Клиникалық жағдай бойынша этолон жауаптары

Эталон жауаптары
Шағымын жинау Шағымдар мен анамнезді жинау ретімен және жүйелі жүргізілді. Негізгі және қосымша сұрақтармен шағымдар нақтыланып, толықтырылды.Менингитке тән шағымдарды дұрыс жинады: - қызба - бас ауруы - құсу
Эпидемиологиялық анамнез жинау Эпидемиологиялық анамнез толық және негізделіп жиналды – 2 апта бұрынғы сіңілісінің ауруын (тамағының ауруы), студенттер арасындағы сұық тиіп ауруын нақтылады
Физикалық зерттеу Ақыл-санасын анықтау, тері жамылықтарын және аңқаны,дене қызуын дұрыс қарау Науқастың қалыпы, менингиалдық белгілерді, гемодинамикалық көрсеткіштерді анықтау.
Менингеальды симптомдарды анықтау Қыба деңгейі, бас ауыруының айқындылығы, құсудың болуы. Менингеальды симптомдарды дұрыс анықтады: - шүйде бұлшық етінің ригидтілігі (оң), -екі жақты Керниг симптомы (оң), - Брудзинский симптомы: жоғарғы, ортаңғы, төменгі (оң).  
Тексеру жоспарын тағайындады ЖҚА, ЖЗА Бактериологиялық зерттеу: мұрын-жұтқыншақтың шырышты қабатынан жағынды, қан, ликвор бактериологиялық тексеруге алу (менингококкты табу). Серологиялық әдіс (РПГА, ИФА). ЭКГ. КТ (бас миының). Кеуде торшасының R-графиясы. Диурездің тәуліктік көлемін зерттеу
Салыстырмалы диагностика жүргізу Тұмау, геморрагиялық қызба, туб.менингит, сепсиспен, бас миының жарақаттармен салыстырмалы диагностика жүргізеді.    
Болжама диагнозды дұрыс негіздеп қойды Диагноздың негізделуі: - жедел басталуы - интоксикация симптомы - қызба - бас ауруы - құсу - контакт 2 апта бұрынғы сіңілсінің ауруын (тамағының ауруы), студенттер арасындағы сұық тиіп ауруындар - оң менингеальды симптомдар.
Қорытынды диагнозды негіздеу, науқас жағдайының ауырлығын бағалау Менингококкты инфекция. Менингококкты менингит, ауыр ағымы.
Науқасты инфекциялық стационарға госпитализациялауды негіздеді. Науқасты инфекциялық стационарға госпитализациялауды негіздеу дұрыстығы: -ауыр жағдай - мидың жұмсақ қабатының зақымдалуы - науқасты оқшаулау
Науқасты әрі қарай жүргізу тактикасы 1. ЖЖМК шақырып, инфекциялық стационарға госпитализациялау. 2. Транспортировкамен қамтамасыз ету. 3. Этиотропты терапия, дезинтоксикациялық, дегидротациялық, оксигенотерапия тағаындау. 4.ҚҚ, ЖССЖ, ЭКГ, О2сатурациясын бақылау.
Асқынудың алдын алу жоспарын құрастырды Ми ісініп домбығуының алдын алуы – ГКС (дексаметазон).
СЭС-ке жедел хабарлама беру Аудандық СЭС-ке жедел хабарлама беру (форма 058-у).
Дәрігердің ошақтағы алдын алу бойынша тактикасы 1.Қарым қатынаста болған адамдардың тізімін жасау, зерттеу жоспарын құрастыру (мұрын-жұтқыншақтың шырышты қабатынан бактериологиялық тексеруге жағынды алу). 2.Ошақта бақылау мерзімін анықтау. 3.Науқастың туысқандарымен жеке, қоғамдық, эпидемиологиялық режимді сақтай отырып кеңес жүргізу.
Этиотропты терапияны дұрыс тағайындады Бензилпенициллин натрий тұзы 24 млн.ед/тәул); преднизолон 120 мг б/е; лазикс 2,0 б/е.
Инфузионды терапияны дұрыс тағайындады Дезинтоксикациялық терапия (орталық венозды қысым мен диурезді ескере отырып). Оксигенотерапия, преднизолон 120 мг т/і
Емнің тиімділік критерийлерін көрсетті Тәулік ішінде жағдайы жақсарды: қызуы түсті; интоксикация мен ТЖ белгілері төмендеді, қандағы О2-нің парциальды қысымының жоғарлауы болды.
Науқаспен қарым-қатынас орнатты. Науқаспен оптималді қарым-қатынас орнатты, оның қорқынышын сейілтті.

Қажетті құралдар:

1.Тапсырма парағы, волонтерге арналған сценари, қадамды бағалау критериялары

2.Фонендоскоп

3.Термометр

4.Секундомері бар сағат

5.Бір реттік қолдануға арналған шпатель

6.Тонометр

7.Үстелдік лампа немесе фонарик

Жағдай:

Квартира

1. Екі орындық, үстел, төсек

2. Сценари бойынша бой жеткен төсекте жатыр

ТАӘ разработчика:инфекциялық және тропикалық аурулар кафедрасының доценті Байекеева К.Т., ассистенттері Ергалиева А.А., Шокалакова А.К.

ТАӘ рецензент:инфекциялық және тропикалық аурулар кафедрасының профессор қ/а Егембердиева Р.А.

Наши рекомендации