақталып жүргізіледі және науқаспен алғашқыда кездесіп, әңгімелескенде басталады. Науқастың жалпы жағдайы, жалпы жағдайы анықталады (қанағаттанарлық, орташа, ауыр, өте ауыр, өлім халінде). Науқас есінің жағдайы: анық (сақталған), бұзылған: а) сопор — әңгіме арасында ұйқыға кетіп қалып отырады, сұраққа оянып жауап береді; б) ступор – есеңгіру-берілген сұрақтарға дәл жауап бермейді; в) кома-ес-түссіз жағдай; г) елерушілік, елестеушілік, сандырақтау. Науқастың төсектегі жағдайы: активті (белсенді) — өзіне жағдай жасай алады; пассивті — енжар- айналасына енжарлықпен қарайды, өзіне жағдай жасай алмайды (сұлқ түсіп жату). мәжбүрл і- дертіне сәйкес өзінің жағдайын жеңілдететін қалпы (мысалы- ентігу, тұншығу болса- тұрып отырады-ортопноэ). Дене бітімін анықтау: дене құрылымын (конституциясы) – астеник-бойшаң; нормостеник-қалыпты-орташа бойлы; гиперстеник-алыпты, аласа бойлы; бойының ұзындығы; салмағы; Басты қарау-пішіні (сақталған, кішірейген, үлкейген), шаштың жағдайы (барлығы, жоқтығы, майлығы, қалыңдығы); бастың қалтырауы, мойын омыртқаларының қимылы (сақталған, шектелген). Бет-әлпетін қарау-терісінің түсі. Бетінің үшкірленуі — «Гиппократ беті». Бүйрек дерттерінде ісінген, бозғылт бет-«facies nephritica»; Жүрек ақауларында – көгеру (ернінің, бетінің, мұрнының, құлағының ұштары); «facies mitrale»; Эндокриндік жүйе дерттерінде — facies Basedova — көзі бадырайып, қорқынышты, үрейлі, кірпіктері дірілдеп тұрады; -қалқанша бездің жетіспеушілігінде — ісіңкі, дөңгеленген, енжарлық; айқын бозғылттық, бозғылттық сарғыштанумен; -акромегалияда — иек, жақ, қас үсті сүйектерінің айқын үлкеюі – Иценго-Кушинга ауруында – ай тәрізді дөңгелек, көгерген, иегі шаштанған; ұшықтар (герпес) – мұрнында, еріндерінде. мұрынды қарау-мұрын қылқаны сақталған, қисайған, терісінің түсі көгерген. ауыз қуысын қарау-кілеге қабаты (түсі, бөртпелер), тілі түсі, ылғалдылығы, тазалығы Мойынды қарау— жуандығы, көзге көрініп тұрған қан тамырлардың соққысы, лимфа түйіндері, қалқанша бездің үлкеюі. Терісін, кілегей қабаттарының, тері асты майының даму деңгейін қарау. Терісі: а) түсі (қалыпты, бозғылт, қызарыңқы, көгерген (цианоз), сарғайған, ақ таңдақтар, бөртпелер; б) ылғалдылығы в) құрғақтығы г) серпімділігі кілегей қабаттары-көздің, еріннің, ауыздың – түсі- бозғылт, сарғайған, көгерген. тері асты шелінің дамуы-кіндік аймағында ер адамда, жауырын астында-екі саусақпен қалыңдығы тексеріледі (1,5-2,0 см) ісіктер-орналасқан орны, таралуы; көрінбейтін ісіктер-тобықта саусақпен басу арқылы анықталады; таралған ісіктер-анасарка-дене бойынша. Лимфа түйіндерін қарау-желкесінде, мойында, құлақ айналасында, жақ астында, бұғана үстінде, астында, қолтық асты, шынтақта, шапта, тізе асты- сипау арқылы мына мәліметтерді алу керек: көлемі, тығыздығы, қозғалғыштығы, ауырсынуы, терімен немесе бір-бірімен жанасуы. Сүйектер мен буындарды қарау- қимыл көлемі (өзі жасайтын, көмекпен жасалатын); аурсынғыштығы, ісінуі, қызаруы, пішінінің өзгеруі; саусақтардың қолда домалақтануы («дабыл таяқшасы»), тырнақтардың тегістеліп, «сағат әйнегі» сияқты өзгеруі. Бұлшықет еттерді тексеру: даму деңгейін (азаюы-атрофия; симметрияланған: екі қолда, аяқта, иықта, кеуденің екі жартысында салыстырылады). ауырсынғыштығын тығыздығын күшін Алынған мәліметтерді жазып алу. Жазу үлгісі: науқастың жағдайы қанағаттанарлық; тері түсі өзгермеген (қалыпты); терісі көгістенген; шеткі лимфа түйіндері үлкеймеген; шап лимфа түйіндерінің екі жағында да мөлшері моншақ тәрізді үлкейген, ауырсынғышты, жұмсақ, қозғалмалы; буындарының пішіні өзгермеген, буындағы белсенді қозғалыстар толық көлемді.

2.Патологиялық зәр шығару жолдарының ауруымен ауыратын науқасқа зерттеу жоспарын жасау.

Бүйрек ағзаның іс әрекетінің дәрісінде пайда болатын улы керексіз қалдықтарды ағзадан шығаруға қатынасады. Бүйрек қанды сүзіп, зәрді бөліп шығарады. Несеп ағар түтігі арқылы зәр қуыққа түсіп, зәр шығаратын арна арқылы сыртқа ағып шығады. Бүйректер – сопақша келген қос ағза, бел аймағының артқы бетінде омыртқаның оң және сол жағында орналасқан. Оң жақ бүйректің үстінде бауыр орналасқан, сол жақ бүйректің ұйқы безі орналасқан. Бүйректің ұзыңдығы 10 –12 см, салмағы – 150 – 170г. Бүйрек жұқа дәнекер тінді қабықпен және көп қабат май тінімен қабатталған. Бүйрек сыртқы (қыртыс) және ішкі милы қабаттардан тұрады. Бүректің жоғарғы жағында ішкі сөлденіс безіне жататын бүйрек үсті безі орналасқан. Бүйректің іші біртекті құрылыста келген нефрондардан тұрады. Нефрон құрылысына келетін болсақ, оған капилляр шумағы бар қапшығы кіреді. Қыртыс қабатта бөлінген бүйрек артерияларынан құрылған бүйрек денешіктері мен шумақтары бар. Әрбір шумақ арнайы қапшық пен қоршалған. Әр қапшық өзінше сүзгіш: мұнда жиналған ағзаға керек емес заттар бүйрек денешіктері тостағаншалардан қапшықтардан шығатын арнаға келіп түседі. Бүйректің қыртыс және милы қабаттарында бірінші және екінші арналардан құралады. Арналар бүйрек астаушаларына зәрді әкеледі, онда несеп ағар арқылы шығатын зәр жиналады. Зәрдің түзіліу дәрісі екі кезеңмен жүреді: бүйрек денешіттерде, шумақтарда қанның сары суы сүзіледі (құрамында аздаған ақуызы бар алғашқы зәр) және арналарда алғашқы зәрдің құрамындағы кейбір бөлшектер қайтадан кері сорылады (су, натрий хлориді), осы дәрістің нәтижесінде ағзада яғни, бүйректе толығымен өнделген (екіншілк) зәр пайда болып, сыртқа ағып шығады. Зәр түзілуінің толық тоқтауын - анурия деп атайды. Зәрдің бөлінуінің азаюын – олигурия, зәрдің көп бөлінуі – полиурия деп атайды. Үнемі салыстырмалы тығыздығы төмен зәрдің бөлінуін гипоизостенурия деп атайды. Бүйрек және зәр шығару жолдарының аурулары әртүрлі, бірақ негізінде жергілікті (пиелонефрит, туберкулез, бүйрек тас ауруы) және жалпы (нефрит, нефроз) аурулар болып бөлінеді. Тексеру әдістері Сұрау әдісінің маңызы зор. Бүйрек сырқаттарында науқас бастың ауруына, айналуына, зәр шығу дәрісінің бұзылуына шағым жасайды. Сонымен қатар көз көруі бұзылады, тамаққа тәбеті төмендейді, дене қызуы көтеріледі. Егер науқас ауырсынуға шағым жасаса,онда ауырсынудың қай жерге берілетінін анықтаймыз. Негізінде белдің ауырсынуы зәр шығару жолдарына, жыныс мүшелеріне әсер етеді. Бүйрек сырқаттарында байқалатын ауырсыну бүйрек тостағаншалардың және бүйрек капсуласының созылғанынан пайда болады.Бүйрек шаншуында ауырсыну қатты сезіледі, несеп ағар жолына, қуыққа әсер етеді. Ауру сыртартқысын науқастан сұрап отырғанда алдында болған сырқаттармен сәйкестіре отырған жөн (баспа, іріңді отит т.б.) Сырқаттың бастапқы кезеңін анықтау қиын, өйткені бүйрек аурулары бір мезгіл жасырын өтуі де мүмкін. Бүйректі тікелей тексеру біршама қиындықтарды туғызады, өйткені көлемі мен пішіні қалыпты, сау бүйректі қарау, сипалау және тықылдату жүргізу мүмкін емес, себебі, бүйрек іш пердесінің қуысында терең орналасқан, артынан қалың бұлшық ет қабатымен жабылған, алдында ішектер орналасқан. Бүйрек ұлғайғанда немесе орнынан ығысқан (бүйректің түсуі) жағдайда ғана ағзаны сипалау мүмкіндігі туады. Науқасты жатқызып және тұрғызып бүйрекке сипалау жүргізеді. Бүйректі сипалау екі қолмен атқарылады. Бүйрек және зәр шығару жолдарының ауруларындағынауқастардың тексерістеріНауқастың шағымдары Беттің домбығып, ісінуі көбінесе таңертең ұйқыдан кейін Дизуриялық өзгерітер (зәрдің шығуының, мөлшерінің өзгеруі) Бел маңайының ауырсынуы, жыныс мүшелеріне әсерін тигізуі Дене қызуы көтеріліп, улану белгілерінің білнуі Бастың ауыруы, көз қабілетінің нашарлауы Ауыру сыртартқысы Әсер ететін мәнбірлер, ауруға әкеліп соққан себептер Аурудың басталуы, дамуы, ағым ерекшеліктері Өткізілген тексерістердің көрсеткіш нәтижелері Қолданған емнің түрі және ағзаға әсері Өмір - баян сыртартқысы Тұқым қуалаушылық Жағымсыз қылықтары Мамандығының негізгі ерекшеліктері Тамақтану сипаттамасы, тұрмыс жағдайы Науқасты тікелей тексеру 8бейнелеме
Қарау Сипалау Тықылдату
Терінің бозаруы Ісіктің білінуі Трофикалық бұзылыстар Бүйректерді Несеп ағар жолының бойымен Пастернак белгісін анықтау Ісіктік сұйықты анықтау



Зертханалық тексеру Құрал – жабдық арқылы тексеру
Жалпы қан анализі Биохимиялық қан анализі Зәрді тексеру (жалпы зәр анализі, бактерияларға тексеру, зәрді Нечипоренко және Зимницкий сынамасына тексеру) Кешенді бүйректің рентгенографиясы Ультра дыбыспен зерттеу Урография, хромоцистоскопия Сканерлеу әдісі Көздің түбін тексеру


Бүйректің төмен түскенін анықтау үшін науқасты тұрғызып тексерген дұрыс. Өзіндік ұрғылау немесе соққылау әдістері қолданылады (Пастернак белгісі). Зерттеуші адам сол алақаның оң немесе сол бүйрек маңайындағы белге қояды, ал басқа алақанымен немесе саусақтарының ұшымен соның үстінен ұрады. Егер ұрғылағанда ауырсыну байқалса, онда Пастернак белгісін оң нәтижелі деп есептейді. Бүйрек ауруларында артериялдық қан қысымы көтерілуі мүмкін, ол өткір және созылмалы нефритте байқалады. Созылмалы нефриті бар науқастарда гипертензия әсерінен басыңда торлы қабаттың тамырлары кішірейіп, одан кейін тамырлардың склерозы дамиды.

.

Құрғақ

Ұсақ бронхтарда туатын сырылдар ысқырыққа ұқсайды, жоғары болады

Ірі бронхтарда ызыңдаған төмен тембрлі сырыл

Ылғалды

Ірі көпіршікті сырылдар ірі бронхтар ішінде пайда болады, ашық, сыңғырлап естіледі

Орташа көпіршікті сырылдар бронхит кезінде естіледі

Ұсақ көпіршікті сырылдар бронхопневмонияның пайда болғанын анықтайды.

Сырыл

• Эксудаты бар альвеола ішінде пайда болады.

• Себептері: өкпе қабынуында және ұзақ уақыт төсекте шалқасынан жатқан адамдарада

• Сықыр тек дем алу фазасында ғана естіледі. Дауысы шаштарды құлақ үстіне үйкегендей

3)Өкпе қабаның үйкеліс шуылы

• Дем алу үрдісінің екі фазасында да естіледі

• Кеуде клеткасын фонендоскоппен қаттылау басқанда өкпе қабының үйкеліс шуылы күшейеді

• Өкпе қабының үйкеліс шуылы фонендоскопқа сықырдан жақсылау естіледі

Пайда болуы: құрғақ плеврит

Ылғалды сырылдар мен сықырдың пайда болу механизмі Бронхфиалық демікпе

Наши рекомендации