Алқанша безінің аурулары

29. Штельваг симптомы дегеніміз не?

* Жоғары қарағанда маңдайда әжімнің болмауы

* Төменге жылжып бара жатқан затқа қарағанда көздің нұрлы қабатынан жоғарғы қабақтың артта қалуы

* Жоғары жылжып бара жатқан затқа қарағанда көздің нұрлы қабатынан төмеңгі қабақтың артта қалуы

* +Көз саңылауының кеңеюі

* қабақ терісінің күңгірттенуі

30. Науқас Д, 25 жаста, ауруханаға ж.рек қағуына, тершеңдікке, әлсіздікке, жұмыс қабілетінің төмендеуіне, қол саусақтарының дірілдеуіне шағымданып келдң. Бір ай ішінде 10 кг арықтаған. Қарағанда: ЖСЖ – 120 соққы/мин, АҚҚ 130 /70 мм с.б.б. Қалқанша безі УДЗ-де 2х3 см түйін анықталды. Зерттелген аймақта радиофармпрепараттың жиналуы байқалған. Қалқанша бездің қалған тініне радиофармпрепарат жиналмаған.

Ең ықтимыл диагноз?

* Аралас токсикалық зоб

* де Кервен жеделдеу тиреоидиті

* +Тиреотоксикалық аденома

* Аутоиммунды тиреоидит, хашитоксикоз

* Дуффузно-токсикалық зоб

31. А, науқас 32 жаста, шағымдары: жүрек қағуы, тітіркенгіш, дене салмағының 6 кг төмендеуі. Об-ті: тері жамылғылары жылы, гипергидроз, қабақ және қол саусақтарының треморы. Дене температурасы - 36,7 С. Қалқанша безі диффузды ұлғайған, тамырлық шу естіледі. Көз жарқырауы, экзофтальм. Пульс 110 рет минутына, дұрыс. АД 150/80 мм. сын. бағ.

Ең ықтимыл диагноз?

* артериальді гипертензия

* Де Кервеннің жеделдеу тиреоидиті

* мойын флегмонасы

* +диффузды токсикалық зоб

* вегето-тамырлық дистония

32. Науқас Д, 50 жаста мойынның алдыңғы бетінің кенет ауру сезіміне, дене қызуының 38-39°С көтерілуіне, жалпы әлсіздікке шағымданады. Қалқанша безі: сол жағы дөңгеленген, жұмсақ, қатты ауырсынатын түзіліс, сол аймақтың терісі ыстық, гиперемирленген.

Ең ықтимыл диагноз?

* Эндемиялық зоб, қалқанша бездің сол бөлігінің түйіні

* +қалқанша бездің сол бөлігінің абцессі

* Эндемиялық зоб, қалқанша бездің сол бөлігінің кистасы

* қалқанша бездің токсикалық аденомасы

* қалқанша бездің сол бөлігіне қан құйылу

33. Науқас А., 46 жаста, дене салмағының ұлғаюына, терінің құрғауы, бетінің ісінуі, іш қатуы, ұйқышылдыққа шағымданады. ЧСС-60 1 минутта, АД 90/60 с.б.б.

Біріншілік гипотиреоздың диагностикасына ең мәліметті шама?

* бос тироксиннің деңгейі

* негізгі алмасу

* қандағы холестерин деңгейі

* + тиреотропты гормонның деңгейі

* трийодтирониннің деңгейі

34. Науқас А, 53 жаста амбулаторлы емдеу кезінде қалқанша бездің 2 дәрежелі ұлғаюы,безді пальпациялағанда оң жақ бөлігі есебінен ұлғайған,консистенциясы біркелкі емес. Шағымы жоқ. Анасынада - түйінді зоб.УДЗ-де: бездің жалпы көлемі – 48 мл, оң жақ бөлігігінде - көлемі 1,2х2,0 см жалғыз түйін.

Қалқанша бездің жіңішке инелі аспирационды биопсияны жүргізуге негізгі көрсеткіш?

* тиреотоксикоздың клиникалық көріністері

* гипотиреоздың клиникалық көріністері

* +түйінді түзілістің болуы, диаметрі 1-1,5 см жоғары

* туыстарында түйінді түзілістің болуы

* жедел тиреоидиттің клиникалық көріністерінің болуы

35. Науқас П, 36 жаста, бойы - 165 см, салмағы - 50 кг, тітіркенгіштік, терісінің аса ылғалды, «телеграф бағаны» симптомы анықталды, пульс 110 мин, АҚҚ – 150/60 мм с.б., қалқанша безі 2 дәрежеге ұлғайған, трийодтиронин – 6,57 нмоль/л, тироксин – 266,0 нмоль/л.

Қандай зерттеу клинический диагнозды нақтылайды?

* липидтік спектр

* жіңішке инемен аспирациялық биопсия

* +қандағы ТТГ рецепторына антиденелерді анықтау

* Невропатолог кеңесі

* Қандағы тиреоглобулин деңгейі

36. Науқас Д, 25 жаста, анамнезінде - диффузды токсикалық жемсау, терапия қабылдау бөліміне ауыр жағдайда жеткізілді. Науқас қозған, сөйлеуі нашарлаған, артикуляция бұзылған. Терісі ыстық, аса ылғалды. Дене қызуы – 38,0 С. Синустық тахикардия - 130 мин. АҚҚ- 110/40 мм с.б.

Қандай асқыну болуы ықтимал?

* гипогликемия

* инфекция

* психоз

* +тиреотоксикалық криз

* Ми қан айналымының жедел бұзылысы

37. С, науқас, 35 жаста, аутоиммунды тиреоидит, гипотиреозбен левотироксин 50 мкг/тәул дозасын қабылдайды, бірақ ем барысында қалқанша бездің көлемі кішіреймеді және ТТГ деңгейі – 3,0 мМЕ/л.

Науқасты ары қарай жүргізудің ең тиімді тактикасы қандай?

* + левотироксин дозасын ұлғайту;

* оперативті емді ұсыну;

* левотироксин дозасын төмендету;

* калий йодид тағайындау;

* преднизолон тағайындау.

38. Науқас А, 27 жаста, анамнезінде - диффузды токсикалық зоб. Тиамазол 20 мг/тәу қабылдайды. Шаршағыштық пен іш қатуына шағымданады. ТТГ деңгейі – 10,0 мМЕ/л.

Науқасты ары қарай жүргізудің ең тиімді тактикасы қандай?

* Тиамазол дозасын төмендетіп, калий йодид қосу;

* +Тиамазол дозасын төмендетіп, левотироксин қосу;

* Тиамазол дозасын төмендетіп, ота жасау;

* Тиамазолға қосымша калий йодидін қоса тағайындау;

* Тиамазолға қосымша ноотроптық препарат тағайындау;

39. Науқас Х., 22 жаста. Жүрек қағуына, әлсіздік пен тітіркенгіштікке, денесінің дірілдеуіне шағымданады. Анамнезінде: жарты жыл шамасында ауырады – дене салмағы азайған, жылағыштық, тітіркенгіштік, тері түсінің күнгірттенуі және тәбетінің жоғарлауына қарамастан салмақ тастауы жалғасуда, қолында діріл пайда болды. Жүктілікті жоспарлауда. Қарап тексергенде: терісі аса ылғалды, жылы, гиперпигменттелген, әсіресе киіммен жанасқан аймақтар мен тері қатпарларында. Пульс –102 1 мин, АҚҚ-140/60 мм с.б. «Телеграф бағаны» белгісі. Экзофтальм, көзін сирек жыпылықтатады, жылтыр, қабағы ісінген. Гормондар: тиреотроптық гормон денгейі (ТТГ) - 0,08 нмоль/л, бос тироксин (бос Т4) – 228 нмоль/л. Қалқанша безінің УДЗ-де жалпы көлемі – 32 мл, структурасы біртекті, эхотығыздығы – біркелкі төмендеген.

Науқасты ары қарай жүргізудің ең тиімді тактикасы қандай?

* +тиреостатиктермен консервативті емдеу

* тек бета-блокаторлар тағайындау

* тиреоидэктомия жасау

* Л-тироксин 1,6 мкг/кг тәулігіне тағайындау

* радиоактивті йодпен емдеу

40. Науқас С., 30 жаста, айқын әлсіздікке, есте сақтау қабілетінің нашарлауына, етек кірінің бұзылысы шағымданып түсті. Бир жыл көлемінде ауырады. Объ-ті: тері жабындылары бозғылт, құрғақ. Беті ісінген.қалқанша безі пальпацияланбайды. ЖСЖ 52 рет 1 мин. АҚҚ – 80/50 мм с.б. Іш қатуына бейім. ТТГ денгейі – 20,0 мМЕ/л, бос тироксин – 0,57 нмоль/л, тиреоидтық пероксидазаға антиденелер - 600 мМЕ/лқалқанша безінің УДЗ-де жалпы көлемі – 7,0 мл, құрылымы мен тығыздығы біртекті емес.

Науқасты ары қарай жүргізудің ең тиімді тактикасы қандай?

* +Л-тироксин 1,6 мкг/кг тәулігіне тағайындау

* тиреоидэктомия жасау;

* Л-тироксин 1,0 мкг/кг тәулігіне тағайындау

* 200 мкг/тәулігіне калий йодидін тағайындау;

* преднизолон 60 мг/тәулігіне тағайындау;

41. 43 жастағы Т. есімді науқас ауруханаға мынандай шағымдармен түсті: жүрек қағуына, тершеңдікке, әлсіздікке, жұмыс жасау қабілетінің төмендеуіне, саусақтарның діріліне. Бір айда 3 кг салмақ тастаған. Қарап тексергенде: ЖСЖ- 120 рет мин, АҚҚ 130/70 мм.с.б. Қалқанша безі УДЗ-де - 2х3 см түйін анықталды. Радиоизотоптық сканирлеуде тнйінде радиофармпрепаратының деңгейінің жоғары екендігі анықталды. Қалған бөлігіне жиналмаған.

Науқасты жүргізу тактикасының ең дұрыс нұсқасын көрсетіңіз?

* Тиреостатиктермен емдеу

* + тиреоидэктомия жасау

* тек бета-блокаторлар тағайындау

* 200 мкг/тәу калий йодидін тағайындау;

* радиоактивты йодпен емдеу.

42. Т есімді 23 жасар науқас 3 айдан бері диффузды токсикалық зобпен, тиреотоксикоз ауыр сатысымен зардап шегеді. Тиреостатиктармен жүргізілген консервативты ем жағымсыз әсеріне байланысты препараттың емдік әсері болмаған. Науқас жүктілік жоспарлайды. Осыған байланысты науқасқа субтотальды струмэктомия жасау ұсынылды.

Хирургиялық еміге негізгі нақты көрсеткіш болып табылады?

* Ауыр ағымды тиреотоксикоз

* Жүктілік

* +Үлкен жемсау (40 мл көп)

* Егде жас

* Синусты тахикардияның болуы.

Семіздік.

43. Дене салмағының индексі 33 кг\м2 болуы сипаттайды:

* қалыпты дене салмағын

* артық дене салмағын

* +семіздіктің 1 дәрежесін

* семіздіктің 2 дәрежесін

* семіздіктің 3 дәрежесін

44. 16 жасар боз бала дене салмағының артуына, жиі бас ауруына шағымданады. Артық дене салмағы 6 жасынан бастап мазалайды. 11-12 жасында өз қатарындағылардан үлкен көрінетін. Бойы 180 см, салмағы 110 кг. Беті домаланған. Сан және іш аймағында ашық қызғылт стриялар бар. Жыныстық жетілуі жасына сай. АҚҚ 160/100 мм.с.б.

Ең ықтимал диагнозды таңдаңыз?

* Иценко-Кушинг ауруы

* Қант диабеті 2 типі

* Иценко-Кушинг синдромы

* +Стриямен пубертатты семіздік

* Артериальдық гипертония 2 дәрежесі

45. К есімді 27 жасар науқаста семіру андроидты тип бойынша, дене салмағының индексі – 35 кг/м2. Бел өлшемі – 105 см.

Науқаста қандай асқыну анықталуы ықтимал?

* Идиопатиялық кардиомиопатия

* Ішек дисбактериозы

* Зәр-тас ауруы.

* +Метаболикалық синдром

* Пневмония

46. 43 жасар Т есімді науқас дене салмағының артуына, әлсіздікке, бетінің ісінуіне, тері құрғауына, іш қатуына, аменореяға, есте сақтау қабілетінің төмендеуіне шағымданады.Терісі құрғақ, салқын. Қалқанша безі пальпацияланбайды. АҚҚ 90/60 мм.сб, пульс – 52 рет мин. Қанда: бос Т3, Т4 төмендеген, ТТГ – жоғарылаған.

Ең ықтимал диагнозды таңдаңыз?

* экзогенды – конституциональды семіздік

* +біріншілік гипотиреоз

* екіншілік гипотиреоз

* поликистоздық аналық без синдромы

* гипоталамикалық синдром

47. 25 жасар науқаста 12 жылдан бері артық дене салмағы, қошқыл - көгілдір түсті стриялар, АҚҚ –ның көтерілуі, қолтық астындағы, шынтақ аймағының терісінің гиперпигментациясы байқалады.

Ең ықтимал диагнозды таңдаңыз?

* Гипоталамикалық синдром

* Глюкокортикостерома

* +Иценко-Кушинг ауруы

* Кон синдромы

* Нейрогенды семіздік

48. 25 жасар Н. есімді науқас семірудің 1 дәрежесімен зардап шегеді. ДСИ – 31 кг/ м2. Зерттеу кезінде аш қарынға гликемия – 5,8 ммоль/л, тамақтан кейін 2 сағаттан соң – 8,3 ммоль/л. №9 емдәм және физикалық белсенділік тағайындалды. Қайталап тексеруде 1 айдан соң тамақтан кейін гипергликемия сақталған.

Науқасты ары қарай емдеу тактикасының ең дұрыс нұсқасын көрсетіңіз?

* Гликлазид тағайындау

* Репаглинид тағайындау

* Глимепирид тағайындау

* Глулизин тағайындау

* +Акарбоза тағайындау

49. 28 жастағы К. деген науқас дене салмағының артуымен 10 жылдан бері зардап шегеді. ДСИ – 32 кг/м2. 3 жылдан бері тұрмыста. Аналық без поликистозымен, дисменореямен байланысты біріншілік бедеулік. Аш қарынға гликемия – 5,7 ммоль/л, тамақтан кейн 2 сағаттан соң – 8,3 ммоль/л.

Науқастың емінде қандай препарат анағұрлым тиімді?

* Прогестерон

* Эстроген

* Эстроген-гестагенды препараттар

* Дексаметазон

* +Метформин

50. 17 жасар қыздың шағымдары: дене салмағының артуы және басының жиі ауруы. Артық салмақ 5 жасынан бастап байқалады. 11-12 жасында қатарынан ересек көрінген. Бойы - 178 см, салмағы - 110 кг. Беті дөнгеленген.Іші мен санында жіңішке қызғылт стриялар анықталды. Жыныстың жетілісі жасына сай. АҚҚ 150/100 мм с.б.

Науқасты ары қарай емдеу тактикасының ең дұрыс нұсқасын көрсетіңіз?

* Дофамин агонистерін тағайындау

* Метформин тағайындау

* Сәулелік терапия тағайындау

* +Емдәм №8 1500 ккал/тәулігіне және физикалық белсендік

* Орлистат тағайындау

51. Аналық бездің поликистозы синдромы, семіздік және дисменореямен науқастың емінде ең тиімді препаратты таңдаңыз?

* Прогестерон

* Эстрогендер

* Эстроген-гестагендер

* Дексаметазон

* +Метформин

52. 28 жасар К есімді науқас 10 жылдан бері дене салмағының жоғарылауына шағымданады. ДСИ – 29 кг/м2. Отбасында барлығында дене салмағы жоғары. Анасында қант диабеті 2 тип бойынша. Аш қарынға гликемия – 5,9 ммоль/л, тамақтан кейн 2 сағаттан кейін – 9,3 ммоль/л. АҚҚ– 140/90 мм с.б., холестерин қандағы – 6,3 ммоль/л. Активты физикалық жаттығулар мен тәулігіне 1200 ккал гипокалориялық диета тағайындалды. 2 айдан кейн тексергенде динамикада жақсару болмаған, гликемия сақталған.

Профилактикалық мақсатта науқасқа қандай препарат тағайындау керек?

* Гликлазид

* +Метформин

* Глимепирид

* Глулизин

* Акарбозу

Наши рекомендации