Бүйректің жедел зақымдалуы
1. 18 жасар науқаста диарея мен құсу дамығаннан 4 күннен кейін олигурия дамыды. Қанда азотемия және ацидоз анықталды. Төменде аталған жағдайлардың қайсысы ЕҢ тән болуы мүмкін?
а) Шок
б) Жедел пиелонефрит
в) +Бүйректің жедел зақымдалуы
г) Нефротикалық синдром
д) Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі
2. 18 жастағы науқаста диарея, құсудан кейін 4 күн ішінде олигурия дамыды. Қанында азотемия, ацидоз анықталды.Осы жағдайдың дамуына не себеп болды?
а) Туа біткен тубулопатия
б) Бүйрек шумақтарының иммунды патологиясы
в) Жедел зәр шығару жолдарының инфекциясы
г) Жедел тыныс алу жүйесінің инфекциясы
д) +Диареялық синдром есебінен дегидратация
3. 18 жасар науқаста диарея мен құсу дамығаннан 4 күннен кейін олигурия дамыды. Қанда азоотемия және ацидоз анықталды. Төменде келтірілгеннің арасында аталған жағдайлардың ерте этабында қандай терапевттік тактика ең бірінші кезекте қолданылу қажет:
а) Сұйықтықты шектеу
б) Парентеральды тамақтандыру
в) Бикарбонаттарды тез енгізу
г) +Су және регидрон қабылдау
д) 12 сағат ішінде аштық сақта
4. Науқаста 2 күннен бері диарея байқалды, олигурия пайда болды, зәрде: эритроциттер, қанда Нв 45 г/л-ге дейін төмендеген, Тр 100х109, фрагментирленген бос эритроциттер анықталды, креатинин – 180мкмоль/л. Аталғандардың ішінде ЕҢ мүмкін болатын диагнозыңыз:
а) IgA-нефропатия
б) Аутоиммундық анемия
в) Жедел инвазивті диарея
г) Жедел гломерулонефрит
д) +Гемолитико-уремиялық синдром
5. Аталған себептердің ішінде преренальді Бүйректің жедел зақымдалуының дамуына қайсысы ЕҢ жиі алып келеді ?
а) Жедел гипоксемия
б) Гемолитикалық анемия
в) Диабеттік кетоацитоз
г) Дилятациялық миокардиопатия
д) +Гастроэнтерит нәтижесінде дамыған дегидратация
6. Атипті ГУС-қа тән, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:
а) +Диареядан басталуы
б) H факторының мутациясы
в) I факторының мутациясы
г) Диареяның болмауы
д) MCP мутациясы
7. Төменде аталғандардың ішінде қайсысы пререналды БЖЗ емінде ҚАТЕ ұғым болып табылады?
а) Қантамыр ішілік қан көлемін бағалау
б) Дегидратациямен күрес
в) Қанкетуді тоқтату
г) +Массивті диуретикалық терапия
д) Зәрмен экскрецияланатын натрий фракциясын бағалау
8. Реанимация бөлімшесінде жатқан 29 жасар науқаста 4 күн бойы олигурия, азотемия, ацидоз байқалады. Пререналді немесе реналді ЖБЖ-н анықтау үшін қандай зерттеу МЕЙІЛІНШЕ ақпаратты болады?
а) Зәрдің осмолярлығы
б) Зәрдегі натрий концентрациясы
в) Зәр/плазма креатининінің коэффициенті
г) +Фракцияланған натрийдің экскрециясы
д) Зәр/плазма осмолярлығының коэффициенті
9. «Дәрілік нефрэктомияның» механизмі негізінде не жатыр?
а) Бүйрек қантамырларының эмболизациясы
б) Контрастты заттарды қолдану
в) Нефротоксикалық препараттарды тағайындау
г) +Әкелуші артериолалардың тарылуы, шығарушы артериолалардың кеңеюі
д) Әкелуші артериолалардың кеңеюі, шығарушы артериолалардың тарылуы
10. Науқас 60 жаста, ұзақ уақыт АГ-сы бар, АҚ 220/140мм.рт.ст. дейін көтеріліп кезекті гипертониялық криз дамыды. Үй жағдайында өз бетімен 2 сағат ішінде АҚ 120/80мм.рт.ст. дейін төмендетті, кенеттен айқын әлсіздік сезінді, басы айналып, жүрегі айныды, құсты, зәр көлемі азайды. Госпитализация кезінде креатинин деңгейі 900мкмоль/л екені анықталды.УДЗ кезінде екі бүйректің мөлшерлері 11,0х4,5см, зәр іркілуі жоқ. Сіздің болжамды диагнозыңыз?
а) БСА, 5 сатысы
б) +Пререналды БЖЗ
в) Постреналды БЖЗ
г) Гипертониялық криз
д) Жедел гастроэнтероколит
11. Гемодиализ бөлімшесіне дене қызуының жоғарылауымен, катаралді белгілермен 18 жасар пациент түсті. ЖБЖ, қанда фрагменттелген эритроциттері бар гемолитикалық анемия, тромбоцитопения анықталды. Диагноз:
а) АФС-синдром
б) Верльгоф ауруы
в) Аутоиммунды анемия
г) Жедел диффузды ГН
д) +Гемолитико-уремиялық синдром
12. Перитонеалды диализде жартылай мембрананың маңызын не атқарады?
а) +Ішперде
б) Шажырқай
в) Кіші шарбы май
г) Ішектің қабырғасы
д) Үлкен шарбы май
13. 24 жасар науқас ауруханаға келесі симптомдармен түсті: 2-ші тәулікте анурия. Ауруханаға түсерден 5 күн бұрын дене қызуы жоғарылап, ентігу пайда болған, тамағы ауырған. Антибиотиктер қабылдағанымен жағдайы нашарлаған. АҚ 140/100 мм с.б., ЖЖЖ минутына 56 рет. Өмір анамнезі: 5 жасынан бастап бронх демікпесі. Аллергологтың бақылауында. Тұншығу ұстамалары айына 1 рет. ЖҚА: Нв-112г/л, эритр-4,1*109/л, лейкоц-15,4*109/л, с/я-62, п/я-1, эозин-12, базоф-3, лимф-18, моноц-4. ЖЗА: зәр жоқ. Қанның б/х анализі: креат-920 мкмоль/л, мочев-30 ммоль/л, К-7,1 ммоль/л. Өкпе рентгенографиясы: өкпе түбірлерінің күшеюі. Бүйрек УДЗ: бүйрек өлшемдері қалыпты, зәр іркілісі жоқ. Бұл науқасқа қандай емдеу шараларын жүргізу қажет?
а) +жедел гемодиализ, плазмаферез, пульс-терапия циклофосфан + кортикостероидтар.
б) Преднизолон, Циклоспорин А, диуретиктер, ААФи
в) Дезинтоксикациялық терапия, гемодиализ
г) Бүйрек трансплантациясы
д) Преднизолонмен метотрексат
14. 20 жастағы науқас.Бетіндегі, іштің алдыңғы қабырғасындағы, аяқтарындағы ісінулерге, олигурияға шағымданады. Қараған кезде: анасаркаға дейін ісінулер. АҚҚ 85/40 мм с.б. Қан анализдерінде: жалпы белок 40 г/л, альбумин 16 г/л, холестерин 9,8 ммоль/л. ЖЗА-салыст. тығызд. - 1030, белок 4,5 г/л, Лейк. және Эр - 0-1 к/а, қандағы креатинин 120 мкмоль/л. Болжам диагнозын қойыңыз және бүйрек қызметін бағалаңыз.
а) +Нефротикалық синдром, БЖЗ, преренальді
б) Гломерулонефрит. БЖЗ, ренальді
в) Нефритикалық синром, БЖЗ, ренальді
г) Нефротикалық синдром, БЖЗ, ренальді
д) Созылмалы гломерулонефрит, БСА, 2 сатысы.
15. 50 жастағы ер адам. Анамнезінде қуықтың ісігі бар. Зерттеу кезінде несепте лейкоцитурия, микрогематурия анықталған. Қан анализінде: Na 145 ммоль/л, калий 3,8 ммоль/л, креатинин 150 мкмоль/л, ШСЖ-46 мл/мин. Диагнозды анықтау үшін компьютерлік томография жоспарлануда. Контраст-индуцирленген нефропатия даму қаупінің минимизациясы үшін қандай шаралар жүргізу керек?
а) Оральді регидратация
б) Оральді регидратация және С витамині
в) + NaCl 0,9% ерітіндісін к/і және N-ацетилцистеинді p/os
г) 5% декстроза және натрий бикарбонат ерітіндісін к/і
д) Аминофиллин және натрий хлоридінің 0,45% ерітіндісін к/і
16. 45 жастағы ер адам шұғыл жәрдем беру бөлімшесіне жеткізілді. Анамнезінен ішімдік ішетіні, көршісімен өз үйінде табылғандығы белгілі. Қараған кезде ешнәрсеге реакциясы жоқ, сусыздану белгілері айқын. Зерттеген кезде қанында гематокрит 41%, мочевина 21,4 ммоль/л, креатинин 280 мкмоль/л. Креатининкиназа және лактатдегидрогеназа жоғарылаған - 12 000 Ед/л және 475 U/L. Тест-жолақшасымен несеп анализінде: түсі-қызғыштау, салыстырмалы тығыздығы 1,020; эритроциттер 3+ және белок 1+. Несеп тұнбасының микроскопиялық зерттеуінде: эритроциттер 0-2 к/а, лейкоциттер 0-5 к/а, гиалинді цилиндрлер 0-1 к/а. Науқаста ЕҢ мүмкін болатын несептегі өзгерісті атаңыз?
а) Кетонурия
б) Глюкозурия
в) Гемоглобинурия
г) +Миоглобинурия
д) Уробилиногенурия
17. 44 жасар науқас ауруханаға келесі симптомдармен түсті: белдің оң жағының қатты шаншып ауыруы, зәрде қанның пайда болуы. Ауруханаға түсерден 3 күн бұрын дене қызуы 37оС дейін жоғарылап, газдалған сусындарды көп мөлшерде (3 л/тәул.) қабылдағаннан кейін бел аймағы қатты ауырған, зәрі қызарған. Спазмолитиктер қабылдағанымен жағдайы жақсармаған. Өмір анамнезі: 7 жасынан бастап зәр-тас ауруы. Бірнеше рет нефролитотомия жүргізілген. Қарағанда – АҚ 150/100 мм с.б., ЖЖЖ минутына 86 рет, белдің оң жағы ауырады. ЖҚА: Нв-136 г/л, тромб-225 мың, лейк-8 мың, СРБ-15 мг/дл. ЖЗА: лейкоциттер – 6-8, эритроциттер – к/а тұтас жауып жатыр. Қанның б/х анализі: креат-620 мкмоль/л, мочев-35 ммоль/л, К-6,5 ммоль/л. Бүйрек УДЗ: оң бүйректің ұлғаюы. Оң жақ астауша 6 см-ге кеңейген. Емдеу тактикасы қандай?
а) Дезинтоксикациялық, антибактериалдық ем
б) +Нефростомия, антибактериалдық ем, литотомия.
в) Бағдарламалы гемодиализ
г) Диуретикалық +антибактериадық терапия
д) 0,9% NaCl ерт в/і және N-ацетилцистеин p/os
18. Жедел постстрептококкты гломерулонефрит дамуындағы азотемияның себебін көрсетіңіз:
а) Өзекшелер дистрофиясы
б) Протеинурия салдарынан
в) Висцералді эпителийдің зақымдалуы
г) Париеталді эпителийдің зақымдалуы
д) +Шумақтағы қабынулық өзгерістер
19. Бүйректің жедел зақымдалуының диурез қалыптасу сатысында науқасқа қауіп төндіреді:
а) Өкпе ісінуі
б) +Гипокалиемия
в) Гипергидратация
г) Уремиялық перикардит
д) Уремиялық энцефалопатия
20. Төменде келтірілген жағдайлардың қайсысы Бүйректің жедел зақымдалуының диурез азаю сатысында науқасқа қауіп төндіреді:
а) +Өкпе ісінуі
б) Дегидратация
в) Гипокалиемия
г) Гипокальциемия
д) Артериялық гипотензия
21. Жедел интерстициальді нефрит нәтижесінде дамыған БЖЗ:
а) +Ренальді БЖЗ
б) Преранальді БЖЗ
в) Постренальді БЖЗ
г) Обструктивті БЖЗ
д) Функциональді БЖЗ
22. Жүктіліктің ерте мерзіміндегі Бүйректің жедел зақымдалуының даму себебін көрсетіңіз:
а) Қант диабеті
б) Преэклампсия
в) Жедел гломерулонефрит
г) Вегето-қантамырлық дистония
д) +Құсумен өтетін айқын токсикоз