Тромбоз және эмболии 1 страница
#1256
*!Реанимация бөлімшесінде жатқан науқасқа гепаринотерапия жүргізу барысында мұрнынан және иньекция жасаған жерден қан кетті. Қан ұюының уақыты 15 минуттан жоғары. Науқас өкпе артериясының тромбоэмболиясына байланысты ем алып жатыр.
Төменде көрсетілген дәрілік заттардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ тиімді болып есептеледі?
*гепаринді емді тоқтату
*(ЖМП) СЗП енгізу
*гемостатиктерді тағайындау - викосол, дицинон
*натрий тиосульфатын енгізу
*+натрий сульфатының протаминін енгізу
#1257
*!Науқас 57 жаста, 3 аптадан бері оң жақ қолының ауру сезіміне, мұздауына, жансыздануына, «тітіркенуі» сияқты сезімге шағымданады, бірақ буындарының қозғалысы сақталған. Саусақтарын қимылдатып жүктеме салғанда ауру сезімі арта түседі. Анамнезінде: осыдан 2 жыл бұрын миокард инфарктысын басынан өткерген.
Бұл жағдайда төменде көрсетілген тексеру әдістерінің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ жақсы мәлімет береді?
*КТ
*жүректің УДЗ
*+УДДГ
*кеуде клеткасының рентгенографиясы
*реовазография
#1258
*!Науқас 33 жаста, травматологиялық бөлімшеге оң аяғының ауру сезіміне, жансыздануына байланысты жатқызылды, ауру сезімінің қарқындылығы арта түсуде. Анамнезінде: 2 метр биіктіктен құлап, оң жақтағы тізе буынын шығарып алған. Тексеруден кейін «оң аяғы артериясының тромбозы» деген диагноз қойылған.
Төменде көрсетілген операциялардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ тиімді?
*Линтон операциясы
*Троянов операциясы
*тізе буынының ревизиясы
*+тромбэмболэктомия
*Оппель операциясы
#1259
*!Төменде көрсетілгендердің қайсысын антикоагулянтты ем кезінде ескерген дұрыс?
*+қанның ұюын
*тромбоциттер
*фибриноген
*гематокрит
*түсті көрсеткіші
#1260
*!Науқасқа «Сан артериясының эмболиясы» диагнозы қойылды.
Мұндай жағдайда төменде көрсетілген операциялардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ тиімді?
*флебэктомия
*сан артериясының ревизиясы
*қан тамырын протезирлеу
*+эмболэктомия
*аяқтың ампутациясы
Атеросклероз
#1261
*! Науқас 70 жаста, аяқтарының облитерациялық атеросклерозымен ауырады. Анамнезінде: 7 жылдан бері үнемі емдеу курсын алып жүр. Бірнеше рет сан артериясының стенттеуін жасатқан. Хирургияның қабылдау бөліміне оң аяғының қатты ауру сезіміне, аяқ басында ұзақ уақыттан бері жазылмайтын жарасына шағымданып келген, жарасынан шіріген иіс шығып тұр, аяқ саусақтары қарайып кеткен. Қарап тексергенде ІV дәрежелі аяқтарының ишемиясы анықталды.
Төменде көрсетілген емдеу шараларының қайсысы НЕҒҰРЛЫМ тиімді?
*қан тамырларын кеңейтетін ем
*+ампутацияға көрсеткіш
* тромбэмболэктомия
*белдік симпатэктомия
*реваскуляризациялық остеотрепанация
#1262
*!Науқас 72 жаста, қантамырлар бөлімшесіне аяқтың созылмалы ишемиясының ІІІ дәрежесімен жатқызылды. Анамнезінде үнемі консервативті ем алып жүрген. Ангиография жүргізгенде – оң сан артериясының сегментарлы стенозы анықталған.
Төменде көрсетілген емдеу шараларының қайсысы НЕҒҰРЛЫМ тиімді?
*симптоматикалық ем
*құрсақ қолқасының реконструкциясы
*бүйрек артериясының реконструкциясы
*қолқа және оның тармақтарының өтімділігінің бұзылған аймақтарын бір мезетте реконструкциялау
*+сан артериясының реконструкциясы
#1263
*!Науқаста аяқ басының өршімелі ылғалды гангренасы анықталды.
Төменде көрсетілген операциялардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ тиімді?
*аяқ басы терісін бірнеше жерінен кесу
*+жедел түрде ампутация жасау
*артерияларды шунттау
*ылғалды гангренаны құрғақ гангренаға ауыстыруға тырысу
*қарқынды антибактериалды терапия жүргізу
#1264
*!Науқас 68 жаста, аяқтарының жансыздануына, мұздауына, тез шаршағыштығына, 800 метр қашықтықта жүргеннен кейін алма-кезек ақсаңдауға шағымданады. Тексеру барысында аяқтарының қан тамырларының облитерациялық атеросклерозы анықталды. Ауруханаға аяқтарының созылмалы ишемиясының ІІ дәрежесімен жатқызылды.
Төменде көрсетілген емдеу шараларының қайсысы НЕҒҰРЛЫМ тиімді?
*+симптоматикалық ем
*құрсақ қолқасының реконструкциясы
*сан артериясының реконструкциясы
*мықын артерияларының реконструкциясы
*белдік симпатэктомия
#1265
*!Науқас 72 жаста, 1,5 жылдан бері «алма-кезек» ақсаңдау мазалап жүр. Ангиограммада – сол жақ жалпы мықын артериясының стенозы және оң жақтағы сыртқы мықын артериясының окклюзиясы анықталды.
Төменде көрсетілген операциялардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ тиімді?
*+қолқа сандық бифуркациялық шунттау
*белдік симпатэктомия
*реваскуляризациялық остеотрепанация
*аяқ басы венозды жүйесін артериализациялау
*эндартерэктомия
Жедел панкреатит
#1266
*!52 жастағы пациентке, хирургия бөлімшесінде жедел панкреатит бойынша кешенді консервативтік ем жүргізілуде.
Ұйқы безінің сыртқы секреторлық қызметін тежеу мақсатында қандай препараттарды тағайындау АНАҒҰРЛЫМ дұрыс?
*анальгетиктар
*+цитостатиктар
*спазмолитиктар
*протеаз ингибиторлары
*протеолитикалық ферменттер
#1267
*!41 жастағы ер адам, жедел панкреатит бойынша стационарда емделуде.
Ұйқы безі ферменттерінің белсенділігін төмендету мақсатында қандай препараттарды тағайындау АНАҒҰРЛЫМ дұрыс?
*анальгетиктар
*цитостатиктар
*спазмолитиктар
*+протеаз ингибиторлары
*протеолитикалық ферменттер
#1268
*!Пациент 26 жаста, ауруханаға жедел панкреатититтің клиникалық белгілерімен келіп түсті, ауырғанына 3 сағат болған. Дене температурасы - 36,70С. Қан анализіндегі лейкоциттар - 6,5х109/л, ЭТЖ - 8 мм/сағ.
Зәрдегі диастаза деңгейінің қандай болуы АНАҒҰРЛЫМ мүмкін?
*0-10 бр.
*10-16 бр.
*16-40 бр.
* 62 бірлікке дейін
*+64 бірліктен жоғары
#1269
*!Пациент 37 жаста, хирургия бөлімшесіне жедел панкреатит деген диагнозбен жатқызылды. Оған кешенді консервативтік ем тағайындалды.
Ферменттердің ұйқы безінен он екі елі ішекке эвакуациясын жақсарту мақсатында қандай препараттарды қолдану АСА тиімді?
*анальгетиктар
*цитостатиктар
*+спазмолитиктар
*протеаз ингибиторлары
*протеолитикалық ферменттер
#1270
*!46 жастағы ер адам, жедел панкреатитпен ауруханаға жатқызылды. Пациенттің ішіндегі ауру сезімі сондай қатты, бұлшық етке енгізілген 50%-2,0 анальгин ерітіндісімен басылған жоқ.
Науқасқа қатысты әрі қарай қандай тактика АНАҒҰРЛЫМ тиімді?
*жедел операция
*шұғыл операция
*спазмолитиктар тағайындалады
*анальгин ерітіндісі 2 сағаттан кейін қайталап енгізіледі
*+қосымша наркотикалық анальгетиктар тағайындалады
#1271
*!Жедел панкреатит бойынша стационарда ем қабылдап жатқан 54 жастағы пациентке, консервативтік емнің тиімсіздігінен операция жасалды. Шарбы қалтасын ашқан кезде оның ішінен геморрагиялық сұйықтық шықты, ұйқы безінің барлық бөлігі қою-қызыл түсті, майлы дақтар да байқалады.
Әрі қарай қандай оперативтік тактика қолданған АНАҒҰРЛЫМ дұрыс?
*ұйқы безінің денесін резекциялау
*субтоталды резекция
*панкреатодуоденалды резекция
*ұйқы безінің құйрығын резекциялау
*+шарбы қалтасын дренаждау
#1272
*!57 жастағы пациент, ауруханаға жедел панкреатитпен жатқызылды. Ауырғанына 5-6 күн болған, дәрігерлерге қаралмаған. Анамнезінде жүректің ишемиялық ауруы, артериалды гипертония, қант диабеті. Тексеру кезінде анықталғаны: дене температурасы - 38,20С, Керте симптомы оң. Қан анализіндегі лейкоциттар - 28,6х109/л. УДЗ кезінде құрсақ қуысында бос геморрагиялық сұйықтық және ұйқы безінің проекциясында сұйықтық деңгейі бар құрылым анықталады.
Қандай емдік тактиканы қолдану АНАҒҰРЛЫМ дұрыс?
*жедел операция
*жоспарлы операция
*кейінге қалдырылған операция
*+шұғыл операция
*консервативтік ем
#1273
*!47 жастағы ер адам, ауруханаға жедел панкреатит деген диагнозбен жедел жәрдем жеткізді. Анамнезінде жүректің ишемиялық ауруы, артериалды гипертония, қант диабеті. Диагнозды анықтау барысында айтарлықтай қиыншылықтар туындады.
Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу әдісінің ақпараттылығы АНАҒҰРЛЫМ жоғары?
*қанның жалпы анализі
*зәрдің жалпы анализі
*қанның биохимиялық анализі
*ФГДС
*ЭРХПГ
*+лапароскопия
#1274
*!Пациент 48 жаста, хирургиялық стационарға жедел панкреатит деген болжамалы диагнозбен келіп түсті.
Диагнозды нақтылау үшін қандай лабораторлық көрсеткішті анықтау АНАҒҰРЛЫМ дұрыс?
*эритроциттарды
*лейкоциттарды
*гемоглобинді
*+амилазаны
*глюкозаны
#1275
*!37 жастағы ер адам, аурухананың қабылдау бөлімшесіне жедел панкреатит деген болжамалы диагнозбен жеткізілді.
Науқасқа қандай емдік тактика қолданған ӘЛДЕҚАЙДА тиімді?
*жоспарлы операция
*шұғыл операция
*амбулаторлық ем
*терапия бөлімшесінде консервативтік ем
*+хирургия бөлімшесінде консервативтік ем
#1276
*!45 жастағы ер адам хирургия бөлімшесіне жедел панкреатит деген диагнозбен жатқызылды. Пациентке кешенрді консервативтік ем тағайындалды.
Аталған препараттардың қайсысы панкреатикалық ферменттердің белсенділігін төмендету үшін АНАҒҰРЛЫМ тиімді?
*анальгин
*папаверин
*+контрикал
*гентамицин
*аллохол
Жедел аппендицит *3*9*1*
#1277
*!Науқас 18 жаста, жедел аппендицит диагнозымен түсті.
Көрсетілген емдеу тактикаларының қайсысы дұрыс?
*+шұғыл операция
*жоспарлы түрде аппендэктомия
*консервативті терапия
*амбулаторлы ем
*хирургиялық бөлімде бақылау
#1278
*!Ер адам П. 28 жаста, жедел гангренозды-перфоративті аппендицит бойынша аппендэктомия жасалынған.
Төменде көрсетілген дәрілердің қайсысын тағайындаған жөн?
*витаминдер
*+антибиотиктер
*гепатопротекторлар
*протон помпасының блокаторлары
*гемостатиктер
#1279
*!Науқас В., 17 жаста, жедел деструктивті аппендицит бойынша операция жасалынған. Ерте операциядан кейінгі кезеңде ауыру сезімін басу үшін қайсысын тағайындаған жөн?
*+кетонал
*папаверин
*дициннон
*контрикал
*квамател
#1280
*! Науқас Р., 57 жаста, аппендикулярлы инфильтратпен ауруханада жатқызылды. 3 тәуліктен соң оң жақ мықын аймағында пульсирленген ауру сезімі пайда болды және дене температурасы 39,00С көтерілді. Құрсақ қуысының УДЗ-де сұйықтық деңгейі бар қуыс анықталды.
Төменде келтірілген емдеу тактикаларының қайсысы тиімді?
*+шұғыл оперативті ем
*консервативті ем
*жоспарлы түрдегі оперативті ем
*кейінге шегерілген оперативті ем
*амбулаторлы ем
#1281
*!Науқас Д., 25 жаста,аппендикулярлы инфильтратқа байланысты консервативті емнен кейін стационардан шығарылды. Шығару кезіндешағымдары жоқ, іш жұмсақ, жағдайы қанағаттанарлық, инфильтрат пішіні айқын кішірейген.
Ары қарай қандай емдеу тактикасы тиімді?
*химиотерапиядан кейін 6 айдан соңғы аппендэктомия
* сәулелі терапиядан кейін 1 жылдан соңғы аппендэктомия
*+сорғыш терапиядан кейін 2 айдан соңғы аппендэктомия
* кейінге шегерілген түрде 10күннен кейінгі оперативті ем
*оперативті араласусыз консервативті ем
#1282
*!Жедел аппендициттің жайылмалы перитонитпен асқыну кезінде жиі қолданылатын операциялық жол қандай?
*трансректалды
*параректалды
*орта-орталық
*+төменгі-орталық
*Волкович-Дяканов
#1283
*!Науқас 82 жаста, жедел аппендицит болжамалы диагнозы қойылды.Тексеру барысында бұлшықеттің қатайуы және іштің оң жағындағы ауру сезімі байқалады.Раздольский симптомы оң,Ровзинг және Щеткин Блюмберг симптомы күдікті. Анамнезінде миокард инфарктысы.
Диагнозды нақтылау үшін қандай аспаптық зерттеу әдісі ақпаратты болып табылады?
*диафаноскопия
*ФГДС
*құрсақ қуысының УДЗ
*+лапароскопия
*құрсақ қуысының жалпы шолу рентгенограммасы
#1284
*!Ер адам 23 жаста , жедел аппендицит диагнозымен ауруханаға жатқызылды . Перитониттің клиникалық белгілері жоқ. Жергілікті инфильтрациялық анастезиямен аппендэктомия операциясы жоспарланды.
Қандай операциялық жол тиімді болып табылады?
* төменгі-ортаңғы лапаротомия
*+Волкович-Дьяконов
*Федоров
*Ленандер
*Кохер
#1285
*! 56 жастағы науқасқа жедел аппендицит диагнозы қойылған. Анамнезінде: миокард инфарктісіне байланысты аортакоронарлы шунттау жасалған.
Төменде көрсетілген емдеу тактикаларының қайсысы тиімді?
*+шұғыл аппендэктомия
*кейінге шегерілген аппендэктомия
*жоспарлы аппендэктомия
*амбулаторлы бақылау
*антибактериальді терапия
#1286
*! Науқас Р., 47 жаста, аппендикулярлы инфильтратпен ауруханада жатқызылды. 4 тәуліктен соң оң жақ мықын аймағында пульсирленген ауру сезімі пайда болды және дене температурасы 38,7 00С көтерілді. Құрсақ қуысының УДЗ-де сұйықтық деңгейі бар қуыс анықталды.
Төменде келтірілген емдеу тактикаларының қайсысы тиімді?
*+шұғыл оперативті ем
*консервативті ем
*жоспарлы түрдегі оперативті ем
*кейінге шегерілген оперативті ем
*амбулаторлы ем
#1287
*!Науқас З., 20 жаста, аппендикулярлы инфильтратқа байланысты консервативті емнен кейін стационардан шығарылған. Шығару барысында шағымдары жоқ, іш жұмсақ, жағдайы қанағаттанарлық, инфильтрат пішіні айқын кішірейген.
Төменде көрсетілген емдік ұсыныстардың қайсысы тиімді?
*+сорғыш терапиядан кейін 2 айдан соңғы аппендэктомия
*оперативті араласусыз консервативті ем
*химиотерапиядан кейін 6 айдан соңғы аппендэктомия
* кейінге шегерілген түрде 10күннен кейінгі оперативті ем
* сәулелі терапиядан кейін 1 жылдан соңғы аппендэктомия
Перитонит
#1288
*!Операция барсында жайылмалы іріңді перионит диагнозы қойылған.
Іріңді-септикалық асқынулардың алдын-алу үшін қандай дәрілерді қолдану тиімді болып табылады?
*төсектік режим
*антисептиктер
*+антибиотиктер
*аналгетиктер
*дезинтоксикациялық терапия
#1289
*!Науқас К., 25 жаста, жедел гангренозды аппендицитке байланысты операция жасалынған. Операциядан кейінгі кезеңде іштің төменгі бөлімінде ауру сезімі, тенезм, температура 38,50С-ке дейін жоғарлаған. Қан анализінде лейкоцитоз 16,0х109/л дейін, ЭТЖ - 32 мм/сағ, анемия.
Төменде аталған зерттеу әдістердің қайсысын тағайындаған жөн?
*құрсақ қуысының жалпы шолу рентгенографиясы
*+құрсақ қуысының КТ
*АІЖ барий пассажы
*ирригоскопия
*колоноскопия
#1290
*!Науқас А., 43 жаста, хирургиялық бөлімшеге түскен. Науқасқа қарап тексерілгеннен кейін перитонит диагнозы қойылған.
Төменде аталған емдеу әдістерінің қайсысы тиімді болып табылады?
*тұрғылықты мекен-жайына байланысты амбулаторлы ем
*қосымша зерттеулер жүргізу
*консервативті ем
*+шұғыл операция
*жоспарлы операция
#1291
*!Операция барысында 53 жастағы М. науқаста кіші жамбас қуысының абсцессі анықталған.
Қандай емдеу әдісі НЕҒҰРЛЫМ тиімді ?
*Шалимов бойынша құрсақ қуысын дренаждау
*+абсцесс қуысын ашу және дренаждау
*массивті антибактериальды терапия
*басқармалы лапаростомия
*лаваж жүйесін салу
#1292
*!Хирургиялық стационарға 55 жастағы науқас іштегі ауру сезіміне, құсуға, ауыз құрғауына шағымданып түсті. Құрсақ қуысын ультра дыбысты зерттеу барысында бүйір қалталарда және кіші жамбас қуысында бос сұйықтық анықталды.
Төменде аталған зерттеу әдістерінің қайсысын перитониті нақтылау үшін тағайындаған жөн?
*КТ
*МРТ
*ФГДС
*колоноскопия
*+лапароскопия
#1293
*!Науқас, 36 жаста, перитонит диагнозымен операцияға алынған. Перитониттің себебі мықын ішектің некрозы екені анықталды.
Қандай емдік тәсіл тиімді ?
*+ішектің резекциясы
*айналмалы ішекаралық анастомоз
*илеостома салу
*Шальков зондымен ішекті дренаждау
*құрсақ қуысын дренаждау
#1294
*!Науқас П., 27 жаста, жол-көлік оқиғасы орнынан іштің жабық жарақатымен жеткізілді. Лапароцентез жүргізу барысында қан араласқан сұйықтық алынды.
Қандай емдік тәсіл тиімді?
*антибактериальды терапия
*гемостатикалық терапия.
*инфузионды терапия
*гемотрансфузия
*+лапаротомия
#1295
*!Науқас Р., 48 жаста, диффузды перитонитпен асқынған жедел аппендицитке байланысты операция жасалынған.
Шығу тегі аппендикулярлы перитонитті емдеуде қандай тәсіл тиімді?
*+перитонит себебін жою
*құрсақ қуысын дренаждау
*антибактериальды терапия
*витаминотерапия
*физиоемдеу
#1296
*!Перитонит кезінде құрсақ қуысын қандай жолмен ашқан дұрыс?
*Кохер
*Лененандер
*Черни
*Федоров
*+орталық лапаротомия
#1297
*!47 жастағы науқаста кіші жамбас абсцессі анықталды.
Қандай емдік тәсіл тиімді?
*+абсцесс қуысын ашу және дренаждау
*массивті антибактериальды терапия
*басқармалы лапаростомия
*лаваж жүйесін салу
*Шалимов бойынша құрсақ қуысын дренаждау
#1298
*!28 жастағы науқас қабылдау бөліміне іштегі ауру сезіміне, құсуға, ауыз құрғауына шағымданып түсті. Құрсақ қуысын ультра дыбысты зерттеу барысында бүйір қалталарда және кіші жамбас қуысында бос сұйықтық анықталды
Аталған диагностика әдістерінің қайсысын қолданған дұрыс?
*+лапароскопия
*диагностическая лапаротомия
*КТ
*МРТ
*колоноскопия
Онкология
*3*22*1*
#1299
*!Өңештің шырышты қабатының жағдайы туралы гистологиялық верификация қандай жолмен алынады?
*бронхоскопия
*өңештің УДЗ
*өңештің радиометриясы
*өңештің рентгеноскопиясы
*+эзофагоскопия және биопсия
#1300
*!Төменде берілгендердің қайсысы өңеш рагының стенозында процесстің таралуы туралы НАҚТЫ ақпарат береді?
*+баридің сұйық ерітіндісімен рентгенологиялық зерттеу
*өңештің тыныстық полирентгенографиясы
*өңештің радиометриясы
*өңештің УДЗ
*бронхоскопия
#1301
*!Көп жылдар бойы үйреншікті іш қатумен зардап шегетін 68 жастағы еркек, іш қатуының күшеюіне, бұрындары көмектескен іш айдағыш дәрілердің әсерінің жоқтығына, нәжісінде қан жолақтарының пайда болуына, ішінің құрылдауына, ауырлық сезіміне шағымданды. Қарау кезінде: қанағаттанарлық тамақтану, іші кебіңкіреген, пальпацияда ішекте газдардың құрылдауы анықталды.
Төменде көрсетілген диагностикалық әдістердің ҚАЙСЫСЫМЕН зерттеуді бастаған дұрыс?
*биопсиямен ректороманоскопия
*+тік ішекті саусақпен тексеру
*компьютерлітомографиямен
*ирригоскопиямен–графия
*УДЗ
#1302
*!Ракқа күдіктенгенде дәрігердің ДҰРЫС тактикасы:
*бір жыл ішінде тексеру
*бір ай ішінде тексеру
*онкологиялық мекемеге жолдау
*бір ай ішінде тексеру, сосын онкологиялық мекемеге жолдау
*+10 күн ішінде тексеру, сосын онкологиялық мекемеге жолдау
#1303
*!Облигатты ісікалды ауру анықталғандағы дәрігердің ДҰРЫС іс-әрекеті:
*90-шы форманы толтырып, онкодиспансерге жатқызу
*онкоауру ретінде есепке алып, №30 –шы форманы толтыру, 5 жыл көлемінде ем жүргізу
*бір жыл көлемінде әр ай сайын бақылау және емдеу
*+есепке алу, 2 жыл көлемінде әр 3 ай сайын ем жүргізу және бақылау
*есепке алу, 24 ай көлемінде әр 6 ай сайын ем жүргізу және бақылау
#1304
*!32 жастағы еркекте: Тоқ ішектің диффузды полипозы клиникалық диагнозы қойылды. Төменде көрсетілген операциялардың қайсысын жүргізген ДҰРЫС?
*айналмалы илеоректоанастомоз салу
*тоқ ішектің сегментарлы резекциясы
*тоқ ішектегі полипті алу
*+колопроктэктомия
*илеостомия
#1305
*!61 жастағы еркекте ирригографияда соқыр ішектің ісігі анықталды. Қосымша зерттеулерде шалғай метастаздар жоқ. Клиникалық диагнозы: Соқыр ішектің рагі St III, T3NXM0.
Ісіктің осындай орналасуында төменде көрсетілген операциялардың қайсысын жүргізген ДҰРЫС?
*айналмалы илеоректоанастомоз салу
*+оң жақты гемиколэктомия
*субтотальды колэктомия
*цекумэктомия
*илеостомия
#1306
*!71 жастағы әйелде комплексті тексеру барысында, сондай-ақ ирригоскопия мен Іш қуысы ағзаларының компьютерлік томографиясында оң мықын аймағында ісіктік конгломерат анықталды. Ол соқыр ішек пен өрлемелі тоқ ішектен шыққан және процеске мықын сүйектің қырқасы қосылған, айналасындағы тіндердің айқын перифокальды инфильтрациясы бар; бауырда көптеген метастаздар анықталды.
Төменде көрсетілген операциялардың қайсысын жүргізген ДҰРЫС?
*илеостомия
*цекумэктомия
*субтотальды колэктомия
*оң жақты гемиколэктомия
*+айналмалы илеотрансверзоанастомоз
#1307
*!45 жастағы ер адамда қарау барысында мезогастральды аймақты қарау барысында көлемі 6*7см, қозғалмалы түзіліс анықталды; ирригоскопия бойынша- тоқ ішек (орналасуы- көлденең тоқ ішектің 1/3 бөлігі); Іш қуысы ағзаларының УДЗ бойынша- бауырда метастаздар жоқ.
Ісіктің осындай орналасуында төменде көрсетілген операциялардың қайсысын жүргізген ДҰРЫС?